Файл: Дрісті мазмны Геоморфология туралы тсінік.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 11.01.2024

Просмотров: 316

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

СОДЕРЖАНИЕ

Дәрістің мазмұны

1.Геоморфология туралы түсінік.

Дәрістің мазмұны

1.Литосфера туралы түсінік.

3.Рельефтің пайда болуының негізгі энергия көздері

Дәрістің мазмұны

1.Планетарлық рельефтің негізгі элементтері (материктер, мұхиттық ойпаттар)

2.Материктермен мұхиттардың орналасу заңдылықтары.

Дәрістің мазмұны

Дәрістің мазмұны

Дәрістің мазмұны

Дәрістің мазмұны

1.Басты экзогендік рельеф түзуші процесс бойынша құрлықтың морфоскультура классификациясы.

Дәрістің мазмұны

1.Жазықтар мен таулардағы мұзбен қардың рельеф түзуші ролі.

3.Мұз аккумуляциясы еріген мұз сулары жасаған рельеф формалары

Өзін бақылауға арналған сұрақтар: Мұздың қиратушы әрекеті жасаған рельеф формаларын ата.

1.Көп жылдық тоң жағдайында рельеф пайда болу процестері.

Мақсаты: Көп жылдық тоң жағдайында рельеф пайда болу процестерімен танысу.

Өзін бақылауға арналған сұрақтар: Термокарстының қалыптасуын түсіндір.

Практикалық сабақ мазмұны

Әдебиет:

Әдебиет:



Өзін бақылауға арналған сұрақтар: Жазықтардың қандай түрлерін білесің?

Таулардың қандай түрлерін білесің?

Ұсынылған әдебиеттер:1,2,3,8,9.
6 дәріс

Тақырып: Вулкандық рельеф

Дәрістің мазмұны


1.Вулкан ұғымы.

2.Вулканның атқылау структурасына қарай бөлінуі.

3.Вулкандық рельеф формалары.

Мақсаты:Вулкан ұғымын тереңдету, оның типтерімен, формаларымен танысу.

Тірек сөздер:кратер, кальдера, маар, лава, лакколит, гайот.

Негізгі сұрақтар:Вулкандардың қалыптасу қандай процестерге байланысты?

Вулкан атқылауының қандай түрлерін білесіңдер?

Вулкан атқылауының таралу аймағы қай жерлерде?

1.Жер бетінің қазіргі рельеф типтерінің қалыптасуында вулкандық процестердің маңызы зор. Олар жер қыртысында дамитын немесе жер бетіне шығып төгілетін балқыған және әртүрлі газдарға қаныққан масса магманың шығумен сипатталады. Магмалардың пайда болуына және орын ауыстыруына байланысты процесті – вулканизм процесі деп атайды. Вулкан дегеніміз (латын сөзінен от, жалын дегенді білдіреді) немесе жанартау – жер қыртысының терең жарылыстарымен жарықтар үстінде кездесетін геологиялық құрамалар. Магманың қозғалысы жер бетіне жетпей аяқталуы мүмкін, ондай жағдайда магма жер астында баяу суынып қайтадан қатты денеге айналады да, интрузивтік жынысты қалыптастырады. Егер магма жер бетіне жетіп, төгілген лава суынып, қатаюынан пайда болатын магмалық тау жыныстары эффузивтік (латын сөзі төгілу деген мағынаны білдіреді) жыныстар деп аталады. Жер бетіндегі вулкандар формаларына, әрекет ету сипаттарына және шығаратын материалдарының құрамына қарай әртүрлі болады. Вулкандар үш топқа бөлінеді: өшпеген, өшкен, және ертедегі вулкандар.Өшпеген вулкандар деп қазіргі біздің заманымызда және өткен геологиялық кезеңде магманың атқылап, әрекет жасаған вулкандар қатарын айтады.Өшкен вулкандар деп әрекеті туралы ешбір мәліметі жоқ вулкандарды айтады. Бірақ мұндай вулкандарды уақытша немесе ауыр ұйқыдағы вулкандар деп те атайды, өйткені көптеген вулкандар кенеттен атқылап бастағандары да бар.Мысалы:Мартиника аралындағы Тазығыр тауы 1902 жылы кенеттен әрекет жасаған.Ертедегі вулкандар қатарына бұзылып, мүжіліп, су шайып кеткен өшкен вулкандарды жатқызады.


2.Вулкандар атқылау структурасына қарай 3-ке бөлінеді:аудандық, сызықтық, центральды. Аудандық (площадной) атқылауда магма сырт жақта орналасқан жер қабықты балқытып, оның бетіне көп мөлшерде кең кеңістікке таралады. Ондай вулкан атқылаулары жердің ерте кезеңдерінде қалыптасу жағдайларында байқалған. Қазіргі заманда мұндай вулкандар байқалмайды. Аудандық атқылау вулканына мысал ретінде лавалық қыраттарды жатқызады. Мысалы:Колумбия үстірті және Декан қыраты. Сызықтық немесе жарық тәрізді атқылау кезінде атқылаған лаваны үлкен аудандарға таратады. Қазіргі уақытта мұндай вулкандық атқылаулар құрлықты сирек, мұхит бетінде жиі кездеседі. Мысалы: құрлық бетінде жарық арқылы атқылаулар Исландия, Жаңа Зеландия, Азов, Канар, Гавай аралдарында байқалады. Мұхит түбінде жарық арқылы атқылаулар орталық жоталар орналасқан рифттерде байқалған. Центральды атқылауда вулкандар жер бетіне қарай өте тар каналдармен көтеріледі. Мысалы: Тынық мұхиты түбінде ғана центральды вулкандар саны 5000-нан асады.

3.Вулкандардың көпшілігі әртүрлі, жалпақ төбелі, конус пішіндес, күмбез түрінде де кездеседі.Вулкандық конустар лаваның химиялық құрамына байланысты тік немесе жалпақ болып бөлінеді.Лаваның химиялық құрамына байланысты лаваларды 2 типке бөледі:қышқылды лава және негізді лава. Лаваның құрамында кремний көп болса, қышқылды лава, ал егерде кремний мөлшері 50-тен кем болса негізді лава қатарына жатады. Негізгі лавалар өте сұйық, атқылау процесі байқалмайды, сондықтан ағып шыққан лава біркелкі үлкен ауданды басып жайылады да қалқан тәрізді вулканды қалыптастырады, сондықтан мұндай вулкандарды гавай типтес деп атайды. Мысалы: Гавай аралдары: 3 үлкен вулканнан (Мауна-Кеа, Мауна –Лао, Килауэа) тұрады, биіктігі 4170м, баурай еңістігі 3-8.Гавай типтес Вулкандар атқылауында газадр мен су булары болмайды. Қышқылды лава қою, сондықтан ондай вулкан баурайы тік болады. Лава жер бетіне тар каналмен жоғары көтеріле келе жарылыс сияқты лап етіп атқылап, нәтижесінде воронка тәрізді теріс рельеф формасын қалыптастырады, оны кратер деп атайды.Көпшілік жағдайда вулкандық атқылау осы процеспен аяқталады, кейін түтіктен лава ақпайды. Мысалы: ең үлкен вулкан кратері Ява аралында, оның диаметрі –21км, рекорд. Негізгі кратермен қатар кішірек кратерлерде қалыптасуы мүмкін, оны паразит вулкандар деп атайды. Воронока тәрізді кратер айналасында атқылау кезінде жинақталған жыныстардан валл қалыптасады. Вулканның күлімен құмдары тау бетіне алғаш түскен кезде өте бос, борпылдақ болады, бірақ көп уақыт өткен соң біртіндеп тығыздалып, қатты тау жынысына айналады, оны “

вулкан туфы” деп атайды.Кратерден шыққан түтін биік бағана тәрізді тік көтеріледі, мұндай түтін Италияда өсетін пиния қарағайына ұқсайтындықтан, оны пиния тәрізді вулкан деп атайды.Қарапайым формадағы воронка іші суға толған вулкандарды маар деп атайды. Маарлар вулкан атқыламайтын теріс форма, жер бетінде маарлар ФРГ(Эйфель облысы), Францияда (орталық массив) жиі кездеседі. Олардың ендері 200м-3,5км. Дейін, тереңдіктері 60-400м-ге дейін жетеді.Аса ірі кратерлерді кальдера деп атайды.

Өзін бақылауға арналған сұрақтар: Вулкандардың атқылау структурасына қарай бөлінуін ата?

Вулкандардың типтеріне сипаттама бер?

Ұсынылған әдебиеттер:1,2,3,8,9.
7 дәріс

Тақырып: Морфоскульптура. Флювиальды рельеф

Дәрістің мазмұны

1.Басты экзогендік рельеф түзуші процесс бойынша құрлықтың морфоскультура классификациясы.


2.Ағынды сулардың эрозиялық, тасымалдаушы және аккумулятивті әрекеті.

Мақсаты: Басты экзогендік рельеф түзуші процесс бойынша құрлықтың морфоскультура классификациясымен танысу. Ағынды сулардың эрозиялық, тасымалдаушы және аккумулятивті әрекетімен танысу.

Тірек сөздер:флювиальды, карст, суффозия, көшкін, гляциальды, нивальды, тоң, эол, жағалық, эрозия, аккумуляция, тасылдаушы.

Негізгі сұрақтар:экзогенді процестер нәтижесінде қандай рельеф формалары қалыптасады деп ойлайсыңдар?

Ағын сулары қандай рельеф формаларын қалыптастырады?

Эрозия, аккумуляция, тасылдаушы әрекеттерін қалай түсінесің?

1.Морфоскультралар экзогендік рельеф түзуші факторлар процесі әсерінен қалыптасады. Экзогендік процестер бірнеше қатар өтетін сыртқы факторлардың нәтижесінде пайда болады. Рельефке әсер ететін бірнеше фактордың арасында рельеф түзуші басты фактор болады. Басты экзогендік рельеф түзуші процесс бойынша морфоскультуралар бірнеше түрге классификацияланады.

1.Флювиальды - су ағыны әсерінен пайда болады.

2.Карстты – суға езілетін жыныстар тараған жерлерге тән рельеф.

3. Суффозды - судың вертикальды қозғалысына байланысты.

4.Көшкін - немесе жылжымалар- жер массасының төмен қарай сырғанауына байланысты.

5.Гляциальды – мұздың әсерінен пайда болады.

6.Нивальды – қардың әсерінен пайда болады.

7.Тоң – топырақ астында қатқан су әсерінен пайда болады.

8.Эолды – жел әрекетінен пайда болады.

9. Жағалық – толқын әсерінен пайда болады.

2.Құрлық бетіндегі су ағындары жердің рельефін өзгертетін факторлардың бірі. Су ағындары жасақтайтын геоморфологиялық процестердің жиынтығын флювиальды рельеф деп атайды. (fluvius – латын сөзі-су ағыны ) Жер бетінде су ағындары қозғалғанда бірнеше қызмет атқарады: 1.эрозиялық – бұзу немесе шаю, 2. жыныстарды тасымалдау,3. жыныстардың шөгуі салдарынан аккумулятивті рельеф формаларын қалыптастырады.Рельефтің эрозиялық және аккумуляциялық формалары өзара тығыз байланысты және осы процестер үнемі бір – бірін алмастырып отырады. Бірақ жер бетінде бір жерде эрозиялық процесс аз болса, басқа жерде аккумуляциялық процесс басым болады. Жалпы құрлық бетінде эрозиялық рельеф формалары артық. Эрозиялық қызмет су ағының тірі күші әсерінен қалыптасады.


Ағынның эрозиялық жұмысын 2 түрге бөледі.

  1. түпкі эрозия

  2. баурайлық немесе беткейлік эрозия

Түпкі эрозия – арна түбін тереңдету жұмысын атқарады, ал баурайлық – арна баурайын 2 жаққа кеңейту жұмысын атқарады. Арнаны қалыптастыруда 2-уіде бірге қызмет атқарады, бірақ олардың интенсивтілігі арна еңістігіне, территорияның геологиялық құрылысына, даму стадиясы (жасы) т.б. себептерге байланысты.

Өзін бақылауға арналған сұрақтар: Су ағынынан қандай рельеф формалары қалыптасады?

Қар және мұздықтан қандай рельеф формалары қалыптасады?

Ұсынылған әдебиеттер:1,2,3,8,9.
8 дәріс

Тақырып: Флювиальды рельеф

Дәрістің мазмұны


1. Уақытша су тасқыны жасаған рельеф.

2. Тұрақты су тасқыны жасаған рельеф.

Мақсаты: Уақытша су тасқыны жасаған және тұрақты су тасқыны жасаған рельеф формаларымен танысу.

Тірек сөздер:жыра, сай, аңғар,меандр, арна, ескі арна, терраса, жағажай,сарқырама.

Негізгі сұрақтар:Уақытша су ағыны дегенді қалай түсінесің?

Тұрақты су ағыны дегенді қалай түсінесің?

1.Делювий процесі нәтижесінде баурай беті аласарады. Өсімдік жабыны бұзылып, сол жерде баурайлық ағын сызықша ағынға айналады. Сызықша ағын әсерінен уақытша ағындардан жылғалар қалыптасады. Пайда болған рельефтің жаңа формасын эрозионды борозда деп атайды. Бороздалардың тереңдігі 3см-30см. Дейін, ендері тереңдіктеріне тең немесе аздап артық, көлденең қималары жәшік тәрізді және V формасы болады.

Көп уақыт өткен соң бороздалар өздерінен өздері жарылып, ағын су әсерінен баурайы тереңдеп, ені артып эрозионды шұңқырларға айналады. Олардың тереңдігі 1-2 м, ені 2-2,5 м.дейін жетеді. Баурайлары тік, көлденең қимасы көбінесе V тәрізді болып келеді. Осындай шұңқырлардың суы жеткілікті болғанда олар тереңдеп, ені артып, жыра деп аталатын рельеф формасына айналады.

Жыра сайға айналады. Оның ені 30 метр, терңдігі 5- 10 метрге дейін жетеді. Бетіне шөккен материал пролювий деп аталады.

2.Тұрақты су ағындарының үздіксіз ағуы нәтижесінде рельефтің түрлі теріс формаларын қалыптастырады. Өзеннің әрекетінен пайда болған рельефтің теріс формасы - өзен аңғары деп аталады. Олардың тереңдігі жазықта 3-5метрден 50-100метрге, тауларда 100-200—1000-2000 метрге дейін, ені ондаған метрден бірнеше км.-ге дейін жетеді. Аңғардың мынадай морфологиялық элементтері болады: түбі, беткейлері, тальвегі, жайылмасы, террасалары, ескі арналары. (тальвег- арнаның ең терең жерін қосатын сызық)