ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 11.01.2024
Просмотров: 330
Скачиваний: 1
СОДЕРЖАНИЕ
1.Геоморфология туралы түсінік.
3.Рельефтің пайда болуының негізгі энергия көздері
1.Планетарлық рельефтің негізгі элементтері (материктер, мұхиттық ойпаттар)
2.Материктермен мұхиттардың орналасу заңдылықтары.
1.Басты экзогендік рельеф түзуші процесс бойынша құрлықтың морфоскультура классификациясы.
1.Жазықтар мен таулардағы мұзбен қардың рельеф түзуші ролі.
3.Мұз аккумуляциясы еріген мұз сулары жасаған рельеф формалары
Өзін бақылауға арналған сұрақтар: Мұздың қиратушы әрекеті жасаған рельеф формаларын ата.
1.Көп жылдық тоң жағдайында рельеф пайда болу процестері.
Мақсаты: Көп жылдық тоң жағдайында рельеф пайда болу процестерімен танысу.
Өзін бақылауға арналған сұрақтар: Термокарстының қалыптасуын түсіндір.
-
Барлық материктердің ауданы 2,43 есе дүние жүзілік мұхит ауданынан кем, ал материктік қабықты құрайтын тау жыныстарының салмағы дүние жүзілік мұхит суларының салмағынан 2,43 есе артық. -
Жер жарты шарларға бөлінеді: оңтүстік және батыс жарты шарлар сулы, солтүстік және шығыс жарты шарларда құрлық көп. -
Материктердің конфигурациясы және орналасу ерекшелігінде қос-қостан болып келеді (Антарктидадан басқа). Мысалы: Солтүстік және Оңтүстік Америка материгі. -
Құрлықтың ауданы солтүстік бөлігіне қарағанда оңтүстік бөлігі азаяды. -
Солтүстік поляр облысы – су, оңтүстік поляр облысы – құрлық. -
Солтүстікпен салыстырғанда оңтүстік материктер шығысқа қарай ауысқан.
Планетарлық рельеф формаларының материктермен мұхиттардың ауданының арақатынасы олардың материктің биіктік, мұхиттың тереңдік заңдылықтарымен сипатталады. Жер бетінде биіктік пен тереңдіктің таралуын көрсететін тік бұрышты координата гипсографиялық (грек сөзі hipsos –биік, grapho –жазамын) қисық сызық деп аталады. Гипсографиялық қисық сызықтан 2 негізгі жер бетінің гипсометриялық деңгейі анықталады: материктік – 0-ден жоғары; мұхиттық – 0-ден төмен.
Материктердің биіктіктері мен мұхиттардың тереңдігінің және олрадан қалыптасқан жер қабықтың қалыңдығы оның тығыздығына пропорционал. Мұндай арақатынасты изостазиялық(грек сөзі iso-тең, stasis- жағдай) тепе-теңдік дейді. Изостазиялық тепе-теңдікке байланысты жер беті үздіксіз қозғалыста болады. Мысалы: тау үгілгенде оның затын шайып әкетеді де, материктің орташа биіктігі азаяды, ондай материк мантияға отыра бастайды, осының нәтижесінде материк беткейлері үздіксіз қозғалыста болады; немесе Балтық қалқанында материктік мұздың жиналуынан 100 жылда 1 метрге көтерілген, нәтижесінде Финляндияның мұхит түбі арқылы ауданы көбейсе, ал Нидерланд территориясы төмен түскен.
Өзін бақылауға арналған сұрақтар:Гипсографиялық қисық сызық дегеніміз не?
Изостазия дегеніміз не?
Ұсынылған әдебиеттер:1,2,3,8,9.
№4 дәріс
Тақырып: Дүние жүзі мұхит түбі рельефі
Дәрістің мазмұны
1.Мұхит түбінің негізгі геотектурасы,морфоструктурасы.
2.Мұхит түбіндегі эндогенді, экзогенді процестер.
Мақсаты:Мұхит түбі рельефінің құрлысымен және мұхит түбіндегі процестермен танысу.
Тірек сөздер:Материктік қайраң, аралық зона, мұхит арнасы, орталық жота.
Негізгі сұрақтар:Мұхит түбі рельефінің құрлық рельефінен айырмашылығы бар ма?
Мұхит түбінде қандай процестер болады?
-
Мұхит түбі рельефі эндогенді және экзогенді процестер әсерінен қалыптасады. Мұхит түбі морфоскульптурасы рельеф қалыптасуында тәуелді қызмет атқарады. Мұхит түбінің негізгі геотектурасына: материктің су түбіндегі шеті, аралық зона, мұхит арнасы, орталық жоталар жатады; ал ал морфоструктурасы материктің су түбіндегі шеті: материктік шельф немесе қайраң, материктік беткей, материк табаны; аралық зоналар: шеткі теңіздер, қазан шұңқырлар, арал доғалар, терең шұңғымалар; орталық жоталар мен мұхит арнасын қамтиды.
Материктің су түбіндегі шеті – мұхит ауданының шамамен 20% алады. Ол су басқан материк қабығынан тұрады. Материктің су түбіндегі шетін материктік шельф, материктік беткей және материк табаны деп бөледі. Материктік шельф – құрлықтың платформалық жазығының мұхит астындағы жалғасы. Мұхит ауданының 7,5% алады. Материктік шельеф өте терең емес, геологиялық құрлысымен рельефімен ерекшеленеді. Шельф тереңдігі 200 метр кейде 500 метр. Мысалы:Антарктида жағалауы 650 метр. Материктік беткей – материктік шельфтегідей жер қабығынан тұрады, сондықтан материктің су түбіндегі шетіне жатады. Материктік беткей құрлысы әртүрлі, оның беткейінің тіктігі 7-15º, үсті аздаған шөгінді жыныспен жабылған. Материктік бетке” тік, баспалдақты, жалпақ, түрліше формада да болып келеді. Материктік беткейдің тік шатқал (каньон) тәрізді түрі де кездеседі, олардың тіктігі 30º-50º, тереңдігі 2000 метр. Осындай тік беткейлерде жағадан төмен қарай материалдар тасымалданады, кейбір беткейлерде көшкін пайда болуы мүмкін. Материк табаны – шөгінді жинақталу процесі нәтижесінде қалыптасқан су асты рельеф формасы. Оның негізгі ерекшелігі шөгінді қабаты қалың болып келеді, қалыңдығы 3-4,5км. жетеді. Басқа рельеф формаларынан ерекшелігі жайпақ иілген жазықты болып келеді.
Аралық зона – мұхит түбінің 32 млн.км² ауданын алып жатыр. Құрлысы өте күрделі. Аралық зона шеткі теңізге, арал доғаларға, терең шұңғымаларға жіктеледі. Арал доғалар кейбір жағдайда жас таулармен аралас континент шетінде орналасуы мүмкін (Атакама шұңғымасы), кейде бірнешеуі бірігіп иілген де болады. Терең шұңғымалар арал доғалармен қатар теңіз қасында да ұзындығы бірнеше километрге жететін доға тәрізді орналасады, кейде түзу де (Тонга, Кермадек) болады. Құрлысы терең тар ұзына созылған формалар, көлденең профилі V тәрізді. Орталық жоталар бір бірімен жалғасып, бір мұхиттан екінші мұхитқа ауысып жерді қоршаған үздіксіз тау жүйесін қалыптастырады. Орталық жоталардың жалпы ұзындығы 80 мың км. Орталық жоталар жеткілікті зерттелмеген. Мұхит арнасы 200млн.км² ауданды қамтиды, орташа тереңдігі 4км. Мұхиттық қабық типі тән, өйткені ол жұқа қозғалмалы, базальтты қабат үстінде вулкандық шөгінді жыныстардан түзілген, беті кедір-бұдырлы. Мұхит арнасы міндетті түрде орталық жотаның 2 жағында орналасады. Мұхит арнасының ірі морфоструктурасы болып тереңдегі көтерілулер, оның өзі үйінді және вулканды үйінділерден тұрады. Үйінділі көтерілулер жарықтармен жылжу нәтижесінде қалыптасады. Вулканды үйінділер кең көлемде, жайпақ, ассиметриялы төбелі түрлері жекелеген тау немесе тізбектеліп орналасып, мұхит түбінде кең тараған.
2. Мұхит түбінің морфоструктурасының ерекшелігі – жер қабықтың құрлысына яғни қалыңдығының аз болуы, гранит қабатының жоқтығы, тығыздығы, қаттылығына байланысты айқындалады.
Эндогенді процестер мұхит түбінде пайда болады да, жарықтар, ығысулар т.б. қалыптастырады. Вулкан лавалар жарықтар арқылы ағып шығып кең ауданды қамтиды. Жерсілкінулер мұхит түбінің жоғары және төмен түсуіне әкеліп соқтырады, қазан шұңқырлар, валдың түзілуіне әсер етеді. Мұхит түбінің тағы бір рекшелігі мантия жынысының үнемі жарық арқылы бетіне көтерілуіне байланысты жаңарып, көбейіп отырады.
Экзогенді процестер мұхит түбі морфоскульптурасын қалыптастырады. Морфоскульптураны қалыптастыруда басты рольді су массасы және оны айқындайтын судың физикалық-химиялық қасиеттері атқарады. Бұдан басқа мұхит суы қозғалыстарына толқу, ағыстың да рельеф түзуші маңыздылығы бар.
Өзін бақылауға арналған сұрақтар: Материктік қайраң құрлысы қандай?
Аралық зона неден тұрады?
Мұхит арнасымен орталық жота қандай процесс нәтижесінде пайда болған?
Ұсынылған әдебиеттер:1,2,3,8,9.
№5 дәріс
Тақырып: Құрлық рельефі
Дәрістің мазмұны
1.Морфоструктура. Морфоструктураның негізгі типтері: жазықтар мен таулар.
2.Жазықтар.
3.Таулар.
Мақсаты:Морфоструктураның негізгі типтері жазықтармен таулардың пайда болуымен түрлерімен танысу.
Тірек сөздер:Платформа, геосинклиналь.
Негізгі сұрақтар:Платформа дегеніміз не?
Геосинклиналь дегеніміз не?
-
Жер бетінде морфоструктураның 2 типі бар: жазықтар және таулар. Осы морфоструктуралар платформалық және жылжымалы геосинклинальды облыстарды қалыптастырады. Платформа дегеніміз – (француз сөзі plate – тегіс, жазық; forme – пішін) материктердің геологиялық құрлымының негізгі элементі, жер қыртысының нашар тілімденген, тектоникалық активтілігін жойғанжер қабықтың бөлігін айтады. Мұндай аудандарда вулкан атқыламайды, жер сілкінбейді, жай ғана қозғалыс байқалады. Платформалық типке жазықтар жатады. Мысалы: Шығыс Европа, Шығыс Сібір, Солтүстік Америка, Үндістан, Солтүстік Қытай платформалары. Жер қыртысының ұзыннан созылып жатқан тектоникалық активтігін жоймаған ауданы геосинклиналь деп аталады. Геосинклиналь аймағында ойыс немесе геосинклиналь майысулары, оларды бөлетін геоантиклиналь жүйелері дамиды. Геосинклиналь аймағында қатпарлар бұзылып, қирап, терең магмалық атқылауын туғызады да, жер қабығының күшті қозғалысын болдырып отырады. Геосинклинальды аймақтың бастапқы дамуы кезінде майысу процестері мен вулкандық, шөгінді жыныстардың жиналу процесі күшті болады.
2.Жазықтар деп – биіктігі бірдей және геологиялық құрлымы біртектес жер рельефінің формасын айтады. Жазықтарды абсолюттік биіктігіне қарай: ойпатты – теңіз деңгейінен төмен; аласа жазықтар – биіктігі 200м дейін; орта биік немесе қыратты – биіктігі 200-500м дейін; биік жазықтар немесе таулы үстірт – биіктігі 500м артық деп ажыратылады. Рельеф формаларына қарай жайпақ, сатылы, ойлы-қырлы, төбелі жазықтар деп жіктеледі. Жазықтар пайда болу тегіне қарай бастапқы, аккумуляциялық, вулкандық, денудациялық деп бөлінеді.
3.Таулар -жер қыртысының қатпары және қатпарлы-жақпарлы құрлымдарымен күрделенген, теңіз деңгейінен және өзін қоршаған айналадағы жазық кеңістіктен биік көтерілген жер бетінің учаскелері. Таулардың пайда болуының басты себебі жоғары бағытталған тектоникалық қозғалыс. Тауларды абсолюттік биіктіктеріне қарай 3 топқа бөледі: 1) аласа таулар – биіктігі 1000м дейін; 2) орта биік таулар – биіктігі 1000-3000м дейін; 3) биік таулар – 3000м-ден жоғары. Таулар шығу тегі жағынан тектоникалық, эрозиялық және вулкандық болып 3-ке бөлінеді. Жалпы тектоникалық және эрозиялық таулар жиі кездеседі. Вулкандық таулар Камчатка және Жапон аралдарында (Фудзияма тауы) дамыған. Таулар морфологиялық түрімен, нақты биіктігімен, жотасымен, жұрнағымен, тау жыныстарымен сипатталады.