Файл: А мен несептегі белокты адаалап, амбулаториялы баылау .docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 08.11.2023

Просмотров: 1296

Скачиваний: 41

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Стернальді пункция.

Бүйрек биопсиясы. +

155 Науқаста бронхоэктаз, созылмалы ринит, синусит және ішкі ағзалардың жартылай кері орналасу симптомдары бар. Болжамды диагноз:

Өкпе артериясының гипоплазиясы

Өкпе бөлігінің поликистозы.

Вильямс—Кэмпбелл синдромы.

Картагенер синдромы. +

Мунье—Кун синдромы

156 Қалқанша безінің субтотальді резекция отасынан кейін науқастың аяқ-қолдарының қалтырауы, Хвостек симптомы, Труссо симптомы пайда болды. Науқаста қандай асқынулар пайда болды?

Гипотиреоз.

Тиреотоксикалық криз.

Жұтқыншақ нервтерің травмасы.

Гипопаратиреоз. +

Тиреотоксикоздың қалдық белгілері

157 Науқас 45 жаста, ірі буындарының ауырғанына шағымданады, әсіресе тізе буындарының, бұлшықеттің ауруы, әлсіздік. Бір ай бойы жүрек тұсында ауру сезімі мазалайды, екі ай бойы - оң жақ беттің ұюып, шаңшаған, басылғанына 1 апта болды. Анамнезінде: жиі тамағының ауруы (ангина). 10 жыл бойы ауылда тұрады, шикі сүт ішеді, орманға барады. 3 ай бұрын кене шағып алған. Медпункқа жүгініп, "кененің шағуна аллергиялық реакция" деген диагнозбен 2 апта емделген. Қарау барысында: буындар өзгеріссіз, жүрек дыбыстары тұйық, тахикардия. Болжамды диагноз:

Ревматизм.

Ревматоидты артрит жүйелі көріністермен.

Бруцеллез.

Лайм ауруы. +

Хламидиоз.

158 Шылым шегетін, қатты қорылдайтын ер адамда ұйқы кезінде қысқа мерзімді (15 сек) құрысу ұстама пайда болып, тынысы тарылып, есінен таңған. ЭКГ -де Гисс шоғырының оң аяқшасының блокадасы анықталған. 2 дәрежелі семіздік белгілері. Болжамды диагноз:

Ұйықы кезінде апноэ. +

Брадикардия.

Вазовагальды синдром.

Құрысу ұстамасы.

Жөтел талмасы

159 Ер адам 38 жаста, кеуде қуысының стенокардиялық ауру сезіміне шағымданады. Төстің сол жақ шеті бойымен систолалық шу естіледі. ЭКГ-да сол жақ қарыншасының гипертрофиясы, ST және Т спецификалық емес өзгерістері, сонымен қатар сол қарыншаның ұлғаюы. Эхо-КГ кезінде қарыншааралық қалқаның асимметриялы гипертрофиясы анықталған. Болжамды диагноз:

Нейроциркуляторлы дистония.

Дресслер синдромы.

Перикардит.

Диафрагманың тағымдық қуысының грыжасы.

Гипертрофиялық кардиомиопатия. +

160 Ер адам 47 жаста, нервті-психологиялық кернеу салдарынан кеуде тұсының қатты ауру сезімі пайда болған, әлсіздік, беті аздап терлеген. Өз бетінше көлікпен ауруханаға жеткен. Қарау барысында бозарған, әлі де кеуде тұсының қатты ауырғанын жеткізді. ЭКГ-да - синустық тахикардия, PQ 0,14 с, жылжуы V1-V3 сегмент ST R ортасынан басталып Т биік тісшесіне өтеді. Болжамды диагноз:


кернеулік стенокардия .

тұрақты емес стенокардия.

Спонтанды стенокардия.

Миокардит.

миокард инфарктсы. +

161 Ер адам 40 жаста, біртіндеп шаршағыштық, физикалық жүктеме кезінде жүрек қағысы мен ентікпе, іштің жоғарғы аймағының ауырлығы пайда болған. Соңғы 2 ай ішінде дене температурасының 37,5 С дейін жоғарлайды. Объективті: тері жабындылары мен шырышты қабықшаларының бозғылдығы, бауырдың шеті және қабырғалық доғадан 5-6 см ілгері шығып тұрған, тығыз көкбауыр пальпацияланады. Лабораториялық зерттеулер: НЬ 105 г/л, түстік көрсеткіш. 0,94, лейкоциттер 60х109/л, тромбоциттер 140х109/л, лейкоцитарлы формуланың промиелоцит, миелоцит және миелобласттарға дейін солға жылжуы, , ЭТЖ 70 мм/сағ. Болжамды диагноз:

Созылмалы миелолейкоз. +

Лимфогранулематоз.

Жіті лейкоз.

Идиопатиялық тромбоцитопениялық пурпура.

Тұқымқуалайтын микросфероцитоз.

162 ЖПД (ВОП) дәрігерінің қабылдауында 56 жасар ер адам 200 м қашықтыққа жүрген кезді және бір қабатқа жоғары көтерілген кезде төс арты басып, күйдіріп ауырсынулардың пайда болуына шағымданады, нитроглицирин қабылдаған кезде ауырсыну басылады. Объективті: жүрек тондары тұйықталған, ырғақ дұрыс емес. ЭКГ-да синиустық аритмия, минутына 85-110 соққы, бір реттік қарыншалық экстрасистолалармен үзілісті. Сол қарыншаның гипертрофиясы. Статин нитраттарын және антиагреганттарды қабалғаннан кейін 2 ай бойы стенокардия ұстамасы болған жоқ. Физикалық жүктемелерге толеранттылықты анықтау үшін ең ақпаратты зерттеу болып табылады:

Коронароангиография

Электрокардиография

Тредмил-тест +

Сцинтиграфия

Эхокардиография


120>120>120>120>120>

163 Миокард инфарктісі бар науқастарда қарыншалар фибрилляциялары сияқты асқынулар қай кезде болуы мүмкін?

ауру басталғаннан 1,5-2 сағаттан кейін +

аурудың 2-3 тәулігіне қарай

аурудың 8-10 тәулігіне қарай

ауру басталғаннан 15 тәулігіне қарай

ауру басталғаннан 30 тәуліктен кейін

164 Электрокардиограммада инфарк миокарды кезінде Q үшін қандай өзгерістер тән:

STсегментінің жәнеТ тісшесінің депрессиясы

Q патологиялық тісшесі немесе QS типті комплекстер +

STсегментінің жәнеТ тісшесінің жоғарлауы

Жиі қарыншалық экстрасистолалар

Атриовентрикулярлы өткізгіщтіктің баяулауы

165 Ер адам 33 жаста, жүктеме кезінде жоғарлайтын жалпы әлсіздікті, температураның жоғарлауы, әсіресе кешкі уақыттарда, шырышты-іріңді қақырықпен жөтел. Ахуалы 5 күн бұрын нашарлаған. 4 жыл бойы ауырады, күз-көктем мезгілдерінде өршейді. Объективті: орташа дәрежелі ауырлық. Тыныс қатты, екі жақтанда, құрғақ сырылдар бар. ТАЖ минутына 22. Ең болжамды диагноз:

ЖРА (ОРЗ)

Жіті бронхит

Созылмалы бронхит +

ЖРВИ (ОРВИ).

Ауруханадан тыс пневмония

166 Ер адам 43 жаста, АГ мен есепте тұрады, қатты бастың ауруына, қатты бұлшықет әлсіздігіне және таңғы уақытта қайталанатын беттің ісінуіне шағымданады. Қарау кезінде: пульс -85 соққы минутына, АҚ -210-120 мм.с.б.б. ЭКГ да- сол жақ қарыншаның айқын гипертрофия белгілері. Қан анализінде: калий – 2,6 ммоль/л, натрий - 147 ммоль/л. Несеп анализінде: гипоизостенурия, несеп тұңбасы өзгеріссіз, несеп реакциясы - қышқылды. Ең болжамды диагноз:

Феохромоцитома

Кон синдромы +

Созылмалы пиелонефрит

Созылмалы гломерулонефрит

Иценко - Кушинг синдромы

167 57 жастаға әйел адамда соңғы 2 жыл ішінде тұрақты түрде АҚ жоғарлайды, диспансерлік есепте тұр, АПФ ингибиторлары мен Сартанам ем қабылдап жүр. Сол қарыншаның гипертрофиясын диагностикалау үшін ең ақпаратты зерттеуді атаңық:

Электрокардиография

Эхокардиография +

Вентрикулография

Сцинтиграфия

Кеуде қуысының КТ.

168 Асқынбаған миокард инфарктісі кезінде ЭТЖ максимальді жоғарлауы пайда болуы мүмкін мерзімдер:

Ауру басталғаннан 1-2 сағат ішінде

Ауру басталғаннан 24 сағат ішінде

Ауру басталғаннан 48 сағат ішінде

Ауру басталғаннан кейін 8-12 тәулікте +

Ауру басталғаннан кейін 15 тәулікте

169 Ер адам 47 жаста, жүрек тұсының сыздап ауратынына
, қатты жүктемеден кейінгі ауытқу және жүрек қатып қалғандай сезімге шағымданады. Тұрақты түрде 250-300 гр арақ және сыра ішеді. Перкусия кезінде - жүрек шекаралары 2 см солға ығысқан. ЭКГ - синустық аритмия, атриовентрикулярлы өткізгіштіктің (РQ-0,32) баяулауы, жиі жүрекшелік және қарыншалық экстрасистолалар, кеуделік әкету ST сегментінің төмендеуі, V4- V6 - де екіфазалық Т тісшесі. Эхо-КГ да шығу фракциясы 37%. Болжамды диагноз:

Алкогольді кардиомиопатия +

Жүректің ишемиялық ауруы

Жүректің митральді ақауы.

Неревматиялық миокардит

Идиопатиялық гипертрофиялық кардиомиопатия.

170 Мүмкін болатын стенокардия кезінде жүрек тұсының ауырсынуының пайда болуы уақыты:

Алғашқы жарты күнде

Ерте таңғы уақыттарда +

Кешкі уақытта

ауырсыну сезімінің пайда болуы тәулік мерзіміне байланысты емес

тағам пайдаланумен байланысты

171 Кернеу стенокардиясы кезінде физикалық жүктемеден кейін ауырсыну сезімі орналасады:

Эпигастр аймағында

Төсарты аймағында +

ұш түрткісі аймағында

төстен оң жақтан 3 қабырғаарасы аймағында

Мықын аймағында

172 Науқсас 48 жаста, тұмаудан 18 күннен кейін жүрек маңында қысып және сыздап ауырсынудың күшейе бастағанын байқаған. Объективті: t 37,4 С. Жүректің сол шекарас- бұғана ортасы линиясымен. Жүрек тондары тұйық, жүрек ұшында систолалық шу. ЭКГ: AV -өткізгіштігінің 1 дәрежелі бұзылысы. Миокардта алмасу өзгерістері айқын. Төменвольтты ЭКГ. Болжамды диагноз:

Жіті ревматикалық құрысу

Неревматикалық миокардит +

ЖИА (ИБС), өршулі стенокардия

Миокард инфарктісі

Гипертрофиялық кардиопатия.

173 54 жастағы әйел адамның анамнезінде 2019 ж Q-миокард инфарктісі, АКШ өткізгеннен кейін 21 тәулікте тұрақты түрде кардиомагнил және клопидрогель қабылдаған, ентікпе мен аяқ-қолдарының ісінуі, жүрек өлшемдері күрт ұлғайған, рентгенологиялық зерттеуде доғаларының шеттері тегістелген. Қандай асқынуды болжауға болады:

Жабысқан (слипчивый) перикардит

Тромбоэмболиялық асқыну

Қайталанған миокард инфарктісі.

Экссудативті перикардит.

Постперикардитомды экссудативті перикардит. +

174 39 жастағы шахтер арқасына ауыр сайманын арқалап шахтаға түскен кезінде стенокардия ұстамасы дамыған, үйде ұстама қайталанбаған. Тредмил тестті өткізу кезінде физикалық жүктемеге жоғарғы толеранттылық анықталған. Болжамды диагноз:

ФК I1 тұрақты стенокардиясы

Q- жоқ миокард инфарктісі

ФК I тұрақты стенокардиясы +

ФК III тұрақты стенокардиясы


Кенеттен пайда болған стенокардия.

175 Әйел адам 69 жаста, төс артының қатты ауырсыну сезіміне шағымданады. Объективті: гепатомегалия, мойын веналарының ұлғаюы, төстің төменгі ұшында патологиялық III тон, парадоксальды артериальді пульс, күрт гипотония. ЭКГ: QS V1- V3 R - V4. ЭхоКГ: оң қарынша қуысының кеңеюі, қарыншааралық қалқаның парадоксальді сол қарыншаға бағытталған қозғалысы. Аталған диагноздардың қайсысы дұрыс:

сол қарыншаның артқы қабырғасының Q- миокард инфарктісі

сол қарынша ұшы мен Q-миокард қалқасы инфарктісі

оң қарыншаның Q-инфарктісі +

артқы-бүйірлің Q-миокард инфарктісі

артқы-базальды Q-миокард инфарктісі

176 ЖТД қабылдауына 58 жастағы әйел полиурияға, қынаптың қышуына, шөлдеуіне, әлсіздікке шағымданып келді. 7 жыл созылмалы панкреатитпен сырқаттанады. Дене салмағы 103 кг, бойы 160 см. Терісін қасып тастаған. Қанның қанты 7,7 ммоль/л, холестерині 8,2 ммоль/л. Сіз болжамдаған диагнозды атаңыз?

Қант диабеті +

Метаболизмдік синдром

Глюкозаға толеранттылығы бұзылуы

Лимфогрануломатоз

Аллергиялық дерматит

177 63 жастағы әйел, асқазанға операция жасағаннан кейін бір апта өткенде көкірек асты қатты сыздап ауырды. Объективтік тексеруде: жүрек соққысы тұнық. ЖСЖ/ЧСС минутына 93 рет. АҚ 95/65мм рт. ст. ЭКГ нәтижесі: элевация ST V1-V4 - 2,5 мм. Науқасқа ең алдымен қандай зерттеу жүргізу керек?

Сцинтиграфия

Тредмил- тест

Эхокардиография

Коронароангиография +

іш қуысы ағзаларының УДЗ

178 "59 жастағы ер адам, жүректің ишемиялық ауруы және ӨСОА туралы ""Д"" есебінде тіркелген, физикалық және эмоционалды стресстен кейін тұншығу, ауаның жетіспеушілігі және кеуде артындағы қатты ауырсыну пайда болды. Нитроглицеринді 10 минут аралықпен екі рет 1 таблеткадан қабылдаған кезде әсер болған жоқ. Объективті тексеруде: өкпенің барлық жағында шашыраңқы құрғақ сырылдар, ал өкпенің төменгі бөліктеріндегі ылғалды сырылдар. Жүрек дыбыстары тұнық естілмейді, ритмі ""аттың шабысына"" ұқсас, тахикардия минутына 110. АҚ 70/50 мм рт.ст.


Қандай диагнозды болжамдауға болады?

"

Бронх демікпесі, астмалық статус

ӨСОА өршу кезеңі.

Вазоспастикалық стенокардия.

Миокард инфаркті, кардиогенді шокпен асқынған +

миокард инфаркті, астмаалық варианті.

179 "72 жастағы әйел келесі шағымдармен дәрігерге қаралды: тынығу барысында еңтігуіне, жүрек соғысы күшейгеніне; қызғылт қақырық бөлініп жөтелуіне; мазасыздануына, айқын әлсіздік. Анамнезден: АГ тіркеуінде 15 жыл тұрады, ЖИА, инфаркттан кейінгі кардиосклероз дамыған. Тексеру кезінде: ортопноэ жағдайы, жүрек соққысы тұнық, ырғағы дұрыс, жиі қарыншалық экстрасистолдармен үзіледі. АҚ 260/140 мм.сын. ст. Көз түбі тамырларын зерттеу нәтижесі: оптикалық жүйке дискілерінің ісінуі. Зәр анализі: орташа протеинурия.