Файл: Лекция 12 Педагогикалы технология тлімтрбиені озаушы кші ретінде. Жоспар.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 08.11.2023

Просмотров: 802

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


2-критерий. Идея, бөлім немесе үдеріс белгілі бір пәннің мазмұнына қаншалықты қатысты? Оқушыларды пәнге «бойлауға» шақыра отырып, біз оларға білім қалай қалыптасатынын, оны қалай тексеруге болатынын және одан кейін қалай пайдаланылатынын іштен түсінуге мүмкіндік береміз. Бұл ретте белгілі бір пән аясында өз ісінің шеберлері қолданатын тәсілдерді назарға алу қажет: ғылыми зерттеу жүргізу, түрлі нысаналы аудиторияға арнап жазбаша түрде түсіндіру, тарихтағы оқиғаларды және бастапқы көздерден алынған құжаттарды түсіндіру, нақты проблемаларды шешу үшін математиканы қолдану, зерттеу жүргізу, сыни мақала жариялау, әлеуметтік және экономикалық саясат мәселелерін талқылау.

3-критерий. Идея, бөлім немесе үдеріс қандай дәрежеде тарқатуды және түсіндіруді қажет етеді? Курстың немесе бөлімнің абстрактілі идеяларын, айқын емес және қарама-қайшы тұжырымдамалар мен қағидаттарын ой елегінен өткізіңіз. Мысалы, физика сабағында оқушылар күш, қозғалыс, тартылыс идеяларын түсінбей жатады. Бір сәтте лақтырылған шыныдан жасалған немесе боулингке арналған шардың қайсысы бірінші болып жерге түсетінін айқындауды сұрағанда, көптеген оқушылар дұрыс жауап ретінде боулингке арналған шарды таңдап, өзінің тақырыпты түсінбегенін көрсетеді.

Әдетте оқушылар қандай маңызды тұжырымдамалар немесе үдерістерді түсінуге қиналады? Мұндай қиындықтар әдетте немен байланысты? Қандай жаһандық идеяларды түсіну қиынға соғуы мүмкін? Осы маңызды сұрақтарға жауап беру арқылы жақсы оқудың маңызын ашуға болады.

4-критерий. Идея, бөлім немесе үдеріс оқушыларды белсенді қызметке тартуға қаншалықты мүмкіндік береді? Жалпы алғанда белгілі бір идеялар әртүрлі жастағы оқушыларға қызықты. Мысал келтірудің, үдерістерді немесе жағдайларды жаңғыртудың, пікірталас жүргізудің арқасында және оқушыларды оқуға қызықтырудың басқа да әдістерінің көмегімен кітапта берілген білімді жаңаша түсіндіруге болады. Осылайша оқушыларды жаһандық идеялармен беттестіру арқылы олардың оқуға деген қызығушылығын арттыруға болады. Мысалы, «Тәуелсіз болу деген не?» деп сұрау арқылы біз оқушыларды әртүрлі әлеуметтік тақырыптарды (төңкеріс соғыстары, құлдық, экономика) зерделеуге итермелейміз. Осындай идеялар басқа, мысалы, «Ерікті болудың қандай шектеулері бар және қандай жауапкершілік жүктейді?» сияқты анағұрлым жаһандық идеяларға жетелейді.
Ауызша және жазбаша кері байланыс

Кері байланыс

Жақсы

Жаман

Пайда-лы

Пайда-сыз

Жақсарту үшін ұсыныстарыңыз

"Нашар жұмыс"
















"Бұл менің көргім келген ең үздік жұмыс емес. Саған мұны ….. жолмен толықтыру қажет"














"Дұрыс жауабы - бұл..."
















"Бұл - жақсы жауап"















"Дұрыс емес!"















"Сен жетістіктерге жетудесің!"















"Сен ең бастысын жіберіп алдың"















Жақсы жұмыс, [оқушының аты]. Сенің тәжірибені сипаттауың нақты және логикалық түрде. Келесі жолы саған өз көзқарасыңа қатысты қателіктерің туралы ойлану қажет.















Нақтылық жетпейді. Сен мұны бұдан жақсы жасай аласың.
















"Бұл мен күткен жауап емес."














Сенде аз болса да ілгерілеу бар, егер үздіктердің қатарында болғың келсе, саған анықтамаларды, терминдерді, т.б. меңгеруге көңіл бөлуің керек.















Негізі сен дұрыс жауап беріп отырсың, алайда ол жеткіліксіз. Келесі жолы өз жауаптарыңа мұқият қара және барлық мәліметтерді қолданғаныңа көз жеткізуге тырыс.














"… дұрыс қолданып тұрған жоқсың – маған қара!"

















Тиімді кері байланыс ұсыну
1-мысал

Оқу мақсаты:

әңгімені жүйелеп айтады

Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырма:

Мәтіннің бөліктерін әңгіменің жүйелілігін сақтай отырып, рет-ретімен орналастырып қағазға жапсырыңыз

Дескрипторлар:

әңгіменің сюжеттік желісіне сай етіп мәтін бөліктерін орналастырады

Кері байланыс:

Мұғалім тапсырмаға қатысты кері байланысты «өте жақсы», «жарайсың» деген мақтау сөздері арқылы береді.

Тиімді кері байланыс ұсыныңыз:



2-мысал

Оқу мақсаты:

әңгіме құрастыру

Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырма:

«Менің жанұям» тақырбына әңгіме құрастырыңыз.

Дескрипторлар:

  • Тақырыпқа қатысты жазады;

  • Әңгіме құрастыруды композициялық ерекшеліктерді біледі;

  • Түрлі сөздік қорды пайдаланады.

Кері байланыс: Жазба жұмысты тексеру барысында мұғалім қателерін түзейді.

Тиімді кері байланыс ұсыныңыз:


Тиімді кері байланыс оқу барысында, яғни әлі де шара қабылдап қалуға мүмкіндік бар кезде беріледі

Ян Чапиус

Сьюзан Брукхарттың (2008) «Оқушыларға тиімді кері байланысты қалай ұсыну керек» атты әдістемелік нұсқаулығы негізінде дайындалған.

Кері байланыс қалыптастырушы бағалау үдерісінің маңызды компоненті болып табылады. Ол осы мезетте оқушылардың оқу мақсаттарына қатысты оқудың қай сатысында екендігі туралы және осы тарапта туындаған проблемалар мен оқу мақсатына қол жеткізу тәсілдері жөнінде ақпарат береді.

Тиімді кері байланыс ұсыну стратегиялары:

  • кері байланысты дер кезінде ұсыну қажет, өйткені бұл оқушыларға өз оқу

  • әрекеттерін жетілдіруіне мүмкіндік береді;

  • кері байланыс оқу мақсатарына сәйкес ең маңызды мәселелерді қамтуға және оқушыларды одн әрі дамыту бағыттарын қамтуы тиіс;

  • кері байланысты ауызша (оқушылардың деректер келтіру тұрғысындағы жауабына сол сәтте пікір білдіру: дұрыс/дұрыс емес, оның нәтижелерін оқушылармен талдау т.б.), жазбаша (жазбаша жаттығулар бойынша) және көрсетілімді (мысалдарды қолдану, тапсырмаларды орындау алгоритмі және т.б.) түрде ұсынуға болады.

  • кері байланыс жеке және топқа беріледі. Кері байланыс топқа немесе сыныпқа олардың жіберген қателері барлығына ортақ болған жағдайда жалпы түрде беріледі.


Кері байланыстың мазмұны:

  • кері байланыс оқушының жеке басына емес, оның орындаған тапсырмасына немесе тапсырманы орындау үдерісіне қатысты болуы тиіс;

  • критерийлер мен дескрипторлар орындалған тапсырмалар бойынша кері байланыс ұсыну үшін пайдаланылады;

  • кері байланыс баға беру емес, сипаттамалық мағынада болуы керек;

  • кері байланыс тапсырманың дұрыс орындалған бөлігі бойынша жағымды түсіндірмелерден басталып, содан кейін қателер бойынша түсіндірмелер беріп, оқуды жақсарту бойынша ұсынымдармен жалғасады;

  • кері байланыста түсінікті, сыпайы және ақыл-ой қызметін ынталандыратын тілдік стиль қолдану керек.

Оқу үдерісінде оқушыларды өзіне ұсынылған кері байланысты пайдалана білуге үйрету аса маңызды. Ол үшін әртүрлі тапсырмалар мен кері байланыспен жұмыс істеу көзделген сабақтарды, сондай-ақ нәтижесінде жақсы орындалған жұмыс (нәтиже) алу үшін жүйелі түрде қалыптастырушы бағалау арқылы кері байланыс беру қарастырылған ұзақ мерзімді тапсырмаларды (жобалар мен басқа да шығармашылық жұмыстар) жоспарлауға болады.

Дереккөз: Brookhart, S.M. (2008). How to give effective feedback to your students. ASCD: Alexandria.
КҮНДЕЛІКТІ ӨЗІН-ӨЗІ БАҒАМДАУ НЫСАНЫ

Аты-жөні: ___________________________________________________________

Күні: ___________

1. Бүгінгі сабақта үйренгендеріңіздің ішінен өзіңіздің тәжірибеңізге нені пайдаланамын деп ойлайсыз?


2. Бүгінгі сабақта Сізге не ұнады?

3. Бүгінгі сабақта Сіз түсінбеген мәселелер болды ма? Оны қалай пысықтағыңыз келеді?

4. Бүгінгі сабақтың Сіз үшін айтарлықтай құнды тұстары (білім немесе дағдылар):

5. Қарастырылған тақырыпқа қатысты өзіңіздің қосатын ой-пікіріңіз:


Лекция №30 Оқу үдерісін реттеудегі қалыптастырушы бағалау мен шарттар
Жоспар:

1. Қалыптастырушы бағалаудың пайда болуы

2.Қалыптастырушы бағалау шарттары
ОҚУ ҮДЕРІСІН РЕТТЕУДЕГІ ҚАЛЫПТАСТЫРУШЫ БАҒАЛАУ МЕН ШАРТТАР

Қалыптастырушы бағалаудың пайда болуы

«Білім беру бағдарламасын тұрақты жетілдіруде өзіндік орны бар» бағамдау үдерісін сипаттау үшін «қалыптастырушы
» деген терминді алғашқы болып Майкл Скривен қолданған (Скривен, 1967, 41-б.) деген факті кең тараған. Сондай-ақ, ол бағамдау «мектеп басшыларына бірыңғай білім беру бағдарламасын әзірлеп, бағамдау үдерісін өзінің бастапқы рөлінде қолдану арқылы оны қайта қарай отырып, мектеп жүйесі жұмсайтын шығындарды ақтау мақсатында басқа баламалармен салыстырғанда айтарлықтай артықшылығы бар ма екені туралы шешім қабылдауға мүмкіндік береді» (41-42-б.) деп атап өтті. Осы ретте «бұл рөлдегі бағамдауды жіктеу үшін «қалыптастырушы» және «жиынтық» терминдерін» ұсынған.

Екі жыл өткеннен кейін Бенджамин Блум (1969, 48-б.) мектеп тестілеріне дәл осындай айырманы қолданды: оқыту-оқу үдерісінің әрбір сатысында кері байланыс ұсынып, түзетіп отыру мақсатында «қалыптастырушы бағамдауды» қолдану мүлде өзгеше. Қалыптастырушы бағамдау дегеніміз оқу үдерісінде мұғалімдер мен оқушылар көмек ретінде қолданатын қысқа тестілер бойынша бағамдау дегенді білдіреді. Бұндай тестілерді жіктеп, бағамдаудың пікір тұжырымдауға көмектесетін бөлігі ретінде қолдануға болғанымен, біз қалыптастырушы бағамдауды баға қою үдерісінен бөліп алып, тікелей оқыту үшін қосымша құрал ретінде қолдану анағұрлым тиімдірек екенін түсіндік.

Бенджамин Блум өзінің әріптестерімен бірге кейінгі жұмыстарында «қалыптастырушы бағамдау» терминін қолдануды жалғастырды, ал Ұлыбританияда жоғары оқу орындарында«негізгі бағалаудың алдындағы кез келген бағалауды» сипаттау үшін «қалыптастырушы бағалау» термині қолданылды. Бірақ ХХ ғасырдың 70-ші жылдары мен 80-ші жылдарының басында термин зерттеушілер мен практиктердің назарына іліне қоймады. Жалпы «қалыптастырушы бағалау» мен «қалыптастырушы бағамдау» терминдері тестілер тәрізді ресми бағалау рәсімдерін атау үшін қолданылды (мысалы, Фучс және Фучс қараңыз, 1986).

Қалыптастырушы бағалаудың анықтамасы

Натриелло (1987) және Крукстың (1988) ертедегі зерттеулерін толықтыру мақсатында Блэк пен Уильям (1998а) сыныптағы қалыптастырушы бағалаудың ықпалы туралы зерттеуге шолу жасады. Өздерінің шолуларындағы ақпараттың көпшілікке қолжетімді болуын қамтамасыз ету мақсатында олар мұғалімдер мен саясаткерлерге арнап өз зерттеулерінің нәтижелерінің саясат пен тәжірибеге ықпалы туралы мақала әзірледі (Блэк және Уильямс, 1998b). Осы мақалада олар қалыптастырушы бағалауға төмендегідей анықтама берді:

Біз мұғалімдер оқушыларды және оқушылар өздерін бағалау үшін орындайтын барлық шараларды қамту үшін «бағалау» деген жалпы терминді қолданамыз, бұл шаралардың көмегімен оқу мен оқыту үдерістерін түрлендіру мақсатында кері байланыс ретінде қолдануға болатын ақпарат аламыз. Оқушы қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін оқытуды икемдеуде осы дәлелдер қолданылса, бұндай бағалау қалыптастырушы бағалауға айналады (140-б.).