Файл: Лекция 12 Педагогикалы технология тлімтрбиені озаушы кші ретінде. Жоспар.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 08.11.2023

Просмотров: 801

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Кесте әр деңгейдің, сондай-ақ, мұғалімнің және оқушының тарапынан біліктілігіне сәйкес жүзеге асыратын әрекеттерді көрсетеді.


Критериалды бағалау қағидаттары

Оқыту мен бағалаудың өзара байланысы

Шынайылық, анықтық және валидтілік


Ашықтық және нақтылық

Үздіксіздік


Дамытуға бағыттылық


Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырма дайындау үлгісі

Пән_________________________, ____-сынып


Бөлім

Тақырып


Оқу мақсаты



Бағалау критерийлері



Ойлау дағдыларының деңгейі



Тапсырма


Бағалау критерийi

Дескриптор











«__________________________________________________________»
бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты

ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика
Білім алушының аты-жөні________________________________________________
Пән____________________


Бағалау критерийлері

Оқу жетістіктерінің деңгейлері

Төмен

Орта

Жоғары



















































Мұғалім ___________________________________

Балл қою кестесінің үлгілері
1–үлгі көп жауапты таңдауы бар сұрақтар


Сұрақ

Жауап

Балл

Қосымша ақпарат

1

А

1




2

С

1




3






















Тоқсандық жиынтық бағалау бойынша модерация жасау
Тоқсандық жиынтық бағалау 2 тапсырма бойынша ұйымдастырылды.

1-тапсырма. Өрнектің мәнін табыңыз: 73 + 25 – (46 – 27)

(4 балл)

Балл қою кестесі

Сұрақ

Жауап

Балл

Қосымша нұсқаулар

1

Дұрыс амалдар ретін таңдайды

1

Бірінші қосу амалын орындау

Қосу нәтижесін алады 98

1




Азайту нәтижесін алады 19

1




Азайту нәтижесін алады 79

1

?


Тапсырма 2. Әсеттің қадамының ұзындығы 7дм, ал Әнуардың қадам ұзындығы 20см-ге кем. Әнуардың қадамының ұзындығын табыңыз. Жауабыңызды сантиметрмен жазыңыз.

(2 балл)

Балл қою кестесі

Сұрақ

Жауап

Балл

Қосымша нұсқаулар

2

Өлшем бірліктерін түрлендіреді

1




7 дм = 70 см

1





Бағалау нәтижелері:





Лекция №30 Критериалды бағалаудың теориялық және әдістемелік ерекшеліктері

Жоспар:

  1. Критериалды бағалаудың теориялық негіздері

  2. Кері дизайн.

  3. Оқу мақсаттарының таксономиясы

Кері дизайн
Неліктен оқу жоспарын «соңынан алға қарай» әзірлеу ең тиімді тәсіл деп саналады? Мұғалімдер оқу құралдарын нақты оқу мақсаттарына немесе стандарттарға сүйене отырып қолданудың орнына, оқытуды оқулықтан бастайды, қарапайым тақырып, сондай-ақ уақыт сынынан өткен әдістерді таңдайды. Осы үдеріске басқа қырынан қараңызшы. Соңынан, яғни күтілетін нәтижеден (мақсат немесе стандарт) бастау керек, содан соң стандартта жазылған және оқушыға белгілі бір міндеттерді орындау үшін қажет болатын білім мен дағдылар жинағына сүйене отырып, оқу жоспарын құру керек. Оқытуға деген мұндай көзқарасты түбегейлі жаңа деуге болмайды. Шамамен 50 жыл бұрын Ральф Тайлер (1949) «соңынан алға қарай» әрекет етудің қисынды екенін қысқа да нұсқа түрде баяндап берген: «Оқыту кезінде орындалуға тиісті тапсырмалар критерийге айналады, соларға сәйкес қажетті материал таңдап алынып, оқу курсының мазмұны құрылады, оқу жоспары әзірленіп, тестілік және емтихан материалдары дайындалады…. Оқу курсының мақсаты мен міндеттерін белгілеудің мәні – пәнді түсіну үшін мұғалімнің/оқушының санасында қандай өзгеріс болуы керектігін анықтай отырып, соның негізінде оқу мақсаттарына қол жеткізуге мүмкіндік беретін оқу жоспарын құру болып табылады» (45, 1-тармақша).

«Оқушылардың қажетті білімді меңгергендігінің көрсеткіші қандай?» деп сұрау керек те, содан кейін ғана сабақ жоспарын жасау қажет. Осы әдісті пайдаланатын көптеген мұғалімдер өздерінің оқу нәтижесі туралы «бағалаушы ретінде» ойлануы оларға өздерінің мақсаттарын айқындап алуға көмектесіп қана қоймай, сонымен бірге үздік нәтижеге қол жеткізу мақсатында оқу мақсатын неғұрлым нақты айқындауға көмектесетінін айтады.

Бөлшектеп байланыстыру үдерісі (жіктеу үдерісі)


Осы әдіс оқытуды белгілі бір жүйемен жүргізуді көздейді. Ол 1-суретте көрсетілген үш қадамды қамтиды. Осы бөлімде біз осы қадамдарды зерделейміз.

1-сурет. Бөлшектеп байланыстыру немесе «соңынан алға қарай» әдісінің қадамдары



1-қадам: оқу бағдарламасының талаптарына негізделе отырып, пән бойынша жалпы немесе оның жеке тақырыбы бойынша оқу нәтижелерін анықтау. Ғалымдардың пікірі бойынша, пән бойынша оқу нәтижелерінің саны 4-5 болуы мүмкін.

2-қадам: оқу нәтижелеріне қол жеткізілгенін анықтауға мүмкіндік беретін бағалау жаттығуларын белгілеу. Тиісті диагностикалау құралдарын әзірлеу.

3-қадам: қажетті оқу нәтижесіне қол жеткізуді қамтамасыз ететін бағалау рәсімдерін қоса алғанда, қажетті оқу мазмұнын, технологияларын, құралдары мен түрлерін жоспарлау.

2-сурет. Курстың басымдықтарын айқындау



Ең ішкі сақинаға жататын тақырыптарды таңдау ең қиыны: бөлімді зерделеу кезінде немесе бүкіл курстың ішінен 100% меңгерілуі тиісті тақырыптарды таңдау қажет. Бұл ретте «меңгеру» терминін өте ауқымды түсінген дұрыс, ол оқушының тіпті кейбір бөліктері ұмытылса да, әрдайым есінде болатын білім өзегі болып қалатындай етіп, оқушы толық түсінуі тиіс білімді меңзейді. Бағалау кезінде оқушының білімнің мағынасын және әділ әрі нақты бағаның мәнін түсінуі үшін өтілетін ұғымдарды терең зерделей отырып, түрлі тест әзірлеп, өткізу және критерий әзірлеу арқылы осы ұғымдармен тығыз жұмыс істеуін қамтамасыз еткен жөн.

1-критерий. Идея, тақырып немесе үдеріс қаншалықты құнды, оның әлдебір «жаһандық» мәні бар ма? Материалды меңгеру және оны түсіну ірі тұжырымдамаларға, қағидаттарға немесе үдерістерге шоғырланған жекелеген фактілер мен дағдылардан тысқары жатқан дүние. Оларды пән аясында және одан тыс жерлердегі жаңа жағдайларға да қолдануға болады.

Жаһандық идеяны орталық, тірек, негізгі, өзекті деген сөздермен де сипаттауға болады. Өзек (білік) – дөңгелекті ұстап тұратын нәрсе. Осылайша, негізгі немесе өзекті идея – бұл толық түсіну қажет болатын мазмұн. Джером Брунер (1960) «Білім үдерісі» атты еңбегінде «кез келген ересек адам өзінің бастауыш мектепте алған білімі оның ересек өмірі үшін өте пайдалы болғанын растай алады» деп жазды. (52-бет).