Файл: Лекция 12 Педагогикалы технология тлімтрбиені озаушы кші ретінде. Жоспар.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 08.11.2023

Просмотров: 805

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

STEM-технологиясының мүмкіндіктері:

1.STEM-білім беруді қаржыландыру күшейтілуде: көбейіп келе жатқан әртүрлі коммерциялық емес ұйымдар технологияларға бағдарланған жобаларды жүзеге асыру үшін мектептерге гранттар ұсынады.

2. STEM — кәсіптік даму мүмкіндіктерінің кең таңдауы.

3. Оқушыларға технологиялардың қол жетімділігін ұсыну. Әлем жаппай компьютерлік желілерге жарақталған қазіргі уақытта балалар цифрлы контент құрып, олармен өзара алмасып, кең ауқымды қолданып жатыр. Олар веб-сайттар ашып, телефонға фильмдер түсіреді және өздері ойын жасап шығарады.

3. STEM-технологиялар оқушылардың барынша белсенді болуына ықпал ететін оқу ортасын құру дегенді білдіреді. Қандай жағдайда да оқушылар өзінің оқып білім алуын еліктірілген. Оқушылар оқу үдерісіне елігіп, белсенді қатысқан жағдайда үйренгенін жақсы есте сақтай алады.

4. STEM-технологиялар оқушылардан сын тұрғысынан ойлау қабілетін, өз бетінше және командада бірлесіп жұмыс істеу дағдыларының болуын талап етеді.

STEM технологияның кемшіліктері:

1. Коммуникативтік дағдылардың аздығы, әсіресе вокалдық дағдылар. STEM технологияда инженерлер кітап тілімен жазылған формулаларға, теңдіктерге, материалдардың құрылымдарына баса назар аударады.

2. STEM көбінесе инженерияға назар аударады, сондықтан оқушылар өздерінің шығармашылық дағдыларын жоғалтуы мүмкін.

3. Операциялық жүйелер мен техниканы қалай қолдану керектігін жақсы үйренген инженерлер үшін қарапайым "күнделікті тұрмыс" проблемаларын шешу қиынға соғуы мүмкін.

4. Мұғалімдердің тар шеңберде мамандандырылуы нәтижесінде оқушылар білімінің фрагментті болуы. Мұндай бағытты тек қосымша кәсіптік дайындықтан өткен және жаратылыстану-ғылыми пәндер мен технологиялардың бірыңғай жүйесінде жұмыс істеуге дайын мұғалімдер ғана жүзеге асыра алады.
STEM технологиясын енгізу шарттары:

1. Талантты балаларды іздеу, қолдау және сүйемелдеудің тармақталған жүйесін құру қажет.

2. Әрбір жалпы білім беретін мектепте дарынды балаларды анықтауға арналған шығармашылық ортаны дамыту қажет. Жоғары сынып оқушыларына бейіндік дайындық бағдарламаларын игеруге жағдай туғызатын сырттай оқу, күндізгі-сырттай оқу және қашықтықтан оқыту мектептерінде оқу мүмкіндігін ұсыну қажет.


3. Қалыптасқан талантты (дарынды) балаларды қолдау жүйесін дамыту керек. Елдегі бірқатар университеттердің жанындағы физика-математикалық мектептер мен интернаттардың жұмыс тәжірибесін таратқан жөн.

4. Дарынды балалармен жұмыс экономикалық тұрғыда орынды болуы тиіс. Жан басына қаржыландыру нормативін білім беру мекемесінің ғана емес, оқушылардың ерекшеліктеріне сәйкес анықтаған жөн. Оқушының жоғары нәтижеге жетуіне себепкер болған мұғалім айтарлықтай ынталандыру төлемдерін алуы тиіс.

5. Отандық ұстаздықты моральдық және материалдық қолдауы жүйесін енгізу қажет. Ал ең бастысы - ұстаздық қызметке талантты жастарды тарту керек.

Қазақстанда STEM-білім беру белсенді дамуда. Республика мектептеріне Білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде STEM-оқыту мәнмәтініндегі жаңартылған білім беру мазмұны енгізілді. Жаңа білім беру саясатын жүзеге асыру үшін оқу бағдарламаларына жаңа технологияларды, ғылыми инновацияларды, математикалық модельдеуді дамытуға бағытталған STEM-элементтерін енгізу жоспарланды.

Оқытудың жаңа пәнаралық және жобалық тәсілі енгізіледі. Ол оқушылардың зерттеу және ғылыми-технологиялық әлеуетін күшейтуге, сын тұрғысынан ойлау, инновациялық және шығармашылық ойлау, проблемаларды шешу, коммуникация және топтық жұмыс дағдыларын дамытуға ықпал етеді. Жаратылыстану-математикалық бағыт пәндері арасындағы «ортақ тақырыптар» саны артады. 2015-2016 оқу жылынан бастап бірінші сынып оқушылары жоғарғы сыныптарда жаратылыстану ғылымдарын оқуға негіз болып табылатын "Жаратылыстану" пәнін оқиды. Сонымен қатар, 2016-2017 оқу жылынан бастап барлық мектептерді АКТ-мен, сандық білім беру ресурстарымен, Интернет желісінің қолжетімділігімен жабдықтауды бастау жоспарланған. Сонымен бірге 2019 жылы жоғары сыныптарда жаратылыстану-математика бағытындағы пәндер ағылшын тілінде оқытылатын болады, бұл жаңа білімді түпнұсқа тілінде оқып білуге және әлемдік ғылыми қоғамдастыққа кіруге ықпал ететін болады.
Пайдаланылған әдебиет

Азизов Р. Образование нового поколения: 10 преимуществ STEM-образования (Жаңа заман білімі: STEM-білім берудің 10 артықшылығы) (https://ru.linkedin.com)

Ногайбаева Г. Развитие STEM-образования в мире и Казахстане (Әлемде және Қазақстанда STEM-білім берудің дамуы). «Білімді ел – Образованная страна» №20 (57) 25.10.2016. (http://bilimdinews.kz/, http://iac.kz/kk/events/stem-bilim-berudin-lemde-zhne-kazakstanda-damuy)

Kyle, Chayka. Can the U.S.'s Science Education Initiative Succeed Without the Arts? A Growing Chorus Says No. — [URL]: http://artinfo.com/news/story/820916/can-the-uss-science-education-initiative-succeed-without-the-arts-a-growing-chorus-says-no



STEAM — Not STEM Whitepaper. — [URL]: http://steam-notstem.com/articles/
whitepaper/Tarnoff,John. STEM to STEAM. Recognizing the Value of Creative Skills in the Competitive. — [URL]: http://www.huffingtonpost.com/john-tarnoff/stem-to-steam-recognizing_b_756519.html

Florida, R. The Rise of the Creative Class. — New York: Basic Books. 2002.

Florida, R. The Flight of the Creative Class. — New York: Harper Business. 2005.

Лекция №29 САРАЛАУ ТӘСІЛДЕРІ

Жоспар:

1. Саралап оқыту мәселелері

2. Саралау тәсілдері: Тапсырмаларды саралау;Ресурстарды саралау;Қарқын;

3. Нәтижені саралау, Диалог және қолдау көрсету
Сыныптағы саралау жұмысының жалпы ортақ қабылданған жеті тәсілі бар:

Тапсырма

- Мұның құрамына білім деңгейі әртүрлі оқушыларға арналған тапсырмалар кіреді.

- Оқушылардың қажеттіліктеріне қарай (көмек керек пе, әлде күрделі тапсырмалар беру керек пе) түрлі кестелерді немесе жаттығулар мен тапсырмаларды жасау.

- Күрделілігіне қарай алға ілгерілеп отыратын тапсырмалары бар карточкаларды пайдаланыңыз.

Ресурстар

Ресурстар арқылы саралау әдісі — тиімді әдістердің бірі. Бұл әдісті қолдануда сыныптағы кейбір оқушылар басқаларға қарағанда әлдеқайда күрделі әрі ауқымды ресурстармен жұмыс жасауға бейім болатынын ескерген жөн және осы арқылы тақырыпты әртүрлі қырынан ашу үшін түрлі оқу материалдарын пайдалануға мүмкіндік береді дегенді білдіреді. Басқаша айтқанда, кейбір оқушылар сабақта негізгі мәтінмен жұмыс жасаумен шектелсе, қабілеті жоғары оқушылар жетілген деңгей сөздіктерімен және күрделі идеялармен жұмыс жасауға қабілетті болады. Саралаудың бұл түрі барлығына ортақ оқу нәтижелеріне жету үшін, оқу материалдарын кең көлемде пайдалануға мүмкіндік береді.

- Кейбір оқушылар басқа сыныптастарына қарағанда анағұрлым күрделі дереккөздермен жұмыс істей алады.

- Дереккөздердің ауқымы талқылауға негіз болатын мәтіндерден бастап, анағұрлым қиын сөздерді және күрделі идеяларды түсіндіретін мәтіндерге дейін ауытқып отырады.

- Баспадан шыққан және электронды дереккөздер де пайдалануы мүмкін.

- Бұл материалды пайдаланудың анағұрлым ауқымды көлемін көрсетеді.

Қарқын

- Кейбір оқушылар басқаларына қарағанда жылдам жұмыс істейді.

- Қосымша тапсырмаларды көп күш жұмсауды талап ететін оқушылар үшін қолдануға болады.

- Негізгі тапсырмаларды түсіндіруде көмек қажет ететін оқушыларға біршама уақыт беріледі.

Нәтиже

Нәтиже дегеніміз — сабақтың соңында мазмұн бойынша оқушының алған білімін көрсету әрекеті. Ол тест, жоба, баяндама немесе басқа да жұмыс түрінде ұсынылуы мүмкін. Оқушының оқу стилі мен қалауына сәйкес мұғалім әрбір оқушының нәтижені қандай формада ұсынатынын тиімді ұйымдастыруы қажет.


Оқу нәтижесі бойынша саралап оқыту мысалдары:

- Кітаптың мазмұны бойынша оқу және жазу тапсырмалары;

- Визуалдарға мәтін бойынша графикалық органайзер жасату;

- Аудиалдарға мәтін бойынша ауызша баяндама жасату;

- Кинестетиктерге мәтін желісі бойынша сахналық көріністер дайындату, т.б.;

Нәтиже арқылы саралау дегеніміз — барлық оқушыларға бірдей тапсырма берілгенімен, күтілетін нәтижелер әртүрлі болуы мүмкін. Мысалға, мұғалім барлығына жалғыз «дұрыс» жауабы бар бір тапсырманы ұсынғанымен, оқушылар қабілетіне қарай ол жауапты өзіндік тұрғысынан түрлендіруі мүмкін. Әйтсе де, кейбір мұғалімдер бұл әдісті қолдану арқылы қабілеті төмен оқушылардың тақырыпты түсіну деңгейінің төмендеп кету қаупі барын айтады, алайда мұндай тәуекелге бару мұғалімнен тапсырманы орындауда барлық оқушыларға нұсқаулықтың айқын берілуін талап етеді.

- Барлық оқушылар бір тапсырманы орындаса да олардың нәтижелері әртүрлі болады.

- Мұғалім тапсырма береді, бірақ жалғыз «дұрыс» жауаптың бағытында жұмыс істеуден гөрі оқушылар өздерінің мықты және әлсіз тұстарына қарай жауап береді.

- Барлық оқушыларға бағытталған нұсқау бере отырып, олардың әрқайсысының өздерінен не күтетіндігін түсінгендеріне көз жеткізу керек.

Диалог және қолдау көрсету

Диалог арқылы саралау әдісі — сыныпта қолданатын саралау әдісінің кең тараған түрі. Бұл тәсілді қолдану мұғалімге ерекше жауапкершілік жүктейді. Бұл дегеніміз мұғалім мәселені шешуде өзінің қарапайым тілде егжей-тегжейлі түсіндіруін қажет ететін оқушылар және тек диалогқа түсу арқылы бағыттауды ғана қажет ететін жоғары деңгейлі оқушылар тобын анықтауы тиіс. Мұғалім сонымен қатар қабілеті жоғары оқушыларды қолдау үшін жоғары деңгейлі сұрақтарды қолдана алады. Тілдік қолдау мен ынталандыру да бұл тәсілде ерекше маңызға ие.

- Кейбір оқушыларға тапсырманы орындау барысында жан-жақты әрі нақты көмек қажет болады.

- Мұғалім оқушыларды ойланту үшін және бірқатар жауаптар алу үшін алдын ала дайындалған сұрақтарды қоюына болады. Бұл әдісті қолдану барысында сөзбен қолдау көрсету және ынталандыру да маңызды рөл атқарады.

Бағалау

Сыныптағы саралау әдістері сыныптағы жекелеген оқушылардың нені үйренгенін анықтауға және оны бағалауға мүмкіндік береді. Оны үздіксіз жүргізу арқылы мұғалімдер оқушылардың табысты оқуын қамтамасыз етумен қатар, оқушының жеке даму аймағын анықтау арқылы нені жақсарту қажеттігін түсінуге мүмкіндік беретін икемді үдеріс. Қысқаша айтқанда, пәнді оқыту фокусын оқушыларды оқыту фокусына бағыттауға ықпал ететін үдеріс.


- Оқушылар үнемі бағаланып отырады, осылайша педагогикалық қызмет пен саралаудың басқа да түрлері оқушылардың қажеттіліктеріне қарай үнемі түзетіліп отырылуы мүмкін.

- Педагогикалық қызмет табыстылықты, жақсартуды, түзетуді қажет ететін салаларды анықтайтын әмбебап үдеріс болуы керек. Сонда ғана біз пәнді оқытудан оқушыны оқытуға қарай жылжи аламыз.

Топтастыру

Ынтымақтастықта оқу сыныптағы ұяң, әрі ұялшақ оқушыларды үдеріске қатысуына мүмкіндік беретіні мәлім, бұл сонымен қатар өте тиімді саралау әдісі болып табылады.

Әртүрлі қабілеті бар оқушылардың шағын топтарда жұмыс жасау барысында қабілеті төмен оқушылар өзінен қабілеті әлдеқайда жоғары оқушылармен жұптасу арқылы үйренуге деген мүмкіндік ала алады, яғни топтың ортақ мүддесі үшін әрбір топ мүшесі жауапкершілікте болып, бір-біріне қолдау көрсету арқылы сыныпта бірлесіп оқу іс-әрекеттері орын алады.

Оқытудың болжалды міндетіне қарай топ құруда пайдалы көптеген тәсілдер бар:

- мүдделері ұқасас оқушылар (мысалы, қиындық деңгейі немесе қолдау деңгейі)

- талаптары әртүрлі оқушылар

- джигсо топтары

- кәсіби дағдыларына қарай бөлінетін топтар немесе сарапшы топ

- гендерлік топ

- аралас гендерлік топ

- ұйымшыл топ.

Лекция №30 Критериалды бағалаудың қағидаттары. Критериалды бағалау жүйесінің мазмұны

Жоспар:

  1. Жалпы білім беретін мектептердің мұғалімдеріне арналған критериалды бағалау бойынша басшылық

  2. Блум таксономиясы олданылатын етістіктер)

  3. Критериалды бағалау қағидаттары



Блум таксономиясы олданылатын етістіктер)


Деңгейі

Анықтамасы

Мұғалім не істейді?

Оқушы не істейді?

Оқушы талабына қарай қандай түйінді сөздер қолданылады?

Білу

Ақпаратты анықтау және іріктеу

Айтады, көрсетеді, бағыттайды

Қабылдайды, есінде сақтайды, таниды

Атап өтіңіз, есте сақтаңыз, атаңыз


Түсіну

Ұсынылған ақпаратты түсіну; мәселелерді өз сөзімен тұжырымдау

Салыстырады, қарсы шығады, көрсетеді

Түсіндіреді, қайта жасайды, көрсетеді

Талқылаңыз, анықтаңыз, әңгімелеңіз

Қолдану

Жаңа жағдайдағы түсінікті қолдану

Қадағалайды, көмектеседі, сынайды

Мәселелерді шешеді, білімін көрсетеді

Қолданыңыз, есептеңіз, өзгертіңіз, таңдаңыз, жіктеңіз, аяқтаңыз, көрсетіңіз, табыңыз, сахналаңыз, әрекет етіңіз, зерттеңіз, эксперимент жүргізіңіз, суреттермен спаттаңыз, түсіндіріңіз, түрлендіріңіз, пайдаланыңыз, жаттығыңыз, сәйкестендіріңіз, жоспарлаңыз, таныстырыңыз, нобайын жасаңыз, шешіңіз, қолданыңыз

Талдау (анализ)

Ақпараттарды қатысты бөлімдерге бөлу

Бағыттайды, зерттейді, ақпараттандырады

Бөлімдерге бөледі, талқылайды, ашып көрсетеді

Талдаңыз, бағалаңыз, топтастырыңыз, есептеңіз, тиянақтаңыз, жіктеңіз, салыстырыңыз, байланыстырыңыз, қарсы қойыңыз, сынға алыңыз, талқылаңыз, саралаңыз, ерекшелеңіз, бөліңіз, зерттеңіз, эксперимент жүргізіңіз, түсіндіріңіз, жасаңыз, реттеңіз, күмән келтіріңіз, сәйкестендіріңіз, таңдаңыз, бөлшектеңіз, тексеріңіз

Жинақтау (синтез)

Ақпараттарды құрастыру

Жинақтайды, бағалайды, пайымдайды

Жинақтайды, тұжырымдайды, жоспарлайды

Топтастырыңыз, жинақтаңыз, құрастырыңыз, қосыңыз, құраңыз, жұмыс жасаңыз, тұжырымдаңыз, жинақтаңыз, біріктіріңіз, ойлап табыңыз, түрлендіріңіз, ұйымдастырыңыз, жоспарлаңыз, дайындаңыз, ұсыныңыз, қайта топтастырыңыз, қайта жазыңыз, құрыңыз, ауыстырыңыз

Бағалау

Критерийлер негізінде бағалау

Нақтылайды, жібереді, теңестіреді

Пікірлеседі, бағалайды, таңдайды

Дәлеледеңіз, таңдаңыз, салыстырыңыз, қорытынды жасаңыз, сендіріңіз, шешіңіз, негіздеңіз, түсіндіріңіз, өлшеңіз, болжаңыз, бейімдеңіз, қайта ұсыныңыз, бөліп көрсетіңіз, есептеңіз, қолдаңыз, тексеріңіз, бағалаңыз