Файл: Лекция 12 Педагогикалы технология тлімтрбиені озаушы кші ретінде. Жоспар.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 08.11.2023

Просмотров: 803

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Кредиттік технологияның бұрынғы дәстүрлі оқыту әдістемесінен өзгешілігі неде?

  1. Студенттердің (оқушылардың) оқу-тану іс-әрекеттері біртұтас құрылымдық қалыпқа келтіріледі.

  2. Әр пәндік курс бойынша оқу-әдістемелік кешен құрастырылады.

  3. Жоғары (орта) оқу орындарының жаңа үлгідегі оқулығын дидактикалық модульдердің жиынтығы ретінде жасау.

  4. Жоғары оқу орындарының (орта мектептің) оқытушыларының үйретушілік қызметтерін логикалық біртұтас құрылымға келтіру.

Кредиттік технологияға толық көшу үшін алдын-ала мынадай дайындық көру маңызды болар еді:

  1. «Кредиттік технологияны теориялық тұрғыдан негіздеу» деп аталатын құжаттар жиынын(пакетті) зерттеп дайындау;

  2. «Кредиттік технологияға тиісті атқарылатын іс шаралар тәртібі» деп аталатын құжаттар жинағын дайындау; т.с.с.


3. Педагогикалық қарым-қатынас стилдері
Соңғы кездерде шетелде қарастырылған педагогикалық қарым-қатынас стилдерінің ішінде М.Тален ұсынған оқытушылардың кәсіби позицияларының типологиясы назар тоқтататындай деңгейде болып отыр. Солардың кейбіреулерін қарастырайық.
1. «Сократ» моделі.

Мұндай ұстанымдағы оқытушы пікірталас пен пікірсайыстардың құптаушысы және өз сабақтарында оларды қасақана түрде тудырушы. Оның сабақ беру әдісінде белгілі жүйе жоқтың қасы, өйткені ол оқу процесінің әрқашан да біреулермен қақтығыста болады. Оның шәкірттері өз позицияларын ұдайы нығайта отырып, оларды қорғай біледі.

2. «Топтық пікірталастың жетекшісі» моделі.

Ол оқу-тәрбиелік процестің басты мақсаты үйренушілер арасындағы келісім мен ынтымақтастыққа жету деп нсептейді. Ал өзін шәкірттерінің арасындағы делдал деп түсінеді, өйткені ол үшін пікірталас нәтіжелерінен гөрі демократиялық ымыра мен бітімгершілік маңызды.

3. «Шебер» моделі.

Бұл ұстаз өз шәкірттеріне үлгі болуды қалайды. Үйренушілердің оның барлық әрекеттерін тек оқу процесінде ғана емес, сонымен бірге жалпы өмірге деген тұрғыдан бұлжытпай қайталауы керек.

4.«Генерал» моделі.

Қатаң талап қоюшы, қайткенмен де өзінің айтқанын орындатуға ұмтылады, өйткені өзінің сөзін әрқашанда дұрыс деп бағалайды. Оның ойынша, студент солдат тәрізді тек бұйрықтарға ғана бағынуы керек. М.Таленнің айтуы бойынша, оқытушылардың бұл типі педагогикалық практикада басқаларға қарағанда анағұрлым жиі кездеседі.

5.«Менеджер» моделі.

Студенттік топтың тиімді жұмысынан құралған атмосферамен тікелей байланысты. Оқытушы студент тарапынан бастама мен өзіндік әрекеттерді барынша қуаттап отырады. Педагог әрбір студентпен оның шешіп отырған проблема мағынасын талқылауға,студенттің әрекеттерін бақылап, оларға әділ баға беруге әзір.


6.«Жаттықтырушы» моделі.

Ауиториядағы қарым-қатынаста оқытушы мен студенттер бір-біріне жақын екндігін әбден сезінетіндей. Студенттер өздерін құдды бір команда ойыншылыры ретінде сезінетіндей: мұнда жеке тұлғаның еш маңызы жоқ, өйткені олар тек бірлесіп қана көп шаруаны тындыра алады.педагог мұнда ұжымдық ұмтылыстардың ұйытқысы рөлін орындайды. Ол үшін ең басты мәселе –аяққа нәтиже, табыс, жеңіс.

7. «Жол сілтеуші» немесе «Гид» моделі.

Бұл оқытушының «білмейтіні жер астында», ол –тірі энциклопедия тәріздес. Оқытушы өте байсалды, қысқа әрі дәл сөйлейді. Барлық сұрақтарға ол жауап бере алады, тіпті оған қандай сұрақтардың да қойылатындығын біледі. Оның мәні жоқ сияқты, сол себепті де ол көп жағдайда студенттерге қызықсыз көрінеді.
Ұстаз шебер ретінде
Педагогика ғылымда «оқытушы-ұйымдастырушы» тұжырымдамасымен бірге басқа да түсініктер қолданыста кездеседі. Олардың ішінде әсіресе өзінің өміршеңдігінде практикада әлдеқашан дәлелдеген «ұстаз-шебер» тұжырымдамасын атауға болады.

Бұл тұжырымдама оқу мақсаттарымен тығыз байланысты. Шетел педагогтары оқу/оқыту нәтижеларінің төрт деңгейін ажыратады (оларды оқу/оқытудың мақсаттары деп те түсінуге болады):

1.Танысу(discovery) – белгілі бір сала (пән, мамандық) бойынша негізгі ұғымдар, атаулар, түсініктер мен әрекеттер ретімен танысу.

2.негізін игеру (literacy)- белгілі бір сала (пән, мамандық) бойынша негізгі ұғымдар, әрекеттер мен олардың ретін қайталау немесе сипаттау қабілеті.

3.Игеру (fluency)- белгілі бір сала (пән, мамандық) бойынша негізгі ұғымдар мен әрекеттердің ретін нәтижелі түрде қолдану.

4.Толық меңгеру, шеберлік (mastery)- белгілі бір сала (пән, мамандық) бойынша негізгі ұғымдар мен әрекеттердің ретін нәтижелі түрде қолдану және басқаларға білім мен біліктерді игеруге және бекітуге көмек беру.


Лекция № 9-10 Мұғалім іс әрекетінің технологияландырылуы.

Жоспар:

    1. Оқу процесін технологиялық жобалаудың ерекшеліктері

2. Технологиялық карта оқушылардың оқу процесін басқаруды жетілдіру құралы.

3.Мұғалімнің іс әрекеттерін ұйымдастыру. Толық меңгерту технологиясы

1. Оқу процесін технологиялық жобалаудың ерекшеліктері
Білім берудегі жаңа технология АҚШ-та 1940 жылдары пайда болды. Алғашқы кезде жаңа технология құрал жабдықтарды (инженерлік жетістік) оқу тәрбие үрдісінде пайдалану мағынасында қолданып жүрді. Қазіргі кезде «педагогикалық технология» оқытушының практика қызметінде іске алатын педагогикалық жүйенің логикалық негізделген жобасы (моделі). Қазіргі дүниежүзінде оқытудың тиімді жолдарымен жаңа әдіс-тәсілдерін іздестіру жүріп жатыр. Солардың бірі – академик В.М.Монахов құрған педагогикалық технология. Бұл технология бойынша оқытушы өзі сабақ беріп жүрген пән мазмұнын анықтап, студенттердің міндетті түрде білуі керек материалдарын сұрақтар түрінде жазып, шағын мақсаттарды анықтайды. Мазмұнына байланысты осы шағын мақсаттарды топтастырып технологиялық картаға (ТК) орналастырады. Біз қарастырып отырған пән бойынша 3 технологиялық карта болады. Ал сабақты өткізу мәселесі сабақтың ақпараттық картасына (САК) жобаланады. Онда сабақтың мазмұны, оны өткізу тәсілдері және студент пен оқытушының әрекеті толығынан жазылады, (біздің пән бойынша 9 САК болады). Сонда бүкіл оқу процесі бүтіндей, технологиялық карталар жиынтығы мен сабақтың ақпараттық карталар жиынтығы түрінде оқытушының қолында болады және бұл жинақ білім беру жүйесінің барлық белгілерін қамтыған, осы жоба бойынша оқытушы эксперимент жүргізеді, одан кейін сабақтың мақсатына, мазмұнына, студент пен оқытушы әрекетіне, жалпы сабақты өткізу барысына талдау жасалып кеткен олқылықтарды түзетеді.



Дұрыс жобаланған технологияда міндетті түрде төмендегідей бес компонент болатыны көп жылдық эксперименттер нәтижесінде құпталады:

  • мақсат қою;

  • болжам (мақсат қою мен болжам өзара байланыста);

  • үй тапсырмасын мөлшерлеу;

  • оқу процесінің логикалық құрылымы (жобалаудың негізгі нәтижесі);

  • түзету (екі түрлі бағытталған: біреуі – студент біліміне, екіншісі – жобаны жақсартуға).

Барлық бес компонентті құрастыру технологиясы бір мәнді түсінілетін және жүзеге асатын технологиялық іс-әрекеттер көмегімен жасалады. Технологиялық картада барлық компоненттер өзара байланыста:

  • шағын мақсат мазмұны болжау мазмұнын анықтайды;

  • болжау мазмұны шағын мақсаттың қаншалықты дұрыс қойылғанын тексереді;

  • болжау мазмұны үй жұмысын мөлшерлеу бөлігінің мазмұнын, көлемін, қиындығын, күрделілігін анықтап береді;

  • үй тапсырмасын мөлшерлеу мазмұны болжау жүргізгенде жеткілікті немесе жеткіліксіздікке тексеріледі;

  • логикалық құрылым – оқу процесі жобасындағы мазмұндықтың, реттіліктің, себептіліктің органикалық және динамикалық бірлігі;

  • түзету бөлігі – болжаудан өте алмаған студентермен жүргізілетін оқытушының қызметінің бағдарламасы.

Қолданып отырған педагогикалық технологияның «Сызықты алгебра және аналитикалық геометрияны» оқытуға байланысты мынадай өзіндік ерекшеліктерін атап өтелік:

  • жүйелілігі (ТК мен САК – білім беру жүйесінің барлық белгілерін қамтыған);

  • құрылымның айқындығы;

  • жоспарлауға тиімділігі;

  • қолдануға ыңғайлылығы (оқытушы оқу рпоцесінің көрінісін технологиялық карталар атласы мен сабақтың ақпараттық картасы жиынтығын көре алады).

Бұл технология жеткілікті түрдегі әмбебаптығымен қатар кез келген пәнді жобалауға оңай қолдануға болады.
2. Технологиялық карта оқушылардың оқу процесін басқаруды жетілдіру құралы.
Оқушы оқу тапсырмасын өз бетінше орындау барысында тиімділік деңгейі әр түрлі іс-әрекеттер атқарады.

Егер тапсырма орындаушы оқушының мақсаты тапсырмадағы жекелеген cұpaқтapдың жауаптарын алу немесе есептердiң шешiмдерiн табу болса, онда ол ic-әрекет барысында тапсырмалардағы оқу мате­риалдарына сәйкес белгiлi бiр әдiстердi игередi, өзiнiң психологиялық қабiлеттерiн, оқушылық са­пасын дамытады. Алайда мұндай ic-әрекеттердiң оқу процесiндегi тиiмдiлiгi, тапсырма орындаудың жал­пы әдiстерiн үйренудi мақсат ете отырып, дербес тап­сырмаларды орындау тиiмдiлiгiнен төмен. Ал, егер тапсырма орындау мен оның нәтижесiн талдау, оқушыньщ өз оқу ic-әрекеттерiн басқаруды үйрену үшiн жасалып жатса, онда мұндай орындаудың тиiм­дiлiгi тiптен де басқаша, алдағы айтылғандардан әлде қайда жоғaры болады. Олай болса оқу процесiнiң тиiмдiлiгi, оның оқушыларды, осы аталған оқу ic-әрекеттерiнiң қайсысын атқару мүмкiндiгiмен жаб­дықтай алуына байланысты. Бұл мүмкiндік өз кезегiнде оқушының ic-әрекеттерiн басқару жолда­ры болып табылатын қандай оқу әдiстерiнiң, қай түрде берiлyiне байланысты анықталса керек.


Дәстүрлi oқытy барысында оқушьшардың ойлау қабiлеттерiн дамытуға, бiлiмiн, ебдейлiктерi мен дағ­дыларын қалыптастыруда тезiрек жетiстiктергe жету мақсатында басым қолданыстарға ие болып жүрген қарқынды оқыту әдici оқушы бiлiмiндегi ақтаңдақ­тардың көбеюуiне, оқу саласындағы формализмге алып келетiнi белгiлi. Өйткенi, бұл жағдайда П.Я.Гальпериннiң ақыл-ой ic-әрекеттерiн кезеңдерге бө­лiп жоспарлы қалыптастыру теориясына негiзделген міндетті кезеңдерi icкe асырылмай қалады. Нәтиже­ге тездетiп жетуге ұмтылу барысында бiлiм элемент­тepi арасында маңызды байланыстарға, иерархиялық деңгейлерге көңiл жеткiлiктi түрде бөлiнбей, олар ескерусiз қалады да жүйелi әрі берiк игерiлуiне кері әсер етедi.

Сонымен бiрге индуктивтiк ойлау тәсiлдерi иге­рiлмей тұрып оқушы қызметiнiң негiзгi бөлiгiн құ­райтын ic-тәжiрибелiк, эксперименттiк ic-әрекеттер­ге жетудiң мүмкін eмecтiгi педагогикалық әдебиет­терде белгiлi. Олай болса әрбiр жеке жағдайда оқу­шы қызметiнiң жоғарыда келтiрiлген түрлерi өзара үйлестiрiле отырып пайдалануы П.Я.Гальпериннiң ақыл-ой ic-әрекеттерiн кезеңдерге бөлiп қалыптас­тыруға сай басқарыла пайдалануы қажет. Оқу процесiн технологиялық жобалау негiзiнде басқару ғана iс-әрекеттердi игеру барысында дедуктивтi әдiстi де, индуктивтi әдicтi де пайдалануға мүмкiндiк бе­редi. Оқушы немесе мұғaлiм әдiстi оқу мақсатына сай және оның жеке ерекшелiгiне байланысты оқуға бөлінген нормативтi уакыт бұзылмайтындай етiп таңдайды.

Бұл мақалада оқу процесінің тиімділігін арттыру тәсілі ретінде, оны технологиялық картаны пайдалана отырып жоспарлау ұсынылып отыр. Өйткені технологиялық карта оқушылар атқаруы тиісті көп нұсқалы әрі көп деңгейлі жұмыстардың дидактикалық бірліктерін ірілендіре отырып, оқу материалдарын түсіну және оларды орындау даярлығы жоғарлататындығы, тапсырмаларды жоспарлау және орындау барысында жетекшілік, ұйымдастырушылық функция атқаратыны белгілі.

Ұсынылып отырған мақалада технологиялық карта арқылы жоспарланған тапсырмалардың оқушыларды өз бетінше жұмыс жасауға ұмтылдыратындығы, оларды белсендіретіні және т.б. іс-әрекеттерді басқаруға тигізер оң әсерлі көрсетілмек. Шығдығында, оқулықтан алынған оқу материалдарының кейбіреуі білім жаңғыртуды ғана талап етсе, екінші біреуі ізденіс, эвристикалық ізденіс тәсілдерін қажет етуі мүмкіндік, ал үшінші біреуі тіпті зерттеу тәсіл элементтерінде де керек етеді. Білім немесе іс-әрекет игерілуі үшін оқушы немесе мұғалім осы материалға сай әдісті таңдап алуы қажет. Алайда, бұл оңай нәрсе емес, оқушы көбінесе жаңа білім мен іс-әрекеттерді игеруге даяр бола бермейді. Ал технологиялық карта арқылы жоспарланған оқу материалдары оқушылардың өз бетінше атқаруы тиісті іс-әрекетерінің үшінші типтегі бағдарлық негіздері болып табылатындықтан, олардың рельефті сыртқы көріністерінің өзі оқушылардың өз бетінше жұмыс жасауға даяр болуы немесе болмауы сияқты мәселені күн тәртібінен шығарып тастайды. Ол, сонымен бірге, оқушылардың артық немесе кем жүктелінуі мүмкіндіктерінің жоғалуына байланысты, оқушылардың өзіндік жұмыстарын қажетті деңгейде жүргізуге жағдай жасайды. Технологиялық картадағы негізгі компоненттердің нақтылығы мақсат қою, игерілетін материалдар, түзету және т.б. бөліктерінің болуы оқу тапсырмаларының түсініктілігі мен оларды орындауға қызығушылық деңгейлерін жоғарылатады. Оқушылардың тапсырмаларды өз бетінше орындау нәтижесінен алатын қанағаттанушылық сезімі, осы сезімді бастан қайта кешіруге құмарлық, олардың тапсырманы өз бетінше орындай алу сенімін күшейтіп, оқу іс-әрекеттерін орындау мүддесі мен белсенділігін қалыптастырады.

Толық меңгерту технологиясы
. Бұл технологияның авторлары американдық ғалымдар Б.Блум мен Дж.Кэрролл. Аталмыш технологияның дәстүрлі сынып-сабақ жүйесінен басты айырмашылығы – оның міндетті түрде көзделген нәтижеге жеткізуінде. Толық меңгерту технологиясында барлық оқушыларға бірдей деңгейдегі білім, білік, дағды қалыптастыру көзделсе де, әр оқушыға жұмсалатын уақыттың, оқыту әдiстерi мен формаларының олар­дың жеке бас ерекшеліктерiне сәйкес болуы қарастырылған.

Бұл технологияны ерекшелейтiн бacты анықтаушы - толық меңгер­тудің эталоны (критерийi) саналатын барлық оқушылар меңгеруге тиісті оқытудың жоспарланған нәтижелерi болып табылады. Толық меңгерту эталоны мақсаттар таксономиясы арқылы беріледі. Таксономия дегеніміз – иерархиялық түрде өзара байланысқан педагогикалық мақсаттар жүйесi.

Мұғалім оқу материалын толық меңгертудің жоспарланған көрсет­кiштерiн әр оқушының, санасына жеткізе білуі тиіс танымдық қызметтің мақсаттарын анықтайды. Танымдық қызметтің мақсаттарына мыналар жатады:

  • білу (оқушы есте сақтады, білді, қайталады);

  • түсіну (оқушы түсіндірді, инерпретация жасады, иллюстрация жасады);

  • қолдану (оқушы өз білімін меңгерілген материалбойынша) нақты жағдаяттарда және жаңа жағдаяттарда және жаңа жағдаяттарда қолдана білді);

  • жалпылау және және жүйелеу (оқушы бүтіннің бөлігін бөліп шығарды, жаңа бүтінді құрастырды);

  • бағалау (оқушы меңгерілген объектінің мәні мен құндылығын анықтады).

Толық меңгерту технологиясы оқу материалының мазмұнын оқу бірліктеріне (модульдерге) бөліп қарастыруды талап етеді.

Оқу бiрлiгi дегенiмiз – көлемi шағын (3-6 сабақ) және мазмұны бойынша тұтас оқу материалын мазмұнының бөлiгi. Әрбiр оқу бiрлiгi бойынша eкi баллды (зачет, зачет емес) шкала бой­ынша тест (бақылау тапсырмалары) дайындалады. Оқу бiрлiктерi бойынша түзету енгiзу (коррекция) мақсатында дидактикалық материал дайындалады. Ол материалды жете игермеген оқушы­ларға алғашқы қолданылған тәсiлден басқа, оның, қабылдауына лайық тәсiлмен түсiндiруге, ойлануға және есте сақтауға мүмкiндiк беретiн қосым­ша дидактикалық материал арқылы жүзеге асады. Барлық тақырыптар бойынша толық меңгерту эталоны анықталады.

Сабақтың бағдарлық-нұсқаулық бөлiмi мeңгерудің тәсiлiн түсiндiруге және оқушылардың белсендiлiгiн, ын­тасын туғызу үшiн ұйымдастырылады . Сабақты меңгергені жөнiндегi баға оқушыға алдын-ала берiлген эталон бойынша тексеруден сонң ғана қойы­лады. Жұмыс үстiнде әр оқушы қажеттi көмек, нұсқау, жәрдем ала алады.