Файл: Билет 1 Паллиативтік кмекті йымдастыру жне жргізу. Паллиативті кмекті даму тарихы, масаттары мен міндеттері.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 08.11.2023
Просмотров: 610
Скачиваний: 14
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Билет № 1
1.Паллиативтік көмекті ұйымдастыру және жүргізу. Паллиативті көмектің даму тарихы, мақсаттары мен міндеттері.
Паллиативті көмек - деген өмірмен қоштасуғауақыты аз ғана қалған пациенттердің өмір сүру
сапасын жақсарту. Оның ішінде пациенттерге және олардың жақындарына психологиялық қолдау көрсету. Жалпы паллиативті көмектің негізгі мақсаты өмірден үмітін үзіп, ажал сағатын күтіп жатқанадамдарға жарық дүниенің соңғы сәулесін жан жылуымен сезіндіріпе мейірім сыйлауға, тән азабынсездірмей ажалды саналы түрде қарсы алуға септігін тигізу болып табылады. Паллиативтік орталық- соңғы тұрақ Алматы қаласында 1999 жылы салынған Қазақстандағы алғашқыхоспис қазір «Паллиативтік көмек орталығы» деп аталады. Бұл талай
жанның соңғы тұрағы. Мыңдаған науқастың өмір жолын азапсыз аяқтауы үшін келіп, ажал үкімін күтетін жері.Елімізде мұндай орталықПавлодар,Өскемен, Қарағанды, Қостанай және Семей қалаларында бар. Жалпы мұндай орталықтар Европа елдерінде 70-80-ші жылдардан
бастап салына бастаған екен. Бұл мекемелерде жұмыс істейтін арнайы
мамандардың міндеті - айықпас дертке ұшырап, соңғы демін күтіп
жатқандарға тән азабын сездірмей , моральдік-психологиялық көмек
көрсете отырып, о дүниеге дайындау.Паллиативті көмек деген ұғым - Қазақстан қоғамына әлі сіңе қоймаған ұғым. Бірақ, әлемнің дамыған елдерінің медицинасы
осы паллиативті көмекті қатар дамытып келеді. Өкінішке орай,
Қазақстанда осы көмек түрі хоспистердің жұмысымен ғана
байланыстырыла айтылады, ал елімізде хоспистер 1999-2000
жылдары пайда болған. Содан бері паллиативті көмек көрсету
саласы көп дамыған жоқ. 2009 жылы "Қазақстан Республикасы
халқының денсаулығы туралы" заң жобасы қабылданса да, 2013
жылы паллиативті көмек көрсетудің ұлттық стандарты
қабылданса да, бұл сала әлі тиісті дәрежесіне жеткен жоқ.
Небәрі 20 жылда ел ішінде кешенді және тиімді
паллиативтік көмек көрсету жүйесін құруға болатындығын
дәлелдеген Данияның паллиативтік көмек көрсету жүйесі
үлкен қызығушылық тудырады.
2. №111 бұйрық бойынша медицина қызметкерлерінің қолын өңдеу. Қолғап киіңіз және шешіңіз.
Қолды тазалаудың үш деңгейі бар: әлеуметтік, гигиеналық (қолды залалсыздандыру), хирургиялық (белгілі уақытқа қол стерилдігіне қол жеткізу);
1. Антисептикті қолданбай, қолды сабынмен және сумен жуу
2. Антисептикті қолдану арқылы қолды өңдеу(антисептик қолдану)
3. Қолды хирургиялық дезинфекциялау (антисептик қолдану)
1. Антисептикті қолданбай, қолды сабынмен және сумен жуу
Мақсаты: қолдың мирофлорасын механикалық әдіспен тазарту. Донорлар мен қызметкерлердің инфекциялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Көрсеткіштері:
донорларды қабылдау алдында, кейін, қызметкерлердің тамақтану алдында, кейін;
әжетханадан кейін
әр түрлі манипуляциялар жасағанға дейін, кейін
Ескертпе: Инфекциялық аурулармен қатынаста болғанда барлық жоғарыда аталған жағдайларды қолдың гигиеналық түрі жуылуы қажет.
Жабдықталуы: шынтақ дозаторы бар сұйық сабын, бір реттік салфетка.
Міндетті шарт: қол терісінің саулығы, қысқа боялмаған тырнақ.
Ем-шараға дайындық:
қол терісінің бүтіндігін тексеру, әшекей бұйымдарды, қол сағатты шешу;
шынтаққа дейін халат жеңін қайыру;
кранды ашу, су температурасын реттеу (35-40º);
Ем-шараны орындау
Қ кранды сабынды сумен тазарту, қолды білектің 2/3 бөлігіне дейін ағынды су астында сабынап жуу, 30 сек, суреттегі қимылдармен
қолды сабыннан тазартып жуу
2. Антисептикті қолдану арқылы қолды өңдеу
Мақсаты: гигиеналық деңгейде қолдың деконтаминациясын қамтамасыз ету
Көрсеткіштері: биологиялық сұйықтықтармен қатынаста болғанда және микробтармен ластану мүмкіндігінен кейін; инвазивті ем шара кезінде;
Жабдықталуы: сұйық сабын, антисептик, бір рет қолданылатын сүлгі, Б тобын медициналық қалдығын салатын кәдеге жарату қорабы.
Міндетті шарт: қол терісінің саулығы, қысқа боялмаған тырнақ.
Ем-шараға дайындық:
1. Қол терісінің бүтіндігін тексеру, әшекей бұйымдарды, қол сағатты шешу;
2. Шынтаққа дейін халат жеңін қайыру;
3. Кранды ашу, су температурасын реттеу (35-40º);
Ем-шараны орындау
кранды сабынды сумен тазарту, қолды білектің 2/3 бөлігіне дейін ағынды су астында сабынап жуу, суреттегі қимылдармен
қолдың буындарына 3 мл-ден кем емес мөлшерде антисептикті жағу және EN-1500 стандарты бойынша қозғалыс жүйелігін сақтай отырып, толық құрғағанға дейін теріге мұқият ысқылау (антисептикті жаққаннан кейін қолды сүртпеу керек).
3. Қолды хирургиялық дезинфекциялау (антисептик қолдану)
Мақсаты: медицина қызметкерлерінің қолдарының айықтыруын қамтамасыз ету. Көрсеткіштері: - стерилді стол жаю қажеттілігі, хирургиялық ота мен манипуляцияға қатысу.
Қарсы көрсеткіштер: қолмен денеде іріңді жарақаттардың болмауы.
Жабдықталуы: сұйық сабын, антисептик, бір рет қолданылатын сүлгі, Б тобын медициналық қалдығын салатын кәдеге жарату қорабы
Міндетті шарт: антисептика ережелері қатаң сақталу үшін
Ем-шараға дайындық:
қол терісінің бүтіндігін тексеру, әшекей бұйымдарды, қол сағатты шешу;
шынтаққа дейін халат жеңін қайыру;
Ем-шараны орындау:
2 минут көлемінде шынтаққа дейін қол саусақтарының арасын сабынды сумен жуу,
саусақ араларының сабынды көбік кеткенше тазарту
қолды бір ретік сүлгімен құрғату
кепкен теріге 5 - 6мл тері антисептигімен суреттегі қимылдар бойынша өңдеу жүргізу, 2,5 мин ішінде , қол кепкенше өңдеуді екі рет қайталау . қол жуу ұзақтығы 5минут.
кепкен қолға стерилді қолғап кию
қолғап әр науқастан кейін алмастырылады.
Билет № 2
-
Паллиативтік медициналық көмек көрсету тәртібі. Көмек принциптері Қазақстандағы паллиативтік көмек . -
Паллиативті көмектің негізгі міндеттері
1. Талапқа сай ауырсынуды басу және басқафизикалық симптомдарды тоқтату.
4. Науқастың және оның жақындарының рухани қажеттілігін қанағаттандыру
2. Науқастарға және оларға күтім жасап жүрген туыста- рына психологиялық қолдау көрсету.
5Әлеуметтікжәнезаңдысұрақтардышешу.3. Адамның өмір жолындағы қалыпты кезең ретінде өлімге деген қатынастарынқалыптастыру.
6. Медициналық биоэтика мәселелерін шешу болып табылады Қазақстанда паллиативті көмекке мұқтаж 18 мың адам бар.Ол науқастардың 75 пайызы онкологиялық ауруларға шалдықса, 25пайызы созылмалы, дауасыз дертке душар болып отыр. Қазір Қазақстан бойынша паллиативті көмеккөрсететін 11 орталық бар. Сол 11 орталық аймақ және 9 қалада 75%онкологиялық аурулар25 %созылмалы аурулар. -
«Паллиативті көмек деген ұғым - Қазақстан қоғамына әлі сіңе қоймаған ұғым. Бірақ, әлемнің дамыған елдерінің медицинасы осы паллиативті көмекті қатар дамытып келеді. Өкінішке орай,Қазақстанда осы көмек түрі хоспистердің жұмысымен ғана байланыстырыла айтылады, ал елімізде хоспистер 1999-2000 жылдары пайда болған. Содан бері паллиативті көмек көрсету саласы көп дамыған жоқ. 2009 жылы "Қазақстан Республикасы халқының денсаулығы туралы" заң жобасы қабылданса да, 2013 жылы паллиативті көмек көрсетудің ұлттық стандарты
қабылданса да, бұл сала әлі тиісті дәрежесіне жеткен жоқ -
2. Пациентті Фаулер қалпына жатқызу іс-әрекеті.
Стандарт «Науқасты Фаулер қалпына жатқызу» (жартылай жату мен жартылай отыру аралығындағы жағдай) Науқасты бір медбике орналастырады. Мақсаты: науқасқа төсекте ыңғайлы жағдай жасау. Қолдану көрсетілімдері: ойылудың алдын алу, жеке гигиенаның қажеттілігі, төсекке физиологиялық жатқызу, науқастың төсекке белсенді емес және мәжбүр жатуы, науқасты тамақтандыру, тыныс алу органдары мен жүрек-қан тамыр жүйесінің аурулары. Дайындалуы тиіс: жастық, жапқыштан жасалған валиктер, аяққа арналған тіреуіш, функционалды немесе жай кереует. Іс-әрекеттер алгоритмі: 1. Науқасқа орналастыру мақсаты мен барысын түсіндіріңіз, келісімін алыңыз. 2. Науқасқа психологиялық жағдай жасаңыз (палатаға бөгде адамды кіргізбеңіз). 3. Науқас жағдайы мен қоршаған жағдайды бағалаңыз. Кереуеттің тежеуішін бекітіңіз (егер бар болса). 4. Гигиеналық деңгейде қолыңызды тазартыңыз, қолғапты киіңіз. 5. Медбике тұрған жақтың тұтқыштарын төмен түсіріңіз (бар болса). 6. Кереуетті көлденеңіне келтіріп, науқасты оның бас жағына сүріңіз. 7. Науқастың арқасынан кереуеттің ортасында жатқанына көз жеткізіңіз, жастықты алып тастаңыз. 8. Кереуеттің бас жағын 45-60° көтеріңіз (90°- жоғары Фаулер жағдайы, 30°-төмен Фаулер жағдайы) немесе 3 жастық қойыңыз: кереуетте тура отырған адам Фаулер жағдайында болады. 9. Науқас қолының астына жастық қойыңыз (егер өздігінен қолдарын қозғалта алмаса). Науқастың алақандарын төмен қаратып, қолдары мен шынтақтары жоғарылау көтеріңіз (қолының салмағын көтере алмай иығы шығып кетпеу үшін; көк тамыр қанының ұюын кеміту үшін және қолдары мен саусақтарының бұлшық еттерінің майысып қалуын болдырмау үшін. Сал қолға арналған үстел үстіне, науқастың қолын денесінен сәл сырып, қолының астынан жастық қойып, тіреуішпен қамтамасыз етіңіз. Саусақтарын сәл ашыңқырап, екіге бөлінген резіңке доптың жартысын қойыңыз). 10. Науқастың белінің астына жастық қойыңыз (омыртқасы майыспау үшін және бел омыртқаларына салмақ түспеу үшін). 11. Науқастың жамбасына кішкене жастық немесе валик қойыңыз (тізесі бүгілмеу үшін және ауырлықтың әсерінен тізеасты артериясы мыжылып қалмау үшін). 12. Науқастың аяғының төменгі жағына кішкене жастық немесе бірнеше рет қабатталып оралған жапқыш (валик) қойыңыз (ұзақ уақыт бойы матрастың өкшені басып қалмауы үшін). 13. Науқастың өкшесінің астына валик немесе кішкене жастық қойыңыз (ұзақ уақыт бойы матрастың өкшені басып қалмауы үшін). 14. Науқастың табанына 90° тіреуіш қойыңыз (егер қажет болса). Тіреуіш табанның ішкі жағы салбырап қалмауы үшін қойылады. Егер науқаста гемиплегия болса, табанға жұмсақ жастық қою керек. Қатты тіреуіш мұндай Науқастардың бұлшық еттерін қатайтады. 15. Науқас ыңғайлы жатқанына көз жеткізіңіз. Кереуеттің жанындағы тұтқыштарды көтеріңіз. 16. Қолғапты шешіңіз. Қолыңызды жуып, құрғатыңыз |
Билет № 3
1.Паллиативті көмек көрсету принциптері. Хоспистер.
НЕГІЗГІ ПРИНЦИПТЕРІ
басқа жазылмайтын аурулармен ауыратын онкологиялық науқастарға және халыққа паллиативтік көмек анықтау сәйкес:
• Ол өмірін бекітеді, бірақ қалыпты табиғи процесс ретінде өлім қарайды;
• Ол науқасқа белсенді өмір салтын қамтамасыз ету үшін барынша ұзақ арналған;
• Ол өмірін азайту немесе ұзартуға ниеті жоқ;
• Бұл оның ауру процесі толқынында науқастың отбасы үшін қолдау ұсынады, мен жеңіспен тәжірибесі барысында;
• тиісті, егер ол, жерлеу қызметтерді көрсетуді қоса алғанда, барлық науқастың қажеттіліктерін және оның отбасы мүшелерін, қанағаттандыру үшін бағытталған;
• кәсіпаралық тәсіл қолданады;
• Ол өмір сапасын жақсартады және науқастың ауру барысы туралы оң әсер етеді;
• басқа да емдеу әдістерімен ұштастыра отырып, іс-шаралар уақтылы жүріс-өмірін ұзартуға болады.
Хоспис - бұл өмір сүруді шектейтін ауру, ауру немесе терминалдық жағдайға тап болған адамдар үшін жайлылықты қамтамасыз ету және пациенттің өмір сапасын (мүмкіндігінше ең жоғары дәрежеде) қамтамасыз етуге бағытталған медициналық көмек түрі. Хосписке күтім, әдетте, тек қана физикалық жағдайын ғана емес, сондай-ақ өлімге ұшыраған кез-келген эмоционалды, әлеуметтік және тіпті рухани / діни қажеттіліктерді шеше отырып, пациенттің жалпы немесе тұтас жақсылыққа бағытталған.
2. Пациентті Симс қалпына жатқызу.
(ішпен жату мен қырынан жату аралығындағы жағдай)
Науқасты екі медбике орналастырады.
Мақсаты: науқасқа төсекте ыңғайлы жағдай жасау.
Қолдану көрсетілімдері: төсектегі еңжарлы және еріксіз қалыптағы науқас, ойылудың алдын алу, төсектегі еңжарлы және еріксіз қалыптағы науқас, ойылудың алдын алу.
Дайындалуы тиіс: 3 жастық, валик, табанға арналған тіреуіш (құмы бар қапшық), функционалды немесе жай кереует.
Іс-әрекеттер алгоритмі:
1. Науқасқа орналастыру мақсаты мен барысын түсіндіріңіз, келісімін алыңыз.
2. Гигиеналық деңгейде қолыңызды тазартыңыз, қолғапты киіңіз.
3. Науқастың жағдайын бағалаңыз, оның басқа жағына ауысуға көмектесу мүмкіндігін бағалаңыз.