Файл: Билет 1 Паллиативтік кмекті йымдастыру жне жргізу. Паллиативті кмекті даму тарихы, масаттары мен міндеттері.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 08.11.2023

Просмотров: 613

Скачиваний: 14

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


17. Катетердің тұйық жағына залалсыздандырылған вазелин майын «құю» әдісімен құйыңыз.

18. Сол қолмен жыныс еріндерні ажыратып, оң қолмен абайлап катетерді несеп шығатын каналға 4-6 см ұзындыққа несеп шыққанша енгізіңіз.

19. Катетердің бос ұшын зәр жинайтын ыдысқа салыңыз.

20. Пинцетті зарарсыздандыру ерітіндісіне салыңыз.

21. Зәр бөлінуі аяқталғаннан бұрын катетерді шығарыңыз, сол қасағаның үстінен іштің алдыңғы бетін қолыңызбен басыңыз. Катетерден шығарғаннан сон зәр ағымы зәр шығаратын каналды жуады (несеп жолын табиги жолмен шайып отеді).

22. Зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысқа катетерді салыңыз.

23. Қолғапты шешіңіз. Қолғапты, сүрткілерді мақта шариктерді ҚКЖҚға салыңыз.

24. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.

25. Науқасқа физикалық және психикалық тыныштықты қамтамасыз етіңіз.

Билет № 21


  1. Науқастың терісіндегі патологиялық өзгерістер. Бұл өзгерістер дамуының алдын-алу және емдеу.

  2. Тері атрофиясы (atrophia cutis; гр.ατροφια, лат. atrophia - солу, аш болу) — терінің қайтымсыз өзгерісі, тері жасушаларының сапалық өзгеруі, көлемінің кішірейуі.

  3. Тері атрофиясы физиологиялық және патологиялық болуы мүмкін. Физиологиялық атрофия адам жасына байланысты дене мүшелерінің инволюциясынан дамиды. Бұл қайтымсыз өзгеріс — терінің қарттық атрофиясы деп аталады. Терінің қарттық атрофиясында тері иілгіштігін жоғалтады, құрғақ болып, тері ұзақ уақыттан кейін қалпына келетін әжімдерге оңай жиылады; терінің түсі қызыл немесе ақшыл түске ауысып, вена байқалады.

  4. Патологиялық тері атрофиясы терідегі метаболизмнің бұзылуы мен цитоплазмалық ферменттердің белсенділігінң төмендеуінен пайда болады. Патологиялық тері атрофиясы біріншілік және екіншілік, туа пайда болған және жүре пайда болған, диффузиялық және шектелген болуы мүмкін.

  5. Тері атрофиясын емдеу әлі мүмкін емес.


2. Дем алу жиілігін есептеу.

Мақсаты: пациенттің жағдайын бағалау.
Көрсеткіші: пациенттің тыныс алу жүйе қызметін бағалау.
Әзірле:секундомер немесе секунды тілі бар сағат,қызу парағы, көк сиялы қаламсап.
Іс әрекет алгоритмі:
1.Пациентке процедураны түсіндіріңіз, келісімін алыңыз.
2.Қолды гигиеналық тазалықтан өткізіңіз.
3.Пациентке ыңғайлы қалып беріңіз ( жатқызыңыз.) Сізге оның кеуде торының жоғарғы бөлігін және ішін көру керек.
4.Тыныс алу жиілігі есептекенде, пациентке байқатпай,тамыр соғуын анықтағанд кәрі жілік артериясын ұстаңыз.

5.Екінші қолыңызбен пациенттің қолын кеудесіне (кеуде түрімен дем алуда) немесе эпигастрии (төс шеміршегімен кіндік аралығы) аймағына (іш түрімен дем алуда) қойыңыз.
6.Секундомерді қолдана отырып, 1 минуттағы тыныс алу немесе тыныс шығару санын есептңіз.
7.Тыныс алу қозғалысының жиілігін , тереңдігін және ритмін бағалаңыз.
8.Пациентке тыныс алу жиілігінің есептегеніңізді түсіндіріңіз, нәтижесі
хабарлаңыз.
9.Қолды жуып, құрғатыңыз.
10.Зерттеу нәтижесін қызу парағындағы « тыныс алуы» деген кестеге жазыңыз.
Есте сақтаңыз:
- тыныс алу қозғалысының жиілігін пациентке байқалмайтындай есептейді.
- 1 мнуттағы дем алу қозғалысының саны – дем алу қозғалысының жиілігі деп аталады (ДҚЖ).
- қалыпты тыныс алу жиілігі 1 минутта 16-20 рет.
- тыныс алу қозғалысының жиілігі жүрек соғу жиілігімен орташа 1:4 қатнасында.
- дене температурасы 1 градусқа жоғарылағанда, тыныс алу қозғалысы
4 санға жиілінеді;
- брадипноэ –тыныс алу жиілігі 1 минутта 16-дан кем;
- тахипноэ – тыныс алу жиілігі 1 минутта 20-дан артық;

Билет № 22
1.Ас қорыту мүшелері қызметі бұзылуында дәрігерге дейін көмек.
Ас қорыту жүйесінің қызметі бұзылуы кезіндегі мейірбикелік үрдіс
Іштегі ауырсыну сезімі - асқорыту жүйесінің ауруларының жиі кездесетін белгілеріне жатады. Онын пайда болу механизмі әртүрлі. Асқорыту мүшелерінің моторлық қызметінің бұзылуынан пайда болатын ауру сезім висцеральді деп аталады. Ол мысалы, ішек, бүйрек ауырғанда, ойық жараның асқынбаған т.б. ұстамалы немесе сыздаған диффузды сипатта байқалады, дененің әртурлі бөліктеріне таралады. Патологиялық үрдіске асқорыту мүшелерін қаптайтын ішастар жапырақшасы ұшыраганда, мысалы асқазанның немесе он екі елі ішектің ойық жарасы кезінде оның нерв ұштары тітіркеніп, перитонеальді ауырсыну сезімі пайда болады, ол көбінесе бір жерде тұрақты, өткір, жедел, кұрсақ қабырғасының бұлшық еттерінің қозғалысы кезінде күшейетін болады. Ауру сезім интенсивтілігі, сипаты, орны, таралуының бар-жоқтығы, ұзақтығы, периодтылығы бойынша бағаланылады. Іштің ауруы тек асқорыту ауруларында ғана емес, сондай-ақ жүрек(миокард инфарктісі), тыныс мүшелерінің (крупозды пневмония), неврологиялық аурулар кезінде де пайда болатынын білу керек. Көбінесе науқастар ауру сезімін ауыр өткізеді.Іште ауру сезімі болғанда, бірден дәрігерге хабарлау керек. Мұндай жағдайда мейірбике өз бетімен ішке дәрі немесе жылытқыш беруге құқы жоқ, себебі бұл ауыр асқынуларға алып келуі мүмкін. Ауру сезімінен басқа, асқорыту ауруларында диспепсиялық бұзылыстар кездеседі, оларға жүректің айнуы, құсу, кекіру, тәбеттің бұзылуы, ауызда жағымсыз дәмнің пайда болуы, іш қату, іш өту т.б. жатады.


Қыжылдау – төс немесе асқазан тұсының жоғарғы бөлігінде асқазаннан өңешке қышқыл заттардың түсуі нәтижесінде пайда болатын қыжылдауды сезу
Кекіру- асқазанның тегіс салалы бұлшықеттерінің периодты жиырылуына жэне аяқ астынан ауыз қуысына ауа немесе кейде асқазанның қышқыл заттарының аз мөлшерде түсуіне негізделген.
Асқазанның эвакуациясы төмендегенде астың ашуы күшеюі нәтижесінде
асқазанның газдың түзілуі жоғарлауынан кекіру пайда болады.
Тәбеттің бұзылуы, тіпті кейде оның жоқ болып кетуі (анорексия) мүмкін
Іш қату - нәжістің кідіріп калуы.
Іш өту- сұйық, жиі нәжіс.
Құсу - асқазандағы заттардың өңеш, жұтқыншақ ауыз (кейде мұрын жолдары аркылы) арқылы еріксіз сыртқа шығуы (күрделі рефлекторлы акт), Құсу кептеген ауруларда болуы мүмкін: бассүйешілік қысымның жогарылауы ("орталық" құсу), уланғанда, ішкі органдардын көп аурулары кезінде. Құсумен бірге жүрек айнып, сілекей ағуы мүмкін. Асқазандық құсу науқастың жағдайын жеңілдетеді. Науқастың кұсу кезінде, оның тегіне байланыссыз, жағдайы ауыр екенін ескерткен жөн, және мейірбике мақсаты - науқасқа бұл жағдаймен күресуіне көмектесу. Құсудың диагностикалық маңызы зор. Бұл белгінің пайда болу уақытын, көлемін, сипатын, түсін, иісін, құсу массасының консисстенциясын анықтау керек. Жиі және бағынбайтын көп құсу ағзада электролитті бұзылыстарды туғызады, ал олар жүрек жетіспеушілігін, бүйрек қызметінің бұзылуын т.б. дамытады. Құсу кезінде науқасқа уакытында көмек көрсету манызды, себебі құсу массалары, әсіресе науқастың ес-түссіз жағдайында тыныс алу жолдарына түсіп, ауыр инспираторлы ентігуге, содан соң аспирациялық өкпе қабынуына алып келуі мүмкін. Науқастың жағдайы келсе, қимыл іс- әрекеттің тәртібі мынандай:
1 .Науқасты отырғызып, клеенкалы алғышты кигізу;
2. Аяғының арасына леген немесе шелек қою;
3. Құсу кезінде науқастың маңдайына алақанды койып басын ұстау;
4. Құсып болғаннан соң, аузын шайғызып, бетін орамалмен сүрту;
5. Дәрігер келгенше құсықты шелек ішінде қалдыру.


2. Онкологиялық пациентке дәрілік клизма қою техникасы.

ДӘРІЛІК КЛИЗМА ҚОЮ ІС-ӘРЕКЕТІНІҢ АЛГОРИТМЫ.

Мақсаты: емдік.

Пациентті дайындау: дәрілік клизманы қоюдан 30-40 минут бұрын тазарту клизмасын қойыңыз.

Жабдықтау:

-халат, алжапқыш, қолғап

-жел шығаратын түтік, дәкелер салынған залалсыздандырылған бикс

-залалсыздандырылған Жане шприці

-залалсыздандырылған стақан

-залалсыздандырылған корнцанг


-залалсыздандырылған лоток

-дәрілік заттар (дәрігердің тағайындауымен – облепиха майы, түймедақтың қайнатпасы және т.б.

-ыстық су, су термометрі

-клеенка, жаялық

-вазелин майы

-қолданылған материалдарды салуға арналған ыдыс

-зарарсыздандыратын ерітіндісі бар ыдыс.

Іс - әрекет алгоритмы:

1.Процедураның мақсатын түсіндіріп, келісімін алыңыз. Халатты ауыстырыңыз, алжапқышты киіңіз. Қолыңызды антисептик қолдана отырып гигиеналық деңгейде жуыңыз, құрғатқан соң қолғапты киіңіз.

2.Дәрігер тағайындаған дәрілік заттың 50-100мл. стақанға құйыңыз, сосын оны ыстық су құйылған ыдысқа қойып, 40 С- дейін жылытыңыз.

3.Барлық ережелерді сақтай отырып залалсыздандырылған биксті ашыңыз, залалсыздандырылған корнцангпен жел шығаратын түтік пен дәкелерды бикстен алып залалсыздандырылған лотокқа салыңыз.

4.Биксті жауып, шеткері ығыстырып қойыңыз.

5.Залалсыздандырылған Жане шприцін жинаңыз және оған дәрігер тағайындаған дәрілік затты сорып алыңыз.

6.Шприцті залалсыздандырылған лотокқа қойыңыз.

7.Кушеткаға клеенка мен жаялықты жайыңыз.

8.Пациентті сол жақ қырына немесе арқасына жатқызыңыз.

9.Залалсыздандырылған салфеткамен жел шығаратын түтікті алып, оны вазелин майымен майлаңыз.

10. Жел шығаратын түтікті тік ішекке 15-20 см. тереңдікке енгіземіз , алдымен 3-4 см. кіндікке қарай, содан соң омыртқа жотасы бойымен.

11.Жел шығаратын түтіктің сыртқы ұшына және шприцін жалғап, сосын дәрілік затты баяу жібереміз.

12.Сол қолыңызбен түтікті шприцтің алдынан қысып ұстап, Жане шприцін ажыратыңыз.

13. Жане шприцін қолданылған материалдарды салатын лотокқа салыңыз.

14.Жел шығаратын түтікті шығарыңыз, қолданылған заттарға арналған лотокқа салыңыз.

15.Процедурадан соң пациентке сол жақ қырымен немесе арқасымен тыныштанып 30-60 минут жатуын ұсыныңыз.

16.Жане шприцімен жел шығаратын түтікті зарарсыздандырыңыз.

17. Қолыңызды жуып, құрғатыңыз.

Билет № 23


  1. Жүрек-қан тамырлары қызметі бұзылған дәрігерге дейін көмек.

Жүрек-қан тамыры ауруларының пайда болуына әкеліп соқтыратын тағы бір фактор ол - темекі шегу. Орта есеппен алғанда темекі шегу адам өмірін 7-10 жылға қысқартады екен. Темекі шекпейтіндерге қарағанда темекі шегетін адамдар миокард инфарктісіне шалдығуы екі есе көп, ал, осы аурудан қайтыс болатындар саны темекі шегетіндер арасында шекпейтіндермен салыстырғанда 4 есеге артық. Бүгінгі таңда жүрек- қан тамыры ауруларының алдын- алу үшін мынадай маңызды нәрселерді есте сақтау керек:


  • Ең алдымен темекіден толықтай бас тарту қажет;

  • Тиімді тамақтану ережелерін сақтау;

  • Майлы тамақтардан бас тарту, тұзды пайдалану мөлшерін азайту - тәулігіне 4 грамм, құрамында калийі мол (бұршақ, өрік, құрма, теңіз қырыққабаты) тамақтарды көп пайдалану, сарыуызды барынша аз пайдалану;

  • Көкеніс пен жеміс-жидектерді барынша мол пайдалану;

  • Алкогольді ішімдікті белгіленген мөлшерде ғана пайдалану;

  • Дене белсенділігін арттыру, семіздіктен сақтану;

  • Қандағы холестерин құрамын үнемі тексеріп, бақылап отыру;

Жоғарыда айтылғандарды қорытындылай келе айтарым- дәрігер ауру адамды емдейді, ал, аурудың алдын алу әрбір адамның өз тірлігі. [1


  1. Онкологиялық пациентке майлы клизма қою техникасы.


МАЙЛЫ КЛИЗМА ҚОЮ ІС - ӘРЕКЕТІНІҢ АЛГОРИТМЫ

Мақсаты:

Тоқ ішектің төменгі жағын газ бен нәжістен маймен орап, жуып тазарту арқылы босату.

Көрсеткіші:

-әлсізденген науқастарда іш қату;

-операциядан кейінгі кезеңде;

-босанғаннан кейін.

Жабдықтау:

-халат, алжапқыш, қолғап

-залалсыздандырылған алмұрт тәрізді баллон немесе Жане шприці

-залалсыздандырылған корнцанг немесе пинцет

-залалсыздандырылған жұмсақ тереңдеткіш ұшына енгізетін түтік немесе жел шығаратын түтік

-вазелин майы немесе өсімдік майы

-втерильді дәкелер

-залалсыздандырылған бикс

-залалсыздандырылған лоток

-залалсыздандырылған стакан

-жаялық және клеенка

- қолданылған заттараға арналған ыдыс

-зарарсыздандыратын ерітіндісі бар ыдыс.

Іс - әрекет алгоритмы:

1.Процедураның мақсаты мен орындалу тәртібін түсіндіріңіз, келісімін алыңыз.

2.Халатыңызды ауыстырыңыз, алжапқышты киіп, қолыңызды гигиеналық деңгейде астисептик қолдана отырып жуып, қолыңызға қолғапты киіңіз.

3.Стақанға 50-100мл. вазелин немесе өсімдік майын құйыңыз.

4.Ыстық суы бар ыдысқа май құйылған ыдысты орналастырып, майды 37-38 градусқа дейін жылытыңыз.

5.Жане шприцін жинап, оған жылытылған майды сорып алыңыз. Егер алмұрт пішіндес баллонды қолдансаңыз. Онда алдымен оны қысып ішіндегі ауасын шығарыңыз, ұшын стақандағы майға салып, оған май сорып алу үшін баллонды ақырындап босатыңыз.

6.Май сорып алынған Жане шприцін залалсыздандырылған лотокқа орналастырыңыз,