Файл: аза тілі дістемелік нсау.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 18.01.2024

Просмотров: 2065

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.







Келесі «Сөйлесейік» айдарымен ұсынылған тапсырма орындалады. Негізінде, бұл тапсырманы сөздік жұмысынан бұрын да орындатуға әбден болады. Алайда біз ұстанған рет те берілетін білім сапасына ешқандай нұқсан келтірмейді. Тапсырманың шарты бойынша оқушылар нақты берілген сұрақтар төңірегінде сөйлесіп, пікір алмасады. Пікірлесу барысында жаңа сөздерді қолданып сөйлеу мұғалім тарапынан ұсынылып, қадағаланып отырады.

5 мин

Мұғалім-сынып




«Жаңа сөз үйренейік» айдарындағы тапсырмада оқушылар сөйлемдерді оқыпғ, өз беттерінше суреттен тауып көрсетеді.










Оқулықтың кезекті тапсырмасы оқушылардың тыңдалым дағдысын қалыптастыруды мақсат етеді. Нысанаға алынатын оқу мақсаты 4.1.3.1 және 4.1.4.1. Ттыңдалым мәтіні қосылмастан бұрын мұғалім оқушыларға тапсырманың дұрыс орындалу шартын түсіндіреді. Әсіресе, ескеретін жайт, оқушылардың кітапқа жазуына рұқсат етілмейді. Сол себепті, балалардың бос орындарға стикер жапсырып алуына мұғалім уақыт береді (тыңдалым жауаптары осы стикерлерге жазылады). Оқушылар тапсырманың қалай орындалатынын әбден түсінгендігіне көз жеткізгенде ғана тыңдалым мәтіні қосылады. Оқушылар тыңдап отырып кестедегі жоқ мәліметтерді толықтырады, жауаптарын өзгелердің жауаптарымен салыстырып тексереді. Соңында мұғалім тыңдалым мәтінін қайта қосып, дәлелді түрде тапсырманың дұрыс орындалғанына көз жеткізеді.

7 мин

Мұғалім-сынып

Сұрақтар Аудиодиск

Тыңдалым мәтіні:




Киікқойғаұқсасжануар.МоңғолияменҚазақстандағанасақталған.Киіктер шөл және далалық аймақтарда тіршілік етеді. Текелерінің бойы126–150 см-дей, салмағы 37–49 кг-дай, ал ешкілері кішірек, 109 –127 см-дей,салмағы2237кг-дайболады.Текесініңмүйізібар,ешкісіндемүйізболмайды.Жазайларындаарқатүсісарғыштауболады,қыстатүсіақшылдауболады. Оларжылынабірретмамырдыңбасындатөлдейді.




Киіктер үшін қасқыр қауіпті. Оның жас төлдеріне бүркіт, дала қыраны менқарақұстарда шабуыл жасайды.




Киіктіңетідәмді,мүйізіментұяғы,терісіқұнды.Оныңмүйізіненпантокриндәрісінжасайды,тұяғынкүйдіріп,теміреткігежағады.




Үкiметкиіктерді2006 жылы«Қызылкiтапқа»ендiрдi.Өйткеніоларазайып бара жатыр. Оларды қорғау жұмыстарына 200 миллиондайқаржыбөлінедi.











«Назар аударайық!» айдарымен берілген материал негізінде мұғалім оқушыларға болжалдық сан есімді меңгертеді. Санның мөлшерін болжап айтуға мұрындық болатын сөздер мен қосымшалар туралы түсіндіріп, қолдануға үйретеді. Жаңа білімді сурттермен де бекітуге болады. Мысалы, жүк көлігі немесе қоршалған аула суретін көрсетіп, оның ішіне қанша киік сыятынын сұрауға болады. Болмаса қолда бар дүниелерді түрлі ыдыстарға салып, ішінде шамамен қанша мүйіз, қалам, сырға т.б. бар деп сұрақ қою да тиімді әдіс бола алады.

5 мин










«Ойнайық» айдары оқушылардың алған грамматикалық білімдерін ауызша пысықтауға арналады. Грамматикалық білімге қоса лексикалық білім де қайталанып, оқушылардың қолданыс құралдарына айналады. Тапсырманы тереңдету немесе жеңілдету мақсатымен дәл осындай басқышты тақтаға салып, ойынды жалғастыру жұмысы да артық болмайды.

5-7










Оқулықтың «Сен білесің бе?» айдары оқушының міндетті түрде игеруі қажет мағлұмат болып табылмайды. Оқушының жалпы білімін кеңейту мақсатымен қосымша ұсынылған ақпарат.

10 мин







Қорытынды бөлім

Сабақтың қорытынды бөлімінде де мұғалім Сәкен өлеңінен үзінді оқып, оқушыларды ой қорытуға шақыруына болады.

Кей қазақ әдет қылған киік атып, Мүйізін пайда қылып, шетке сатып. Сандалған бір киікке үшырастым,

Бір жылы Бетпақ шөлде келе жатып. Сандалып келе жатты ақсақ киік,

Бір тоқтап, анда-санда әлін жиып. Ақбөкен – сахараның бота көзі, Атты екен қандай мерген көзі қиып?

Өлең мазмұнын оқушылар оңай түсінуі үшін мұғалім кейбір сөздерді түсінуге жеңіл болатын нұсқасына ауыстырып оқуына болады. Мысалы,

«сандалып» сөзінің орнына «адасып» немесе «Бетпақ шөлде» демей «шөл далада», «анда-санда әлін жинап» сөзінің орнына «кей уақытта күшін жинап». Өлең мазмұнын толық меңгерту міндеті алға қойылмайды, бұл өлең арқылы оқушыларды мұғалім қорытынды жасауға жетелейді.

2 мин

Сынып-мұғалім




Оқушылардың тақырыпты меңгеру деңгейін тексеру

Мұғалім оқушылардың тақырыпты қаншалықты меңгергендерін міндетті түрде тексеруі керек. Сабақтың өн бойында қалыптастырушы бағалау элементтері көрініс табуы тиіс. Мұғалімнің оқушыларды бағалауы (мадақтау сөздерін қолдануы), оқушылардың өздерін және бір-бірін бағалаулары болуы керек. Кері

байланыс орнатудың маңызы зор.

Бағалау критерийлері

1. Белгілі бір тақырыпта сұхбаттасу барысында шағын мәліметті (4- 5 сөйлем) баяндау, кері байланыс орнату, сөйлеу стилін сақтау,

Дескрипторы

  • Тыңдалым мәтінінде көтерілген





дауыс ырғағын келтіріп сөйлеу

2. Тыңдаған мәтін бойынша оқиғаның себеп-салдарлық

байланысын (кейіпкерлер, оқиға) және негізгі ойды мұғалімнің нұсқауымен анықтау

мәселені түсінеді.

  • Тыңдалым мазмұнын баяндап бере алады.

Рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары қолжетімді болды ма?




Бүгін оқушылар нені үйренді?




Оқыту ортасы қандай болды?




Мен өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба?




Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?




Қорытынды бағалау. Ең жақсы өткен екі жағдай не?

Қандай екі жағдай сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді?

Осы сабақтың барысында менің келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай мәліметтер немесе сыныптағы жекелеген оқушылар туралы ақпарат алдым?



Сабақтың тақырыбы

Ұсыныс білдіремін. (3-тоқсан, 6-тарау). 88-сабақ

Дағды

Жазылым

Оқыту мақсаттары

4.4.2.1 *Оқыған/аудио/бейне материалдың мазмұнын дайын жоспар негізінде жазу

4.4.4.1 Каллиграфиялық нормаларға сәйкес әріптердің өзара байланысын сақтап, бір сызықта көркем жазу

Лексикалық минимум

Ұсыныс, пікір, тыйым салу, ату, соғу

Алдыңғы білім

Сұлулықты сақтайық

Пәнаралық байланыс

Дүниетану

Сабақтың барысы

С.кезеңі


Жоспарланған оқыту іс-әрекеттері

уақыты

Қар.қат

Оқыту ресурстары

Кіріспе

Сабақты бастамас бұрын мұғалім оқушылардың назарын тақтаға аударады. Онда пазл түрінде жабылған жануар суреті болады. Оқушылар өздерінің қалауы бойынша сандарды нұсқап, сол сан тұрған тұсты аштырады. Сол ашық тұстардан көрген сурет бөлігіне қарап қандай жануар жасырылғанын табады. Одан әрі өткен сабақтан алған білімдерін қолданып, ол жануар туралы оқушылар білгендерін ортаға салады.

5 мин

Мұғалім-сынып








Негізгі бөлім

«Көрсетейік және айтайық» тапсырмасы. Мұғалім оқушылардан оқулықтың алғашқы тапсырмасына зер сала қарауларын сұрайды. Ондағы суретті түсінгендері бойынша іштей қорытып, оқушылар жануардың қауіпті не қауіпсіз жерде тұрғандығын айтып береді. Осы орайда «қауіпті» және

«қауіпсіз» сөздерінің мазмұнын ұғынумен қатар, оқушылар сөздердің болымсыз мағынаға ауысуына себепкер болатын жұрнақпен де танысады.

5 мин

Топпен




Оқулықтағы келесі тақырып «Ойланайық» айдарымен беріледі. Оқушыларға оқулықтағы проблемалық сұрақ төңірегінде ойланып жауап беру керектігі айтылады. Сауалдың жауабын оқушылар суреттен табатынын мұғалім ескертуіне болады.

2 мин

Мұғалім - сынып




Келесі тапсырма оқулықта «Тыңдайық» айдарымен ұсынылады. Бұл тапсырма негізінде тыңдауға берілген материалдан оқушылар өз жауаптарының қаншалықты дұрыс болғанын бағамдай алады.

3 мин

Мұғалім-сынып

Сұрақтар Аудиодиск

Тыңдалым мәтіні:




Мәтінді тыңдап, жүргізіп оқы.




Қыз:




Қазақстандакиіктердің саны азайып бара жатыр. Оның бірнеше себебібар.Біріншісебебіброконьерлеркиіктердіжиіатады.Оныңмүйізінсатады.Меніңойымша,киіктерді атуғатыйымсалу керек.




Ұл:




Қазіргі кездекиіктер арасында жұқпалы аурулар көп.Ауру киіктердіұстайтын қасқырлар саны аз. Кейде киіктерді жолдағы көліктер соғады.Менің ойымша,киіктержүретінаймаққақоршаутұрғызукерек.







Мұғалім оқушыларға келесі «Тыңдайық және жауап берейік» тапсырмасын орындату арқылы тыңдалымды қаншалықты дұрыс түсінгенін дәлелдеп береді. Сөйлемдерді оқып, «дұрыс» немесе «бұрыс» екендіктерін ажыратады. Талас туған жағдайда тыңдалым қайта қосылып нақтыланады.

2 мин










Келесі «Есте сақтайық» айдары оқушыларды жазылымға дайындайды. Ол үшін мұғалім нақты ұсынылған грамматикалық құрылым туралы тереңірек түсінік береді. Тұйық етістік пен «қажет» немесе «керек» сөздерінің қолданылу үлгілері мысалмен ұғындырылады.

3 мин










Әдеттегідей грамматикалық білім келесі тапсырмада жаттығумен бекітіледі. Оқушылар дайын үлгілерді оқып, жаттығумен қатар, өз тарапынан да сөйлем құрап, мысал келтіреді. «Жаттығайық» айдары да оқушыларды нәтиже көрсету үшін жазатын жазылымына дайындайды. Ескеретін жайт, дәл қазір реттік сан есім туралы айтылмайды, оған грамматикалық категория тұрғысынан да ден қойылмай, тек қолданыстық формада жеңіл әрі түсінікті жолмен оқушылардың санасына сіңіріледі.

10 мин














«Жазайық» айдары бойынша оқушы үлгі шаблонды қолданып, өз ұсыныстарын жазып береді. Оқушылар жазылым жұмыстарын аяқтағаннан кейін өзін-өзі тексеру, бірін-бірі тексеру шаралары ұйымдастырылады. Одан кейін өңдеу, түзету, көшіру жұмыстары оздырылады.

7 мин







Қор. бөлім

Сабақ соңында әдеттегідей тақырып лексико-грамматикалық тұрғыда қайталанып, қорытылады. Одан әрі оқушылар мен ұстаз арасында ең оңай немесе ең қиын болған тапсырмалар төңірегінде талқылау, пікір алмасу өтеді.

3 мин

Сынып- мұғалім




Оқушылардың тақырыпты меңгеру деңгейін тексеру

Мұғалім оқушылардың тақырыпты қаншалықты меңгергендерін міндетті түрде тексеруі керек.

Сабақтың өн бойында қалыптастырушы бағалау элементтері көрініс табуы тиіс. Мұғалімнің оқушыларды бағалауы (мадақтау сөздерін қолдануы), оқушылардың өздерін және бір-бірін бағалаулары болуы керек. Кері байланыс орнатудың маңызы зор.

Бағалау критерийлері

  1. Оқыған/аудио/бейне материалдың мазмұнын дайын жоспар негізінде жазу

  2. Каллиграфиялық нормаларға сәйкес әріптердің өзара байланысын сақтап, бір сызықта көркем жазу

Дескрипторы

  • Дайын шаблонды толтыру арқылы эссе жазады.

  • Көркем жазады.

Рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары қолжетімді болды ма?




Бүгін оқушылар нені үйренді?




Оқыту ортасы қандай болды?




Мен өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба?




Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?




Қорытынды бағалау. Ең жақсы өткен екі жағдай не?

Қандай екі жағдай сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді?

Осы сабақтың барысында менің келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай мәліметтер немесе сыныптағы жекелеген оқушылар туралы ақпарат алдым?