Файл: азастан тарихы жне оамды пндер кафедрасы (gzaaн 6305) ылыми зерттеу дістері жне академиялы хат пніні.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 03.02.2024

Просмотров: 228

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
«экономикасына» деген бір ғана сөзбен алмастырып,ықшамдалған түрде былайша жазуға болады: «Девальвацияның Қазақстан экономикасына әсері».

3)Қысқарған сөздер мен жаргондарды қолданбау.Тақырып құрылымын жазу барысында көпшілікке белгілі БҰҰ,ҚР сияқты қысқарған сөздерді қолдануға болады.Дегенмен жалпыға бірдей таныс емес арнайы салада қолданылатын қысқарған сөздерді қолданбаған абзал.Сонымен қатар жаргондар қолданылмағаны дұрыс,себебі бұл сөздер ғылыми стильге тән емес және оқырманға түсініксіз болуы мүмкін.

Негізінен сәтті таңдалған тақырып мынадай талаптарға сәйкес келеді:

-Мазмұнымен сәйкес келеді;

-Оқырманның қызығушылығын тудырады;

-Жазба жұмысының бағытын байқатады;

-Компьютер арқылы тез тауып алуға мүмкіндік беретіндей түйін сөздер қолданылады;

-Өз саласындағы бір тақырыпта жазылған жұмыстардың тақырыбына ұқсамайды(тақырыбын қайталамайды).

Зерттеу жұмысын бастамас бұрын тақырыптың қай бағыты қызықты екенін айқындап алу керек.Мысалы, «Интернеттің адамдардың қарым-қатынасына тигізетін әсері»деген тақырыпты қарастыралық.Бұл жақсы тақырып,дегенмен тақырып әлі ауқымды.Бұл тақырыпты ықшамдаудың бірден-бір жолы-негізгі сөздерді анықтап алып,оларға қатысты кілт сөздердің тізімдерін жасап шығу.Мәселен:

Қарым-қатынас-бетпе-бет немесе онлайн сөйлесу,әлеуметтік желілердегі достық қатынас.

Интернет- онлайн ойындар,әлеуметтік желілер,ақпараттарға қол жеткізу.

Адамдар-балалар,жасөспірімдер,студенттер,жастар,ересектер.интернетте бес сағаттан артық уақыт өткізетіндер.

«Жастардың достық қарым-қатынасына әлеуметтік желілердің әсері»

немесе

«Студенттердің ақпаратқа қол жеткізудегі онлайн қарым-қатынасы».

Тақырыпты ықшамдау тым шағын етіп таңдамау қажет.Тақырып егер шағын болып кетсе,ол жөнінде материалдар табу қиынға соғуы мүмкін.

Академиялық жазылым негіздері

Тақырып таңдау барысында кейбір студенттер қателіктерге де жиі ұшырасады.Студенттердің тақырып таңдауда жиі жасайтын қателіктері мыналар:

-Тақырыптың ауқымды болуы;

-Тақырыптың өте шағын болуы;

-Тақырыптың қызықсыз болуы;

-Тақырыпта қысқарған сөздердің қолданылуы;

-Тақырып таңдау туралы кеңес сұрамауы;

-Уақытты тиімді қолданбауы;

Аталған кемшіліктерді болдырмай тақырыпты сәтті таңдау үшін мынадай амалдарды қолдануға болады:


-Ойшақырту амалдарын қолдану;

-Өзі оқи алатын және түсіне алатын әдебиеттерге қатысты тақырып таңдау;

-Тақырып жөнінде материалдар табуға және жаза алатына сенімді болу;

-Кілт сөздердің тізімін жасап алу;

-Зерттеу тақырыбының сұрағын айқындап алу;

-Өз тақырыбына қатысты еңбектерді көп оқу;

-Негізгі тұжырымдарды анықтап алу;

Зерттеу жұмысының сәтті шығуы және одан жоғары баға алу тақырыпқа қатысты екені белгілі,сол үшін кез келген студент өз тақырыбын дұрыс таңдауға бар күш-жігерін жұмсайды.Студент үшін тақырып туралы қалай ойлануға болады деген сауал туындауы заңдылық.Сондықтан тақырыпты іздестіру барысында мынадай бағытта жұмыс жасау оң әсерін тигізуі мүмкін:


-Материал табу:Пәнге қатысты дәрістер мен оқулықтарды қайта оқып шығу арқылы тың идея туындауы мүмкін;

-Ойшақырту:Жалпылама бір тақырыпты алып,карта жасау және оның ішінен өзі жаза алатын тақырып таңдап алуға болады;

-Жаңалықтар:Хабар,Қазақстан арнасы,Экономика т.б. газет,журналдар арқылы өзі қызықтыратын жаңа тақырыптар табуға болады;

-Интернет:Интернеттен кез-келген тақырып бойынша көп материал табуға болады,тек оларды орынды қолдана білудің жолдарын білу қажет.

Тақырыпты таңдаған соң оның қаншалықты дұрыс құрылғанын немесе дұрыс таңдалғанын мына сұрақтарға жауап беру арқылы айқындауға болады:

-Неліктен бұл тақырыпты таңададыңыз?Бұл тақырып сізді не үшін қызықтырды?Бұл тақырып туралы пікіріңіз қандай?

-Бұл туралы кім жазған?Кімдер мақала немесе зерттеу жұмысын жариялаған? Бұл тақырыпқа қатысы бар ұйымдар мен кәсіпорындарды білесіз бе?

-Тақырыптың негізгі сұрағы қандай?Тақырып туралы талқыланатын мәселе қандай?Бұл туралы қарастыратын пікірлер мен ойлар бар ма?

-Тақырып қайда және қай деңгейде қажет болуы мүмкін?Тақырыптың пайда келтіретін арнайы орны немесе саласы бар ма?

-Тақырып қашан маңызды болды немесе қашан маңызды болады? Бұл қазіргі уақытта орны алып отырған жайт па,әлде тарихи оқиға ма?Тақырыбыңызды қазіргі кезде өзекті деп санайсыз ба?

Ақпарат іздеу

Қазіргі таңда кез-келген тақырыпқа қатысты ақпаратты кітапханадан, интернеттен еш қиындықсыз табуға болады.Дегенмен олардың ішінен студент өзіне қажетті ақпаратты дұрыс таба білуі және оны қолдана білуі өте маңызды.Бұл студенттің уақытын үнемдеп қана қоймай,жұмысты сәтті жазып шығуына түрткі болады.

Ақпараттарды тауып,жинақтамас бұрын тақырып бойынша осы кезеңге дейін білетін мәліметтер туралы ойлану қажет.Еске түсекен немесе ойға келген идеяларды қағазға жазып отырудың пайдасы көп.Сондай-ақ пәнге қатысты оқылатын тақырыптарды қарстыруға болады.Таңдалған тақырып осы пәнде оқылатын тақырыптарға сәйкес келген жағдайда,тақырып бойынша оқуға берілген әдебиеттерді қарастыру керек.Сонымен қатар тақырыпқа қатысы бар кітаптар мен мақалалардың қолданылған әдебиеттердің ішінен қажетті мәліметтерін таңдап алуға болады.

Зерттеу жұмысына қажетті материалдарды жинау оңай шаруа емес.Тақырыпқа қатысты материалдарды іздегенде интернет көздерін пайдаланған жөн.Мысалы,Google арқылы Wikipedia сайтына кіріп көп мәлімет табуға болады.Дегенмен олардың сенімділігіне көз жеткізу керек. Әдетте,жақсы материалдарды жинау үшін мынадай жайттарды ескеру қажет:


Бірінші,зерттеу үшін тақырыпқа қатысты қатысты сөздердің немесе терминдердің тізбесін жасап алған жөн.

Екінші,тапсырма және зерттеу сұрағы бойынша талап етілетін жайттар туралы ойлану қажет.Көп сайттар рецензияланған мақалалар ұсынады, зерттеу жұмысына осындай сенімді мәліметтерді ғана қолдануға тырысу қажет.

Үшінші,зерттеу жұмысының қолданылған әдебиеттерді құнды болуын ескерген жөн.Google Scholor сияқты академиялық материал іздеу сайттары «сілтеме жасалынған»деп,қанша адамның материалдарды қолданғанын көрсетеді.Жұмысқа сілтеменің көп жасалуы,оның құндылығы мен сенімділігінің жоғары екенін байқатады.

Зерттеу материалдарын жинау да зерттеу жұмысы болып саналады.Материалдарды жинау барысында әркім өзі қалыптастырған әдістерді қолдануы мүмкін.Ең бастысы,материалдарды жылдам жинап,оны алдағы зерттеу жұмысына қалай қолдану жағын ойластырған жөн.Дегенмен кейбір мақалалардағы мәоіметтер ескі болуы мүмкін.Сондықтан мәліметтің қашаг жарияланғаны жөнінде білу маңызды.Негізінен, аталған жайттың барлығы нені зерттеуім қажет деген сұрақтың жауабын бідуге тікелей байланысты.

Сонымен «нені зерттеу қажет?».Зерттеу жұмысын жүргізудің негізгі мақсаттарының бірі-белгілі бір тақырып бойынша көбірек білу және осы тақырыпты жетілдіру жолдарын айқындау.

Зерттеу-белгілі бір мәселе жөнінде кеңінен іздестіру жұмысын жүргізу.Ал зерттеу әдісі-жекелей немесе топ болып мәселені анықтау және оның шешілу жолдарын анықтау.Дәлел-зерттеу арқылы фактілер мен дәйектер жинау.

Зерттеу жұмысының ең негізгі үдерісінің бірі-қызығушылық тудырған саланы ықшамдай алу.Қызығушылығына қарай,автор мәселені нақты әрі түсінікті етіп зерттей алатындай сұрақты табуы тиіс.Зерттеу сұрағы анық болған сайын оған жауап беру мен оны зерттеу үдерісі түсінікті бола түседі.Зерттеу сұрағын құру үшін мынадай қарапайым үдерісті жүзеге асырған дұрыс:

Бірінші,зерттеу саласы:ғылым сан-салалы.Автор өзін қызықтыратын саланы анықтау үшін мынадай қарапайым екі сұрақты қоя алады:Мені 1)Мені не қызықтырады?Бұл сала мені не үшін қызықтырады?Мәселен,Қазақстан экономикасы қызықтырады.

Екінші,зерттеу бағыты:салалардың ішінен қай бағыт қызықтыратынын анықтап алу қадет.Мәселен,Мені Қазақстанның Кеден одағына қосылғаннан кейінгі жағдайы қызықтырады.

Үшінші,зерттеу сұрағы:жазба жұмысының негізгі зерттеу сқрағын анықтап алу керек.Мүмкіндік пен уақытты ескере отырып зерттеу сұрағын таңдау қажет.Кейде бір немесе бірнеше,тіпті шағын сұрақтар туындауы мүмкін.Мәселен,
Қазақстан экономикасна Кеден одағы қандай пайда әкелді?Кеден одағы экономикамыздың қай саласының дамуына ықпал етті?

Тақырыпқа қатысты ақпараттарды табу зерттеу сұрағы мен зерттеу тақырыбын таңдауға және зерттеу жоспарын құрып,оны жүзеге асыру үдерісіне көшуге мүмкіндік береді.Ақпараттардың сенімділігіне көз жеткізіп болған соң,оларды синтез немесе анализ жасау арқылы қолдану жолдарын қарастыруға болады.Ақпараттарды дереккөз ретінде пайдалану және қолданылған әдебиеттер тізімінде дұрыс безендіру үшін қай жерден алынғанын арнайы жеке қағазға мұқият жазып отыру қажет.

Жазылым үдерісі

Ғылыммен айналысатын немесе зерттеу жұмысын жүргізіп жатқан кез-келген адам өзінің күнделікті уақытын өзіне ыңғайлы етіп жоспарлап алады.Сонымен қатар әрбір адамның,жұмысы мен атқаратын қызметіне қарай,жекелеген мақсаты мен міндеттері болады және олардың зерттеу еңбектерінің көлемі мен жанры да әртүрлі.Осыған байланысты олардың күрделілігі мен қиыншылықтары да әрқалай болады.

Сонымен қатар жазба жұмысын бірден бастап кету үлкен қиындық туғызуы мүмкін.Себебі көп студенттер алдындағы ақ параққа нені жазудан немесе жазба жұмысын қалай ьастаудан жүрексінеді.Мұндай кедергіден арылу үшін жұмысты бастамас бұрын студент өзін ешқашан түзуші немесе сыншы рөліне қоймауы тиіс.Ол үшін алдымен өзін шығармашыл адам ретінде есептеп,тек дайын болған жұмысты тексеру барысында ғана өзін сынаушы рөліне ауыстырғаны дұрыс.Өзін шығармашылық қабілеті жоғары,ойы ұшқыр жан ретінде ойына келген тақырып жөнінде ойшақырту амалдарын жасау қажет.Ол үшін алдымен тақырыпқа қатысты кілт сөздердің тізімін жасап,сол сөздер арқылы карта жасағаны дұрыс.Бұл-жазбаша зерттеу жұмысын жазудың тиімді қадамы.

Ойшақырту амалдарын жүзеге асырғаннан кейін ғылыми әдебиеттерге шолу жасалынады.Бұл кезеңде студент өз алдына дербес жұмыс жасайды және тақырып бойынша өз бетімен ізденеді және ойланады.Бұл арқылы жаңа ғылыми білім,көзқарасы,ойы өзгереді.

14-апта. Лекция № 27. Тақырыбы: Эссе түрлері


  1. Шағын эссе және оның түрлері

  2. Эссенің түрлері

  3. Аргументтік эссе


Эссе – шағын көлемді прозалық мәтін. Эссеге батыл болжамдар