ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 08.09.2021
Просмотров: 4605
Скачиваний: 2
Микроаэрофилді грам(-) таяқшалар (Campylobacter және
Helіcobacter туыстастықтары)
Campylobacter туыстастығы 1909ж қойлар арасында инфекциялық түсік кезінде ыдыраған эмбрионынан табылған (C.fetus). Қазір 13 түрі анықталған - спираль тәрізді S- әріп секілді имектелген, “шағала қанатына” ұқсас бактериялар, орташа мөлшері - 0.5-5-0.2-0.8 мкм, бір немесе көп рет оралған, ұзындығы 8 мкм. 48-72 сағат өсірген кезде пішіні кокка тәрізді. Қозғалғыш, оралып жылжиды, талшықтары бір немесе екі шетінде орналасады (талшықтың ұзындығы 2-3 есе бактерия денесінен ұзын). Спора түзбейді; хемоорганотрофтар, негізгі зат алмасу метаболизмі тыныстық. Көмірсуларды ыдыратпайды, қышқылды және нейтралді өнімдер бөлмейді. Адамға патогенді түрлері капнофилдер (СО2 10-15%) және микроаэрофилдер (О2 21%), ал кей түрлері, мысалы C.fetus анаэробты жағдайда тіршілік ете алады. Микроаэрофилді жағдайда тіршілік ету үшін кей түрлерге Н+ иондары мен фумараттар қажет (аэробты жағдай жасау керек). Грам(-), анилин бояуларын қиын қабылдағандықтан, Циль бойынша карбол фуксинімен боялады. Негізгі өкілі - C.fetus, туыстастықта адамға және жануарларға патогенді түрлері бар - кампилобактериоз ауруын тудырады. Кампилобактерияларды негізінен несеп-жыныс мүшелерінен, ішектен және ауыз қуысынан тапқан. Медициналық маңызы бар түрі - C.jejunі, жақын уақытта анықталған.
Campylobacter jejunі тобы (C.jejunі, C.colі, C.larі). Лабораторияда бөлу қорытындысының эффективтілігі - температура, ортаның газдық құрамы және қоректік заттың сапасы.
Дақылдық қасиеттері. Оптималді өсіру температурасы 420С, рН 7.0-7.2; микроаэрофилді жағдай жасау үшін анаэростаттың ауасының құрамы 75% газдық ертінді болу керек (90% азот пен 10% СО2) немесе анаэростатқа шам жарығын қою керек.
- Кампилобактериялар тасымалдауда жойылып кетуі мүмкін, сондықтан материалды бірден консерванты бар ортаға егеді (тиогликолді сорпа немесе сілтілі пептонды су) және 40С сақтайды.
- таза өсіндісін алу үшін фильтрация әдісі қолданылады. Әдістің негізгі ерекшелігі фильтратты селективті емес ортаға егуі (мысалы, қанды агар немесе шоколадты агар). Бактерияларды жылдам бөлу үшін селективті орталарға егеді - Скирбоу, Бутцлер немесе Престон орталарына.
Тығыз қоректік орталарында 2 типті колониялар түзеді - ылғал кілегейлі “жайылмалы” сұр түсті колониялар шеттері бұдыр (өте ұсақ конденсат тамшыларына ұқсас болуы мүмкін) немесе ұсақ дискретті жылтыр дөңес колониялар мөлшері 1-2 мм.
Жартылай сүйық және сұйық қоректік орта бетінде аспан көк-сүр түсті қабықша пайда болады.
Биохимиялық қасиеттері. Кампилобактериялар көмірсуларды ферменттемейді, қышқыл немесе нейтралді өнімдерді бөлмейді; нитратты редуцирлейді; Н2S түзеді, сүтті ірітпейді, гемолитикалық активтілігі жоқ. Өсіру үшін сары су қажет етпейді, энергия көзі аминқышқылдары немесе цикл Кребстің ортанғы өнімдері; Фогес-проскауэр реакциясы және метилен қызылмен қоятын сынама қорытындысы теріс; желатина мен мочевинаны гидролиздемейді; оксидаза(+); пигмент түзбейді.
Campylobacter jejunі мен C.colі дифференцияциясын экспресс-тест гиппуратпен жүргізіледі (жана бөлінген C.jejunі тестте оң нәтиже береді).
Campylobacter jejunі мен C.larі дифференцияциясын налидикс қышқылына сезімталдығын анықтайтын тест бойынша жүргізіледі (бірінші түрі - сезімтал, ал екінші түрі - төзімді).
Антигендік құрылысы - күрделі, әсіресе термолабилді антигендер құрамы. Маңызды беткейлік Аг ЛПС (О-Аг) және қышқылға сезімтал белоктық фракцияларынан құралған, серотиптелінеді. Жалпы энтеробактерийлерде кездесетін антигені жоқ. Талшықтық Н-Аг табылған.
О-Аг кампилобактерлердің иммунологиялық ерекшелігін айқындайды, тура емес гемагглютинация реакциясында байқалады.
Жақын арада белоктық талшықтық Н-Аг табылған.
Аурудың патогенезі кампилобактерлердің адгезивтік және инвазивтік белсенділігімен сипатталады. Өт жолдарында қарқынды көбейіп, ашы ішекте таралады.
Шырышты қабатқа бактерия беткейіндегі арнайы адгезиндермен жабысады; ерекшелігі - кампилобактерлер кілегейлі шырыштан өтіп эпителий бойына орналасады (шырышты кілегейде 30 мин тіршілік ете алады) себебі талшықтар - негізгі адгезия факторы.
Кампилобактерлер эпителиалді клеткалар мембранасынан тез өте алады, инвазия нәтижесі - науқастың нәжісінде қан мен кілегей болады.
Кампилобактерлердің аш ішегіне колонизациялауы шырышты қабаттарда қабыну процесі мен ісіну пайда болады; базалді мембранада полиморфты лейкоциттер, лимфоциттер және плазматикалық клеткалары бар инфильтрат дамиды. Эндоскопия жасағанда шырышты қабаттың ісінуімен гиперплазиясы, эрозия, бір-бірімен бірігіп, аш және тоқ ішекте жаралар пайда болғанын көруге болады.
Зақымдау патогенезінде маңызды роль алатындар термолабилді және термостабилді энтеротоксиндер. Энтеротоксині эшерихиялардың диареегенді және тырысқақ вибрионның термолабилді токсиндеріне ұқсас (клетка ішіндегі цАМФ деңгейн күшейтеді). Термостабилді энтеротоксин (эндотоксин) кампилобактерлер жойылған кезде шығады, әсері барлық энтеробактерийлердің эндотоксин әсеріне ұқсас. Тірі және өлі микроорганизмді тышқандарға енгізгенде, олар өледі.
Аурудың ауырлығы бір жағынан макроорганизмнің иммундық жүйесінің жағдайына байланысты. Қауіпті топтар қатарына балалар (2 жасқа дейінгілер), кариялар, иммунодефициттері бар науқастар, стероидтар мен цитостатиктер қолданатын науқастар жатқызылады.
Клиникалық көріністері. Негізгі көрінісі - энтероколит; инкубациялық кезеңі - 2-5 тәулік, 10 тәулікке дейін болуы мүмкін. Көптеген науқастарда жедел колит симптомдары дамиды; ректороманоскопия қорытындысы - шырышты қабаттың ісінуі, гиперемиясы, қабырғасы жұқарған. Гомосексуалистер арасында кампилобактериозды проктит дамиды.
Өте ауыр жағдайларда дегидратация белгілері мен іштің қатты ауруы байқалады - жедел перитонит. Сирек жедел кампилобактерлі менингит болуы мүмкін. Соңғы жылдардағы мәліметтер бойынша, Campylobacter jejunі Гийена-Барре синдромын тудыратыны анықталған - жедел бірінші реттік идиопатиялық полирадикулоневрит - аутоиммунды реакциялар - моторлы ганглийлердің нейрондары кампилобактерлердің ЛПС олигоқанттарымен қиылыса байланысады. Келесі асқынуы - реактивті артрит 2% науқастарда аурудың басталуынан 1-2 аптадан соң дамиды.
Кесте
Кампилобактериялық энтероколиттің негізгі симптомдары
|
Ауру сатысы |
үзақтығы |
Клиникалық көріністері |
|
Продрома Ауру қарқыны Реконвалесценция |
Бірнеше сағаттан бірнеше тәулік (кейде болмайды) 2-10 тәулік 2 тәуліктен 3 аптаға дейін |
Жалпы әлсіздік, бас ауруы, миалгия, артралгия, қызба (50%) іш ауруы, диарея (қарқынды, сулы немесе кілегейлі); нәжісте қан мен лейкоциттер (2-3 тәулікте пайда болады) іш ауруы сақталады, кей жағдайларда дегидратация белгілері және реактивтік артриттер дамиды |
Лабораториялық диагностикасында науқас нәжісінен қоздырғышты табу; есте сақтау керек - қоздырғыштың колонияларын алу үшін сапалы қоректік орта қажет - жана дайындалған қоректі ортада колониялар жайылып өседі.
Жедел идентификациясын жүргізу үшін микроскопия жасалынады - нәзік грам(-) спираль тәрізді немесе S-имектелген бактериялар. Фазды-контрасты микроскопия колданып, нәжісті сұйық қоректік ортадан суспензия жасап көруге болады.
Кампилобактерлердің идентификациясы серологиялық әдіспен жүргізіледі, мысалы, агглютинация реакциясы немесе комплемент байланыстырушы реакция, агглютинациясы тура емес реакция, иммуноферментті анализ (ИФА).
Емі. Көптеген жағдайда диагнозы дәлелдеген кезде, науқас өзінен өзі сауығып кетеді. Антибиотиктерді тек ауыр жағдайда ғана қолданады. Кампилобактерлер аминогликозидтерге, эритромицинге, тетрациклинге, левомицетинге және фуразолидонга сезімтал, ал пенициллинге, цефалотинге, бисептолға төзімді.
Эпидемиологиясы. Кампилобактериалық гастроэнтериттер барлық жерде кездеседі. Ауру спорадиялық түрде тіркеледі. Ерекшелігі - ауыл түрғындары - қысқы мезгілде, ал қала тұрғындары - жазғы уақытта ауырады. Сонымен қатар, саяхатшылар диареясы деп аталады. Инфекцияның жұқтыру көзі - жануарлар, құстар, адам. Адам олардан дайындалған тағамдардан өте ластанған кезде жұқтырады.
C.fetus алғаш рет 1909 ж инфекциялық түсікте табылған; адамдарда - Венсан ғалымы белгісіз дене қызуы көтерілген жүкті әйелдерден қоздырғышты тапқан. Көптеген пациенттерде түсікке әкелді. Нәрестеден де қоздырғыш бөлінген. Қазіргі уақытта ауру АҚШ, Германия, Франция, Оңтүстік Африка және Непалда жиі кездесіп отыр. Клиникалық көріністері әр түрлі - пиогенді менингиттер, менингоэнцефалиттер, түсік, эндокардиттер, тромбофлебиттер, артриттер, гепатомегалия. Диагноз тек қоздырғышты тапқан кезде дәлелденеді. Диагностикасы басқа кампилобактерлер секілді өткізіледі.
Helіcobacter туыстастығы
Алғашқы мәліметтер 1983-1984ж. бойынша жедел гастродуодениті бар науқастардың асқазанның шырышты қабатында кездесетін имектелген бактериялар табылған. Алғашқы “асқазандық” кампилобактерлерді Австралияда 1982ж. анықтаған; сау адамдар асқазандарында кездеседі екен. Адамға патогенді түрі - Нelіcobacter pylorі.
Морфологиясы
Қысқа, имектелген немесе оралған бактериялар; грам(-); орташа мөлшері - 2.5-4х0.5 мкм; қозғалғыш (лофотрихтер); талшықтары - 4-5, көбіне олар чехолмен қапталған және шеттерінде бүршіктері бар. Бактерияның клетка қабырғасында май қышқылдары бар - гексадекан, октадецен, гексадецен қышқылдары.
Дақылдық қасиеттері.
Микроаэрофилді жағдайларда жақсы өседі; аэробты және анаэробты жағдайда өспейді. Оптималді температурасы 370С, бірақ көптеген түрлері 33-410С өседі; 25-280 және 420С өспейді. Оптималді қоректік орталары - қанды агар және шоколадты агар, сонымен қатар, гемині жоқ 10% сарысулы ортада да өседі (басқа кампилобактерлерден ерекшелігі). Глицерин, өт тұздары және NaCl (2.0-3.5%) қосылған қоректі орталарда өспейді. Кей штаммдардың гемолитикалық активтілігі жоғары (-гемолиз), гиппуратты гидролиздей алмайды.
48-72 сағатта тығыз қоректі ортада ұсақ, мөлдір жылтыр колониялар түзеді, біраз уақыт өткен соң колониялар кокка тәрізді формаға ауысады.
Сұйық қоректік орта сәл лайланып, аспан-көгілдір-сұр түсті қабықша түзеді.
Биохимиялық қасиеттері
Оксидаза+, каталаза+, уреаза+, транспептидазды және фосфатазды активтілігі бар; Н2S түзеді; нитратты редуцирлемейді; сүтті ірітпейді, глюкозаға инертті.
Антигендік құрылысы толық зерттелмеген. О-Аг мен Н-Аг бар
Патогенезі
Жедел гастриті немесе созылмалы түрі қозған науқастарды зерттегенде, қабыну ошақтарынан көп мөлшерде бактериялар табылған. Кілегей арасынан өтіп хеликобактерлер эпителиалді клеткаларға жабысады, шырышты қабаттың криптері мен бездеріне енеді. Бактериялардың активтілігі шырышты қабаттың қабырғасын бұзады, нәтижесінде асқазан сөлі мүшенің қабырғасынан сыртқа шығады. Хеликобактердің Аг (ЛПС) нейтрофилдердің миграциясын белсендіреді, жедел қабыну процесі дамиды. Хеликобактерлер клеткааралық жолда орналасуы хемотаксис пен қан клеткалары бұзылғанда шыққан мочевина мен геминмен байланысты. Бактериялық уреаза әсерінен мочевина аммиакқа ауысады, ал аммиак асқазан мен он екі елі ішектің шырышты қабатын зақымдайды.
Клиникалық көріністері
Гастродуаденит симптомдарына ұқсас. Пациент дәрігерге эпигастрий аймағы тұрақты ауырғанына шағымданады. Бұл жағдай метронидазол мен фуразолидон қолданған соң іш ауруы басылады.
-
Инкубациялық кезеңі - 7 тәулік. Ауру науқаспен қатынаста болғанда жұғуы мүмкін (балалар мен жасөспірімдер арасында).
-
Жедел кезеңінде асқазан сөлінің рН өзгереді, 40-50% пациенттерде - лоқсу мен құсу байқалады; 3 айдан соң созылмалы гастрит дамиды, кейінірек жаралы гастродуоденит симптомдары.
Лабораториялық диагностика.
Helіcobacter pylorі асқазан мен оң екі елі ішектің шырышты қабатынан алған биоптаттан бөлу.
-
Бактериялар гематоксилин-эозин немесе Уортин-Старри бойынша күміспен боялған гистологиялық препараттарда жақсы көрінеді; акридин оранжпен боялған препараттарда өте жақсы көруге болады.
-
қозғалғыштығын анықтау үшін фазды-контрастты микроскопия қолдануға болады.
-
Хеликобактерлердің уреаздық активтілігін клотестте анықтайды.
-
Дақылдың таза өсіндісін алу үшін басқа микрофлораны тежейтін антибиотиктер (цефсулодин, амфотерицин) қосылған қанды агар қолданады.
-
ИФА, РСК жүргізіледі.
Емі.
Метронидазол, фуразолидон. Амоксиклава, цефокситин, эритромицин қолдануға болады, соңғысын тетрациклинмен ауыстыруға да болады.
Иллюстративті материал
Холерный вибрион. Окраска эозином, ув.х1000.
Электронная микроскопия холерного вибриона
Бақылау сұрақтары (кері байланыс)
-
Аса қауыпты инфекция дегеніміз не?
-
Эпидемия, пандемия дегеніміз не?
Дифтерия микробиологиясы.
Дифтерия - жедел дамитын жұқпалы ауру, жиі жас балалар ауырады, организм дифтерия токсинімен кұрт улануымен бірге қоздырғыш еңген орнында фибринозды қабыну процесін тудырады. Аурудың аталуы грек сөзінен dіphthera - тері, қабыршақ, себебі, қоздырғыш көбейген орнында тығыз ақшыл-сүр түсті қабыршақ пайда болады.
Дифтерия қоздырғышы - Corіnebacterіum dіphtherіae алғаш рет 1883 жылы Э.Клебс ашты, Ф.Леффлер 1884 ж. қабыршақтан қоздырғыштың таза дақылын бөліп алды. Э.Ру және А.Иерсен дифтерияның этиологиясы және патогенезінде маңызды роль экзотоксин атқаратындығын дәлелдеген. 1892 ж. Э.Беринг антитоксикалық сары су тапты және 1894 жылдан бастап оны дифтерия еміне қолдана бастады, қатерлі жағдайлар санын төмендетті. 1923 ж. Г.Рамон дифтерия анатоксинін бөліп алатын әдісті ұсынды.
Дифтерия қоздырғышы тудыратын аурулар
-
Жұтқыншақ дифтериясы
-
Мұрын дифтериясы
-
Көздің дифтериясы
-
Құлақтың дифтериясы
-
Қынап дифтериясы
-
Жара беткеіндегі дифтерия
Дифтерия қоздырғышы - коринеформды бактериялар сыртқы қоршаған ортада кең таралған, Corіnebacterіum туыстастығына жатады. Морфологиялық сипаттамасы - клетка шеттері бұршіктелген (грек сөзінен coryne - түйреуіш), тұрып қалған дақылдарда тармақтары болады, және цитоплазмада қосымша дәндері бар.
Corіnebacterіum туысы көптеген түрлерден құралған, оларды негізгі 3 топқа біріктірген:
-
Адамға және жануарларға патогенді коринебактериялар
-
Өсімдіктерге патогенді коринебактериялар
-
Патогенді емес коринебактериялар. Осылардың көптеген түрі тері, мұрын-жұтқыншақ, көздің, тыныс алу жолдары, уретра мен жыныстық мүшелердің кілегей қабығында қалыпты микрофлора құрамына кіреді.
Морфологиясы. Corіnebacterіum dіphtherіae - тік немесе имектелген қозғалмайтын таяқшалар, ұзындығы 1.0-8.0 мкм және көлемі 0.3-0.8 мкм., спора, капсуласы жоқ, кей штаммдарында микрокапсула бар. Таяқша бір немесе екі шетінде бұршіктері бар, волютин дәндерінен тұрады, олар метилен көкпен бояғанда көгілдір-пурпур түс береді. Нейссер әдісімен бояғанда таяқша сары түсте, ал волютин дәндері - қоныр-қара түсте боялады. Коринебактериялар грам оңды таяқшалар, бірақ полиморфты - тұрып қалған дақылда және антибиотиктер әсерінен грам теріске ауысуы мүмкін. Бір дақылда әр түрлі көлемді таяқшалар рим әріптері V, X немесе түйіршек секілді орналасады. Ал патогенді емес коринебактериялар - дифтероидтар және жалған дифтериялық таяқшалар - бір-біріне жабысқан күйінде, волютин дәндері тек бір жағында орналасады немесе мүлдем болмайды.