Файл: азастан тарихы пнінен тосанды жиынты баалау спецификациясы 5сынып.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 22.11.2023
Просмотров: 219
Скачиваний: 5
СОДЕРЖАНИЕ
Тоқсандарға ойлау дағдыларының деңгейіне байланысты тексерілетін мақсаттарды бөлу
І ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ
Жиынтық бағалаудың өткізілу уақыты – 45 минут Балл саны – 20
І тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы
І тоқсан бойынша «Қазақстан тарихы» пәнінен жиынтық бағалау тапсырмалары
ІІ тоқсанның жиынтық бағалауына шолу
ІІ тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы
ІІ тоқсан бойынша «Қазақстан тарихы» пәнінен жиынтық бағалау тапсырмалары
ІІІ ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ
ІІІ тоқсан бойынша жиынтық бағалауға шолу
ІІІ тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы
ІV ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ
IV тоқсан бойынша жиынтық бағалауға шолу
IV тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы
ІV тоқсан бойынша «Қазақстан тарихы» пәнінен жиынтық бағалау тапсырмалары
Білім алушыларға дұрыс емес жауапты өшіргішпен өшірудің орнына, қарындашпен сызып қоюды ұсыныңыз.
Жұмыс барысында нұсқаулыққа немесе жұмыстың ұзақтығына қатысты білім алушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беруге болады. Жекелеген білім алушыларға көмек беруге негізделген кез келген ақпаратты оқуға, айтуға, өзгертіп айтуға немесе көрсетуге тыйым салынады.
Тоқсандық жиынтық бағалаудың аяқталуына 5 минут уақыт қалғандығын үнемі хабарлап отырыңыз.
Тоқсандық жиынтық бағалау аяқталғаннан кейін білім алушылардан жұмыстарын тоқтатып, қалам/қарындаштарын партаның үстіне қоюларын өтініңіз.
- 1 2 3 4 5 6 7 8 9 ... 12
Модерация және балл қою
Барлық мұғалімдер балл қою кестесінің бірдей нұсқасын қолданады. Модерация үдерісінде бірыңғай балл қою кестесінен ауытқушылықты болдырмау үшін жұмыс үлгілерін балл қою кестесіне сәйкес тексеру қажет.
І ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ
І тоқсанның жиынтық бағалауына шолу
Жиынтық бағалаудың өткізілу уақыты – 45 минут Балл саны – 20
Тапсырмалар түрлері:
КТБ - көп таңдауы бар тапсырмалар;
ҚЖ - қысқа жауапты қажет ететін тапсырмалар;
ТЖ - толық жауапты қажет ететін тапсырмалар.
Жиынтық бағалаудың құрылымы
Тоқсан бойынша жиынтық бағалауда әртүрлі тапсырмалар: көп жауапты таңдауы бар сұрақтар, қысқа/толық жауапты қажет ететін сұрақтар қолданылады. Берілген нұсқа қысқа/толық жауапты қажет ететін сұрақтарды қамтитын 8 тапсырмадан тұрады. Көп таңдауы бар тапсырмаларда білім алушы жауап нұсқаларының ішінен бір немесе бірнеше жауап нұсқаларын таңдайды. Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтарға сөздер немесе қысқа сөйлемдер түрінде жауап береді.
Тапсырма бірнеше құрылымдық бөлімдерден/сұрақтардан тұрады
І тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы
Бөлім | Тексерілетін мақсат | Ойлау дағдыларының деңгейі | Тапсырма саны* | тапсырма* № | Тапсырма түрі* | Орындау уақыты, мин* | Балл* | Бөлім бойынша балл |
Қазақстандағы ежелгі адамдардың өмірі | 5.2.3.1 қазақстандық ғалымдардың археологиялық жаңалықтарын білу | Білу және түсіну | 5 | 1-5 | КТБ | 8 | 5 | 20 |
5.4.1.1 ежелгі адамдардың кәсібін сипаттау | Білу және түсіну | |||||||
5.4.2.1 еңбек құралдары мен қару түрлерін сипаттау | Қолдану | 1 | 6 | ТЖ | 13 | 6 | ||
5.2.2.2 Археологиялық деректерге сүйене отырып, Андронов және Беғазы- Дәндібай мәдениеттерінің белгілерін анықтау | Қолдану | 1 | 7 | ТЖ | 14 | 5 | ||
5.2.1.1 Алғашқы адамдардың наным- сенімдерін сипаттау | Қолдану | 1 | 8 | КТБ | 10 | 4 | ||
Барлығы: | - | 8 | - | - | 45 | 20 | 20 | |
Еcкерту:*-өзгерісенгізугеболатынбөлімдер |
І тоқсан бойынша «Қазақстан тарихы» пәнінен жиынтық бағалау тапсырмалары
Көп жауап нұсқаларынан бір жауапты таңдап белгілеңіз.
-
Ерте тас ғасыры тұрақтарының ең көне ескерткіштерінің табылған жері: А) Сексеуіл, Қарасу
В) Усть-Нарым С) Атасу, Пеньки
D) Арал, Ботай
Е) Шақпақата, Арыстанды.
-
Ерте тас дәуіріндегі әйелдердің негізгі кәсібі:
А) Аңшылық В) Балық аулау С) Мал бағу
D) Үй салу
Е) Терімшілік
-
Қазақстандағы алғашқы полеолиттік ескерткіштерді ашқан археолог: А) Ә.Марғұлан
В) К.Ақышев С) З.Самашев
D) Х.Алпысбаев Е) А.Медеуов
-
В.Ф.Зайберт тапқан мәдениетті көрсетіңіз: А) Ботай мәдениеті
В) Беғазы-Дәндібай мәдениеті С) Андрон мәдениеті
D) Тасмола мәдениеті Е) Шілікті мәдениеті
-
Малды қолға үйрете бастау қалыптасқан кезең:
А) Ерте полеолит В) Мезолит
С) Энеолит
D) Қола дәуірі
Е) Орта полеолит
[5]
-
Еңбек құралдары мен қару түрлерін сипаттаңыз.
№ | Еңбек құралы мен қару | Атауы | Ерекшелігі |
1 | | | |
2 | | | |
3 | | | |
[6]
-
Деректі оқып, Андрон және Беғазы-Дәндібай мәдениеттерінің белгілерін анықтаңыз.
Андрон тектес қола мәдениеті Орал (Жайық) өзенінен бастап, Енисей өзеніне дейінгі, Батыс Сібір орманды алқабынан бастап, Памир тауларына дейінгі аралыққа тараған.
Қазақстандағы ескерткіштері Солтүстік Батыс және Орталық Қазақстанда орналасқан осылардың ішіндегі ең ірісі — Орталық Қазақстан. Орталықта кен өндіру мен металл өңдеу ісі өркендеді. Мал бағудың көшпелі түріне көшу қалыптаса бастады. Жер өңдеудің қарапайым түрі, теселі егіншілік дамыды.
Беғазы-Дәндібай мәдениетінде бұрынғы андрон мәдениетіне тән үлгілер сақталуымен қатар, жаңа жерлеу ғимараттары, тұрғын үйлер пайда болып, жерлеу салты, өзіндік шаруашылық түрлері қалыптасты. Жаңа мәдениет қауымның жоғарғы лауазымды билеушілеріне арнап салынған қақпақ тастардан тұрғызылған зәулім кесенелерімен, мәйітті бір қырынан, аяқ-қолын бауырына жинап, сонымен қатар шалқалатып жерлеу, олардың жандарына қару-жарақ, әшекей бұйымдар қою ғұрыптарымен ерекшеленеді. Қыш көзелердің пішіні, жасалу, өрнектелу өзгешелігімен де ерекшеленеді.
Дереккөз:https://e-history.kz/kz/history-of-kazakhstan/show/8705/
1.Андронов мәдениетінің 3 ерекшелігін анықтаңыз:
1
2
3 2.Беғазы-Дәндібай мәдениетінің 2 белгісін көрсетіңіз:
1.
2.
[5]
8. Алғашқы адамдар наным-сенім атауын, мағынасына сай сәйкестендіріңіз.
№ | Наным-сенімдер | | Мағынасы |
1. | Анемизм | А | адамдардың шығу тегін жануарлармен, өсімдіктермен байланыстыратын сенім |
2. | Тотемизм | В | алғашқы қауым адамы ойының көрінісі және жаратылыстан тыс күштерге, әртүрлі сиқырлы құбылыстарға сенуді білдіреді. |
3. | Фетишизм | С | адамдар, заттар және басқа да қоршаған орта құбылыстарын басқаратын жандардың, рухы бар екеніне сену |
4. | Магия | D | архаикалық мәдениетіне тән жансыз заттарға қасиетті деп табыну |