Файл: . Е. Жмабаева, Г. И. Уайсова, А. Т. Тралбаева.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 06.12.2023

Просмотров: 199

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

СОДЕРЖАНИЕ

АЛҒЫ СӨЗ

ӨЗІМ ТУРАЛЫ

Тіл және сөйлеу

Өздік диктант

Терме диктант

Шығармашылық диктант

Графикалық (сызба) диктант

У дыбысының дауысты және дауыссыз болып айтылуы

Көру диктанты

Шығармашылық диктант

И, й әріптерінің жазылуы Сөздік диктант

Көру диктанты

Өздік диктант

Шығармашылық диктант

Аңшының қиялы

Терме диктант

Я әрпінің жазылуы

Терме диктант

Өздік диктант

Шығармашылық диктант

***

Ю әрпінің жазылуы

Көру диктанты

***

Өздік диктант

Ескерту диктанты

***

Бақылау диктанты

***

***

МЕНІҢ ОТБАСЫМ ЖӘНЕ ДОСТАРЫМ

Өздік диктант

Дауыссыз б мен п

Көру диктанты

Терме диктант

Дауыссыз қ мен ғ

Көру диктанты

Терме диктант

Өздік диктант

Шығармашылық диктант

Жұмбақтар

Дауыссыз к мен г

Көру диктанты

Терме диктант

Шығармашылық диктант

***

Дауыссыз л мен р

***

Көру диктанты

***

Шығармашылық диктант

***

Дауыссыз н мен ң

***

Көру диктанты

***

Өздік диктант

Шығармашылық диктант

Ескерту диктанты

***

Бақылау диктанты

***

***

МЕНІҢ МЕКТЕБІМ

Мәтін дегеніміз не?

Графикалық диктант

Терме диктант

Мәтіннің тақырыбы және мәтіндегі негізгі ой дегеніміз не?

Өздік диктант

Шығармашылық диктант

Мәтіннің құрылымдық бөліктері Шығармашылық диктант

Ақтиін

Графикалық диктант

Мәтін және оның түрлері

Шығармашылық диктант

***

***

Шығармашылық диктант

Сұраулы сөйлем

Өздік диктант

***

Шығармашылық диктант

***

***

Графикалық диктант

Бақылау диктанты

***

МЕНІҢ ТУҒАН ӨЛКЕМ

Лепті сөйлем

Өздік диктант

Шығармашылық диктант

***

Терме диктант

***

Сөйлемдегі сөздердің байланысы Көру диктанты

***

***

Өздік диктант

Шығармашылық диктант

***

***

Графикалық диктант

* * *

Ескерту диктанты

Бақылау диктанты

***

***

МАЗМҰНЫ

Ю әрпінің жазылуы


Сөздік диктант

Жаю, ою, еңкею, түю, жию, сыю, тыю.

  • Сөздердің мағынасынтүсіндіру.

Көру диктанты


Биші

Қамзол кием қынай бел Толған ою, өрнекке.

Билесін деп сұрайды ел, Өнерімді көрмекке.

Оразақын Асқар

  • Ою сөзіне дыбыстық талдаужасату.

***


Шілдеде шөп маялап, Егін басы толады.

Көгөніс пен миуа бақ Көздің жауын алады.

Ермек Өтетілеуұлы

  • Миуа сөзінің жазылу ерекшелігінталдау.

Өздік диктант


Тәтті балға тоюды Ойлап аю, Омартаны ториды.

Мұзафар Әлімбай

Ескерту диктанты


Сауысқан
Сауысқан – жылтыр, әшекейлi заттарға әуес құс. Ол ұясына әр түстi матаны, қағаздарды, жылтыр шыныларды та сиды. Оның ұясынан түрлi түстi тастарды, күмiс тиындар мен алтын сақиналарды да кездестiруге болады.

***


Жақсылық
Әлия бүгін мектепке ерте келді. Сыныпқа кіріп, орнына жайғасты. Терезе жақтан ызыңдаған дыбысты естіді. Ол әйнекте жорғалап жүрген араны байқады. Кішкентай қыз араны ұстап алып, желдеткіштен сыртқа шығарып жіберді.

Бақылау диктанты



Ерте заманда адамдар өз ойларын бірбіріне жеткізу, түсіндіру үшін әртүрлі ісқимылдарды қолданған. Тастарға сурет салған және жалаушалар мен белгілерді пайдаланған. Уақыт өте еңбек арқылы олардың ойлары, тілдері дами бастады. (29 сөз.)

***


Сәукеле

Сәукеле – қазақтың ұлттық баскиімдерінің бірі. Ол оюлар мен, әдемі гауһар тастармен көмкерілген. Сәукелені алдын ала даярлап қояды. Ұзатылатын қыз немесе қалыңдық сәукелені қыз ұзату, үйлену тойларында киеді. (27 сөз.)

***


Шапан жабу
Шапан қазақ халқының сыртқы киіміне жатады. Оны аса бағалайды. Қазақта шапан жабу дәстүрі бар. Арнайы тіккізген шапанды құрметті қонағының иығына жабады. Бұл үлкенді сыйлаудың тамаша үлгісі болып табылады. (28 сөз.)

МЕНІҢ ОТБАСЫМ ЖӘНЕ ДОСТАРЫМ



Дауыссыз дыбыстардың түрлері Сөздік диктант

Ататек, шежіре, отбасы, немере, шөбере.

  • Сөздерге дыбыстық талдаужасату.



Өздік диктант



Шежіре ағашы
Қазақта әрбір адам өзінің жеті атасын білуі керек. Жеті атасын білмеу – өте ұят нәрсе. Жеті атаны үйретуге атаана көмекке келеді. Жеті атаға өзі, әкесі, атасы, бабасы және онан арғы атабабасы кіреді.

Дауыссыз б мен п



Сөздік диктант
Кітап, мектеп, доп, клуб, штаб, тәртіп, талап.

Көру диктанты



Ұқыпты бала

Кітапты түптеп тастады. Ұқыпсыз бала

Кітапты бүктеп тастады. Жұмысын басқаға Жүктеп тастады.

Қастек Баянбай

Терме диктант


Жұмбақ

Күні бойы тіл қатпай, Қол шалғыны өкшелеп,

Шапқан шөпті құрғатпай, Жинайды бұл дестелеп.

(Тырма)

Дауыссыз қ мен ғ


Сөздік диктант
Достық, атақ, құшақ, қылық, қазақ.

Көру диктанты



Түліктің пайдасы
Түйе – байлық, Қой – мырзалық, Ешкі – жеңілдік, Жылқы – сәндік, Сиыр – ақтық.


  • Қ дыбысына аяқталған сөздердің астынсыздыру.

Терме диктант



Қайран жылқы! Бұл әлі – Қасиеттің бұлағы. Тұяғымен естиді, Естімесе құлағы!

Қадыр Мырза Әли

  • Қдыбысығдыбысынаөзгергенсөздердітеріпжаздыру.



Өздік диктант



Екі дос үйүйдің арасымен әңгімелесіп келе жатты. Оның біреуі Ақселеу де, екіншісі Абыз. Абыздың денсаулығы на шар, көп жүгіре алмайтын, демікпе сырқаты болатын.

Бір үйдің жанынан өте бергенде, дәу қара төбет абалап үріп шыға келді.

  • Ақселеу, қаш, әне, ит келіп қалды! – деп, Абыз айғайлап жүгіре жөнелді.

Ақселеу жерден бір шыбық алып, қашпастан итке қарсы ұмтылды. Айбар шекті. Көршілер келіп, Ақселеуді айырып алды. Бірақ оның шалбары жырымжырым болды.

Абыз Ақселеудің жанына келіп:

  • Мен қаш дегенде неге қашпадың? Қашсаң, сен де аман қалатын едің, – деді.

  • Мен қашсам, денсаулығың жоқ, алысқа жүгіре алмайтын сен тұтылып, мен құтылатын едім. Сені қорғап қалу үшін әдейі қашпадым, – деді Ақселеу.

  • Ақселеу бала да болса, азамат екен! Оның мұнысы нағыз достық! – деді екеуінің әңгімесін тыңдап тұрған бір ақсақал сүйсініп.

Мәдіхат Төрежанов

Шығармашылық диктант



Мақал
Жаман аттан ая...м артық, Жаман жолдастан тая...ым артық.


    • Көп нүктенің орнына тиісті әріпті қойыпжаздыру.



Жұмбақтар





      1. Жепжеңіл қара таба... Шыр көбелек айналады. Күй тартады,

Ән салады.

(Күй таба...ы)


      1. Бөрене тұмсы..., Емен ая....

Жандар бар Некенсая... .

(Піл)

      1. Қол санды...ым жабы..., Іші тол...ан мамы... .

(Жасты. )


  • Көп нүктенің орнына қ, ғ әріптерінің тиістісін қойып жаздыру.



Дауыссыз к мен г



Сөздік диктант
Тек, тілек, жүрек, бесік, еңбек.

Көру диктанты



Көк ту
Қазақстан көгінде

Көк ту тұр ғой желбіреп. Қазағымның бүгінде

Көк аспаны мөлдіреп.

Нұрлан Мәукенұлы


Терме диктант



Кітап оқыр бір бөбек
Жаңбыр жауар себелеп, Жонға шығар ебелек.

Гүлге қонар көбелек, Атқа қонар бөгелек. Су жыланды құртуға Көлге қонар дегелек.

Ғылым сырын білсем деп, Көкте күн боп күлсем деп, Кітап оқыр бір бөбек.

Өтебай Тұрманжанов


  • К-ге аяқталған сөздерді теріпжаздыру.

Шығармашылық диктант



Мақал-мәтелдер


  1. Ақылсыздың күші біле...інде, Ақылдының күші жүре...інде.




  1. Өтірі...ші алдымен өзін алдайды.




  1. Кө...алсыз – жер көрі...сіз, Білімсіз – ер көрі...сіз.




  1. Сиырды теппейді, Сүтті тө...пейді.




    • Көп нүктенің орнына к, г әріптерінің тиістісін қойып жаздыру.



***



Шыңғыстау

Бәріне ашық есі...і, Өнер сырын ұққанның. Шыңғыс – алтын бесі...і Абай менен Мұхтардың.

Несіпбек Айтов


    • Көп нүктенің орнына к, г әріптерінің тиістісін қойып жаздыру.




Дауыссыз л мен р



Сөздік диктант
Растау, риза, рақат, лебіз, рұқсат, рәсуа.

***



Ілмек, ылғал, ырық, ірі, ірімшік, ілесу, ылғи, іру.

Көру диктанты



Ана
Ақыл құйған санама, Күннен артық, расында. Күн алыста, ал анам Ылғи менің қасымда.

Т. Бейсенбеков


  • Сөз басындағы р, ы дыбыстарына талдаужасату.



***


Леклек үлек келеді, Көп үлек түлеп келеді.


  • Жаңылтпашты жатқажаздыру.



Шығармашылық диктант



1. ...айым жақсылық болсын. 2. Оттың ыстық ...ебіне су киімдерімізді кептіріп алдық. 3. Көшеде ...ай сулар іркіліп жа тыр. 4. Бірбіріңді ...енжітпе. 5. Үй толған балаларды ...еттеп отырғызды.


  • Көп нүктенің орнына л, р әріптерінің тиістісін қойып жаздыру.



***


Жақсылық
Қоян бір күні қатты ауырып қалды. Қасында көмектесер ешкімі жоқ. Жанашыр біреу болса ғой деп армандады. «Осы

дан жазылсам, барлық хайуандарды достасуға, бірбірімізге көмектесуге шақырар едім», – деп толғанды ол.

    • Ертегіні жалғастыру. Соңғы бөлікте «лезде», «расын- да» сөздерін қолданыпжаздыру.



Дауыссыз н мен ң



Сөздік диктант

Кен, кең, шаңғы, соңғы, әңгіме, қараңғы, дөңгелек.

***


Жауынгер, сенгіш, көнгіш, күнгей, төменгі, бұрынғы.

Көру диктанты



Менің досым Маңғыстауда тұрады біз хат арқылы таныстық мен оған өз отбасым, достарым туралы мақтанышпен жазамын Назерке Алматыға биыл жазда келмекші досымды асыға күтіп жүрмін.

    • Сөйлемдерді тиісті тыныс белгісін қойдырып, жатқа жаздыру.



***


Қон. Қоң.

Жайлауға қон, Жисын мал қоң.

Ескен Елубай

  • Қон–қоң сөздерінің мағынасынтүсіндіру.

Өздік диктант


– Балалар, жер бетінде сендер сияқты балалар бақытты өмір сүру үшін не қажет?

– Әрине, бейбітшілік пен байлық қажет. Жер бетінде бейбітшілік пен байлықтың мәңгі орнауы үшін