Файл: . Е. Жмабаева, Г. И. Уайсова, А. Т. Тралбаева.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 06.12.2023

Просмотров: 216

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

СОДЕРЖАНИЕ

АЛҒЫ СӨЗ

ӨЗІМ ТУРАЛЫ

Тіл және сөйлеу

Өздік диктант

Терме диктант

Шығармашылық диктант

Графикалық (сызба) диктант

У дыбысының дауысты және дауыссыз болып айтылуы

Көру диктанты

Шығармашылық диктант

И, й әріптерінің жазылуы Сөздік диктант

Көру диктанты

Өздік диктант

Шығармашылық диктант

Аңшының қиялы

Терме диктант

Я әрпінің жазылуы

Терме диктант

Өздік диктант

Шығармашылық диктант

***

Ю әрпінің жазылуы

Көру диктанты

***

Өздік диктант

Ескерту диктанты

***

Бақылау диктанты

***

***

МЕНІҢ ОТБАСЫМ ЖӘНЕ ДОСТАРЫМ

Өздік диктант

Дауыссыз б мен п

Көру диктанты

Терме диктант

Дауыссыз қ мен ғ

Көру диктанты

Терме диктант

Өздік диктант

Шығармашылық диктант

Жұмбақтар

Дауыссыз к мен г

Көру диктанты

Терме диктант

Шығармашылық диктант

***

Дауыссыз л мен р

***

Көру диктанты

***

Шығармашылық диктант

***

Дауыссыз н мен ң

***

Көру диктанты

***

Өздік диктант

Шығармашылық диктант

Ескерту диктанты

***

Бақылау диктанты

***

***

МЕНІҢ МЕКТЕБІМ

Мәтін дегеніміз не?

Графикалық диктант

Терме диктант

Мәтіннің тақырыбы және мәтіндегі негізгі ой дегеніміз не?

Өздік диктант

Шығармашылық диктант

Мәтіннің құрылымдық бөліктері Шығармашылық диктант

Ақтиін

Графикалық диктант

Мәтін және оның түрлері

Шығармашылық диктант

***

***

Шығармашылық диктант

Сұраулы сөйлем

Өздік диктант

***

Шығармашылық диктант

***

***

Графикалық диктант

Бақылау диктанты

***

МЕНІҢ ТУҒАН ӨЛКЕМ

Лепті сөйлем

Өздік диктант

Шығармашылық диктант

***

Терме диктант

***

Сөйлемдегі сөздердің байланысы Көру диктанты

***

***

Өздік диктант

Шығармашылық диктант

***

***

Графикалық диктант

* * *

Ескерту диктанты

Бақылау диктанты

***

***

МАЗМҰНЫ

барлық

халықтар, ұлттар өзара тату болу керек. Сондықтан, ең алды мен, өз сыныбымызда достық орнауы қажет.

Шығармашылық диктант



1. Атасы бір қызық ә...гіме айтты. 2. Бөлме іші қара...ғы екен. 3. Бұл – Әлияның со...ғы хаты. 4. Әсияның үйі клубтың төме...гі жағында.

  • Көп нүктенің орнына н, ң әріптерінің тиістісінжаздыру.

Ескерту диктанты


Ләйлә мен Райхан орманға жидек теруге келді. Олардың үлкен себетін көріп, жидектер тығылып қалды. Шырша бұтағына көбелек ұшып келді. Қыздар көбелекті қуып кетті. Себет жерде қалды. Бәрін байқап отырған тиін себетке жидек тере бастады. Қайта оралған екі дос себеттің жидекке толы екенін көрді. Олар қатты қуанды.

***


Атасы қаладан келді. Талаптың ұзақ күткен сыйлығын әкелді. Бұрандалы трактор. Кілтін бұраса, тракторы дырылдап жүреді. Қуанып, досы Рахатқа көрсетті. Ол тракторға қатты қызықты. Талап тракторын бір күнге ойнауға берді. Атасы немересінің ісіне риза болды.

«Балдырған» журналынан


Бақылау диктанты



Екі дос

Раушан мен Іңкәр – дос. Олар бір сыныпта оқиды. Екеуі де ибалы, тәртіпті. Сабақтарын үздік оқиды. Қос жұп бос уақыттарын бірге өткізеді. Аптасына екі рет тоғызқұмалаққа барады. Оларға балалар қызыға қарайды. (30 сөз.)

***


Ержүрек Әлия

Қардай бораған оқ. Жауынгерлер бас көтере алар емес. Әлия орнынан ұшып тұрды. Жалынды ұранмен жауынгерлерді

шабуылға көтерді. Жау бекінісі алынды. Осы ұрыста Әлия жауынгерлерді алты рет шабуылға бастады. (28 сөз.)

«Ақжелкен» журналынан

***


Қамқорлық

Балалар мұзайдынын жасап жатты. Олар алаңның қарын күреді. Бірнеше рет су әкеліп құйды. Су қатып, мұзайдыны дайын болды. Серік сырқаттанып, бұл жұмысқа араласа алма ды. Жақып Серікті ойнауға шақырды. (30 сөз.)

Мәдіхат Төрежанов

МЕНІҢ МЕКТЕБІМ




Мәтін дегеніміз не?



Шығармашылық диктант

Мектепте салтанатты жиын болды. Жиын соңында түрлі түсті шарлар аспанға ұшырылды. Бүгін – Білім күні. Оқушылар мектепке келді. Құттықтау сөздер әншашумен жалғасты.

  • Орныауыстырылыпберілгенсөйлемдерденмәтінқұрас- тырту.

Графикалық диктант






  • Берілген сызбаның көмегімен мәтінқұрастырту.



Терме диктант


Мынау – сынып бөлмесі. Оның терезелері үлкен. Түн ұзарды. Сол жақта мұғалім үстелі мен орындығы қойылған.

Терезелердің алдында гүлдер өсіп тұр. Оң жақта менің төсегім тұр. Оқушылар үстелі мен орындығы топпен жұмыс істеуге ыңғайлы етіп орналастырылған. Сынып бөлмесінің ауасы таза.

    • Сыныпбөлмесітуралысөйлемдердімәтіншығатындай етіптеріпжаздыру.Мәтінніңқайтүріекенінанықтату.



Мәтіннің тақырыбы және мәтіндегі негізгі ой дегеніміз не?



Көру диктанты
Тақтайлардың қалдығын Қиып,

Қырнап, Қашадым.

Қиыстырып барлығын, Бір орындық жасадым.

Қастек Баянбай


    • Өлеңнің не туралы екенін тапқызу. Өлеңге атқою.




Өздік диктант



Ахмет Байтұрсынұлы
Ақын, ғалым Ахмет туған Ақкөлде, Ғалым атын жазшы жырдай дәптерге. Сол атадан Ана тілін үйренген

Атаң, Әжең, Әкең, Шешең, Әпкең де...

«Әліппенің», өлеңжырдың ұстасы, Ахмет ата – бүкіл халық ұстазы.

МұзафарӘлімбай

Шығармашылық диктант


Тәлім алған осында атамыз да, Әжеміз де, анамыз да, әкеміз де. Құшағына түлегін шақырды ана – Енді біз де үлгілі шәкірт бала.

Мұзафар Әлімбай


  • Өлең не туралы екенін тапқызу. Тақырыптың қыс- қаша атауы түрінде мәтінге атқойғызу.



Мәтіннің құрылымдық бөліктері Шығармашылық диктант


Мен кеше циркке бардым. Жолбарыстарды көрдім. Осын дай күшті аң адамға неге бағынады? Мүмкін, адамның олар дан қорықпайтындығынан шығар? Әлде иесі оларға үнемі қам қорлық жасағандығынан ба? Сендер қалай ойлайсыңдар?

  • Мәтінді бөліктерге бөліп, қайтажаздыру.

Ақтиін


Кенет ағаш басынан ұлпа жүнді тиін секіріп түсті. Бізден қорыққан жоқ. Адамдарға әбден үйреніп алған. Мен оның ал дына қолымдағы қарағай жаңғағын тастай салдым. Ақтиін жаңғақты қақшып алды. Содан соң олжасын жақын маңдағы ағаш түбіне көме бастады.


  • Мәтіннің басы мен соңын өз ойынан шығартыпжаздыру.



Графикалық диктант





|.
|. |. |.
|. |.
|. |.

Басы

Негізгі бөлім

Соңы

  • Берілгенсызбабойыншабасы,негізгібөлігі,соңыбар

«Мектептегі оқиға» тақырыбына мәтін құрату. Мәтіннің қай түрі екенін анықтату.

Мәтін және оның түрлері



Өздік диктант
Мен 2сыныпта оқимын. Бізге Айман апай сабақ береді.

Біздің оқитын сыныбымыз кең, жарық. Төбесі биік, қабыр ғалары аппақ.

Біз сыныпты таза ұстаймыз. Өйткені, ол – біздің екінші үйіміз. Мұны балалардың бәрі жақсы біледі.

  • Әр бөлікті мәтін түрлерінеажырату.



Шығармашылық диктант



Келесі сабақ – денешынықтыру. Жәния мен Лаура мек теп формасын, аяқкиімін шешті. Олар спорт киімдерін киіп, спортзалға асықты.

Қоңырау соғылып, оқушылар үзіліске шықты. Оқушылар денешанықтыру сабағын ұнатады.

  • Орны ауысқан бөліктерді мәтін шығатындай етіп құрастырту. Мәтіннің қай түрі екенінанықтату.

***


Ағаш, қайың, сұлу, діңі, аппақ, жұқа, қабық, қапталған, бұтақ, нәрлі, шырын, тамады.

  • Берілген тірек сөздердің көмегімен аққайыңды сипат- тату.



***


Тақырыбы: «Мен мектебім мен сыныптастарымды не үшін жақсы көремін?»

  • Осы тақырыпта пайымдау мәтінін құрату.

Графикалық диктант



өйткені себебі

неге десеңіз

Қорытынды пікір

Дәлелденетін пікір
сондықтан сол себепті демек олай болса


  • Берілген сызба бойынша пайымдау мәтінінқұрастыру.



Сөйлем дегеніміз не?



Хабарлы сөйлем

Көру диктанты
Бұлбұл – кішкентай құс ол таңертең ағашқа қонып алып сайрайды бұлбұлдың үні құлаққа өте жағымды.


  • Сөйлемдерді тиісті тыныс белгісін қойдырып, жатқа жаздыру.



Өздік диктант



Нүкте деген – пайымды, Батыл тыныс белгісі.

Аяқтамай ойыңды, Келмейді оның көнгісі.
Жазып жатқан кездерде Асықпайақ күтеді.

Небір ғажап сөздер де Сол нүктемен бітеді.

Қадыр Мырза Әли

Шығармашылық диктант



Сұлулыққа ынтығып, таза ауаға құмартып жүрген баланың денсаулығы да түзеле бастапты.

  • Апа, білесің бе? – депті ол бір күні қуанып шешесіне. – Табиғаттың бөлшегі ағаш пен гүл ғана емес екен.

  • Иә, гүл де, су да, ауа да табиғаттың бөлшегі демексің ғой.

– ...

Ұлының ақылды сөзіне көңілі толған ана елжіреп, оның маңдайынан сүйді.
Нұрдәулет Ақыш

    • Диалогтітолықтыру.