Файл: Нрслтан аласы кімідігіні.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 12.12.2023

Просмотров: 580

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫ ӘКІМІДІГІНІҢ


«БІЛІМ БЕРУДІ ЖАҢҒЫРТУ ОРТАЛЫҒЫ» МКҚК




БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ БІЛІМ ЖЕТІСТІКТЕРІНІҢ МОНИТОРИНГІ


Тесттержинағы

НҰР- СҰЛТАН, 2022


Білім беру ұйымының оқу-әдістемелік сараптамалық кеңесінің отырысында қаралды, қала көлемінде таратуға ұсынылды (2022 жылғы 5 сәуірдегі №4 хаттама)


Құрастырушылар:


Әзімбай Н.К. Нұр-Сұлтан қаласы Білім беруді жаңғырту орталығының әдіскері.

Ж.А. Дуйсетаева, А.А.Байтикова, Ф.А. Курманалиева, «№81 Astana English School мамандандырылған гимназиясының бастауыш сынып мұғалімдері.

Уткельбаева Б.Т., Муратова С.К. №63 мектеп-гимназиясының бастауыш сынып мұғалімдері.

«4- сынып оқушыларына арналған оқу сауаттылығы, математикалық сауаттылық, ғылыми сауаттылық- жаратылыстану пәндерінен білім алушылардың білім жетістіктерінің мониторингі тест тапсырмалар жинағы. Нұр- Сұлтан қаласы, 2022 ж.-54 б.

Білім беруді жаңғырту орталығының жаңа үлгідегі тестер жинағында берілген тест тапсырмаларының мазмұны Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының талаптарына сай, жалпы орта білім берудің оқу бағдарламасына негізделген. Жинақ оқу сауаттылығы, математикалық сауаттылықтары бойынша жасақталған тест сұрақтары құрастырылған.

Тест жинағы оқушылардың білім жетістіктерінің мониторингін жүргізуге арналған.


МАЗМҰНЫ


КІРІСПЕ 3

1.ТЕСТТЕР 6


КІРІСПЕ


Қазіргі заманда елдің бәсекеге қабілеттілігі оның азаматтарының парасаттылығымен анықталады, сондықтан білім беру жүйесі
болашақтың талабына сәйкес дамуы тиіс. Білім алушылардың білім жетістіктерінің мониторингін жүргізу жаңа өзгерістерді қажет етеді.

Білім алушылардың білім жетістіктерінің мониторингі Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 24 шілдедегі (2021 жылғы 8 қаңтардағы өзгерістер және толықтырулармен) «Білім туралы» Заңының 55-бабының 4-тармағына сәйкес. Орта білім берудегі оқу жетістіктерін сырттай бағалау Бастауыш және негізгі орта білім беру ұйымдарында білім алушылардың білім жетістіктерінің мониторингі (бұдан әрі ББЖМ) болып өзгертілді.

Бастауыш және негізгі орта білім беру ұйымдарында ББЖМ білім беру ұйымдарынан тәуелсіз, оқыту сапасын жүйелі бақылау, бастауыш және негізгі орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарына сәйкестігін бағалау мақсатында жүзеге асырылады. ББЖМ әдістемелік көмек көрсету және білім беру сапасын қамтамасыз ету жөнінде тест жинағын әзірлей отырып, дайындық пен өткізуді, тестілеу нәтижелерін өңдеу мен жүйелі талдауды қамтиды.

ББЖМ 4-сыныптарда кешенді тестілеу нысанында ақпараттық- коммуникациялық технологияларды (бұдан әрі – АКТ) қолдана отырып, оқыту тілінде функционалдық сауаттылықтың үш бағыты: оқу сауаттылығы, математикалық сауаттылық, жаратылыстану-ғылыми сауаттылық бойынша жүргізіледі.

4-сынып оқушыларына арналған тесттің құрылымы:

Оқу сауаттылығы 10 тест тапсырмасы; Математикалық сауаттылық 12 тест тапсырмасы; Жаратылыстану-ғылыми сауаттылық 8 тест тапсырмасы.

Тест тапсырмаларының форматы: бір дұрыс жауапты таңдауға арналған. Тестті орындау уақыты 75 минут (1 сағат 15 минут). Максималды балл 30.


ББЖМ 9-сыныптарда кешенді тестілеу нысанында АКТ қолдана отырып, функционалдық сауаттылықтың үш бағыты: математикалық сауаттылық, жаратылыстану-ғылыми сауаттылық, оқу сауаттылығы (орыс, қазақ және ағылшын тілдерінде мәтіндер) бойынша жүргізіледі.

  1. сынып оқушыларына арналған тесттің құрылымы:

Оқу сауаттылығы (қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі), әр тіл бойынша 10 тест тапсырмасы, барлығы 30 тест тапсырмасы; Математикалық сауаттылық – 13 тест тапсырмасы; Жаратылыстану-ғылыми сауаттылық (физика, химия, биология, география), әр пән бойынша 2 контекст негізінде 8 тест тапсырмасы, барлығы 32 тест тапсырмасы. Тест тапсырмаларының формасы: бір дұрыс жауапты таңдауға арналған. Тестті орындау уақыты – 150 минут (2 сағат 30 минут). Максималды балл – 75.

Таңдау пәнінде бір дұрыс жауапты және бірнеше дұрыс жауапты сұрақтар енгізілген. Бұл білім деңгейін толық және терең бағалайтын ой қорытуды, салыстыруды қажет ететін тапсырмалар. Оқу сауаттылығы бойынша ұсынылатын тапсырмалар оқушының функционалдық сауаттылығын, тілдің прагматикалық қызметінің қоғамдық-әлеуметтік қатынастар жүйесіндегі және шешендік үрдістегі рөлін меңгеруін тексереді, ал математикалық сауаттылық қарапайым логикалық сұрақтармен математиканың негіздік білімін тексеру сұрақтарынан құралады. Жаңа форматтағы сынақ тесттер жинағында әр таңдау пәндеріне қарай біріктірілген 2 немесе 4 нұсқадан тұратын тест тапсырмалары берілген.

Бұл ең алдымен педагогтерге және оқушыларға әдістемелік көмек, жаңа форматтағы тестке дайындалуға бағыт болсын деген ой. Жинақ педагогтер мен оқушылар
және ата-аналардың сұранысы бойынша құрастырылды.

Барлық білім алушыларға сәттілік тілейміз!!!



Оқу сауаттылығы.


I нұсқа 1 мәтін

Нұсқаулық:Мәтіндімұқиятоқып,берілгентапсырмаларғадұрысжауапберіңіз.
Қамқорлық

Бір кісі жол үстінде келе жатқанда оны қатты шөл қысады. Ол айналасына қарап су іздейді. Сол маңнан құдық табады. Ол құдыққа түсіп, шөлін қандырады да, шүкіршілік етіп, жолын ары қарай жалғастырады. Жолдың бойында шөлден тілі салақтаған бір итті көзі шалады. Иттің қатты шөлдегені соншалық, ылғал топырақты жалап тұр екен.

Оны көрген әлгі кісі: «Менің басыма түскен хал мына итке де түсіпті- ау!»- деп құдық ішіне қайта түсіп, аяқ киіміне су толтырып шығып әлгі итке су береді.


  1. Асты сызылған сөзге мәндес сөзді табыңыз. А) Қасірет

В) Әл

С) Жағдай Д) Қуат

  1. Мәтіндегі жолаушыға тән қасиетті көрсетіңіз. А) Өзімшілдік

В) Мейірімділік С) Сараңдық

Д) Тәкаппарлық

  1. Мәтіннің идеясын анықтаңыз. А) Еңбекқорлыққа үйрету

В) Қамқорлыққа баулу С) Төзімділікке шақыру

Д) Үнемшілдікті насихаттау

  1. Жолаушы итке суды неге құйып берді? А) бас киіміне

В) алақанына С) аяқ киіміне Д) ыдысқа


2-мәтін


Нұсқаулық:Мәтіндімұқиятоқып,берілгентапсырмаларғадұрысжауапберіңіз.
Үлкен әулет

Өсіп- өнген үлкен әулетте жүз кісі бірге тату- тәтті өмір сүріп жатыпты. Сол елдің патшасы бұл әулет туралы естігенде, қызығушылықпен барып әулеттің ақсақалына жолығуды ұйғарыпты.

Қариямен кездескенде патша «Әулетіңізді тату- тәтті бейбітшілікте ұстап тұруыңыздың сыры неде?»- деп сұрапты. Қария қағазға біршама уақыт бір нәрсе шимайлап жазып патшаға ұсыныпты. Патша қараса, қағазда бар- жоғы бір- ақ сөз жазылыпты. Үсті- үстіне әбден баттастырып жазылған сөз «сабыр» екен.


  1. Мәтінде кездеспейтін ақпаратты табыңыз.

А) Патша қариядан бейбітшілікте өмір сүрудің сырын сұрайды.