Файл: Нрслтан аласы кімідігіні.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 12.12.2023

Просмотров: 585

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
В) Жүз кісінің бәрі де сабырлы екен.

С) Патша әулет туралы естігенде қатты қызығады. Д) Жүз кісі бейбітшілікте өмір сүреді.

  1. Асты сызылған сөзге қатысы жоқ жауапты белгілеңіз. А) Үш буыннан тұратын сөз.

В) Қатаң дауыссыздан басталған сөз. С) Дыбыс пен әріп саны бірдей.

Д) Алты дыбыстан тұратын сөз.

  1. «Сабыр» сөзіне мағынасы қарама- қарсы сөзді табыңыз. А) байсалды

В) сабырсыз С) ержүрек Д) мейірімді

  1. Mәтін мазмұнына сәйкес келетін мақал А) Сабыр түбі- сары алтын.

В) Сабын кірді ашады, сабырсыз сырды ашады. С) Барыңа шүкір ет, жоғыңа сабыр ет.

Д) Біреу жәбір етсе, сен сабыр ет.

  1. Патша қариядан ненің сырын білгісі келді?

А) Бір үйде неліктен жүз адам тұрып жатқандығын білгісі келді. В) Сабыр сөзінің сырын білгісі келді.

С) Жүз адамға азық- түлікті қалай жеткізетіндігін білгісі келді. Д) Бейбітшілікте өмір сүрудің сырын білгісі келді.

  1. Сөйлемнен ілік септігінде тұрған сөздерді табыңыз

Сол елдің патшасы бұл әулет туралы естігенде, қызығушылықпен барып әулеттің ақсақалынажолығудыұйғарыпты.

А) патшасы, ақсақалына

В) қызығушылықпен, естігенде С) елдің, әулеттің

Д) жолығуды, ұйғарыпты

Оқу сауаттылығы II нұсқа


1 мәтін

Нұсқаулық:Мәтіндімұқиятоқып,берілгентапсырмаларғадұрысжауапберіңіз.
Қайыңның көз жасы

Қапан кешке бұтағы сынған қайыңнан су тамшылап тұрғанын байқады. Қайта- қайта қарап, таң- тамаша. Осы сәтте Күркебай қарт таяп келді. Қапан:

- Ата, айтыңызшы, неге су ағып тұр?- деді қайыңның бұтағын нұсқап.

- Су емес... Қайыңның көз жасы- ол. Біреу бұтағын сындырған. Содан жаны жараланып, жылап тұр. Тілі жоқ. Айтатын. Қайтсін байғұс?! Табиғат перзенті- ағаштың да жаны, жүрегі бар! Адамдардан аялы алақан, күтім тілейді! Ал олардың жасайтыны- осы...

Қапан ұялды. Қарттың уәжді сөздері зердесіне жеткендей басы салбырап, қозғалмастан тұрып қалды. «Енді сындырмаймын, ата!» деген сөзді іштей қайталай берді.


  1. Мәтінде қандай ағаш туралы айтылған? А) қарағай

В) қайың С) қарағаш Д) қарақат

  1. Қарамен жазылған сөздің мағынасын табыңыз А) санасына

В) ойына С) басына Д) жүрегіне

  1. Қапан іштей қандай сөзді қайталай берді? А) Мен сындырған жоқпын, ата.

В) Ағаштың жаны, жүрегі жоқ С) Мені кешіріңіз, ата.

Д) Енді сындырмаймын, ата!

  1. Мәтін мазмұнына сәйкес келетін мақалды көрсетіңіз А) Табиғат- тал бесік.

В) Табиғат- жер байлығы, батырлар- ел байлығы.

С) Адамзаттың табиғатсыз күні жоқ, табиғаттың оны айтуға тілі жоқ. Д) Ағаш тамырымен мықты, адам досымен мықты.

2 мәтін


Нұсқаулық:Мәтіндімұқиятоқып,берілгентапсырмаларғадұрысжауапберіңіз.
Қайырымды балалар

Сәулет көкке қарады. Қарлығаштар төмен құйылып, кеудесімен жер соға жаздап барып, қайта көтерілді.

Келбет екеуі біраз қарап тұрды. Қарлығаштар шырылдап айнала ұшып жүр.

  • Ой!- деді сүрініп кеткен Сәулет тізесін сипалап. - Әне, ана балапанды қарашы.

  • Қане, қайсы, қай жерде?

  • Әне, байқа, басып кетпе.

Келбет келіп қалды. Кіп- кішкентай тұмсығын жерге тіреп, қызылшақа балапан жатыр.

Көздерін ашып- жұмып, дір- дір етеді. Сәулет балапанды алақанына салып көрді.

  • Ұядан ұшып түскен ғой,- деді.

  • Тірі ме?

  • Иә, тірі сияқты.

  • Бізден қорқып тұрған шығар.

  • Онда ұясына салайық,- деді де, сатыны әкеп, үйдің қабырғасына сүйеді. Сатыға шығып, балапанды ұяға салды.

Сәулет пен Келбет сатыны алған соң қарлығаштар ұяға қонды. Манағыдай емес, көңілді. Көкке көтеріліп, балалардың төбесінен екі- үш айналып өтті.


  1. Мәтіндегі балаларға тән қасиетті көрсетіңіз А) мейірімділік

В) өзімшілдік С) өжеттік

Д) қатыгездік

  1. Қарамен жазылған сөздер қай септікте тұрғанын табыңыз А) атау септік, ілік септік, көмектес септік

В) атау септік, табыс септік, ілік септік

С) жатыс септік, ілік септік, шығыс септік

Д) барыс септік, табыс септік, көмектес септік

  1. «Дір- дір» сөзі қандай қос сөздерге жатады? А) қосарлама қос сөздер

В) қосымшалы қос сөздер

С) күшейткіш буын арқылы жасалған қос сөздер Д) қайталама қос сөздер

  1. «Қарлығаштар шырылдап айнала ұшып жүр» сөйлеміндегі етістік қай шақта ғанын табыңыз.

А) келер шақ В) өткен шақ С) осы шақ

Д) барлық жауап дұрыс

  1. Сөйлемнен буын үндестігіне бағынбайтын сөзді табыңыз. Ой!- деді сүрініп кеткен Сәулет тізесін сипалап.


А) Сәулет В) сүрініп С) тізесін Д) сипалап

  1. Мәтінде кездеспейтін ақпаратты табыңыз А) Сәулет балапанды алақанына салып көрді. В) Балапандар ұядан құлап түсті.

С) Сәулет пен Келбет балапанды өздерімен алып кетті.

Д) Қарлығаштар шырылдап айнала ұшып жүр.


Оқу сауаттылығы III нұсқа


    1. мәтін

Нұсқаулық:Мәтіндімұқиятоқып,берілгентапсырмаларғадұрысжауапберіңіз.
Бала Жетес

Тоғыз жасар Жетес тоқсандағы Төле биге сәлем бере барыпты. Сонда Төле би былай деген екен.

- Бата- басқа, қына- тасқа, ақыл- жасқа, не қалайсың балам?- депті. Сонда Жетес бала:

- О, қасиетті баба! Ат берсеңіз өліп қалады, тон берсеңіз тозып қалады. Ат- тонға бергісіз өлмейтін, өшпейтін, өмірі естен кетпейтін бір сөз айтыңыз, соған ризамын,- депті.

  1. Мәтіндегі бала Жетеске тән қасиетті көрсетіңіз. А) Бала сәлем бергенді ұнатады.

В) Бала ат пен тонды жек көреді.

С) Бала дүниеден гөрі аталы сөзді артық көреді. Д) Бала естен кетпейтін сөздерді қызық көреді.

  1. Мәтіндегі Жетес бидің іс- әрекетіне қатысты мақалды көрсетіңіз. А) Атаңнан мал қалғанша, тал қалсын.

В) Бота алғанша, бата ал.

С) Мал бір жұттық, батыр бір оқтық.

Д) Болар елдің баласы бірін- бірі батыр дейді. 3.Мәтінде қай оқиға орын алған жоқ, табыңыз. А) Жетес арнайы Төле биге сәлем беруге келді. В) Төле би баланың қалауын сұрады.

С) Жетес Төле бидің қалауын берді.

Д) Жетес Төле биге сөз қадірін білетінін сезіндірді.

  1. Мәтіндегі қарамен жазылған тіркестің синонимі А) жаңарады

В) ескіреді С) жоғалады Д) табылады


    1. мәтін


Нұсқаулық:Мәтіндімұқиятоқып,берілгентапсырмаларғадұрысжауапберіңіз.

Қант пен Тас

Кішкентай Болаттың қолындағы бір шақпақ Қант байқаусызда жерге түсіп кетті де, домалап барып, сонадай жерде жатқан Тасқа соғылды.

  • Шекең ауырды ма?- деді Тас масаттанып.- Өзің келіп соғылдың ғой.

  • Ауырған жоқ,- деді Қант ақырын ғана. Мен байқаусызда саған соқтығып қалдым.