Файл: Жиынты баалауа арналан дістемелік сыныстар Информатика 5 сынып дістемелік сыныстар малімге, 5сынып білім алушыларына Информатика.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 09.01.2024

Просмотров: 127

Скачиваний: 4

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Жиынтық бағалауға арналған

әдістемелік ұсыныстар

Информатика
5 сынып
Әдістемелік ұсыныстар мұғалімге, 5-сынып білім алушыларына «Информатика» пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Әдістемелік ұсыныстар (орыс тілінде білім беретін) негізгі мектептің (5-9-сыныптары) «Информатика» пәні бойынша оқу бағдарламасы (орта білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы) мен оқу жоспарының негізінде дайындалған. 5-сыныпта жиынтық бағалау барлық тоқсанда өткізіледі.

Бөлім бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім алушылардың тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.

Әдістемелік ұсыныстарда бөлім бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныс түрінде берілген.

Әдістемелік ұсыныстар негізгі мектеп мұғалімдеріне, мектеп әкімшілігіне, білім беру бөлімінің әдіскерлеріне, критериалды бағалау бойынша мектеп, өңірлік үйлестірушілеріне және басқа да мүдделі тұлғаларға арналған.

 

 

 

 

Әдістемелік ұсыныстарды дайындау барысында ресми интернет-сайттағы қолжетімді ресурстар (суреттер, фотосуреттер, мәтіндер, аудио және бейнематериалдар) қолданылды.

 

 

 

Мазмұны

1-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР 4

«Компьютер және кауіпсіздік» бөлімі бойынша жиынтық бағалау 4

«Интернеттегі қауіпсіздік» бөлімі бойынша жиынтық бағалау 7

2-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР 10

«Ақпарат және оның өңдеу» бөлімі бойынша жиынтық бағалау 10

3-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР 15

«Біздің өміріміздегі алгоритмдер» бөлімі бойынша жиынтық бағалау 15

«Талқылау және программалау» бөлімі бойынша жиынтық бағалау 19

4 ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ ТАПСЫРМАЛАРЫ 23

«Жобаны құру және таныстыру» бөлімі бойынша жиынтық бағалау 23


1-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР

«Компьютер және кауіпсіздік» бөлімі бойынша жиынтық бағалау





Оқу мақсаты

5.4.1.1 Қауіпсіздік техникасы ережелерін сақтамаудың салдары туралы талдау жасау

5.1.1.1 Процессор мен қатты дискінің қызметін қарапайым деңгейде түсіндіру


Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Қауіпсіздік техника ережелерінің бұзылуын анықтайды және салдарын сипаттайды

  • Қызметі бойынша құрылғыларды анықтайды




Ойлау дағдыларының деңгейі

Жоғары деңгей дағдылары


Орындау уақыты

15 минут


Тапсырма


  1. Мәтінді оқып, қауіпсіздік техникасы ережелерінің бұзылған тұстарының астын сызыңыз.





Арыстан компьютерін ұқыпты ұстайды. Компьютер үстелінде монитор және тышқан бар. Әр күні кешке Арыстан 4 сағат бойы үзіліссіз компьютер ойындарын ойнайды.



1.1 Компьютер алдындағы жұмыс тәртібін бұзудың қандай салдары болуы мүмкін.
Салдары 1: ______________________________________________________________

________________________________________________________________________

Салдары 2: ______________________________________________________________

________________________________________________________________________

2. Берілген ақпараттан компьютерлік құрылғыларды анықтаңыз.
2.1 Бұл құрылғыны «компьютердің жүрегі» деп атайды. Оның негізгі қызметі болып ақпаратты өңдеу және есептеу жұмысы болып табылады. Құрылғының атын атаңыз- ________________________________________________________.
2.2  Бұл магнитті жазу қағидасына негізделген ақпаратқа еркін қолжетімділік қасиетіне ие құрылғы. Көптеген компьютерлерде мәліметтерді негізгі жинақтаушы болып табылады__________________________________________.
2.3 Ақпаратты сандық еске сақтау құрылғыларын таңбасымен белгілеңіз.


































Бағалау критерийі

Тапсырма №

Дескриптор

Балл

Білім алушы

Қауіпсіздік техника ережелерінің бұзылуын анықтайды және салдарын сипаттайды

1

қауіпсіздік техникасы ережелерінің бұзылу тұстарын анықтайды;

1

қауіпсіздік ережелерінің бұзылуының бірінші салдарын жазады;

1

қауіпсіздік ережелерінің бұзылуының екінші салдарын жазады;

1

Қызметі бойынша құрылғыларды анықтайды


2

ақпаратты өңдеуге жауап беретін құрылғыны анықтайды;

1

есептеуге жауап беретін құрылғыны анықтайды;

1

көптеген компьютерлерде мәліметтерді негізгі жинақтаушы болып табылатын құрылғыны анықтайды;

1

сандық еске сақтау құрылғыларын анықтайды.

1

Барлығы

7



«Компьютер және кауіпсіздік» бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика.

Білім алушының аты-жөні: ___________________________________________

Бағалау критерийлері

Оқу жетістіктерінің деңгейі

Төмен

Орташа

Жоғары

Қауіпсіздік техника ережелерінің бұзылуын анықтайды және салдарын сипаттайды.

Қауіпсіздік техника ережелерінінің бұзылуын анықтау және салдарын сипаттау қиындық туғызады.

Қауіпсіздік техника ережелерінінің бұзылуын анықтауда/ салдарын сипаттауда қателіктер жібереді.

Қауіпсіздік техника ережелерінің бұзылуын дұрыс анықтайды және салдарын сипаттайды.

Қызметі бойынша құрылғыларды анықтайды.

Қ ызметі бойынша құрылғыларды анықтау қиындық туғызады.

Қызметі ақпаратты өңдеу және есептеу жұмысы болып табылатын құрылғыны/

көптеген компьютерлерде мәліметтерді негізгі жинақтаушы болып табылатын құрылғыны /сандық еске сақтау құрылғыларын анықтау кезінде қателіктер жібереді.

Қызметі бойынша құрылғыларды дұрыс анықтайды.



«Интернеттегі қауіпсіздік» бөлімі бойынша жиынтық бағалау





Оқу мақсаты

5.4.2.2 Құжатқа құпия сөз орнату

5.1.3.1 Ортақ қолжетімді файлдарды орналастыру, өзгерту, жүктеу

Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Құпия сөз қою алгоритмін сипаттайды

  • Ортақ қолжетімді файлдармен жұмыс істеу алгоритмін сипаттайды

Ойлау дағдыларының деңгейі

Жоғары деңгей дағдылары


Орындау уақыты

15 минут


Тапсырма
1. Жұмыс үстелінде «Үй жұмысы» атымен сақталған файл тұр. Марат файлға құпия сөз қоямын деп шешті.
a) Құпия сөз орнату алгоритмін толықтырыңыз.

1



Мәзірден «Файл» → «Мәліметтер» таңдау

2




3



«Құпия сөзді шифрлеу» таңдау

4




5



Құпия сөзді растау және «ОК» батырмасын басу


2. Жалпы қолданысқа рұқсат етілген бумада «Құттықтау» файлы орналасқан. Көрсетілген бумадан файлды жүктеп алу алгоритмін жазыңыз.

_____________________________________________________________________

_____________________________________________________________________

_____________________________________________________________________

_____________________________________________________________________
2.1 Ортақ қолжетімді бумаға файлды орналастыру алгоритмін жазыңыз.

_____________________________________________________________________

_____________________________________________________________________

_____________________________________________________________________

_____________________________________________________________________






Бағалау критерийі

Тапсырма №

Дескриптор

Балл

Білім алушы

Құпия сөз орнату тәсілдерін сипаттайды

1

құпия сөз орнату үшін екінші әрекетті жазады;

1

құпия сөз орнату үшін төртінші әрекетті жазады;

1

Ортақ қолжетімді файлдармен жұмыс істеу алгоритмін сипаттайды

2

түпкі буманы көрсетеді;

1

жүктеп алынатын файлды көрсетеді;

1

көшіру әрекетін орындайды;

1

файлдың орналасу (ретін) жолын көрсетеді;

1

алгоритімін жазады.

1

Барлығы

7

«Интернеттегі қауіпсіздік» бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика.

Білім алушының аты-жөні: ___________________________________________

Бағалау критерийлері

Оқу жетістіктерінің деңгейі

Төмен

Орташа

Жоғары

Құпия сөз орнату тәсілдерін сипаттайды.

Қ ұпия сөз орнату тәсілдерін сипаттау қиындық туғызады.

Құпия сөз орнату үшін екінші/

төртінші әрекетті жазу кезінде қателіктер жібереді.

Құпия сөз орнату тәсілдерін дұрыс сипаттайды.

Ортақ қолжетімді файлдармен жұмыс істеу алгоритмін сипаттайды.

Ж алпы қолданысқа рұқсат етілген бумадағы файлдарды жүктеп алу алгоритмін сипаттау қиындық туғызады.

Бастапқы буманы анықтауда/ жүктеп алуға арналған файлдарды таңдауда / көшіріп алу операцияларын көрсетуде қателіктер жібереді.

Жалпы қолданысқа рұқсат етілген бумадағы файлдарды жүктеп алу алгоритмін дұрыс сипаттайды.