ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 10.01.2024
Просмотров: 166
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
СОДЕРЖАНИЕ
Жемісті жұмыс пен шығармашылық табыс тілейміз!
«Кеңістік пен уақыт» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
2-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР
«Заман шындығы» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
3-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР
«Қазақ әдебиеті» пәнінен
(оқытуқазақтілінде)
жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар 11-сынып
(жаратылыстану-математикалықбағыт)
Нұр-Сұлтан, 2019
Құрметті мұғалім!
Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар мұғалімге 11-сынып білім алушыларына «Қазақ әдебиеті» пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар «Қазақ әдебиеті» пәні бойынша оқу бағдарламасы негізінде дайындалған.
Бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім алушының тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.
Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстарда бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныстар түрінде берілген.
Қосымша материалдарды (нұсқаулықтар, таныстырылымдар, жоспарлар және т.б.), форумдағы талқылауларды және бейне нұсқауларды сіз «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ smk.edu.kz ресми сайтынан таба аласыз.
Жемісті жұмыс пен шығармашылық табыс тілейміз!
Әдістемелік ұсыныстар негізгі мектеп мұғалімдеріне, әдіскерлерге, критериалды бағалау бойынша өңірлік және мектеп үйлестірушілеріне, басқа да мүдделі тұлғаларға арналған.
Әдістемелік ұсыныстар дайындау барысында ресурстар (суреттер, мәтіндер, бейне және аудио материалдар, т.б.) қолжетімді ресми интернет-сайттардан алынды. Жинақ коммерциялық емес мақсатта құрастырылған.
МАЗМҰНЫ
-
ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР 4
«Кеңістік пен уақыт» бөлімі бойынша жиынтық бағалау 4
«Уақыт пен кеңістік» бөлімі бойынша жиынтық бағалау 3
-
ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР 7
«Заман шындығы» бөлімі бойынша жиынтық бағалау 7
-
ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР 13
«Ғасырлық туынды» бөлімі бойынша жиынтық бағалау 13
-
ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР 20
«Табиғат және адам» бөлімі бойынша жиынтық бағалау 20
1-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР
«Кеңістік пен уақыт» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
О. Бөкей «Атау кере» повесі
Оқу мақсаты | 11.1.3.1 11.2.5.1 | көркем шығармадағы кейіпкерлер жүйесін жинақтау мен даралау арқылы өмір шындығын көрсету әлем және қазақ әдебиетіндегі ортақ құндылықтардың үндестігін талдау |
Бағалау критерийі | Білімалушы
| |
Ойлау дағдыларының деңгейі | Қолдану Жоғары деңгей дағдылары | |
Орындау уақыты | 15-20 минут | |
Тапсырма
Кейіпкер Кейіпкер бойындағы қасиеттер Өмір шындығымен байланысы жиынтығы Ерік Таған Айна
Бұл үзіндідегі құндылықты анықтап, әлем әдебиетіндегі шығармалармен (үзінділермен) байланыстырыңыз. Үндестігіне талдау жасаңыз.
|
Бағалау критерийі | № тапсырма | Дескриптор | Балл |
Білім алушы | |||
Шығармадағы кейіпкерлер жүйесін талдайды. Кейіпкерлер бейнесі арқылы өмір шындығын көрсетеді. | 1-2 | кейіпкер бойындағы қасиеттерді анықтайды; | 3 |
кейіпкерлер бейнесі арқылы өмір шындығын көрсетеді; | 3 | ||
даралық қасиетті анықтайды; | 1 | ||
кейіпкер қасиетінің өміршеңдігін талдайды; | 1 | ||
Шығармадан әлем әдебиетіндегі ортақ құндылықтарды анықтайды. Үндестігіне талдау жасайды | 3-4 | берілген үзіндідегі құндылықты анықтайды; | 2 |
әлем әдебиеті шығармаларындағы ортақ құндылықтармен байланыстырып талдайды; | 2 | ||
шығармадан өзге құндылықтарды анықтайды; | 2 | ||
олардың өзара үндестігін көрсетеді. | 2 | ||
Барлығы | 16 |
«Уақыт және кеңістік» бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға арналған ақпарат (рубрика) (О. Бөкей «Атау кере» повесі)
Білім алушының аты-жөні
Бағалау критерийі | Оқу жетістігі деңгейі | ||
Төмен | Орта | Жоғары | |
Шығармадағы кейіпкерлер жүйесін талдайды. Кейіпкерлер бейнесі арқылы өмір шындығын көрсетеді. | Кейіпкер бойындағы қасиеттерді анықтауда, кейіпкерлер бейнесі арқылы өмір шындығымен байланыстыруда, даралық қасиетті анықтауда, кейіпкер қасиетінің өміршеңдігін талдауда қиналады. | Кейіпкер бойындағы қасиеттерді анықтауда, кейіпкерлер бейнесі арқылы өмір шындығымен байланыстыруда, даралық қасиетті анықтауда, кейіпкер қасиетінің өміршеңдігін талдауда қателер жібереді. | Кейіпкер бойындағы қасиеттерді анықтайды, кейіпкерлер бейнесі арқылы өмір шындығымен байланыстырады, даралық қасиетті анықтайды, кейіпкер қасиетінің өміршеңдігін талдайды. |
Шығармадан әлем әдебиетіндегі ортақ құндылықтарды анықтайды. Үндестігіне талдау жасайды. | Берілген үзіндідегі құндылықты анықтауда, әлем әдебиетіндегі шығармалардағы ортақ құндылықтармен байланыстырып талдауда, шығармадан өзге құндылықтарды анықтауда, үндестігін көрсетуде қиналады. | Берілген үзіндідегі құндылықты анықтауда, әлем әдебиетіндегі шығармалардағы ортақ құндылықтармен байланыстырып талдауда, шығармадан өзге құндылықтарды анықтауда, үндестігін көрсетуде қателер жібереді. | Берілген үзіндідегі құндылықты анықтайды, әлем әдебиетіндегі шығармалардағы ортақ құндылықтармен байланыстырып талдайды, шығармадан өзге құндылықтарды анықтайды, үндестігін көрсетеді. |
Ж. Әбдірашев «Дала, сенің ұлыңмын» өлеңі
Оқу мақсаты | 11.3.3.1 | шығарманы көркемдік-эстетикалық құндылық тұрғысынан талдап, әдеби эссе жазу |
Бағалау критерийі | Білімалушы
| |
Ойлау дағдыларының деңгейі | Жоғары деңгей дағдылары | |
Орындау уақыты | 15-20 минут | |
Тапсырма 1. Берілген үзіндіде дыбыстық, сөздік және образдық құрылымды қамтитын қандай әдістер қолданылған? Кестені толтырыңыз. Туған дала, тыным алмас жастамын, Тер төгуден, өртенуден қашпадым, Шаршағанда шалғыныңды жастанып, Шалқаласам шаңырағым аспаным. Анау жақын, мынау алыс демеген, Ақынмын ғой көкірегімде өр өлең, Кернегенде кең дүние дүбірлі Көз жіберем, көкжиегім керегем, Туған дала, тоғысты да көп тілек, Көңілімді орап алды отты леп, Осы сенің тауыңа Бір айналып кетсем бе екен... Тұрсам ба екен көк тіреп Күдіктенбей құдіретіме көр сеніп, Мұнша неге шықтың деме белсеніп, Осы қазір нуыңа бір айналып, Кетсем бе екен Тұрсам ба екен көк тіреп. Туған дала, саған деген сезімім, Сан кеудеге сіңіреді өз үнін, Архивтерден атып тұрып сөз алған Арманыңмын кешегіңнің көзімін. Жанарымда желбіретіп туларды, Артта қанша асу қалды, ну қалды, Салтанатты мейрамдарда саптағы Сеніміңмін, бүгініңмін думанды. Дыбыстық көркемік (буын, Сөздік көркемдік (фигура, Образ жасаудағы автордың бунақ, ұйқас, ырғаққа троптарды қолдану) оралымдарына мысалдар байланысты мысалдар) |
2. Өлең мазмұны мен ақынның сөз оралымдарын қолданып, «Даланың ұлы» тақырыбына әдеби эссе жазыңыз (100-150 cөз). |
|
Бағалау критерийі | № тапсырма | Дескриптор | Балл | |
Білім алушы | ||||
Шығарманы көркемдік- эстетикалық құндылық тұрғысынан талдайды | 1-2 | өлеңдегі идеяның берілуіне өз пікірін білдіреді; | 1 | |
өлеңнің дыбыстық көркемдігін құрайтын әдістерге мысал келтіріп, талдайды; | 2 | |||
Әдеби эссе жазады | | өлеңде қолданылған көркемдегіш құралдарға мысал келтіріп, талдайды; | 2 | |
| | образ жасауда автордың қолданған сөз оралымдарына мысал келтіріп, талдайды; | 2 | |
| | әдеби эссе жанрын сақтайды (құрылымы мен мысалдар келтіру); | 2 | |
| | ойын жүйелі, сауатты жеткізеді. | 2 | |
| | көркем тіл қолданыстарын (троп, фигура) ұтымды пайдаланады. | 2 | |
Барлығы | 13 |