ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 11.01.2024
Просмотров: 569
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
ҚЫСҚАМЕРЗІМДІ ЖОСПАР
№1 сабақ жоспары
Ұзақмерзімді жоспар бөлімі 1-бөлім: Жанды табиғат | Мектеп: | |
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | |
Сынып: 3 | Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | |
Сабақ тақырыбы | Табиғат жəне музыка | |
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаты (оқу бағдарламасына сілтеме) |
3.1.3.3 – музыкалық шығармаларды талдау барысында негізгі музыкалық ұғымдарды анықтау жəне ажырату; 3.1.3.5 – ұлттық, үрлемелі, симфониялық оркестр аспаптарын ажырату. | |
Сабақ мақсаты | Барлық оқушылар:
Оқушылардың көпшілігі:
Кейбір оқушылар:
|
|
| ||
Бағалау критерийлері | Оқушылар мына мақсатқа жетті:
| ||
Тілдік мақсаттар | Оқушылар:
| ||
Құндылықтарды дарыту | Халық əуені мен классикалық əуендерді тыңдауға дағдыландыру, мəдени тұлғаларды тəрбиелеу | ||
Пəнаралық байланыстар | Дүниетану | ||
Бастапқы білім | Алдыңғы бөлімдерде алған білімдеріне сүйене отырып білім алу | ||
Сабақ барысы: | |||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-əрекет | Ресурстар | |
Сабақтың басы | (МК,Ұ) 1-тапсырма. Тыңдау. Талдау. М. Сабақ басында оқулықта берілген мəтінінді бір оқушыға оқытып, қалған оқушылардан қысқаша түсінік алады. «Табиғат біздің – алтын бесігіміз. Орманның сиқырлы сыбдырын, бұлақтың нəзік сылдырын, құстардың сайрағанын біз қашан да сүйсініп тыңдай- мыз. Ал таулардың асқақ шыңдарына, даланың дарқандығына, өзен-көлдің айнадай айдынына сүйсіне қараймыз. Осындай ғажап көріністер композитор, музыкант, ақын, суретшілерге қалай əсер етеді? Сен қалай ойлайсың?» О. Ғаламтор желісінен немесе бейнетаспада берілген көріністерді көреді. Оқулықта берілген келесі сұрақтарға жауап береді: – «Табиғат» дегеніміз не? | Оқулық, нота хрестоматиясы, фонохрестоматия Коста-Рика – Восхитительная флора и фауна! https://www.youtube .com/watch?v=4yiT G6Ki9rO |
|
| |
Сабақтың ортасы | Бұл тапсырманың мақсаты – оқушылар жанды жəне жансыз табиғаттың айырмашылығын тауып, өз түсініктерін айтып беру. | |
| (МК,Т) 2-тапсырма. Зерттеу. Талдау. | |
| М. Оқушыларды оқулықтағы «Табиғат əуені» сөзжұмбақ ойынының шартымен таныстырады. | |
| Шарты. Оқушылар сөзжұмбақта «табиғат» сөзін құрастыратын «жанды табиғатқа» қатысты сөздерді алады. Ал «жансыз табиғатқа» қатысты сөздер «енəуі » деген сөзді құрайды. Ұсынылған сөздерден керектілерді тауып, сөзжұмбақты сыныппен бірге шешеді. Таңдаған сөздеріне өз түсініктерін айтып беруді талап етеді. | |
| Оқулық. «Табиғат əуені» сөзжұмбағы. Жауаптары: Жанды табиғат: құстар, жемістер, мал, жан- жануарлар, балық, ағаш, адам, көгөніс, бидай, тауық. Жансыз табиғат: су, ауа, теңіз, тəулік, тас, түн, тау, күн, ай, құм, жел, бұлт. | |
| М. Келесі тапсырмада балаларды ойын арқылы табиғат пен музыканың байланысын табуды ұйғарады. | |
| (МК,Т) 3-тапсырма. Зерттеу. Ақпарат іздеу. Ойын. Табиғат пен музыка (ойын) Шарты. Мұғалім оқушыларды келесі атаулар бойынша үш топқа бөліп, ойын талабымен таныстырады: «Жанды табиғат өкілдері», «Жансыз табиғат өкілдері», «Музыканттар». Бірінші топ: «Жансыз табиғат (мысалы: су, ауа, күн) жоғалып кетсе, адам баласы, жан-жануарлар, өсімдіктер өмір сүре ала ма?» деген сұраққа ақпарат іздейді жəне мысалдар келтіріп, жауаптарын дəлелдейді. Екінші топ жанды жəне жансыз табиғаттың байланысын, ақпарат пен мысалдар келтіріп көрсетеді. Үшінші – «Музыканттар» тобы табиғаттың композиторлар шығармашылығына беретін əсерін жəне музыка мен табиғаттың байланысына түсінік беруі тиіс. Үш топтың орындайтын соңғы тапсырмасы – табиғат пен музыканың бір-бірімен байланысын мысалдар келтіріп, дəлелдеп түсіндіру. |
| М. Сабақтың осы бөлімін қорыту мақсатында музыка сауаттылыққа байланысты оқушылар назарын оқулықта берілген келесі түсініктерге аударады жəне бірге талқылайды. | |
Түсінік: Табиғатқа қатысты: қоршаған орта, жан- жануарлар, өсімдіктер, жер, ауа, күн мен түн, ай мен жұлдыздар, су, өзендер мен көлдер, таулар мен дала, орман жəне адам. Ол жанды жəне жансыз табиғатқа бөлінеді. Жанды жəне жансыз табиғат бір-бірімен тығыз байланысты. Себебі жан-жануарлар, өсімдіктер жəне адамның өзі күн, жылу, су, ауа болмаса, өмір сүре алмайды. Табиғатқа қатысты емес: адамның қолымен жасалынған заттар (мысалы, музыкалық аспаптар, музыкалық шығармалар, əндер). | | |
М.: Бұл тапсырмада оқушылардың алған білімдерін, берілген суреттер арқылы тəжірибе жүзінде түсінгендерін анықтайды. Қандай суреттер табиғат құбылыстарын, ал қандай суреттер адам қолымен жасалынғандығын көрсетуді талап етеді. Оқулықта берілген сұрақтар арқылы сабақ тақырыбына қысқаша қорытынды жасайды. | | |
Оқулық. Оқушылар суреттерді талдайды, сұрақтарға жауап береді. Сұрақтар:
| | |
Төртінші тапсырманың мақсаты – шығарма үзіндісін тыңдау барысында аспаптардың дауыстарын ажырату. (МК,Ұ) 4-тапсырма. Тыңдау. Талдау. | | |
«Қазақ жері» («Тұран» этнофольклорлық ансамблінің орындауынан үзінді). М. Оқушылардан бейнетаспаны тыңдап көріп, шығарманы талдауды талап етеді. Берілетін сұрақтар: – Шығарма орындалғанда көз алдыңа нені елестет- тің? | Ethno-folk ensemble "TURAN" – Kazakh Land: https://www.youtube. com/watch?v=3dhVg L8Jvzo |
| – Қандай аспаптардың дыбысын естідің? Суреттерден тауып ал. | |
М. Оқулықта берілген суреттермен жұмыс жасау барысында оқушылар шығарманың мазмұнына жəне аспаптардың дыбыс бояуына көңіл бөліп, суреттерді талдап, мына сұрақтарға жауап беруді талап етеді:
| | |
М. Оқушылармен бірге тапсырмамен жұмыс жасау барысында түсініктерді айқындайды жəне үш тілде айтып беруді сұрайды. Түсінік: Регистр – музыкалық аспаптардың немесе əнші дауысының белгілі бір биіктікте орналасқан дыбыс диапазонының бөлігі: жоғары, ортанғы, төмен. | Очень красивая радуга. Very beautiful rainbow: https://www.youtube .com/watch?v=szsui ZYMzOE | |
М. Бесінші тапсырмада əнді үйретер алдында немесе үйретіп болған соң, оқушыларға кемпірқосақ туралы бейнетаспа үзіндісін көрсетуге болады. | | |
(МК,Ұ) 5-тапсырма. Əнді үйрену. | | |
Үйрену, орындау. Кемпірқосақ (Өлеңін жазған: А. Асылбек, əнін жазған: Ə. Бүшікова) | | |
М. 1. Əннің бірінші шумағы мен қайырмасын оқушыларға əн үйрету талаптары бойынша үйретеді.
| «Кемпірқосақ». Өлеңін жазған: А. Асылбек. Əнін жазған: Ə. Бүшікова | |
М. Тапсырманы бекіту барысында оқушыларға «Көңілді кемпірқосақ» суырыпсалма ойынына түсінік беріп топқа бөліп ойнатады. Ойынның шарты бойынша тақпақты құрастырған əуенімен қосып орындау. | | |
(МК,Т) 6-тапсырма. Суырыпсалма. Ойын. «Көңілді кемпірқосақ»ыр(сыупсалма ойыны) | |
тембр (дыбыс бояу) | тембр | timbre |
регистр | регистр | reqister |