Файл: рметті малім! Жиынты баалауа арналан дістемелік сыныстар малімге 10сынып білім алушыларына Дниежзі тарихы.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 03.02.2024

Просмотров: 143

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

«Дүниежүзі тарихы» пәнінен

жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар

10-сынып

(жаратылыстану-математикалық бағыт)

Нұр-Сұлтан, 2019

Құрметті мұғалім!

Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар мұғалімге 10-сынып білім алушыларына «Дүниежүзі тарихы» пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар «Дүниежүзі тарихы» пәні бойынша оқу бағдарламасы негізінде дайындалған.

Бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім алушының тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.

Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныстар түрінде берілген.

Қосымша материалдарды (нұсқаулықтар, таныстырылымдар, жоспарлар және т.б.), форумдағы талқылауларды және бейне нұсқауларды сіз «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ smk.edu.kz ресми сайтынан таба аласыз. Жемісті жұмыс пен шығармашылық табыс тілейміз!

Әдістемелік ұсыныстар негізгі мектеп мұғалімдеріне, әдіскерлерге, критериалды бағалау бойынша өңірлік және мектеп үйлестірушілеріне, басқа да мүдделі тұлғаларға арналған.

Әдістемелік ұсыныстар дайындау барысында ресурстар (суреттер, мәтіндер, бейне және аудио материалдар, т.б.) қолжетімді ресми интернет-сайттардан алынды. Жинақ коммерциялық емес мақсатта құрастырылған.



«Өркениет: даму ерекшеліктері» бөлімі бойынша жиынтық бағалау 4

IIТОҚСАН БОЙЫНША Кестеде берілген ақпараттардың «ақиқат» не «жалған» екендігін ажыратыңыз. 8

IIIТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР 12

«Мемлекет, соғыс және революциялар тарихынан» бөлімі бойынша жиынтық бағалау 12

IVТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР 17

«Мәдениеттің дамуы» бөлімі бойынша жиынтық бағалау 17

I ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР

«Өркениет: даму ерекшеліктері» бөлімі бойынша жиынтық бағалау


Тақырып

Өркениеттің дәстүрлі (аграрлық)түрі: көшпелі және отырықшы-егіншілік Африка, Америка, Австралия және Океанияның дәстүрлі өркениеттері. Өркениеттер

әрекеттестігінің сауда- экономикалық аясы

Оқу мақсаты

10.1.2.1 Өркениеттің дәстүрлі түрінің ерекшеліктерін түсіндіру

10.1.3.4 Локальді өркениеттердің ерекшеліктерін оларға тән белгілерін салыстырмалы талдау негізінде анықтау 10.1.4.2 Әлемдік экономиканың дамуындағы халықаралық ұйымдардың рөлін анықтау

Бағалау критерийі

Білім алушы:

  • Өркениеттің дәстүрлі түрінің ерекшеліктерін анықтайды

  • Өркениеттердің ерекшеліктерін салыстырмалы талдау арқылы ажыратады

  • Әлемдік экономиканың дамуындағы халықаралық ұйымдардың рөлін көрсетеді

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану

Жоғары деңгей дағдылары

Орындау уақыты

Тапсырма

20 минут

  1. Тест тапсырмаларын орындаңыз.

    1. Өркениеттің дәстүрлі түрі ...

А) көбінесе ауылдық қоғам, индустриалды емес, бүгінгі индустриалдық қоғамға қарсы, өндіру мен мәдени мұраларды сақтайтын қоғам

      1. машина жасау, зауытты ұйымдастыру, еркін сауда және базар, ең жоғары капиталдандыру

      2. капитализм, социализммен салыстырғанда әлеуметтік-экономикалық, саяси және рухани салалардағы ең жоғары көрсеткіштері

      3. шығармашылық, интеллектуалдық еңбектің жаппай таралуы, ғылыми білім мен ақпарат көлемінің, мәдениет салаларының дамуы



    1. Дәстүрлі өркениеттің негізгі белгілерін көрсетіңіз.

А) отырықшылық, көшепелілік, сауда

      1. өндірістік қатынастардың дамуы

      2. тауар-ақша қарым-қатынастары

      3. ақпараттық жүйелердің қарқынды дамуы



    1. Дәстүрлі өркениеттің отырықшы түрінің негізгі белгілерін көрсетіңіз.

А) егіншілік, қалалық мәдениет, қолөнер, сауда

      1. көшпелі мал шаруашылығы

      2. жартылай көшпелі мал шаруашылығы

      3. заманауи қаржы жүйесінің қалыптасуы




    1. Қазақ халқының мәдениеті өркениеттің қайсысына жататын табыңыз.

А) отырықшы түрі

      1. көшпелі түрі

      2. аралас түрі

      3. тұйық түрі



  1. Кестеде берілген өркениеттердің бірін таңдап, оған салыстырмалы талдау жасаңыз.

Өркениет

Африка

Америка

Австралия мен Океания

Өндіргіш күштер дамуының деңгейі







Мифологиялық сана







Жазудың болуы







Басқа өркениеттермен өзара қарымқатынасы







Мемлекеттіліктің болуы









  1. Дүниежүзілік сауда ұйымы, Халықаралық валюта қоры/ Ислам даму банкі/ Халықаралық жаңғыру және даму банкі бірін таңдап, төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз.





Ұйымға кіретін елдерді кескін картада белгілеңіз.

Халықаралық ұйымның міндеті мен мақсаты қандай?

________________________________________________________________________________ ________________________________________________________________________________ Әлемдік экономиканың дамуында аталған ұйымның маңыздылығы қандай?

________________________________________________________________________________

________________________________________________________________________________

Бағалау критерийлері

тапсырма

Дескриптор

Балл

Білім алушы

Өркениеттің дәстүрлі түрінің ерекшеліктерін анықтайды

1

өркениеттің дәстүрлі түріне анықтама

береді;

1

дәстүрлі өркениеттің негізгі белгілерін көрсетеді;

1

дәстүрлі өркениеттің отырықшы түрінің негізгі белгілерін көрсетеді;

1

қазақ мәдениетінің қандай өркениетке жататындығын анықтайды;

1

Өркениеттердің

ерекшеліктерін салыстырмалы талдау арқылы ажыратады

2

өндіргіш күштер дамуының деңгейін анықтайды;

1

мифологиялық сананың дамуын анықтайды;

1

жазу мәдениетінің даму деңгейін анықтайды;

1

басқа өркениеттерімен өзара қарымқатынасын анықтайды;

1

мемлекеттіліктің болуын анықтайды;

1

Әлемдік экономиканың дамуындағы

халықаралық

ұйымдардың рөлін

көрсетеді

3

ұйымға кіретін елді картада көрсетеді;

1

халықаралық ұйымның міндеті мен мақсатын анықтайды;

1

әлемдік экономиканың дамуында аталған ұйымның маңыздылығын көрсетеді.

1

Барлығы







12


«Өркениет: даму ерекшеліктері» бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика

Білім алушының аты-жөні_____________________________________________________________



Бағалау критерийлері

Оқу жетістіктерінің деңгейі

Төмен

Орта

Жоғары

Өркениеттің дәстүрлі

түрінің ерекшеліктерін анықтайды

Өркениеттің дәстүрлі түрі ұғымын, негізгі белгілерін, дәстүрлі өркениеттің отырықшы түрінің негізгі белгілерін, қазақ мәдениетіне жататын өркениетті анықтауда қиналады

Өркениеттің дәстүрлі түрі ұғымын, негізгі белгілерін, дәстүрлі өркениеттің отырықшы түрінің негізгі белгілерін, қазақ мәдениетіне жататын өркениетті анықтауда қателіктер жібереді



Өркениеттің дәстүрлі түрі ұғымын, негізгі белгілерін, дәстүрлі өркениеттің отырықшы түрінің негізгі белгілерін, қазақ мәдениетіне жататын өркениетті анықтайды



Өркениеттердің ерекшеліктерін салыстырмалы талдау арқылы ажыратады

Өндіргіш күштер дамуының деңгейін, мифологиялық сана мен жазу мәдениетін, басқа өркениеттермен өзара қарымқатынасын, мемлекеттілікті

анықтауда қиналады

Өндіргіш күштер дамуының деңгейін, мифологиялық сана мен жазу мәдениетін, басқа өркениеттермен өзара қарым-қатынасын, мемлекеттілікті

анықтауда қателіктер жібереді



Өндіргіш күштер дамуының деңгейін, мифологиялық сана мен жазу мәдениетін, басқа өркениеттермен өзара қарым-қатынасын,

мемлекеттілікті анықтайды



Әлемдік экономиканың дамуындағы

халықаралық

ұйымдардың рөлін

көрсетеді

Ұйымға кіретін елді картада көрсетуде, халықаралық ұйымның міндеті мен мақсатын, әлемдік экономиканың дамуында аталған ұйымның маңыздылығын

анықтауда қиналады

Ұйымға кіретін елді картада көрсетуде, халықаралық ұйымның міндеті мен мақсатын, әлемдік экономиканың дамуында аталған ұйымның маңыздылығын анықтауда қателіктер жібереді

Ұйымға кіретін елді картада көрсетуде, халықаралық ұйымның міндеті мен мақсатын, әлемдік экономиканың дамуында аталған ұйымның маңыздылығын анықтайды




7
  1.   1   2   3   4