ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 21.07.2020
Просмотров: 1956
Скачиваний: 5
ҒЫЛЫМ |
Тәсіл |
Абстракті (математика) |
Логика |
Нақты (геометрия, механика) |
Бақылау |
Астрономия |
Бақылау |
Физика |
Бақылау+тәжірибе |
Химия |
Бақылау+тәжірибе+жіктеу |
Биология |
Бақылау+тәжірибе+жіктеу+салыстыру |
Социология |
Бақылау+тәжірибе+жіктеу+салыстыру+тарихи тәсіл |
Француз ғалымы Огюст Конт социологияны жеке дербес қоғам туралы ғылым ретінде негіздеуші – қоғамда тұтас бір әлеуметтік ағза ретінде қолданылуының мәселесін шешкен.
|
▪О. Конт тарихқа позитивизмнің негізін қалаушы ретінде енді.Позитивті философия қиял мен болжамдарға емес, ғылымның өзіне негізделеді. Конттың ойына сәйкес қоғамның дамуына адам санасының интелектуалды эмоциясы әсер етеді.Ғылым интелектуалды эволоюцияның жоғарғы көрінісі
▪Конттың енгізген ұғымдары. Социологиялық динамика қоғам дамуы мен қолданылуының механизмін айқындайды. Социологиялық статика – қоғам жүйесін түсіндірумен социоинституттардың өзара қатынасы
Социологиялық талдау дәрежелері:
Кәзіргі таңда социологиялық талдаудың екі түрі қалыптасқан:
-
Макросоциология – қоғам дамуындағы үлкен заңдылықтарды қарастыратын теориялар жиынтығы; Қоғамдық жүйенің басты байланыстары, топ аралық қарым-қатынас және фундаменталді процестер.
-
Микросоциология – кіші топтар арасындағы немесе тұлға аралық қарым-қатынастар туралы теориялар.
Бұл екі топтың арасын ашып алу үшін мына сөздерді салыстырып қарауға болады: қоғам-топ, норма-стереотип, революция-девиация.
Макросоциология мен микросоциология қоғам өмірі, оның тіршілік көзі, ондағы жаңалықтар мен өзгешеліктерді, оның социологияға тигізер әсерін зерттейді.
Басқа ғылымдар секілді социологияның да өзіне тән ұғымдары, категориялары, парадигмалары бар. Оларсыз ғылым өз дербестігіне ие бола алмайды.Қоғамдық ғылымдар арасында тек социология ғана нақты, яғни реалды қоғамды жан-жақты және біртұтас тұрғыдан қарастырып,зерттейді. Ол адамдардың іс-әрекеттерінің барлық түрлерін әлеуметтік тұрғыдан қарастырып, зерттеп, түсіндіруге тырысады.
Социологиялық ұғымдар басқа ғылымдардағы ұғымдар секілді қарастрылған құбылысттар мен үдерістердің негізгі мәнінін анықтайды. Социологияда статистикалық, операционалды, аналитикалық ұғымдар бар. Статистикалық ұғымдар статистика гылымында қолданылатын ұғымдарды социологияға бейімдеп, нақтылай айтсақ тіптен басқа сапаға көтеріп, мәні өзгертілген ұғымдар. Мысалы, статистика ұғымдарыының мәні сандық өлшеммен беріледі, ал социология ұғымы сапалық және адамдардың қатынастарының ерекшіліктерін ашуға бағыттайды. Егерде статистикада қарстырған үдерістің қайсысының пайыздық басымдығы жоғары болса, сөзсіз мәселе соның пайдасына шешіледі, ал социологияда бұл қағида міндетті емес. Көп жағдайда мәселенің шешілуі аздық көрсеткіштері бар жақтың пайдасына шешілуі мүмкін.
Операционалды ұғымдар көмекші, құралдық функцияларды атқарады. Мысалы, «діншілдік» терминін алсақ, ол жоғарықұдіретке сену деген мағнаны білдіреді. Ал оған эмпирикалық,операционалдық іс-әрекет арқылы мағна берсек, онда ол адамның мешітке қаншалықты жиі баратынын, оның діннің мазмұнын білу деңгейін анықтау болар еді.
Ал социологиядағы аналитикалық ұғымдар болса, олар өздерінің мазмұндары мен мәндерінің жалпылығыменен ерекшеленеді, сондықтан да олар қандай болмасын қоғамның тарихи ерекшеліктеріне қарамастан қолдныла береді. Мысалы, нормалар, санкциялар, рольдер сияқты ұғымдар.
Сонымен қатар социологияның салалық бөлінүіне байланысты арнайы сол салаға тән ұғымдар қолданылады. Мысалы, еңбек социологиясы, жастар социологиясы, қала социологиясы.
Социологиялық ұғымдар социологияның макро- және микросоциология болып бөлінуіне байланысты да реттеледі.
Қорыта келсек, социология ғылымы қазіргі кезде қарқынды даму да, сондықтан да оның ұғымдары да даму үдерісі үстінде.
Парадигма деп ғылымда зерттейтін құбылысқа жалпы көзқарасты айтады. Социология ғылымының қалыптасуына байланысты өмірге келген социологиялық мектептер мен бағыттарға байланысты туындаған парадигмалар бар. Мысалы, әлеуметтік фактілер парадигмасы Э.Дюркгеймнің есімімен және де функционализм мектебімен байланысты. Ал түсінісу парадигмасы М.Вебер мен В.Паретолардың есімдерімен байланысты. Әлеуметтік-тарихи детерменизм парадигмасы К.Маркстың, есімімен байланысты.
Социологияның теориялық бағыттары:
Социология тарихындағы теоретиктер мен қолданбалы, макроаналитиктер мен микроаналитиктер, жанжалшылдар мен эволюсионисттер арасындағы дау – дамай әлі де жалғасып келе жатыр.
Мысалы социология ғылымының негізін қалаушы О. Конт эволюционист, ал Э. Дюркгейм функционалист болған. Осындай ғалымдардың ұстанымындағы қарама-қайшылықтар жиі кездесіп тұрады. К. Маркс, Э.Райт және кәзіргі заман классигі Р.Дарендорф атақты жанжаншылдар болып табылады. Олар қоғам дамуының басты себептерінің бірі жанжал деп таныды және оны қоғам дамуының динамикалық күші деген тұжырымдар айтты.
Сайып келгенде, жанжаншылар эволюционисттер сияқты қоғам болмысында фунционалды бірлікті емес карсылықтарды көрді десе де болады.
Жанжаншылар адамдар арасындағы қарама-қарсылықтар, дау-даумайлар, бәсәкелестік қоғам дамуындағы маңызы деп қарастырады.
Эволюционистер болса адамдар арасындағы бірлікті, түсіністікті, бірігіп әрекет етуді қоғам дамуының негізгі қағидалары деп санайды.
Біз олардың қатарына көрнекті ғалымдар Питирим Сорокин, Толкот Парсонс, Роберт Мертондарды жатқыза аламыз. Пьер Бурдье және Николас Луманды социологияның синтетиктері деп атасақ артық болмас, өйткені бұлар социологиялық өмірдің теориялық моделін жасаған адамдар. Социологияның кәзіргі зерттеушілерінің бәріне таныс деуге болатын тағы бір топ ғалымдар: Энтони Гидденс пен Натан Смелзер. Олар кәзіргі замандағы социозерттеулер туралы кітап жазған ғалымдар. Екеуі де эволюционисттерге жатады.
Социология пәнінің қажеттілігі
ХХ ғасырдағы ғылыми техникалық революция, қоғамды ақпараттандыру ғылымдағы үлкен серпіліс болып табылады. ХХ ғасырдың аяғы экономикалық қарым-қатынас, сауда-саттықтың дамуымен көзге түсті. Бірақ мұнымен қоса дүниеде болып жатқан табиғаттың нашарлауы, адамзаттың азғындауы, адамзаттың қаруланудағы жарысы сияқты келеңсіз оқиғаларға көз жұмып қарауға болмайды.
Сонымен, адамзат 2 мыңыншы жылдың аяғына қарай экономикалық емес социомәдениеттік факторларға басты назар аударды. Адамдардың арасындағы байланыс арта түсті, ғаламға жаңа бір біріне түснікті тіл керектігі туындады. Ғаламның қай нүктесінде болмасын адамдардың бір-біріне тигізетін әсері анық көріне бастады. Ұлтаралық қатынаста жаңа сапаға көтерілді. Қоғам дамуының маңызды көзі адам мен табиғат байланысының дұрыстығында деген түсінік қалыптасты.
Ресейдегі ең алғашқы болып 1920 жылы Петроград унтверситетінде социология факультететі ашылды. Оны алғаш басқарған П.А. Сорокин. 30 жылдарадағы қалыптасқан тоталитарлық жүйе кезінде социология пәні қудалана бастады. Себебі социология өкіметке қауіпті болды. Социология қоғамдағы жүріп жатқан нақты процестерді зерттеп, ақпарат құралдары арқылы адамдардың санасын оятты. Ал санасы оянған адам өкіметтің жүргізіп отырған саясатына наразы болатын. Сондықтан өкімет социология ғылымын жапты. Социология ғылымы ең бірінші болып репрессияға ұшыраған ғылым.
КСРО- да ХХ ғасырдың 60 жылдары социология қайта жаңғыра бастады. 1958 жылы Кеңестік социологиялық ассоцияция құрылды. 1968 жылы социологиялық зерттеу институты ашылды. Бұған қарамастан социология бұл заманда да жақсы дами алмады. Кеңестік социология өз шарықтау шегіне 80 жылдарда Қайта құру кезеңінде жетті десек болады. Себебі сол кезеңнің теориялық негізінде биліктің, басқару жүйенің бұқара халықтың нақты жағдайын толық білмейді, ал бұл кемшілікті жоюдың бірден бір жолы социологиялық зерттеулер жүргізіп халықтың пікірін біліп, соны ескере отырып саясат жүргізу керек деген тұжырым болатын. Бірақта, социологияның теориясы марксистік-лениндік ілім болғандықтан қолданбалы социологиялық зерттеулер соның аясында жүргізілді.Сондықтан да барлық жиналып алынған деректер сол ілім елегінен өткізіліп отырды, ал оған сәйкес келмейтін немесе қарсы келетін деректерді жариялауға, тіптен дұрыстап талдауға мүмкіндік берілмеді. Ал Америкада бұл пән 1892 жылы Чикаго университетінде әлемде ең алғашқы социология факультеті ашылғаннан бастап тек жоғарғы оқу орындарында емес орта мектептерде де оқытылып жүр.
Осындай қиыншылықтардан өткен социология Қазақстанда екінші рет туғандай болады.Бұл сала кәзір телеарналарда, газеттерде көп қолданылып жүр. Бірақ әлі де үлкен зерттеулерге қол жеткізе алған жоқпыз. Оның себебі мемлектіміздің де, қоғамымыздың да қазіргі саяси, экономикалық, технологиялық, рухани жағдайымен байланысты. Бұл өтпелі кезең, Құқықтық мемлекет, азаматтық қоғам қалыптасқан кезде социологиялық зерттеулерсіз басқару жүйесін ғылыми негізге қою мүмкін емес екені белгілі. Социологияны өмір кітабы десек те болады. Бұл пән реалды өмірді, мұндағы қоғамды, оның даму кезеңдерін, және қоғамдағы өз орнымызды табуға, қоғамға деген өз үлесімізді косуға мүмкіндік туғызатын ғылым саласы.
Зерттеулік этика:
Социиологиялық зерттеу жасаған адам алынған мәліметтерді өз қалауынша өзгертіп өз мақсаттарында немесе басқа да мақсаттарда қолдана алмайды. Адамдар арасындағы келеңсіздіктер мен түсініспеушіліктерге жол ашпау үшін Американың социологиялық ассоциясы (1980) мынандай заңдылықтар ойлап шығарды:
-
Зерттеу жасаған адам өз құзыретін артық қолдануына болмайды;
-
Обьекті туралы мәліметтерді құпия ретінде сақтау керек;
-
Зерттеуші объектке зерттеу барысында ешқандай зиян келтірмеу керек;
-
Егер де обьектке бір зиян келуі мүмкін болған жағдайда объектке ол білдіріліп келісімін алуы қажет;
-
Зерттеуші экономикалық, заңдық жақтарының бәрін қарастыра отырып керекті шаралардың бәрін қолдануы керек.
2 тақырып.
Социологияның тарихы.
Лекцияның мақсаты – социологияның өмірге келүінің әлеуметтік және ғылыми алғышарттарын, ғылым ретінде қалыптасуын, негізгі теориялар, бағыттарымен танысу, ұғыну. Соның ішінде Қазақстандағы социология ғылымының қалыптасуы.
Негізгі ұғымдар: капитализм, нарық, құқық, азаматтық қоғам, позитивизм, эволюционизм, органицизм, социал-дарвинизм, түсінісетін социология, символикалық интеракционизм, феноменология, этнометодогия. Негізгі теориялар; О.Конт пен Г.Спенсердің позитивтік концепциялары, Э.Дюркгеймнің «әлеуметтік фактісі», М.Вебердің әлеуметтік іс-әрекеті, әлеуметтік-функционалдық концепция, дау-жанжал теориясы.
Лекцияның жоспары:
-
Социология ғылымының өмірге келүінің саяси, экономикалық, әлеуметтік, рухани негіздері.
-
Классикалық социологиялық теориялар:
-
Объективистік (Э.Дюркгейм)
-
Түсінетін (М.Вебер)
-
Жан-жалдастық (К.Маркс)
-
-
Қазіргі шетелдік социологиялық теориялар
-
Функционалдық (Т.Парсонс)
-
Феноменологиялық (А.Шюц)
-
«Алмасу теориясы» (Дж.Хоманс)
-
«Структурация теориясы» (Э.Гидденс)
-
«Іс-әрекет философиясы» (П.Бурдье)
-
Социология ғылымының өмірге келүі адам және қоғамды түсінүге байланысты радикалды өзгерістер әкелді. Себебі социологиянің негізгі қарайтын мәселесі адамның қоғамдағы өмірі.Ал адамды әлеуметтік тұрдыған қарастыру жаңа бағыт болып ХІХ ғасырда қалыптасты.
Социологияның қалыптасуының тарихи алғышарты буржуазиялық, капиталистік қатынтастардың, жүйенің өмірге келүі. «Нарықтық қатынас», «буржуазия табы», «азаматтық қоғам» ұғымдары, осы кезеңге байлынысты туындады. Жаңа дәүірдегі Ұлы буржуазиялық революциалар қоғам, оның құрылымы, қоғам мен жеке адам қарым-қатынастары туралы ұғымдарға түбегейлі өзгерістер алып келді. Осыған дейін қоғам деген ұғым тек аристрократия табымен ғана байланысты болатын. Ендігі кезде адамның табиғи құқы ешқандай әлеуметтік тапқа,топқа байланысты емес және де ол барлық тап, топ ұғымдарынан жоғары турады деген мүлдем жаңа түсінік өмірге келді. Міне осыған байланысты қоғамдағы барлық топтардың,таптардың құқықтары табиғи адам құқы ұғымы арқылы теңелді.
Ағылшын философы Т.Гоббстың (1588-1679) мемлекеттің өмірге келүінің негізінде қоғамның барлық мүшесі арасындағы келісім-шарт жатыр деген теориясы осы жаңа көзқарасқа теориялық негіз болды. Адамның өмірге, еркіндікке және меншікке табиғи құқы туралы Дж.Локкта (1632-1704) жазды. Ал енді осы адамның табиғи құқы теориясын нақты өмірге жүзеге асырған буржуазиялық революциалар болатын. Кейіннен индустриализация негізінде «рационалды шаруашылық құру», « өзін-өзі реттеу», «турақтылық» деген ұғымдар пайда болды. Міне социология ғылым ретінде осындай ұғымдар негізінде қалыптасты. Соныменен қатар социологияның өмірге келүіне ғылымның дамуы да себепші болды. Жаңа дәүірде позитивтік, яғни нақты эмпирикалық немесе рационалды эмпирикалық жолмен дәлелденілетін дәлелді ғылым өмірге келді. Бұл ғылым осыған дейін ғылыммын деп жүрген спекулятивті-теориялық философиялық пен теологиялық көзқарастарға қарсы тұрып, олардың кемшіліктерін түбегейлі, жүйелі сынға алды. Бірақта бұндай көзқарастарда бұрынғы, мысалы теологиялық ең басты мәселе құдай, жаратушы ұғымдары қалдырылды. Адамды құдайдың туындысы, сондықтан оның барлық өмір жолы алдын ала белгілі, қоғамда жоғарғы жақтың бақылауымен әлеуметтік тәртіп орныласқан және де ол өзгермейтін феномен деген ұғым ұзақ уақыт қоғамдық санада өз үстемдігін жүргізіп отырды. Неміс классикалық философиясы адамдардың іс-әрекеті туралы философиялық теориялық бағыт жасады. Бұл бағыт бойынша адам жасампаз және сол арқылы әлемді де, өзін-өзін де өзгертеді деген жаңа көзқарас қалыптаса бастады. Философияның міндеті тек білімнің шегін анықтау. Социология ғылымың негізін қалаушы О.Коиттың тужырымынша адамзат қоғамының интеллектуалды дамуы үш кезеңді басынан өткізуде: діни, метфизикалық және позитивтік. Адамзат қоғамы, оның пікірінше, сол дәуірде үшінші кезеңге көшуде. Әлемді позитивтік ғылым арқылы заңдылықтарды тану негізінде өзгертуге болады. Социология ертеде қалыптасқан математика, тарих, астрономия, физика, химия, биологияларға сүйеніп, солардың негізінде өмірге келеді. Сондықтан социологиямен айналысу үшін алғашқы білімдерді міндетті түрде игеру қажет. Позитивтік социологияның да негізгі мақсаты қоғамның құрылымы, оның даму фазалары мен кезеңдерін, яғни қоғамдағы макропроцестер мен әлеуметтік институттарды зерттеу. ХІХ ғ. социологияның функционалистік және дау жан-жалдық бағыттары өмірге келді.Функционалистік бағыт барлық негізгі әлеуметтік теорияларда кездеседі. Оның негізінде қоғам мен организмге аналогия жасау жатты. Қоғамның бөліктері организмнің бөліктерімен салыстыра қарастырылды. Функционалдық бағыт қоғамдағы тұрақтылықты, ынтымақтастықтың орнығуына қызмет етеді.
Дау жан-жалдық бағыттағылар қоғамның даму негізінде ішкі қарама-қарсылықтар және солардың иелері топтар, таптар арасындағы күрес жатады деген тұжырым жасайды.