ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 13.08.2020
Просмотров: 840
Скачиваний: 4
Қазіргі заманғы гносеология көбінесе гностицизм бағытын ұстанады, мына қағидаларға сүйенеді:
-
диалектика заңдарына, категорияларына, принциптеріне жүгінеді;
-
тарихилық принципіне, яғни пайда болып қалыптасу;
-
танымның өз мүмкіндігіне сенімдік;
-
объективтікке негізделу;
-
шындықты жасампаздық бейнелеудегі белсенділікке иек арту;
-
ақиқаттың нақтылығын тірек ету;
-
практика, яғни адам іс-әрекеті, қызметімен бітімдестік.
Тақырып бойынша глоссарий: эпистемология, таным, таным формалары, ұғым, пікір, ақиқат, тұжырым, түйсік, қабылдау т.б.
Дәріс№14.
Диалектика теориясының мәселелері.
Философия категориялары.
Мақсаттары мен міндеттері: Диалектикалық логика мәселесі. Сапа және мөлшер өзгерістері. Барабарлық, айырмашылық және қарама-қарсылық ұғымдары талдау.
Категориялар – болмыстың жоғарғы тегі және таным сатысы, танымдық мәні.
Жоспар:
1. Диалектиканың тарихи типтері.
2. Диалектика ұғымы және формалары.
3. Диалектиканың негізгі заңдары.
4. Философия категориялары. Түрлері.
Әдебиеттер тізімі:
1. Иманқұл Н.Н. Философия әлемінде: болмысы және тарихы. Алматы,2006ж.
2. Иманқұл Н.Н., Бөрібаев Т.Қ. Іліми философия. Астана, 2009ж.
Ильенков Э.В. Диалектическая логика. М., 1984.
Алексеев П.В., Панин А.В. Философия. МГУ., 1997.
Диалектическая логика. В 3-х кн. А., 1987.
Ильин В.В. Теория познания. Введение. Общие проблемы., 1994.
Диалектика познания: компоненты, аспекты, уровни. Л., 1983.
Дәрістің қысқаша мазмұны:
Диалектика – грек., диалектикэ, технэ – сұхбаттасу өнері, талас және диалог, диалегомай – сұхбатасып тұрмын, ойлап тұрмын деген сөздерін білдіреді.
Диалектика – аргументация өнері, логика ғылымы. Жалпы гегельдік – маркстік көзқараста алғанда, диалектика дегеніміз болмыс пен танымның жалпылық байланыстары, қалыптасуы, қайшылығы және дамуы туралы ілім, әрі ғылым және осыған негізделген таным методы.
Диалектиканың тарихи формалары философия тарихында көптеп (11-12) кездеседі. Оның үш негізгі классикалық формалары:
-
антикалық диалектика;
-
классикалық неміс диалектикасы;
-
диалектикалық (материалистік) логика.
а) Антикалық диалектика типтері:
-
Стихиялы объективтік диалектика және оған сүйенетін таным диалектикасы;
Милет натурфилософтары. Архэ – бастама. Гераклиттің «логосы», panta rei;
-
антикалық мағынадағы диалектика, яғни диалектиканы айтыс, тартыс, сұхбаттасу өнері деп түсіну. Ақиқатты қарам-қарса пікірлер мен көзқарастардың тоғысуы, қақтығысуы арқылы анықтау, немесе айтыста қарсыласты жеңу.
Сократтың «маевтикасы». Антикалық диалогтар.
-
Негативтік немесе терістеу диалектикасы. Элеаттар. Парменид. «Ойлау мен болмыс – бір нәрсе». Зенонның «апориялары». Қозғалыс – қайшылық: шектілік пен шексіздік, үздіктік пен үздіксіздік. Қозғалыс шындық емес, қайшылық бар жерде ақиқат жоқ.
-
гипостастық (грек., мән, субстанция) ұғымдар диалектикасы, яғни құбылыстар мен ұғымдардың кейбір жақтарына ерекше мән беру, дербес мәндік ретінде ұғыну.
Платон диалектикасы:
-
полемикалық айтыс, сұхбаттасу өнері;
-
ұғымдарды дихотомиялық бөлу арқылы ақиқатқа жету өнері;
-
қарама-қарсылықты ұғымдардың өзара бір-біріне өтуі және айналуы: болмыс және бейболмыс, қозғалыс және тыныштық, пайда болу және жойылу;
-
диалектика – ұғымдары анализдеу мен синтездеу арқылы ақиқи мәндер-идеяларды, ойдың төменгі ұғымдардан жоғары ұғымдарға өтуі арқылы тудыру.
Аристотель диалектикасы («Топика», «Риторика», «Софистикалық жалғаннама»):
-
ықтимал білімдер методы және софистиканы жеңу, одан өту;
-
ғылыми және философиялық зерттеулер методы;
-
бір қағидалардың дұрыстығына күмәнданғанда қолданылатын дәлелдеу әдісі.
ә) Классикалық неміс диалектикасы
КНФ диалектикасы – ойлаудың диалетикалық құрылымын анықтады.
Кант. Диалектика – көрініс логикасы, яғни жалпы логика каноннан (ережеден) органонға (құралға) айналғанда – ол диалектика болып қалыптасады. Парасат антиномиясы – дүниені шартсыз бүтіндік деп мәселе қойғанда парасаттың өзімен өзінің қайшылыққа ұшырауы.
Фихте. «Мен», яғни өзіндік сана диалектикасы. Антитетикалық әдіс. Даму – үздіксіз синтездер тізбегі, оның қайнар көзі алғашқы берілген «Мен» - синтезі.
Шеллинг. Болмыс пен ойлау, субъект пен объект барабарлығы диалектикасы. Трансенденталдық идеализм. Абсолюттік «Мен» өзінде екі қарама-қарсы күшті – тартылыс пен тебілісті сақтайды.
Гегель. Диалектиканы дамудың жалпы теориясы және танымның жалпылық әдісі деп түсінді.
-
ұғымдардың өзіндік қозғалысы туралы ілім;
-
даму туралы және барлық тіршіліктегінің өмірлік күші қайшылық туралы ілім;
-
логика, диалектика және таным теориясының барабарлығы.
б) Диалектикалық логика
Диалектика – құбылыстардың өзіндік қозғалысы, оның ішкі қайшылықтарының негізінде шындықты тану теориясы мен методы.
Диалектика принциптері:
-
абстрактіліктен нақтылыққа өрлеу;
-
логикалық пен тарихилық бірлігі;
-
ақиқаттың нақтылығы;
-
жеке – ерекше - әмбебаптық бірлігі;
-
жүйелілік;
-
нақты тарихилық.
Диалектика типтері:
-
объективтік диалектика – табиғат пен қоғам дамуы;
-
субъективтік диалектика – ұғым, ойлау диалектикасы;
-
негативтік немесе терістеу диалектикасы.
Диалектика функциялары:
-
Теориялық: а) даму теориясы;
ә) жалпылық байланыс теориясы;
б) қайшылық теориясы.
-
методологиялық;
-
гносеологиялық, танымдық;
-
дүниеге көзқарастық.
Диалектика метапринциптері немесе заңдары.
Ф.Энгельс Гегельдің «Логика ғылымы» еңбегінің үш бөлігін диалектиканың үш заңы деп қарастырды:
- Болмыс туралы ілім – мөлшер өзгерістері мен сапа өзгерістерінің өзара өту заңы;
- Мән туралы ілім – қарама-қарсылықтардың күресі мен бірлігі заңы немесе қайшылық заңы;
- Ұғым туралы ілім – Терістеуді терістеу заңы.
Мөлшерлік және сапалық өзгерістердің өзара ауысуы.
Мөлшерлік және сапалық өзгерістердің өзара ауысу диалектикасы – дамудың, даму процесінің ішкі механизмін, тетігін, оның қалай, қайтіп өтуін, дамудағы жаңа сапаның пайда болу логикасын ашып көрсетеді.
Категория (грек., «пікір айту», «шешім», «көрсету», «белгі») – шындық пен танымның, заттар мен құбылыстардың неғұрлым елеулі, мәнді жақтарын, белгілерін, қатынастарын, байланыстарын бейнелейтін жалпылық ұғым, ойлау формасы, таным сатысы.
Категориялар болмыс пен танымдағы даму мен қозғалыстың заңдылықтарын бейнелейтін ұғымдар.
Философия тарихында категорияларға ең алғашқы теориялық талдау жасағандар – Платон мен Аристотель болды.
Тақырып бойынша негізгі ұғымдар: диалектика, абстрактіліктен нақтылыққа өрлеу, логикалық пен тарихилық, қарама қарсылықтардың бірлігі немесе қайшылық, даму, сапа, мөлшер және т.б.
Дәріс№ 15.
Глобалдық мәселелер философиясы.
Әлеуметтік философия.
Қоғам және табиғат.
Табиғат – адам мен қоғамның табиғи тіршілік ету шарттарының жиынтығы.
Табиғат – кең мағынада алғанда, - адам жасамаған, қолы тимеген материя бөлігі немесе өзінің шексіз, алуан түрлі көріністерімен құбылатын универсум, бүкіл дүние, мәнділік.
Табиғат – тар мағынада алғанда, - таным, зерттеу объекті немесе жаратылыстану объектінің бірлігі;
Табиғи табиғаттық орта - өзінің дамуы мен тіршілік әрекеті процесіндегі қоғамның өзара әрекеттесетін табиғат бөлігі;
Жасанды табиғаттық орта – тарихи даму процесіндегі адам жасаған қоршаған орта бөлігі;
Жағрапиялық орта – адам қажеттіліктерін қанағаттандыратын қоршаған ортаның сыртқы табиғат бөлігі;
«Жағрапиялық детерминизм» (XVIII ғ. француз ағартушылары, Ш.Монтескье, Г.Бокли, Э.Реклю) – қоғам даму заңдылықтары, адам баласының өмір сүру бейнесі жер бетінің сипатына, топыраққа, әсіресе климатқа байланысты; климат билігі – барлық биліктерден күшті деп қарастыратын көзқарас;
Карл Маркс: «Сыртқы табиғат жағдайлары экономикалық екі үлкен топқа бөлінеді:
- өмір сүру тәсілдерінің табиғи байлығы, демек, топырақ құнарлығы, балыққа бай өзендер мен көлдер, т.т. және
-
еңбек ету тәсілдерінің табиғи байлығы: су құламасы, кеме жүретін сулар, орман, металл, көмір және т.б. (К.Маркс. Шығ., т.23, 521-б.).
Қоғам дамуының алғашқы кезеңдерінде табиғат байлықтарының бірінші тобы үлкен рөл ойнайды, ал XVIII ғ. бастап – екінші топ табиғат байлығы.
Күн – орта шамадағы жұлдыз, оның радиусы 700 мың км. Күнге – бес млрд. жыл. Күн 220 км\сек жылдамдықпен Галактика орталығын айналады, ал оны 250 млн. жылда бір айналып, орап шығады – бұл кезең галактикалық жыл деп аталады. Күннің жарығы миллиардтар жыл бойы өзгерген жоқ.
Барлық планеталар (Жер де) 4,6 млрд. жыл бұрын бір уақытта пайда болған. Планеталардың қалыптасуы 105 – 108 жыл аралығын қамтиды. Жалпы Күн жүйесінің құрылуы жөнінде қанағаттанарлық теория жоқ.
Геологиялық дәуірлер:
-
катархей (4,6 -3,5 млрд. жыл бұрын);
-
архей (3,5 млрд – 2,6 млрд жыл бұрын);
-
протерозой (2,6 млрд – 570 млн жыл бұрын);
-
палеозой (570 млн – 230 млн жыл бұрын);
-
мезозой (230 млн – 67 млн жыл бұрын);
-
кайнозой (67 млн – қазірге дейін).
Жердің құрамдас бөліктері:
-
литосфера (грек., «тас қабығы») – Жер шарының жоғарғы қатты қабығы;
-
атмосфера – Жердің газ-булық қабығы; Жерді ашық ғарыштан қорғайды; Жердің қызуы мен сууын бір қалыпты ұстайды; 80% - азот және 20% оттегі;
-
гидросфера – литосфера мен атмосфера аралығындағы жердің су қабаты, ол Жер бетінің 70% алып жатыр.
-
биосфера (грек., биос – «өмір») – «өмірмен толған Жер қабаты», организмдер мен тірі мәнділіктерден тұратын планеталық қабат, қабық. Ол барлық тіршілік иелері қызметінің нәтижесі. Терминді 1875 жылы австриялық ғалым Э.Зюсс қолданды. Биосфера атмосфера, литосфера, гидросфераның жоғарғы бөлігін қамтиды. Биосфераның жоғарғы шекарасы Жер бетінен 30 км, ал төменгі шекарасы – Жер бетінен 10 м төменде. Кейбір организмдер 11 км тереңдікте табылған. Жалпы өмір мына температуралық интервалда - 252°С → + 180 °С – болады.
Қазіргі таңда 500 мың өсімдік түрі, 1,5 млн жануарлар түрі белгілі.
Ноосфера (грек., нус – ақыл, парасат) – табиғат пен қоғамның өзара әрекеттесу сферасы, яғни адамның ақыл-ой қызметінің ортасы, сферасы.
Бұл терминді ғылымға 1927 жылы француз ғалымы Э.Леруа енгізді.
Пьер Тейяр де Шарден – ноосфера – «мақсатталған сана»-адам ақылы мен жігері, бүкіл планетаны қамтитын трансформация – деді.
В.И. Вернадский, А.Л. Чижевский – ноосфера деп тек Жер бетіндегі емес, сонымен бірге ғарыштық құбылысты айтты. Адам – ноосфера бөлшегі ретінде – ғарыштық пенде. Ноосфера – тірінің, парасаттың және ғарыштықтың бірлігі.
§4. Экология (грек., ойкос – тұрақ, мекен, үй, логос – ілім) – адамның қоршаған ортамен байланысы және оның барлық тіршілік иелерінің алдындағы моральдік парызы туралы ілім. Бұл терминді 1886 жылы неміс биологы Э.Геккель пайдаланды.
К.Маркс: «... егер мәдениет саналы түрде дамымай, стихиялы дамыса, онда ол соңында шөл даланы қалдырады» (Шығ., т.32, 45-б.).
Ф.Энгельс: «... біз табиғаттағы жеңістерімізге қуана бермеуіміз керек. Біздің әрбір жеңісімізден табиғат кегін алып отырады» (Шығ., т.20, 495-б.).
Экологиялық мәселер:
-
ауа бассейіні мен мұхиттарды ластау;
-
орманды кесу нәтижесінде топырақ эрозиясы;
-
хайуанат дүниесін қырып-жою;
-
ауыз су, көптеген шикі зат қорының тапшылығы;
-
адамның физикалық және психикалық денсаулығы мен тұқым қуалауына әсер ету;
-
«адам - табиғат» экожүйесін сақтау;
-
озонды сақтау, ол стратосферада – 10-50 км теңіз деңгейінен жоғары-табиғи фильтр функциясын орындайды.
Экофилософия; экоэтика; экоқұқық; экоаксиология.
-
экогуманизм – табиғатта адам болмысын қарастыру, табиғат адамның рәміздік болмысы – дейді.
-
«экологиялық пессимистер» (Дж. Форрестер, Д.Медоус, Р.Хейлбронер, П.Эрлих) – халық санының өсуін шектемей, адамзат алдындағы келелі мәселелерді шешу қиынға соғады, - дейді.
-
Экологиялық императив – «Зиян етпе!» - табиғатқа қатысы бар әрбір субъект өзінің жүріс-тұрыс, тәртібі нормасы ретінде жалпылық экологиялық заңдылықты ұғынуы керек.
-
Биотика – адамның өмір мен өлімге қатынасы.
§5. Демография (грек., демос – халық, графе – жазамын) – Жер шарындағы халықтардың саны, тууы, өлімі, өсімі, дамуы туралы ілім. Бұл терминді 1855 жылы француз А.Гийар енгізді.
-
ағылшын экономисі, діндар Томас Роберт Мальтус (1766 – 1834) теориясы: «Тіршілік ету тәсілдері-арифметикалық прогрессия (1, 4, 7, 10...) түрінде, ал туылу – геометриялық прогрессия (1, 3, 9, 27, 81...) түрінде жүреді. Бұл процесс тағдырға жазылған, сондықтан адам санының өсуін шектеу керек. Қасіретке ұшырған адамзатқа жақсылық жасамау керек». (Т.Р. Мальтус «Халық саны заңы туралы тәжірибе», 1798 ж.).
-
Лев Николаевич Гумилев (1912 – 1992) – этногенездің пассионарлық теориясын қарастырды. Пассионарлық (лат., passion – ынтықтық, құлшыныс, жігер). «Этногенез-табиғат процесі, биосфераның тірі затының биохимиялық энергиясының флуктуациясы. Осы энергияның тұтануы – планетаның әртүрлі аймағында болатын пассионарлық түрткі, дүмпу, яғни этностың шаруашылық қызметіне жағрапиялық әсер етеді».
(Л.Н. Гумилев. Еуразия тарихынан. М., 1993 ж., 26-б.).
Лев Гумилев әрбір этнос мына фазалардан өтеді дейді:
пайда болу – акмэ (кемеліне жету) – мертігу – инерция – обускурация (ауысу) – құрдымға кету. Жетекші этнос құлдырап жойылғанда оның айналасындағы этностар оның эстафетасын іліп әкетеді. Тарих осылай дамиды.
Адамзаттың сан жағынан өсу динамикасы:
-
б.з.д. 1 жылы – 230 млн;
-
1000 жылы - 275 млн;
-
1850 жылы - 1 млрд;
-
1900 жылы - 1,6 млрд;
-
1930 жылы - 2 млрд;
-
1961 жылы - 3 млрд;
-
1976 жылы - 4 млрд;
-
1987 жылы - 5 млрд;
-
2000 жылы - 6 млрд;
-
2025 жылы - 8 млрд (болжам).
Тақырып бойынша негізгі ұғымдар: глобалдық, табиғат, экология, географиялық орта, экофилософия, құқық, пассионарлық