ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 13.08.2020

Просмотров: 838

Скачиваний: 4

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

1 дәріс.

Философия мәдениет феномені хақысында


Мақсаты мен міндеттері: Философия руханияттың ерекше формасы, философия әлемді танудың ерекше формасы ретінде талдау жасау.


Жоспар:

  1. Философиялық білім ұғымын анықтау. Философиялық таным ерекшелігі

  2. Дүниеге көзқарас ұғымы, түрлері.

  3. Философия пәні, функциялары.


Әдебиеттер тізімі:

1. Иманқұл Н.Н. Философия әлемінде: болмысы және тарихы. Алматы,2006ж.

2. Иманқұл Н.Н., Бөрібаев Т.Қ. Іліми философия. Астана, 2009ж.

3. Әбішев Қ.Ә. Философия. Алматы, 2000ж.

4. Ғ. Есім. Фалсафа тарихы. Алматы, 2004.

5. Мир философии. Книга для чтения. В 2-х частях. М.,1991.

6. Спиркин А.Г. Философия. Учебник. М., 2006.

7. Канке В.А. Философия. М., 2001.

8. . Спиркин А.Г. Философия. М. 2005.


Дәрістің қысқаша мазмұны:

Дүниеге көзқарас -объективтік дүниеге, болмысқа, адамға және тіршілікке деген неғұрлым жинақталған,қорытылған біртұтас көзқарастар мен қағидалар.

Дүниеге көзқарас түрлері-

  • Әдеттегі, қарапайым, күнделікті өмірлік көзқарас;

  • Діни көзқарас;

  • Философиялық дүниеге көзқарас;

Адамзат тарихында дүниеге көзқарастың негізгі үш формасы көрініс тапты:

  • Мифология;

  • Дін;

  • Философия

§2. Мифология (грекше мифос-аңыз, шежіре; логос-сөз, ілім)-алғашқы қауымдық қоғамға тән дүние туралы қияли - ғажайып, танымдық қоғами сана формасы.

Әдетте, миф мына негізгі мәселерге көңіл аударады:

  • Әлем, жер және адамның пайда болуы;

  • Табиғи құбылыстарды ұғыну;

  • өмірдің, тағдырдың, адам өлімінің себеп- салдары;

  • ұждан, парыз, әдеп пен әдет мәселелері;

Мифтік белгілерге мыналар жатады:

  • табиғатты адамиландыру;

  • әпсаналық құдайлардың болуы, олардың адамдармен қоян-қолтық араласуы;

  • абстракциялық ойлаудың(рефлексияның) болмауы;

  • мифтің нақты өмірлік мәселелерге (шаруашылыққа, табиғи апаттан қорғануға және т.б. ) практикалық бағытталуы;

  • мифологиялық көріністердің біркелкілігі, жұтаңдығы.

§3. Дін -жаратылыстан, адам мен адамзаттан тыс трансценденталдық, құдіретті күшке сенуге негізделген дәстүрлі қоғами сана формасы.

Діни көзқарасқа қоршаған ортаны сезімдік, бейне -эмоциялық, тылсымдық (бейрационалдық) формада қабылдау тән.

Дін мына мәселелерді қарастырады:

  • Құдайдың бар екеніне шәк келтірмеу;

  • Әлемнің, жаһан дүниенің, адамның, фәни мен бақидағы өмірдің, барлық тіршіліктің пайда болуы, жаратылуы;

  • табиғат құбылыстарын өздігінше ұғыну;

  • адам тағлымы, тағдыры мәселесі;

  • Әдептілік- этикалық мәселер.

Негізгі әлемдік діндер:

  • христиандық;

  • буддизм;

  • ислам;

Әлемдегі ірі және неғұрлым кең тараған ұлттық діндер:

  • синтоизм;

  • индуизм;

  • иудаизм.

Дүниеге көзқарастан өзге, дін мына функцияларды атқарады:

  • біріктіруші(бір идея төңірегінде қоғамды ынтымақтандыру);

  • мәдени -танымдық(белгілі бір мәдениетке ықпал ету);

  • әдептілік-тәрбиелік (қоғамда адамға деген сүйіспеншілік, махаббат, кешірімділік, адалдық, ізеттілік, төзімділік, борыштық).


Тақырып бойынша негізгі ұғымдар: философия, мифология, фетишизм, тотемизм, анимизм, дін, гносеология, онтология, объективтік идеалазм, субъективтік идеализм және т.б.



2 дәріс.

Мәдени контекстіндегі философиялық ой кешудің тарихи типтері

Шығыс мәдениетіндегі философия феномені


Мақсаты мен міндеттері: Философия тарихын кезеңдерге бөлу мәселесі. Ежелгi шығыс философияның ерекшелiктерiнiң қарастыруы бұл қазiргi шығыс менталитетiнiң негiзi ретінде қарастыру.


Жоспар:

  1. Философия тарихын оқып үйрену дегеніміз не

  2. Ежелгі Қытай философиясының ерекшеліктері мен сипаты., мектептері.

  3. Ежелгі Үнді философиясының ерекшеліктері, негізгі даму кезеңдері және мектептері.


Әдебиеттер тізімі:

1. Иманқұл Н.Н. Философия әлемінде: болмысы және тарихы. Алматы,2006ж.

2. Иманқұл Н.Н., Бөрібаев Т.Қ. Іліми философия. Астана, 2009ж.

3. Әбішев Қ.Ә. Философия. Алматы, 2000ж.

4. Ғ. Есім. Фалсафа тарихы. Алматы, 2004.

5.Философия в 2 частях. Ч. 1 История философии М., 2002

6.Хрестоматия по философии РнД., 1997

Древнекитайская философия. В 2-х т. М., 1972.

7.История китайской философии. М., 1989


Дәрістің қысқаша мазмұны:

Қытай философиясы өзінің даму барысында үш негізгі кезеңнен өтті:

  • Б.з.д. VIIғ.-б.з.ІІІғ.- ежелгі ұлттық философиялық мектептердің пайда болуы мен қалыптасуы;

  • ІІІ-ХІХ ғ.ғ. Үндістаннан Қытайға буддизмнің (б.з.ІІІғ.)енуі және оның ұлттық философиялық мектептерге ықпалы;

  • ХХІ ғ.-қазіргі заманғы кезең- Қытай қоғамының біртіндеп ашыла бастауы, қытай философиясының еуропалық және дүние жүзілік философия жетістіктерімен сусындауы.

Қытайдағы ежелгі ұлттық философиялық ілімдер:

  • даосизм;

  • конфуцийшілдік;

  • легизм.

Онша көп таралмаған ілімдер:

  • моизм;

  • натурфилософия;

  • номинализм.

Қытайға буддизм (ІІІ ғ.) енгеннен кейінгі және ХІХ ғ. соңына (екінші кезең) дейінгі қытай философиясының негізін қалаған ілімдер:

  • чань-буддизм (ұлттық қытай буддизмі);

  • неодаосизм;

  • неоконфуцийшілдік.

ХХ ғасырда қытай ұлттық философиясы мына әлемдік философиялық идеялармен байыды:

  • христиандық діни философия;

  • марксизм;

  • еуропаның көрнекті философтарының идеялары;

  • американдық прагматизм философиясы.

§3.Дүние мен қоршаған ортаны бейнелеудегі қытайлық көзқарасқа тән қасиеттер:

  • өз елі Қытайды-шындықтағы дүниенің орталығы деп қабылдау;

  • жеке оқиғаларды, тарихты жалпы циклдік процестер ретінде ұғыну;

  • жердегі ғарыштық циклдердің дұрыс жүруіне, Аспан мен Жер алдында адамның өзіндік жауапкершілігін сезінуі;

  • адам, табиғат және ғарышты бірыңғай тұтастық деп қабылдау;

  • сананың консерватизмі, өткенге оралу, өзгерісті қаламау;

  • жеке адам, тұлғаның ұжымнан бөлінбеуі, дараланбауы;

  • табиғат апаттарымен күресте жеке адамның дәрменсіздігін сезіну;

  • еңбектің жаппай (ұжымдық) формаларына басымдылық беру (Ұлы Қытай дуалын салу, каналдар қазу, бөгеттер тұрғызу, су тасқынымен күресу және т.б.);

  • жеке адам, ұжым, мемлекет пен қоғамды бөлінбес тұтастық деп қабылдау;

  • қоғамда вертикалдық байланыстарды (билік пен бағыну), субординацияны, бастықты сыйлауды, мемлекет басшысын ( императорды) ең жоғарғы мәртебе, мемлекетті біріктіруші күш ретінде ұғынуды қалыптастыру;

  • қарым-қатынаста конформизмді, келісімпаздықты, мәмлегерлікті, тыныштық пен жайбарақаттылықты қалау;

  • өмірді ең алдымен тән қабығындағы рух өмірі деп ұғыну; фәни өмірді бақи дүниеден жоғары қою; ұзақ өмір сүруге әрекет жасау (дене шынықтыру, шөп дәрілерін ішу және т.б.)

  • о дүниелік күштердің болуын мойындау, өлгендердің жандануы;

  • ата-аналарды, үлкендерді сыйлау, ата-баба, аруақтарды("шэн") қастерлеу.


БУДДИЗМ ЖӘНЕ ОНЫҢ НЕГІЗГІ ИДЕЯЛАРЫ.

§1. Буддизм - Үндістанда (б.з.д.V ғ. кейін), Қытайда, Оңтүстік - Шығыс Азияда (ІІІ ғ. кейін) және басқа өңірлерде кең тараған діни - философиялық ілім.

Буддизм негізін Гаутама Будда (Сидхардха Шакьямуни) (б.з.д. 563-483 ж.ж.) салды. Ол қиыншылыққа толы, күрделі өмір соқпақтарынан (ханзада, тақуа-аскет, данышпан, әулие) өтіп б.з.д. 527 ж. "нұрланып", өзінің уағыздарын тарата бастады.

Буддизмнің басты идеясы- "Орта жолды" ұстау, яғни шегіне жеткен екі жол: "ләззат жолы" (құмарлық, шаттану, енжарлық, тән мен жан рахаты) мен "аскетизм жолының" (азаптану,күйіну, өлімді аңсау, тән мен жан қасіреті) ортасын қалау, таңдау.

"Орта жол" - білім, даналық, ақылмен шектеу, зерделеу, нұрлану, өзіндік кемелдену жолы, оның түпкі мақсаты - ең жоғарғы игілік - Нирванаға жету.

§2. Будда төрт ізгілікті (арийлік) ақиқатты айқындайды:

  • бұл дүние қасіретке толы;

  • қасіреттің өз себептері бар- байлық, құмарлық, атақ, даңқ, өмір ләззаты, т.б;

  • қасіреттен арылуға, құтылуға болады;

  • қасіреттен құтылудың жолы бар- ол пендешіліктен арылу, нұрлану, Нирвана.

§3. Будда философиясы адамның өзіндік кемелденуі, Ұлы Азаттану- Нирванаға жетудің жолдарын көрсетеді. Бұл сегіз сатылы, сегіз буынды ұстаным, сегіздік жол:

  • дұрыс көзқарас- буддизм негіздерін және өмірдегі өз жолыңды түсіну;

  • дұрыс ойлау- адам өмірі оның ойлауына тәуелді, ойың өзгерсе өміріңде өзгереді;

  • дұрыс сөйлеу- айтқан сөзің жаныңа, мінезіңе әсер етеді;

  • дұрыс іс-әрекет- келісімді өмір сүр, зұлымдық, жамандыққа барма;

  • дұрыс өмір сүру- буддалық өсиеттерді әрқашан бұлжытпай сақтау;

  • дұрыс ыждақат- ынталы болу, еңбек етуді сүю;

  • дұрыс зерделеу- дұрыс ойлаудан туындайтын әдептілік;

  • дұрыс зейін қою- медитацияға бой ұру, ғарышпен байланысу.

§4. Буддизмнің бес өсиет-бағдары:

      • өлтірме;

      • ұрлама;

      • пәк болу;

      • өтірік айтпа, жалған сөйлеме;

      • зиянды заттарды пайдаланба.


      Тақырып бойынша негізгі ұғымдар:: Доасизм,легизм, конфуцийшілдік, моизм, у-вей, цзин, веда, упанишада, астика, настика, буддизм, жайнизм, веданта т.б.



      3 Дәріс.

      Антикалық мәдениеттегі философия


      Мақсаты мен міндеттері: Антикалық философияның айналысқан негізгі мәселелерін қарастыру. Негізгі бағыттары мен мектептеріне салыстырмалы талдау жасау.


      Жоспар:

      1. Ежелгі Грек философияның жалпы сипаттамысы: қалыптасуының негізгі кезеңдері мен мекпептері.

      2. Басманың негізі және сократқа дейінгі философияның диалектикалық идеялары.

      3. Софистика ілімі. Сократ және этикалық мектептер.

      4. Платон және Аристотель философиясы



      Әдебиеттер тізімі:

      1. Иманқұл Н.Н. Философия әлемінде: болмысы және тарихы. Алматы,2006ж.

      2. Иманқұл Н.Н., Бөрібаев Т.Қ. Іліми философия. Астана, 2009ж.

      3. Әбішев Қ.Ә. Философия. Алматы, 2000ж.

      4.Философия в 2 частях. Ч. 1 История философии М., 2002

      5.Хрестоматия по философии РнД., 1997

      6.Спиркин А.П. Философия М., 2002


      Асмус В.Ф. Античная философия. М., 2000.

      7. Богомолов А.С. Античная философия. М., 1985.


      Дәрістің қысқаша мазмұны:

      Ежелгі Грек философиясы (ілімі, мектебі) деп қазіргі заман Грекия территориясындағы, Кіші Азия грек полистеріндегі, Жеророта теңізі, Қара теңіз жағалауы мен Қырымдағы, Азия мен Африкадағы эллиндік мемлекеттердегі, Рим империясында өмір сүрген грек ойшылдарының, философтарының ілімін айтады. (Кейде Ежелгі Грек пен Ежелгі Рим философиясын "антикалық философия " деп те атайды).

      Антикалық философия өз дамуында төрт кезеңнен өтті:

          • демократиялық - ( б.з.д. VII-V ғ.ғ.);

          • классикалық (сократтық)- б.з.д.V ғ ортасы- б.з.д. IV ғ. аяғы;

          • эллиндік - б.з.д.IV ғ. - б.з.д.II ғ.;

          • римдік б.з.д. Iғ. - б.з.V ғ.

      §2. Сократқа дейінгі кезеңге мыналар жатады:

      • милет мектебі-"физиктер" (Фалес, Анаксимандр, Анаксимен );

      • Гераклит Эфесстік;

      • элей (элеат) мектебі;

      • атомистер (Демокрит, Левкипп);

      • өзге де философтар.

      "Сократқа дейінгілердің" айналысқан мәселелері: табиғат құбылыстарын, Ғарыш мәнін, қоршаған дүниені түсіну, алғашқы бастама, түпнегізді іздеу.

      Классикалық (сократтық) кезең- Ежелгі Грек философиясының шарықтап дамыған кезі (Ежелгі грек полисінің гүлдену кезеңі).

      Бұл кезеңнің ерекшелігі:

      • софистердің философиялық- ағартушылық қызметі;

      • Сократ философиясы,

      • "сократтық" мектептердің пайда болуы;

      • Платон философиясы;

      • Аристотель философиясы.

      Сократтық (классикалық) кезең философтары да табиғат пен Ғарыш мәнін түсінуге ұмтылды, алайда олар философиямен "сократқа дейінгілерден" тереңірек айналысты:

      • алғашқы бастаманы іздеуге көп көңіл бөлмеді;

      • табиғат пен Ғарышты жаратуда, Құдай мен идеялардың қатысы бар болуын жоққа шығармады;

      • мәнділіктің пайда болуының идеалистік тұрғысы қалыптасты;

      • адам, қоғам, мемелекет мәселелері қызықтыра түсті;

      • форма мен материя арақатынасы анықтала бастады;

      • философияның уағыздау- догматикалық дәлелдеу әдісінен диалогтық - дәлелдеу әдісіне көшуі басталды;

      • формалды логика негізі қалана бастады;

      • практикалық философиялық- ағартушылық қызмет жүзеге асты (софистер мен Сократ).

      Эллиндік кезең- (полистің дағдарысқа ұшырауы, Азия мен Африкада ірі мемлекеттердің пайда болып, Александр Македонский мен оның ізбасарларының билігі) философиясына тән белгілер:

      • киниктердің антиқоғами философиясының белес алуы;

      • философияның стоикалық бағытының пайда болуы;

      • "сократтық" философиялық мектептердің қызметі: Платон Академиясы, Аристотель Ликейі, кирендік (киренаиктер) мектебі және т.б.;

      • Эпикур философиясы және т.т;

      Эллиндік философия ерекшеліктері:

      • антикалық мораль мен философиялық құндылықтардың дағдарысы;

      • құдайлар мен өзге де дүлей күштерді сыйлау және олардан қорқудың, үрейдің бәсеңдеуі;

      • бұрынғы өткен ғұламаларды терістеу, мемлекет пен оның институттарына немқұрайды қарау;

      • тән мен жан сүйенішін өзінен табу, іздеу;

      • шындықтан алшақтап, қиялға берілу;

      • дүниеге материалистік көзқарастың үстем болуы (Эпикур);

      • ең жоғарғы игілік - жеке адамның ләззаттануы мен бақыты деп ұғыну (тәндік-киренаиктер, моральдік - Эпикур).


      Римдік кезеңнің атақты философтары:

      • Сенека;

      • Марк Аврелий (161-180 жылдары Рим императоры);

      • Тит Лукреций Кар;

      • соңғы стоиктер;

      • ерте христиандар.

      Римдік кезең философиясына тән сипаттар:

      • ежелгі грек және ежелгі рим философиясының өзара ықпалы (ежелгі грек философиясы римдік мемлекеттіліктің шеңберінде дамып, оның ықпалында болды, сол сияқты ежелгі рим философиясы ежелгі грек философиялық дәстүр мен идеялардың жалғасы болып табылды);

      • ежелгі грек және ежелгі рим философиясының шын мәнінде бірігіп, антикалық философияға айналуы;

      • антикалық философияға жаулап алған елдердің (Шығыс, Солтүстік Африка және т.б.) философиялық дәстүрлері мен идеяларының ықпалы;

      • философияның, философтардың мемлекеттік институттарға жақындығы (Сенека рим императоры Неронды тәрбиеледі, Марк Аврелий өзі император болды);

      • қоршаған дүние, табиғат мәселелеріне көп көңіл бөлінбеді;

      • адам, қоғам және мемлекет мәселелеріне мейлінше көп көңіл бөлінді;

      • эстетиканың гүлденуі (оның пәні ойлау мен адам қылығы философиясы болды);

      • стоикалық философияның шарықтап дамуы; ең жоғары игілік пен өмір мәні тұлғаның рухани дамуы, білімпаздығы, өзін өзі ұстай білуі, бейқамдығы (атараксия, жабайрақаттылығы) болып танылды;

      • идеалистік көзқарастың материализмнен үстемдеу болуы;

      • қоршаған дүние құбылыстарын түсіндіруде құдайлардың пәрменіне жүгіну;

      • өлім мен о дүниелік өмір мәселесіне көңіл бөле бастау;

      • философияға ерте христиандық идеялар ықпалының өсуі;

      • антикалық және христиандық философиялардың біртіндеп қосылуы, олардың ортағасырлық теологиялық философияға айнала бастауы.

      §3. Сөйтіп, антикалық (ежелгі грек) философияға мына ерекшеліктер тән:

      • бұл философияның гүлденуінің материалдық негізі полистердің экономикалық (қалалық, сауда-кәсіптік орталықтар) дамуы болды;

      • ежелгі грек философтары материалдық өндіріс процесінен қол үзіп, дербес қауымдыққа айналды; ой еңбегі мен дене еңбегі бөліне бастады;

      • ғарышкінділік (космоцентризм) идеясы өзекті мәселеге айналды;

      • философия дамуының соңғы кезеңінде ғарышкінділік идеясы мен антропокінділік (антропоцентризм) идеясы араласып, біріге бастады;

      • құдайлардың болуы күмән туғызбады;

      • ежелгі грек құдайлары табиғаттың бір бөлігі болып саналып, адамға жақын болды;

      • адам қоршаған дүниеден бөлінбей, табиғат бөлігі болып ұғынылды;

      • философиядағы екі бағыт қалыптасы-"Платон бағыты" және "Демокрит бағыты"

      Атомистер - материалистік тұрғыдағы философиялық мектеп, дүниенің негізі микроскопиялық бөлінбейтін жай бөлшектер - "атомдар" деп білді.

      Атомистердің негізгі өкілдері - Левкипп пен Демокрит (б.з.д. 460ж.)

      Демокрит ілімінің негізгі қағидалары:

      • барлық материалдық дүние атомдардан тұрады;

      • атом бөлінбейді, мәңгілік, өзгермейді, өзіне-өзі тең, барабар;

      • атомдар мәңгі қозғалыста болады, атомдар айналымы да бар;

      • атомдар арасында қуыспен толтырылған кеңістік бар;

      • атомдарда сапалық қасиет болмайды, олардың иісі, түсі, дыбысы жоқ, олар бір-біріне өзгермейді;

      • атомдар ішінде ешқандай да қозғалыс болмайды;

      • атомдар шар тәрізді, бұрышты, қармақ, зәкір және т.б. формада болады.