ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 13.08.2020

Просмотров: 839

Скачиваний: 4

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

СОФИСТЕР ФИЛОСОФИЯСЫ ЖӘНЕ СОКРАТ.

Софистер б.з.д. V- IV ғ. бірінші жартысында өмір сүрді. Софистика мектебінің өкілдері теориялық мәселелермен ғана емес, сонымен бірге педагогика, шешендік өнер, яғни практикалық қызмет те атқарды. "Софистер"- грекшеден аударғанда "даналық ұстаздары" дегенді білдіреді.

Софистерді екі топқа бөледі:

  • аға софистер (б.з.д. V ғ.)-Протогор, Горгий, Гиппий, Продик, Антифонт, Критий;

  • кіші софистер - Ликофрон, Алкидамант, Трассимах.

§2. Софистерге тән сипаттар:

  • дүниедегі шындыққа сыни көзқараспен қарау;

  • бәрін практика жүзінде қадағалау, кез келген ойдың дұрыс не бұрыстығын логикалық дәлелдеу;

  • ескі, дәстүрлі өркениет құндылықтарын қабылдамау;

  • дәлелденбеген ескі ереже, қағидалар, дәстүрлерді терістеу;

  • мемлекет пен құқықтың шарттылығын, кемшіліктерін дәлелдеуге ұмтылды;

  • ақиқаттың, білімнің салыстырмалылығы туралы ойды шегіне жеткізу;

  • мәселені әдейі шатастырып, жалған қағиданы шын деп, шындықты жалған деп айтыста қарсыласын жеңу;

  • пікір айтуда шегіне жеткен субъективизм, әрі релятивизм.


Аристотель (б.з.д. 384-322 ж.ж.) -адамзаттың бірінші ұстазы, Платон шәкірті, Ескендір Зұлқарнайынның тәрбиешісі болған. Оның әкесі Никомах-Македония патшасы Аминта III-тің қарамағындағы дәрігер болған. Ғылыми әдебиетте Аристотельдің көптеген лақап аттары кездеседі: Стагирит- туған қаласының кұрметіне, Никомах -әкесінің құрметіне, Перипатетик - мектебінің құрметіне сай аталған. Аристотельдің философиялық баянды қызметін үш кезеңге бөлуге болады:

  • б.з.д. 367-347 ж.ж. (20 жыл)-17 жасынан бастап Платон Академиясында (Платон қайтыс болғанша) қызмет етті;

  • б.з.д. 347-335 ж.ж. (12 жыл)-патша Филипптің шақыруымен Пелле-Македония мемлекеттінің астанасында өмір сүрді; Александр Македонскийді тәрбиеледі;

  • б.з.д. 335-322 ж.ж. (13 жыл) - өзінің философиялық мектебі - Ликейді (перипатетикалық) құрды. Осында өмірінің соңына дейін қызмет етті.

Аристотельдің атақты шығармалары: "Органон" - оның құрамында-"Категориялар"; "Түсіндірмелер"(пікірлер), "Аналитикалар"-тұжырым туралы ілім (силлогизмдер), дәлелдеме туралы ілім; "Топика"- ықтималды дәлелдемелер және диалектика туралы, "Софистикалық дәлелдемелерді жалғандау"; "Метафизика", "Физика", "Аспан туралы", "Жануарлардың түрлері", "Жан туралы", "Никомах этикасы", "Риторика", "Саясат", "Афиндік полития", "Поэтика" және т.б.

Аристотель әмбебап ғұлама-логиканың, философияның, психологияның, биологияның, саяси экономияның, этика, эстетика, өнер теориясының және т.б. көптеген ғылымдардың негізін салды.


Тақырып бойынша негізгі ұғымдар:: антикалық философия, софистика, атомистика, апория, идея ұғымы, категория, Киниктер, Майевтика т


Дәріс №4.

Батысеуропалық және арабтілділік ортағасырлық философиядағы сенім мен білім арақатынасының мәселесі.


Мақсаты мен міндеттері: Ортағасырлық батысеуропалық және арабтілдік философияның ерекшеліктерін анықтап, салыстырмалы талдау жасау



Жоспар:

1. Ортағасырлық батысеуропалық философияның ерекшеліктері мен формалары.

2. А.Августин және Ф.Аквинский философиясы. Универсалий мәселесі. Номинализм және реализм, концептуализм

3. Ислам мәдениеті және философиядағы негізгі бағыттар мен ағымдарының қалыптасуы.

4. Шығыстық перипатетизм философиясы (әль-Кинди, әль-Фараби, Ибн-Сина, Ибн-Рушд).



Әдебиеттер тізімі:

1. Иманқұл Н.Н. Философия әлемінде: болмысы және тарихы. Алматы,2006ж.

2. Иманқұл Н.Н., Бөрібаев Т.Қ. Іліми философия. Астана, 2009ж.

3. Әбішев Қ.Ә. Философия. Алматы, 2000ж.

4.Философия в 2 частях. Ч. 1 История философии М., 2002

5. Соколов В.В. Средневековая философия. М., 1979 (1990).

6.Коплстон Ф,И. История средневековой философии. М., 1997.

7. Сагадеев А.В. Ибн-Сина (Авиценна) – М.,1980

8. Средневековая арабская философия. Проблемы и решения – М., 1998.


Дәрістің қысқаша мазмұны:

  • Абсолюттік тұлға қағидасы; Монотеизм;

  • Теоцентризм (бүкіл дүние, адамзатты Құдай жаратты, Құдай философиялық ойлаудың негізгі тақырыбына айналды);

  • Креационизм-Құдай дүниені жоқтан бар етті және мәңгі жаратуда;

  • Провиденциализм-Құдай адам мен адамзатты құтқаруын, жарылқауын алдын ала біледі;

  • ғарышты, табиғатты, қоршаған дүние құбылыстарын зерттеуге көп көңіл бөлінбеді, өйткені олар Құдайдың жаратқаны;

  • философияда екі дәстүрдің синтезі-антикалық философия мен христиандық аян ілімінің қабысуы;

  • мән мен тіршілік, ерік пен парасат, сенім мен білім арақатынасы;

  • жаратылу догматы мен аян догматы (Інжілде) үстем болды;

  • Құдай тағылымы шеңберінде адамның ерік еркіндігі принципі сақталды;

  • Құдайға құлшылық еткен жағдайда келешекте қайта тірілу (жан мен тән) идеясы дәріптелді;

  • адам мен адамзатты Иса пайғамбар құтқарады, әрі ол бүкіл адамзаттың күнәсін мойына алып кешірімділік жасайды (арылу идеясы);

  • дүниені тану Құдайды тану, Құдайға сену арқылы жүзеге асады.

Жаратылу догматы:

  • Құдай дүниені жоқтан жаратты;

  • дүниенің жаратылуы Құдайдың қалауының, ерігінің нәтижесі;

  • дүние Құдайдың құдіретімен тұр;

  • табиғат өздігінен өзін жарата алмайды;

  • Әлемдегі жалғыз жасампаздық бастама-Құдай;

  • Құдай мәңгі, тұрақты және бәрін білуші;

  • нағыз болмыс тек Құдай болып табылады;

  • Құдай жаратқан дүние нағыз болмыс емес, ол Құдайдан пайда болған, туынды;

  • дүниені Құдай жаратқандықтан, дүние өзіне-өзі ие емес, тұрақсыз, өзгермелі және уақытша;

  • Құдай мен Оның жаратқанының арасында шек жоқ, шекара жоқ.

Аян догматы:

  • дүниені тек Құдайды тану арқылы тануға болады;

  • таным үшін Құдай тылсым (Құдайға біліммен жете алмайсың);

  • Құдайды тануға болмаса да, Ол Өзін аян арқылы - Інжілде (өзі туралы ізгі хабар) Өзін тануға мұрсат берді;

  • Құдайды және барлық мәнділікті танудың жалғыз жолы -Інжілді ұғу;

  • Құдайды тек сенім арқылы тануға болады.

Ортағасырлық философияда қайырымдылық пен зұлымдылық (жамандық пен жақсылық) мәселесі де қарастырылды;


Қайырымдылық пен зұлымдық мәселесінің шешімі жаратылу идеясынан туындайды:

  • дүниедегі барлық шарапат Құдайдан;

  • Құдай қайырымдылық пен әділетілікті беруші, демек қоршаған дүние басталуынан қайырымды;

  • дүниеге залымдықты күнәқар періште-ібіліс әкелді, ол Құдайға қарсы шықты;

  • бастапқы дүниеде зұлымдылық болмағандықтан, ол жиі қайырымдылықты бүркініп өзінің қара мақсатарына жетеді;

  • дүниеде қайырымдылық пен зұлымдықтың күресі толастамайды, бірақ дүниені Құдай жаратқан, Құдай мейірімді, сондықтан түбінде қайырымдылық зұлымдықты жеңеді.


Патристика (лат.patres -әке)-II-VIIIғ.ғ. алғашқы христиан философиясының негізін салушы шіркеу әкелерінің мектебі, ілімі.

Патристика шеңберінде мына кезеңдерді атап өтуге болады:

  • Апологетика (грек. апологемай-қорғаймын, ақтаймын)-II-IIIғ.ғ. пұттық политеизммен күресте христиандық догматика негіздерін қорғаған, уағыздан ілім;

  • Классикалық патристика-(IV-Vғ.ғ.)-тринитарлық мәселе, яғни әке, ұл және қасиетті рух мәртебесі арақатынасы туралы ілім; христологиялық мәселе, яғни Исадағы (Христос) екіұдайлық, яғни құдаи және адами екі бастама туралы; антропологиялық мәселе, яғни құтқару мен арылу барысындағы Құдайдың мейірімі мен адамның күнәқарлық табиғаты жөніндегі ілім;

  • соңғы кезең (VI-VIIIғ.ғ.) - христиандық догматиканың орнығуы, теология мен ғылымның энциклопедиялық кодификациялануы.

Схоластика (лат.схолиа-мектеп)-ортағасырлық теологиялық ілім, философияның теологияға қызмет ететін тұсы. Схоластиканың үш кезеңі болды:

  • ерте схоластика (IX-XIIғ.ғ.);

  • кемелденген схоластика (XIIIғ.);

  • соңғы схоластика (XIV-XVғ.ғ.).

Схоластикалық философияның негізгі мәселесі:

  • құдайдың бар екенін рационалды (ақылмен) дәлелдеу;

  • білім мен сенім, парасат пен ерік қатынасы;

  • креационизм, провиденциализм;

  • пантеизм мен аввероизммен күрес;

  • сенімнің парасаттан үстемдігі;

  • жалпылықтың жекелікке қатынасы немесе "универсалий", яғни жалпылық ұғым мәселесі.

Осы сұрақтарға жауап бере келе схоластикада екі бағыт пайда болды:

  • Реализм-нағыз болмысқа заттар емес, керісінше олардың жалпы ұғымы-универсалийлер ие дейтін ағым. Бұл Платонның "таза идеяларын" еске түсіреді. Реалистерге Эриугена (Иоан Скот), Ансельм Кентерберийскийді, Шамполық Гильомды және т.б. жатқызуға болады.

  • Номинализм (лат. nomo-атау, есім)-шындықта тек жеке, нақты заттар ғана өмір сүреді, ал жалпы ұғымдар (универсалий) олардың атауы, аталуы болады дейтін схоластикалық философияның ағымы. "Адам-тек жалпы атау, ал әрбір жеке адам осы осы атаумен аталады".

Номинализм өкілдері- Пьер Абельяр (1079-1142), Росцелин, Дунс Скот, Роджер Бэкон, Жан Буридан;

Альберт Больштедский реалистер мен номиналистерді ымыраға келтіруге тырысты. Оның уәжі:

  • универсалийлер заттарға дейін Құдайда өмір сүреді;

  • олар көптіктегі бірлік түрінде заттарда өмір сүреді;

  • адам ойында заттар туралы ұғым ретінде заттардан кейін өмір сүреді.



Тақырып бойынша негізгі ұғымдар:: Монотеизм, креционизм, провинденциализм, догматизм, патристика, апологетика, схолостика, реализм, номинализм, концептуализм, универсалий, томизм, суннизм, шиизм, суфизм, шығыстық перипатетизм т.б.

Дәріс № 5.

Ренессанс пен Реформация мәдениетіндегі философия


Мақсаты мен міндеттері: Ренессанс дәуірі философиясының ерекшеліктері.

Қайта өрлеу заманы философиясының өкілдеріне жалпы сипаттама беру.


Жоспар:

1. Қайта өрлеу заманы философиясының ерекше белгілері, сипаты.

2. Ренессанс кезеңіндегі гуманизм прнципі (Ф. Петрарка, Д. Алигьери, Л. Валла).

3. Натурфилософия және пантеизм (Н. Кузанский және Дж. Бруно).

4. Философия және әлеуметтік утопия (Н. Макиавелли, Т. Мор, Т. Кампанелла).


Әдебиеттер тізімі:

1. Иманқұл Н.Н. Философия әлемінде: болмысы және тарихы. Алматы,2006ж.

2. Иманқұл Н.Н., Бөрібаев Т.Қ. Іліми философия. Астана, 2009ж.

3. Горфункель А.Х. Философия Эпохи Возрождения. Л., 1980.

4. Лосев А.Ф. Эстетика Возрождения. М., 1978.

5. Рутенбург В.И. Титаны Возрождения. Л., 1976.

6. Данте А. Божественная комедия. М., 1967.


Дәрістің қысқаша мазмұны:

Қайта Өрлеу Заманы философиясы деп XIV ғ. аяғы-XVI ғ. соңындағы Батыс Еуропада пайда болған антишіркеулік және антисхоластикалық бағыттағы, антикалық философия дәстүрін қайта жаңғыртып, адам мәселесін зерттеуге талпынған философиялық кезеңді айтады.

Қайта өрлеу италиянша Реначименто, французша Ренессанс, немісше Реформацион, орысша Возрождение деп аталады.

Қайта Өркендеу дәуірі философиясы мен мәдениетінің пайда болуы мен қалыптасуының алғы шарттары:

  • еңбек құралдары мен өндіріс қатынастарының дамуы, капиталистік қатынастардың пайда болып, феодализмнің дағдарысқа ұшырауы;

  • сауда мен кәсіптің дамып қалалардың өркендеуі, феодалдар мен Шіркеуден тәуелсіз мәдени, саяси орталықтардың пайда бола бастауы;

  • ұлы жағрапиялық жаңалықтар (Колумб, Васко да Гама, Магеллан);

  • ғылыми-техникалық жаңалықтар (қару-жарақ, оқ-дәрі, домен пеші, микроскоп, телескоп, кітап басу, медицина, астрономия, космология және т.б.);

  • ұлттық мемлекеттердің пайда болуы, абсолюттік монархияның үстем болуы;

  • ұлттық әдеби тілдердің қалыптасуы;

  • Шіркеу мен схоластикалық философияның дағдарысы, Еуропада сауаттылық деңгейінің өсуі.

Қайта Өрлеу Заманы философиясының негізгі идеялары мен белгілері:

  • антикалық, классикалық дәстүрді қайта жаңғырту;

  • мәдениеттегі өтпелі кезең, мәдениеттің гүлденуі, дамуы;

  • гуманизм принципін айқындау-адамның шығармашылыққа, еркіндікке, бақытқа деген құқын анықтай бастау;

  • антропоцентризмнің дамуы, адамның өз табиғатына қайта оралуы;

  • пантеизм-Құдай мен табиғатты, табиғат пен адамды барабарлықта қарастыру;

  • аристотелизм, платонизм, стоикалық және Эпикурлық философиясы ойларының модификациясы;

  • дүниені ғылыми, жаратылыстану ілімдері тұрғысынан тану элементтерінің пайда болуы (гелиоцентризм, әлемнің шексіздігі, анатомиялық білім және т.б.);

  • Реформация философиясы - католицизмді реформациялау, шіркеуді демократияландыру; Құдай, шіркеу және дінге сенушілер арасында әділеттілікті орнату мақсат болды;

  • индивидуализмнің үстем болуы, әлеуметтік теңдік идеясының кең тарауы;

  • әлеуметтік мәселелерге, қоғам мен мемлекет мәселелеріне қызығушылық таныта бастау;

  • философиялық ойлаудың антифеодалдық, антисхоластикалық және антитеологиялық үрдісі.


Қайта Өркендеу дәуірі философиясының негізгі бағыттары:

  • гуманистік;

  • неоплатондық;

  • натурфилософиялық;

  • реформациялық;

  • саяси;

  • социалистік- утопиялық.

Соңғы үш ағымды "әлеуметтік - саяси бағыттар" деп атауға болады.

Гуманистік бағыт ХІV ғ.-ХV ғ. орта шені, оның орталығы Италия болды. Гуманизмнің негізгі сипаты:

  • адам тағлымы, оның ұлылығы мен құдіреті;

  • антишіркеулік және антисхоластикалық бағыттылығы;

  • ортағасырлық Құдаи, теоцентрлік көзқарастан адамның өзіндік құндылығы, адами, антропологиялық зерделеуге өту;

  • антропоцентризм, адамгершілікті дәріптеу, өмірлік оптимизм;

  • гуманистік философия көркем формаға, әдебиетке жақын болды.

Көрнекті философ - гуманистер сонымен бірге ақын жазушылар болды.

Данте Алигьери (1265-1321)- ортағасырдың соңғы және сонымен бірге Жаңа заманның бірінші ақыны. Шығармаларын италиян тілінде жазды. Атақты шығармалары: "Құдіретті комедия" (Тозақ, Арылу, Жұмақ), "Той", "Жаңа өмір". Өз шығармаларында Данте:

  • христиандықты дәріптеді, бірақ оның қайшылықтары мен догматтарын астарлы сынға алды;

  • адамды мадақтады;

  • адамды құдаи жаратылым деуден алшақтай берді;

  • адамды құдаи және табиғи бастамалардың гармониялық үйлесімдігі деп ұғыну;

  • адамның бақытты болашағына сенім, адам табиғатының ізгіліктігін дәріптеу.

Франческо Петрарка (1304-1374) - бірінші гуманист, жаңа еуропалық лириканы жасаушы. Шығармалары : "Өлеңдер кітабы", "Менің құпиям".

  • адам өмірге бір-ақ рет келеді, өмір - жайсаң;

  • адам Құдай үшін емес, өзі үшін өмір сүруі керек;

  • адам табиғи, әрі рухани тұрғыда еркін болуы тиіс;

  • адам өз-өзіне, өз күшіне сүйене отырып, бақытқа жете алады;

  • о дүниелік өмір жоқ, адам тек адамзат жадында мәңгілікте қалады;

  • адамның ішкі дүниесі мен сырт бейнесінің сұлулығының гармониясы.

Лоренцо Валла (1507-1557) - "Ақиқи игілік тұрғысындағы ләзаттану туралы" деген трактаттың авторы.

  • Шіркеуді терістеді, схоластиканы жасандылығы үшін сынады;

  • адам мүмкіншілігі мен парасатына сенді;

  • адам мәселесін жете зерттеді, оны әлем орталығы деп ұғынды;

  • әйел мен еркек теңдігін жақтады;

  • белсенді іс- әрекетке, күреске, дүниені өзгертуге шақырды;

  • аскетизмді терістеді, ең жоғарғы игілік деп ләззаттануды ұғынды.

Неоплатондық бағыт (XVғ. ортасы- XVI ғ. ) Платон ілімін дамытты, идеализм тұрғысында табиғатты, Ғарышты, адамды тануға ұмтылды.

Неоплатонизмдік ағым негіздері:

  • мызғымастай орныққан, жүйеленген схоластикалық философияға қарсы Платон идеясына негізделген жаңа жүйені дүниеге әкелді;

  • дүниенің жаңа бейнесін жасады, Құдаи дүниеден гөрі, заттар дүниесінен бұрын алғашқы идеялардың маңызын дәріптеді;

  • адамның құдаи табиғатын мойындай келе, сонымен бірге оның өзіндік болмысын микрокосм ретінде қарастырды;

  • бұрынғы өткен философия қағидаларын қайта қарастырып, біртұтас әлемдік философиялық жүйе құруға тырысты.