ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 13.08.2020
Просмотров: 842
Скачиваний: 4
Диалектикалық материализм негізінде Гегельдің диалектикасын «басынан аяғына қою» арқылы, яғни Гегельдің идеализмін материалистік тұрғыда ұғыну жатыр:
-
Маркстік метод тек диалектикалық емес, сонымен бірге материалистік;
-
Маркстік теория тек материалистік ғана емес, сонымен бірге диалектикалық;
-
философияның негізгі мәселесі болмыс пайдасына шешіледі (болмыс сананы билейді, анықтайды);
-
сана – жоғары ұйымдасқан материяның (мидың) қасиеті;
-
материя үздіксіз қозғалыс пен дамуда болады;
-
материя мәңгі, әрі шексіз, үнемі жаңа формаларға еніп отырады;
-
дамудың маңызды факторы – практика, яғни адамның қоршаған дүниені өзгертуі және осы процесте адамның өзін-өзі өзгертуі;
-
даму диалектиканың үш заңы – қарама-қарсылықтардың бірлігі мен күресі, сапа өзгерістері мен мөлшер өзгерістерінің бір-біріне өтуі, терістеуді терістеу арқылы сипатталады;
-
мына категориялар: "практика", "іс-әрекеттік", "жатсыну", "идеалдық", "субъективтік және объективтік диалектика" және т.б. зерттелді;
-
логикалық пен тарихилық бірлігі, нақты тарихилық принципі;
-
абстрактіліктен нақтылыққа өрлеу әдісі. Егер Гегель абстрактіліктен нақтылыққа өрлеуді шындықтың теориялық әдісі деп түсінбей ойдың өзінен өзі дамуы нәтижесінде объективті нақтылықтың пайда болуы деп түсінсе, К.Маркстің пікірі Гегельге қарама-қарсы: ой өрісінің абстрактіліктен нақтылыққа өрлеуі ешқашанда нақтылықтың пайда болу процесі емес, ол тек ойлау тәсілі ғана, ойлау соның нәтижесінде нақтыны бойына сіңіріп, оны рухани нақтылық ретінде бейнелейтін әдіс.
«Нақтылықтың нақты болу себебі – ол көптеген анықтамалардың синтезі, олай болса, алуан түрліліктің бірлігі болып табылады. Сондықтанда, ол шындықта бастапқы пункт болып табылғанымен және соның салдарынан, сондай-ақ қабылдау мен елестетудің де бастапқы пункті болғанымен, ойлауда бастапқы пункт болып көрінбей, синтездеу процесі ретінде, нәтиже ретінде көрінеді. Алғашқы жолы толық түсінік абстрактілі анықтамаларға айналу жолымен ол жоғалып кетеді, екінші жолы абстрактілі анықтамалар ойласудың көмегімен нақтыны қайта жаңғыртуға әкеледі». (К.Маркс, Ф.Энгельс. Шығармалары. 46-т., I-бөлім, 37-б.)
Тарихи материализм негіздері:
-
тарих, қоғам дамуын материалистік тұрғыда ұғынды;
-
қоғам дамуы – табиғи – тарихи процесс;
-
экономикалық қатынастар барлық өзге қоғамдық қатынастарды, яғни құқықтық, саяси, діни, моральдік және т.б. анықтайды;
-
қоғамдық болмыс – қоғамдық қатынастар жүйесінде болатын, адам қызметі арқылы өндірілетін қоғамның материалдық бөлігі. Ол – қорланып, жетіліп ұрпақтан ұрпаққа жалғасып отырады;
-
қоғамдық сана – тарихи процестің рухани жағы, қоғамдық болмыстың бейнесі. Ол – қоғам мүшелерінің жеке саналарының жиынтығы емес, керісінше, біртұтас рухани құбылыс;
-
өндіріс әдісі - өндіргіш күштер мен өндірістік қатынастардың нақты бірлігі;
-
өндіргіш күштер – қоғамдық өндіріс процесінде қоғам мен табиғат арасындағы «заттар алмасуын» жүзеге асыратын субъективтік және заттық элементтер жүйесі;
-
өндірістік қатынастар - өндіріс, үлестіру, алмастыру және тұтыну жөніндегі пайда болатын адамдар арасындағы байланыстар;
-
Қоғамдық-экономикалық формация (ҚЭФ) – қоғамның біртұтас бейнесі. Қоғамды ҚЭФ түрінде ұғыну дегеніміз қандай өндіріс әдісін қолданылатынын анықтау. Берілген формацияның мәнін өндірістік қатынастардың барлық жиынтығы құрайды;
-
«Өндірістік қатынастардың жиынтығы қоғамның экономикалық құрылымын, реалды базисті құрайды, ал оның үстіне құқықтық және саяси қондырма орналасады және оған қоғамдық сананың белгілі формалары сәйкес болады» (К.Маркс. Т.13, 6-7 б.б.);
-
ақы төленбеген еңбектен туындайтын қосымша құн теориясы;
-
«тауар» туралы теория; айырбастау және тұтыну құны ұғымдары;
-
таптар күресі теориясы; пролетариат диктатурасы ұғымы;
-
коммунистік қоғамның жоғары фазасында, адамды құл қылатын еңбек бөлінісіне адамның бағынуы жоғалғаннан кейін; сонымен бірге ой еңбегі мен дене еңбегінің арасындағы қарама-қарсылық жоғалғаннан кейін; еңбек тіршілік құралы ғана болудан қалып, өзі өмірдің бірінші қажеттілігіне айналғаннан кейін; жеке адамдардың жан-жақты кемелденуімен бірге өндіргіш күштер өсіп, қоғам байлығының барлық негіздері арнасына тола аққаннан кейін, тек сонда ғана буржуазиялық құқықтың тар шеңберінен мүлде арылуға болады, сөйтіп қоғам өзінің туына: әркімнің қабілетіне қарай, әркімге керегіне қарай! – деп жаза алады. (К.Маркс, Т.19., 20-б.).
Тақырып бойынша негізгі ұғымдар:диалектикалық материализм, тарихи материализм, қосымша құн, орыс ренессаесы, батысшылдық, славянофильдер, орыс космизмі, бүкілбірлік идеясы т.б.
Дәріс №9.
Қазақ мәдениетіндегі философия феномені.
Мақсаттары мен міндеттері: Қазақ философиясының ерекшеліктері және оның қазақ ділінің қалыптасуындағы рөлі.
Жоспар:
1. Қазақ философиясының дәстүрі мен ерешеліктері. Қазақ философиясының қалыптасуының әлеуметтiк-мәдени детерминанттары.
2. Түркі кезеңіндегі философия: Жүсіп Баласағұн, Қожа Ахмет Яссауи, Махмұт Қашқари.
3. Ақын-жыраулар шығармашылығы. Бақыт мәселесі және «Жерұйықты» іздеу.
4. Қазақ ағартушылық кезеңінің ерекшеліктері. (Ш.Уәлиханов, Ы. Алтынсарин, А. Кұнанбаев). Абай философиясы.
5. Ш.Құдайбердіұлының философиялық көзқарастары. «Үш анық».
Әдебиеттер тізімі:
1. Иманқұл Н.Н. Философия әлемінде: болмысы және тарихы. Алматы,2006ж.
2. Иманқұл Н.Н., Бөрібаев Т.Қ. Іліми философия. Астана, 2009ж.
3. Әбішев Қ.Ә. Философия. Алматы, 2000ж.
4. Ғ. Есім. Фалсафа тарихы. Алматы, 2004.
5. Абай. Қара сөздері. А., 1999.
6. Акатаев С.Н. Мировоззренческий синкретизм казахов. – Алматы, 2001.
7. Орынбеков М.С. Мировоззренческие ориентиры казахской философии.А., 2005
8. Сегізбаев О.А. Казахская философия XV-начала XX века. – Алматы: Гылым, 1996.
9 Есім Ғ. Казақ философиясы.. Алматы
10. Кудайбердиев Ш. Три истины Алматы, 1989
Дәрістің қысқаша мазмұны:
Қазақ философиясы тарихын мына кезеңдерге бөлеміз:
-
Көне қазақ философиясы (б.з.д. VII – б.з.V ғ.ғ.);
-
Орта ғасырлық түркі кезеңі философиясы (VI – XIV ғ.ғ.);
-
Қазақ ақын-жырау философиясы (XV – XVIII ғ.ғ.);
-
«Зар заман», ағартушылық философиясы кезеңі (XIX – XX ғ. басы);
-
Қазіргі заман қазақ философиясы (XX ғ. 30 жылдарынан бері).
Қазақ философиясының ерекшелік сипаты:
-
тәңірге, аруаққа сыйыну, тәубелік ой-сана;
-
философиялық ой ерекше формада - әдеби шығармада, өлең-жырларда, нақыл сөздер мен қара сөздерде, айтыс өнерінде көрініс тапты;
-
қазақ философиясында экзистенциялық сарын басым;
-
болмыс пен бейболмыс, абсолюттік Жаратушы, жалған дүние мәселелері;
-
батыс философиясындағы жүйеліліктен гөрі, жеке ойшыл-тұлғалардың дүниеуи көзқарастары құндылыққа ие;
-
адам, мораль, эстетика, әдептілік тақырыптарына көп көңіл бөлінді;
-
әлеуметтік әділеттілік, еркіндік, ізгі қоғамды аңсау.
Қазақ философиясы тарихы көне дүниеден басталады. Біздің дәуірімізге дейін өмір сүрген Заратуштра, Анахарс, Ишпақайлардан, Әл-Фараби, Яссауи, Абай, Мағжанға дейін күректей үш мың жыл жатыр. Қазақ сөз түсінер, сөз ұғар, бір ауыз сөзге тоқтаған адамды өте жоғары бағалаған. «Аталы сөзге арсыз ғана таласады» - деген.
Ұлт өз дүниетанымын тілі, мәдениеті, рухани мұрасы, діни нанымы т.б. арқылы білдіреді. Философия пәні ойлау болса, ұлттық дүниетанымды бейнейлейтін ойлау формалары ұлттық философия болмақ.
Ұлттық философия тек философия үшін қажет емес, ол ұлттың өзін-өзі тануы үшін қажет. Өз тілінде философиясы болмаған халықты мәдениетті, өркениетті елдер қатарына қосу қиын. Гегель айтқандай «менің ана тілімде (неміс) жазылғанның бәрі менің байлығым».
Көне қазақ философиясында аты белгілі ойшылдар:
-
Заратуштра – осыдан үш мың жылдай бұрынғы азиялық ұлы даладағы тұңғыш пайғамбарлардың бірі. Еуропаға Заратуштра есімі екі жарым ғасыр бұрын ғана белгілі болған. Ғалымдар «Авестаға» неғұрлым тереңдеген сайын айтылған жер, су аттары Заратуштраның шығу тегі Тұран даласына, яғни қазіргі Қазақстан мен Орта Азия даласына алып келеді. Лондон университетінің профессоры Мэри Бойс «ақиқатында Заратуштра Еділдің шығысынан басталатын Азиялық далада өмір сүрген» - деп тұжырымдайды.
Заратуштра қалайда адамзат тарихы үшін теңдесі жоқ жұмбақ тұлға. Немістің атақты философы Фридрих Ницшенің (1844 – 1900) «Заратуштра осылай деген» атты философиялық толғау жазу да тегін емес еді. Бұл Заратуштраның жалпы адамзат баласының алғашқы ұстазы болғандығын мойындау еді. Смағұл Елубайдың пікірі бойынша:
-
Адамзаттың алғашқы пайғамбары, соңғылықта өмірге буддизм, иудаизм, христиан, ислам діндерінің келуіне үлкен ықпал жасаған Заратуштра ұлы Тұран жерінің перзенті;
-
Соңғылықта, ең соңғы ғылыми зерттеулер Заратуштраның туған жерін қазақ даласына әкеп тіреді. «Еділдің шығысынан басталатын азиялық дала» - қазақ жері;
-
Адамзаттың алғашқы пайғамбары Заратуштраның туған жері, отаны Қазақстан екенін біздің де айта бастайтын уақытымыз жетті.
-
Заратуштра адамзат тарихы үш кезеңнен тұрады дейді. Құдай дүниені жаратқан алғашқы балауса кезеңді – «жаралу» кезеңі. Адамзат тарихының екінші кезеңі дүниеге Сайтан араласқан кезең, яғни «араласу» кезеңі делінеді. Бұл кезеңде кесапат пен шарапат ұзақ та ұлы күреске шығады. Бұл жарық дүние үшін Құдай мен Сайтанның күресі еді. Заратуштра уағызы бойынша адамзат тарихының үшінші кезеңі – «ажырасу» деп аталады. Бұл кезеңде Құдай Сайтанды жеңіп, өзі жаратқан Дозақ отына өзі күйіп, қиянат, кесапат, жамандық, қылмыс атаулы із-түссіз жоғалған күннен басталмақ. Сөйтіп, Алла тағала жаратқан жарық дүние баяғы бейкүнә, таза, ұжмақ қалпына келмек.
Сол болашақта, мәңгі ұжмақта өмір сүрмек үшін, бақытты болу үшін адам бұл фәниде Заратуштраның үш шартын орындауы керек:
-
бірінші шарт – «шарапатты ойға беріл»;
-
екінші шарт - «шарапатты сөзге беріл»;
-
үшінші шарт – «шарапатты ізге беріл»;
Анахарс, грекше – Анахарсис – Скиф жұртынан шыққан дана, тапқыр, шешен (б.з.д. VI – V ғ.ғ.). Анахарстың әкесі көшпенділердің әйгілі ханы Гнур (Күннұр) болса, шешесі Афина ақсүйектердің қызы. Анарыстың тапқырлық даналығы туралы Геродот, Платон, Аристотель, Диоген, Лукиан, Сеист Эмпирик, Плутарх, Мишель Монтень сияқты әйгілі тұлғалар ой-пікір, естеліктер қалдырған.
Диоген Лаэртский (шығармалары. М., 1975, 95-96 беттер): «Кеме ағашының қалындығы төрт-ақ елі екенін білген Анахарс, кемешілер өлімнен төрт елі қашықтықта жүреді» екен депті.
Анахарстың ескерткішіне: «Тіліңе, құлқыңа, тәніңе ие бол» деп жазылыпты. Адам бойындағы бақ пен сорға бірдей себепші болатын не? – деген сұраққа Анахарс: «Тіл» деп жауап беріпті.
Татымсыз көп достан, тартымды бір дос артық – депті Анахарс. Базар – адамдардың бірін-бірі алдап, тонау үшін әдейі ойлап тапқан орын дейді.
Плутарх (Таңдамалы өмірбаяндар, 2 томдық М., 1987, 161 бет): Анахарс Халық кеңесіне келіп отырып, эллиндер арасында сөзді ақылдылардың айтатынына, ал мәселені ақмақтардың шешетініне қайран қалыпты.
-
Ишпақай – біздің жыл қайыруымыздан бұрынғы 674 жылы қаза тапқан скифтер көсемі, қазақ даласының перзенті, ғұламасы.
-
Майқы би Мәнұлы – Хижра жыл санауынан 711 жыл бұрын туып, 800 жылы дүниеден қайтқан. «Түгел сөздің түбі бір, түп атасы Майқы би» өз заманында бүткіл қазақ атаулыны билеген, билеу үстіне әділдік орнатқан, қара қылды қақ жарған адам болыпты.
Тақырып бойынша негізгі ұғымдар: ар-ождан, тіл, діл, қазақ мәдениет, ауыз әдебиеті және т.б.
Дәріс№10
XIX - XX ғ.ғ мәдениет контекстіндегі Батыстық философия
Мақсаттары мен міндеттері: Қазіргі заман батыстық философияның негізгі бағыттарының қалыптасуы және ерекшеліктерін қарастыру
Жоспар:
1. XIX-XX ғ.ғ. Батыс философиясының мәні мен негізгі бағыттары. Сциентизм және антропологизм
2. Позитивизм және оның тарихи формалары.
3. Экзистенциализм философиясы: негізгі мәселелері мен қайшылықтар.
Әдебиеттер тізімі:
1. Иманқұл Н.Н. Философия әлемінде: болмысы және тарихы. Алматы,2006ж.
2. Иманқұл Н.Н., Бөрібаев Т.Қ. Іліми философия. Астана, 2009ж.
3. Современная западная философия. Словарь. М., 1998.
История современной зарубежной философии. Спб. 1997.
А.Ф.Зотов, Ю.К. Мельвиль. Западная философия ХХ в. М., 1998.
Современная зарубежная философия. М., 1978.
Рассел Б. История западной философии. М., 1993.
Долгов К.М. От Кьеркегора до Камю. М., 1990.
Спиркин А.Г. Философия. М. 2005.
Дәрістің қысқаша мазмұны:
Классикалық неміс философиясы әлемдік философияның дамуына зор ықпал етті. Ол онтологиялық және гносеологиялық мәселелерді, яғни болмыс мән танымжәне өзге де философиялық мәселелерді иедалистік тұрғыда зерттеп дамытты.
Алайда, XIX ғасырдың екінші жартысынан бастап классикалық философия дәстүрі әртүрлі сынға ұшырап, екі жарым мың жылдық тарихы бар филосоиялық мән мен таным мәселесінің орнына өмір жеке адам құбылыс психологиялық және тағы басқа мәселелерді қарастыру белес алды. Осы дәуірде классикалық филосоиясын әсіресе Гегелдік философияны сынаудың екі бағыты көзге түсті:
Сол жақтан сынау материалистік философия өкілдері
Оң жақтан сынау идеалистік бейклассикалық философия өкілдері
Сонымен бірге Кантқа қайта оралу, Гегелге қайиа оралу деген ұранмен неокантшылдық, неогегелдік философиялық мектептер пайда болды.
Неокантшылдық мектеп Марбург мектебі
Бадендік мектеп (Фрейбург) мектеп
Неогеглшілдік мектеп
Иррационализм – табиғатта қоршаған дүниеде логикалық қисынды байланысты жоққа шығарды, Гегелдің диалектикасымен даму идеясын біртұтастық пен заңдылық жүйесін мойындамады.
Өмір философиясы. Ницше.
Өмір философиясы XIX ғасырдың аяғында Германия мен Францияда пайда болды.
«Өмір философиясы» терминінің мәні:
Өмірдің мағынасы мен құндылығы жөніндегі көзқарастар мен қағидалар жиынтығы
Тіршілік – өнер көріністерінің формалары, өмірді бастан кешірудің әдісі
Практикалық, яғни әлеуметтік – этикалық мәселелер
Өмірді тек интуиция арқылы тануға болады.
«Өмір» ұғымын түсінудегі «Өмір философиясының» негізгі нұсқалары:
Өмірді биологиялық натуралистік ұғыну, өмірді тірі организм болмысы тұрғысында қарастыру. Ақыл, парасатты терістеу, иррационализм (Ницше, Клагес)
Космологиялық метафизикалық нұсқасы. Өмірді ғарыштық күш деп, өмір ұйытқысының мәні өзін үздіксіз жаңартатын және формаларды жасайтын өмірлік қарқын деп ұғыну. (Бергсон)
Мәдени тарихи нұсқасы. Өмірді өз бітімінен, қойнауынан танудың арнайы әдістерін қарастыру (Дильтей, Зиммель, Шпенглер)
XIX - XX ғ.ғ Батыстық философияның мәні мен мағыналы бағдарлары. Қазіргі заман философиядағы сциентизм. Позитивизм – XIX ғ. батыстық философиядағы алдыңғы бағыттарының бірі. О.Конт – позитивтік философияның және әлеуметтанудың негізін салушы. Позитивтік ғылыми білім философияның негізі ретінде. Конттың эволюцияның екіұдайлылығы туралы ілімі, ителлектуалдық дамудың үш сатысы туралы. Позитивизмнің үш тарихи сатысы.
Прагматизм. Ч.Пирс, У.Джемс. Дж.Дьюи.
Неопозитивизмнің негізгі мәселелері (Л.Витгенштейн) және постпозитивизм (К. Поппер, И. Лакатос П. Фейерабенд, Т. Кун).
Экзистенциализм – тіршілік турылы философия. Экзистенциализмнің өкілдері мен қайнар көздері: Ф.Ницшенің өмір философиясы, М.Хайдеггер. Э. Гуссерлдің феноменологиясы, С. Кьеркегордың діни-мистикалық ілімдері. Экзистенциализмнің негізгі мәні мен мәселесі: (адам болмыс және әлем болмысы, өмір мен өлім мәселесі, бостандық мәселесі т.б.). Психоанализ. Феноменология және герменевтика. Философскиялық структурализм: методологиялық принциптер.
Тақырып бойынша негізгі ұғымдар: өмір философиясы, иррационализм, прагматизм, феноменология, герменевтика, психоанализ, позитивизм, постпозитивизм, экзистенциализм, структуралимз, постструктурализм және т.б.
Дәріс№11.
Болмыс философиясы. Онтология. Дүниені философиялық ұғыну.
Мақсаттары мен міндеттері: Философияның теориялық базасын зерттеуi: болмыстың негізгі мәселелерін қарастыру.
Жоспар:
1. Болмыс категориясы, субстанция. Тарихи-философиялық экскурс.
2. Материя философиялық категория ретінде. Материяның атрибуттары.
3. Қозғалыс және оның түрлері. Материя қозғалысының негізгі формалары.
4. Кеңістік пен уақыт материя болмысының формасы ретінде.