ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 13.08.2020

Просмотров: 841

Скачиваний: 4

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

5. Сана мәселесі. Бейсаналық.


Әдебиеттер тізімі:

1. Иманқұл Н.Н. Философия әлемінде: болмысы және тарихы. Алматы,2006ж.

2. Иманқұл Н.Н., Бөрібаев Т.Қ. Іліми философия. Астана, 2009ж.

Доброхотов А.Л. Категория бытия в классической западноевропейской философии. М., 1986.

Мир философии. В 2-х частях. М., 1991.

Алексеев П.Л., Панин А.В. Философия. МГУ. 1999.

Диалектическая логика в 3-х т. Алматы. 1987.

Ахундов М.Д. Концепции пространства и времени: истоки, эволюция, перспективы. М., 1982.

М.Хайдеггер. Бытие и время. М., 2000.


Дәрістің қысқаша мазмұны:

Болмыс мәселесін қарастыратын философия бөлімін онтология деп атайды. Философияның қалыптасуының өзі болмыс мәселесін зерттеуден басталады. Ежелгі Шығыс, антикалық дәуірден бастап, Парменид, орта ғасырлық философия, Гегель, Хайдеггер және т.б. болмыс мәнін ұғынуға тырысты. Болмысты Гегель өзінің «Ғылыми логикасында» былай анықтайды: «Бастама өзінде болмыс пен ештемені сақтайды; ол болмыс пен ештеменің бірлігі, немесе, басқаша айтсақ, ол – бейболмыс, сонымен бірге ол - болмыс; дәл сол сияқты, ол болмыс бола тұрып – бейболмыс». (Гегель «Ғылыми логика», т.5, 58 бет).

«Бұл таза болмыс дегеніміз таза абстракция, демек, абсолюттік терістеулік, яғни тікелей алынғандағы, ештеме» (Гегель т.1, 220 бет). Философиялық «болмыс» категориясының мазмұнын мына жағдайлар ашуы мүмкін:

  • қоршаған дүние, заттар, құбылыстар, шындықта өмір сүреді, ол дүние бар;

  • қоршаған дүние дамуда, ішкі себептері бар, қозғалыс көзін өзінде сақтайды;

  • материя мен рух – бір, бірақ сонымен бірге қарама-қарсы мәнділіктер шындықта өмір сүреді; материя да бар, рух та бар.

Осы жоғарыда айтылғандар субстанция ұғымымен анықталады.

Субстанция (лат., «мән», «нәрсе», «мәнділік») - түпнегіз, ешнәрседен тәуелсіз, өзге нәрселерді тудыратын бастама; Субстанция – мәнділіктің алғы себептілігі. Жалпы, субстанция гректің «гипостасис» - негіз, фундамент, тұлға деген сөздерін білдіреді. Шіркеулік «ипостасьта» осы мағынада. Субстанция категориясын Аристотель, Декарт, Спиноза, Гассенди, Локк және т.б. арнайы қарастырған.

Болмыс – адам санасынан тысқары, тәуелсіз тұратын объективтік шындықты және адамның өзін де бейнелейтін философиялық категория. Болмысты философиялық ұғынуды өзге түсініктерден ажырата білу керек.

Болмыстың негізгі формалары:

  • материалдық, заттар мен процестер болмысы:

а) біртұтастық түріндегі табиғат заттары, процестер болмысы;

ә) адам жасаған заттар, процестер болмысы;

  • идеалдық, рухани болмыс:

а) тұлғаланған, жекелік рухани болмыс;

ә) объективтенген рухани болмыс;

  • адами болмыс, адам болмысы:

а) заттар дүниесіндегі адам болмысы;

ә) адамның өзіндік болмысы;

  • әлеуметтік болмыс:

а) қоғамдағы адам болмысы;

ә) қоғамның өзіндік болмысы;

Болмыстың өзге де түрлері кездеседі:

  • ноуменалды («ноумен» - өзіндік зат) болмыс – санадан тысқары, оған тәуелсіз болмыс;

  • феноменалды («феномен» - құбылыс, тәжірибеде берілген) болмыс – танымдағы субъекттің елестету, көрініс болмысы, дүдамал болмыс;


Көбінесе ноуменалды болмыс пен феномалды болмыс бір-біріне сәйкес келеді.

Бейболмыс – абсолюттік ештеме, болмыспен қарама-қарсылықтағы және бірліктегі болмыс.

Қоршаған дүниедегі заттар, құбылыстар болмыста болады және бейболмыста да болуы мүмкін. Мысалы: әлі туылмаған адамдар, жасалмаған заттар; өлген адамдар, қираған мемлекет, қалалар, өшкен өркениеттер және т.б.

Қозғалыс – материяның өмір сүру тәсілі, оның жалпылық қасиеті, атрибуты. Қозғалыс жалпы алғанда, материяның өзара әрекеттесуі, жалпы өзгеру. Материя тек қозғалыста болады, сол арқылы өзін-өзі айқындайды, білдіреді. Материясыз қозғалыс жоқ, қозғалыссыз материя жоқ – дейді материалистер. Материя қозғалысының қарапайым түрлерінен күрделі формаларына көшуін, төменгі сатыдан жоғары сатыға өрлеуін даму деп атайды. Сондықтан өзгеріс дамуға қарағанда кең, жалпы ұғым.

Материя кеңістік пен уақытта орналасқан.

Кеңістік пен уақытты қарастыруда философияда негізінен екі көзқарас кең тараған:

  • субстанциялық (Демокрит, Эпикур) әдісте уақыт пен кеңістік бір - біріне тәуелсіз, өзіндік шындық, әрі материяда өзіндік субстанция. Ал материяның кеңістік және уақытпен арақатынасы субстанция аралық қатынас болып табылады.

  • Реляциялық (лат,-relatio- қатынас) (Аристотель, Лейбниц, Гегель) әдісте кеңістік пен уақытты материалдық объектілердің өзара әрекетін ұйымдастыратын, құрайтын қатынасы ретінде қарастырылады. Қазіргі таңда реляциялық әдісті қолдаушылар басым.

  • Кеңістік- материя болмысының формасы, материалдық жүйе элементтерінің созылымдылығын, құрамдастығын, бірге өмір сүруін, өзара әрекетін білдіреді.

Кеңістік қасиеттері:

  • денелер созылымдылығы;

  • үш өлшемді;

  • қайта оралу мүмкіндігі.

Уақыт- материя болмысының формасы, барлық материалдық жүйелердің ұзақтылығын, күй-жағдайларының біртіндеп өзгеруі мен дамуын білдіреді.

Уақыт қасиеттері:

  • ұзақтылық пен бірқалыпты өзгеру;

  • бір өлшемді;

  • қайта оралмау;

  • бір бағыттылық.



Тақырып бойынша негізгі ұғымдар:болмыс, онтология, материя, кеңістік, уақыт, бейнелеу, синергетика және т.б.


Дәріс№12.

Сананы философиялық ұғыну.


Мақсаттары мен міндеттері: Сана философиялық категория ретінде. Философия тарихында сананың феноменiнiң түсiнуiн қалыптасуы.


Жоспар:

1. Сана генезисі

2. Сананың қоғамдық-тарихи мәні, сана формалары.

3. Саналылық және бейсаналық.


Әдебиеттер тізімі:


1. Иманқұл Н.Н. Философия әлемінде: болмысы және тарихы. Алматы,2006ж.

2. Иманқұл Н.Н., Бөрібаев Т.Қ. Іліми философия. Астана, 2009ж.

Доброхотов А.Л. Категория бытия в классической западноевропейской философии. М., 1986.

Мир философии. В 2-х частях. М., 1991.

Алексеев П.Л., Панин А.В. Философия. МГУ. 1999.

Диалектическая логика в 3-х т. Алматы. 1987.


Дәрістің қысқаша мазмұны:

Сана мәселесі философиядағы ең күрделі, осы күнге дейінгі шешімін таба алмай келе жатқан мәселе. Философия сана туралы мына жәйтті айта алады:


  • сана бар, ол шындық;

  • сана ерекше, идеалды мәнге ие.

Сана мәселесін зерттеуде философияда мына әдістер бар:

  • физикализм;

  • солипсизм;

  • объективтік идеализм;

  • байсалды материализм.

Физикализм- сана мәселесін қарастырудағы шектен шыққан материалистік көзқарас, олардың пікірінше, өзіндік субстанция ретінде сана жоқ, сана тек материядан туындайды және оны физика, өзге жаратылыстану ғылымдарының жетістіктерімен ұғынуға болады,- дейді.

Физикализм мына деректерге сүйенеді:

  • адам миы шын мәнінде табиғаттың ең күрделі"механизмі", материя ұйымдасуының жоғары деңгейі;

  • адам санасы мисыз өмір сүре алмайды, ал ми - биологиялық орган;

  • адамзат жасанды интеллект- компьютер, яғни материалдық объект жасай алады;

  • адам организміне, ағзасына медикаментоздық әсердің болуы, оның санасын өзгертуге әкелуі.

Бірақ, физикалистерді сананың идеалдығы тұйыққа тірейді. Адам санасындағы бейнелер материалдық сипатқа, яғни масса, иіс, форма және т.б. ие емес. Соған қарамай физикализм (әсіресе неопозитивизм шеңберінде) кең тараған:

  • "барабарлық теориясы" (Д.Армстронг, Дж. Смит) - рухани процестерді өзге тәндік процестерге - қан айналым, дем алу, мидағы құбылыстарға телу;

  • "элиминация" теориясы (Ф.Фейерабенд) - "рух", "руханияттық" ұғымдары ескірген, ғылыми емес, сенушілікке негізделген деп дәлелдеу;

  • тұрпайы материалистер теориясы (Фохт және т.б.) - "бауыр өтті қалай шығарса, мида ойды солай шығарады".

Солипсизм – бұл да шектен шыққан көзқарас, жеке адам санасы – ең айқын, дәлелденген шындық, ал материалдық дүние – тек жеке сана туындысы (Бұл субъективтік идеализм өкілдері – Беркли, Юм, Фихте және т.б.).

Физикализм мен солипсизм аралығында тұратын көзқарастар:

  • объективтік идеализм – сананың да, материяның да барлығын мойындайды, бірақ сананы алғашқы, «объективтік, әлемдік сана» деп ұғынады.

  • байсалды материализм – сана материяның ерекше қасиеті, жоғары ұйымдасқан материяның өзін өзі бейнелуі (идеалдықты да мойындау) деп ұғыну. Бұл кеңестік, ресейлік философияға тән көзқарас.

Сонымен қатар сананың шығу тегі туралы мәселе де күрделі, оның негізгі үш түрін атап өтейік:

  • сананың ғарыштық (немесе құдаи) пайда болуы;

  • сана барлық тірі организмдерге тән;

  • сана – тек адамға ғана тән құбылыс.

Ғарыштық (құдаи) көзқарас бойынша сананы Құдай жаратқан, ғарыштан Жерге келген, біртұтас, бірегей «әлемдік сана» әрбір жеке адамға, тірі организмдерге дарыған, тараған. Осы көзқарасқа жақын өзге де теориялар кездеседі:

  • монада теориясы – монадология – Лейбництің пікірінше дүниеде бөлінбейтін, мәңгілік, алғашқы рухани бөлшек – монадалар болады, оларда Әлем энергиясы сақталған және монадалар сана мен материяны туындатады;

  • П.Шарден теориясы бойынша сана – адамнан жоғары тұрған мәнділік, материяның «ішкі жағы», «миы»;

  • Рейзердің психосфералық теориясы бойынша Галактика – орасан зор парасат, ақыл, ол адам миымен түйісіп оны парасатпен «зарядтайды»;

  • гилозоизм теориясы бойынша барлық материя (тірі, өлі, алуан түрі) жанданған, жаны бар.


«Биологиялық» көзқараста сана – тірі табиғаттың жемісі және барлық тірі организмдерге тән құбылыс. Инстинктер тек туа біте ғана пайда болмайды, сонымен бірге жүре біте пайда болады. Жануарларға өзіндік «мораль», тіршілік тәртібі, сапа және т.б. тән.

"Адами" көзқарас тұрғысынан алғанда сана - тек адам миының жемісі және адамға ғана тән құбылыс, ал жануарлар санаға емес, тек инстинктке ие. Бірақ қазіргі заман ғылыми зерттеулер жануарларда да сана элементтерінің болуын жоққа шығармайды.

Бұрынғы кеңестік, қазіргі ресейлік философияда сана мәселесін материалистік тұрғыда түсіндіру бейнелеу теориясына сүйенеді. Бұл теорияның мәні: "Сана- объективтік шындықты бейнелейтін жоғары ұйымдасқан материя - адам миының функциясы, қасиеті. Ол - объективтік дүниені психикалық бейнелеудің ең жоғарғы формасы".

Бұл көзқарастың негізіне Ф. Энгельстің "Маймылдың адамға айналу процесіндегі еңбектің рөлі" деген шағын шығармасы арқау болды. Еңбек - адамның мақсатталған қызметі, адамды адам еткен еңбек. Ф. Энгельстің пікірінше сана генезисі, адам эволюциясы шамамен мына кезеңдерден өткен:

  • онтогенездің филогенезді қайталауы. Тік жүру, аяққа тұру;

  • отты пайдалану, тамақты сіңіру процесі;

  • ет тағамы, витаминдер, фосфордың маңызы;

  • хайуанаттарды қолға үйрету - дайын ет, сүт, жүн, киім -кешек;

  • өсімдіктерді культивациялау;

  • көру қабілетін (183°) жетілдіру, зейіннің шоғырлануы;

  • қолдың рөлі, еңбек құралын жасау; Адам мыңдаған операция жасайды;

  • еңбек процесі - миды дамытады, сөз бен тілді, сананы жетілдіреді.



Тақырып бойынша негізгі ұғымдар: сана, физикализм, солипсизм, жеке сана, қоғамдық сана, өзіндік сана, т.б.


Дәріс№13.


Философиялық таным. Гносеология.


Мақсаттары мен міндеттері: Гносеологияның негізгі категорияларын қарастыру, олардың ғылымның дамуындағы мәні қарастыру


Жоспар:

1. Таным философиялық мәселе ретінде. Танымның пәні, субъектісі, объектісі.

2. Таным формалары. Сезімдік пен рационалдық, теориялық пен эмпирикалық таным.

3. Ақиқат ұғымы. Ақиқаттың критерийлері.

4. Ғылыми танымның мәні мен құрылымы: сатылары, формалары мен әдістері.



Әдебиеттер тізімі:

1. Иманқұл Н.Н. Философия әлемінде: болмысы және тарихы. Алматы,2006ж.

2. Иманқұл Н.Н., Бөрібаев Т.Қ. Іліми философия. Астана, 2009ж.

Ильенков Э.В. Диалектическая логика. М., 1984.

Алексеев П.В., Панин А.В. Философия. МГУ., 1997.

Диалектическая логика. В 3-х кн. А., 1987.

Ильин В.В. Теория познания. Введение. Общие проблемы., 1994.

Диалектика познания: компоненты, аспекты, уровни. Л., 1983.

Философия и методология науки. А., 1999


Дәрістің қысқаша мазмұны:

Таным – қоршаған дүниені адам санасында белсенді бейнелеу процесі. Таным – субъекттің объектке тарихи диалектикалық қатынасы. Таным – шындықты бейнелеудің жоғары формасы, салыстырмалы ақиқаттан нақты ақиқатқа өту, субъекттің объектке шексіз жақындай түсуін бейнелеу. Таным теориясын философиялық тілде гносеология немесе эпистемология деп те атайды.


Адам қоршаған дүниені екі жолмен тануы мүмкін:

  • тікелей тану, яғни дүниемен тікелей қатынаста болу;

  • жанамалай тану, яғни материалдық және рухани мәдениет құндылықтары арқылы тану.

Философия тарихында таным процесінің ұғыну барысында үш түрлі көзқарас қалыптасты:

  • идеализм. Субъект (S) пен объект (О) – барабар;

Субъект – белсенді, объект – пассивті;

- материализм. Субъект (S) пен объект (О) – барабар;

Субъект – пассивті, енжар, метафизикалық немесе механикалық бейнелеу, меңзеушілік; Субъект объектке тәуелді.

  • - метафилософия. Субъект (S) пен объект (О) – барабар емес, олар бір-біріне шексіз жақындайды. Субъект пен объект ұдайы диалетикалық өзара қатынаста болады.


§2. Танымның (ойлаудың) екі формасы:

  • сезімдік, түйсіктік таным, немесе эмпирикалық деңгей;

  • рационалдық, логикалық таным, немесе теориялық деңгей.


S Օ o

а) Танымның сезімдік формасы.

Эмпиризм (грек., тәжірибе) – сезімдік тәжірибені білімнің қайнар көзі деп біледі және бақылау мен эксперименттің нәтижелеріне сүйенеді.

Идеалистік сенсуализм – түйсіктер мен сезімді шындықтың көзі, ал олардың шығу тегі, қайнар көзі мәселесін терістейді. (Беркли, Юм, Мах).

Қарапайым реализм – адамнан тыс тұрған заттарды, құбылыстарды біз қалай қабылдасақ, ол шындықта дәл солай болады, ал олар түйсіктер формасына ешқандай әсер етпейді. Джон Локктың «Tabula rasa» - «таза тақтасы»; «Әуел баста сезім, түйсіктерде болмаған нәрсе, ақыл-парасатта да болмайды».

Сезімдік таным формалары:

  • түйсік – заттар мен құбылыстардың жеке қасиеттерін бейнелеу;

  • қабылдау – сезім мүшелеріне тікелей әсер ететін сыртқы заттар мен құбылыстардың тұтас бейнесі;

  • елестету – бұрын қабылданған заттар мен құбылыстардың бейнесін қайта жаңғырту.

ә) Танымның рационалдық формасы.

Рационализм (лат., ақыл, парасат) – логика, ойлауды абсолюттендіру, танымның негізі ақыл, парасат деп ұғыну. (Декарт, Спиноза, Гегель).

Рационалдық таным формалары:

  • ұғым – заттар мен құбылыстардың елеулі белгілері мен қасиеттерін бейнелейтін абстрактілі ойлау формасы.

  • Пікір дегеніміз бір нәрсені растайтын немесе терістейтін ойлау формасы. Пікір объективтік шындықтағы құбылыстардың, заттардың болмысының ақиқаттығын, не жалғандығын бейнелейтін ойлау формасы. Пікір зат және оның белгісін байланыстарын екі ұғымнан немесе екі терминнен тұрады – субъект (S) және предикат (Р);

  • Тұжырым деп бір немесе бірнеше пікірден жаңа пікір шығаратын ойлау формасын айтады.


M – P Барлық адам - өледі

S – M Гегель - адам

________ ___________________________ ;

S – P Гегель - өледі

Таным процесінде дүниені тануға бола ма, не болмай ма деген мәселеге екі түрлі көзқарас бар:

  • гностицизм – дүниені тануға болады, адамның танымдық мүмкіндігін шексіз деп түсінетіндер;

  • агностицизм – дүниені тануға болмайды, адамның танымдық мүмкіндігі шектелген деп түсінетіндер; (Иммануил Кант)