Файл: Білім алушылара арналан тжірибелік дады жне білік ксіби алгоритм жиынтыы.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 26.10.2023

Просмотров: 806

Скачиваний: 4

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Жара беттеріне жанасқан, медициналық манипуляция процесінде терінің және шырышты қабық бетін бұзған, қан қүюда қолданылатын және инъекциялық препараттарды пайдалану процесінде адам организмінің қуыстарына енгізілген медицинада тағайындалған бұйымдар басында зарарсыздандырылады, сосын ағынды құбыр суы астында жуылады, содан кейін залалсыздандыру алдындағы тазартудан, залалсыздандырудан өткізіледі.

Залалсыздандыру алдында барлық бұйымдар ақуыз, май мен механикалық ластарды, сондай-ақ дәрі-дәрмектерді жою мақсатымен залалсыздандыру алдындағы тазарту өткізіледі.
Залалсыздандыру – қоздырғыштардың барлық түрін, оның ішінде спораларды физикалық, химиялық, термиялық немесе аралас әдістермен оларға әсер ету арқылы толық жою.


Жара бетіне, қанмен немесе инъекциялық дәрілермен жанасатын барлық бұйымдар және бөлек диагностикалық аппаратуралар түрлері, медициналық құралдарды пайдалану процессінде шырышты қабықпен жанасып және оның зақымдануын болдыратын бұйымдарға залалсыздандыру жүргізіледі.

Сонымен медицинада тағайындалған бұйымдарды тазарту 3 кезеңге бөлінеді:

1 кезең – зарарсыздандыру,

2 кезең – залалсыздандыру алдындағы тазарту,

3 кезең – залалсыздандыру.


  1. I кезең. Медицинада тағайындалған бұйымдарды зарарсыздандыру


Мақсаты: жұкпалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету.

Құрал-жабдықтар: зарарсыздандыру ерітіндісі: 2-ыдыс (1-2 л көлеміндегі эмальді кастрюль) қақпағымен, белгісіне және зарарсыздандыру ерітіндісіне сәйкес: №1-ыдыс зарарсыздандыру ертіндісімен құралдарды қаннан және басқа да биологиялық сұйықтыктардан жууға тағайындалған; №2-ыдыс зарарсыздандыру ерітіндісімен медицинада заттарды зарарсыздандыруға тағайындалған; бирка (таңбаны), арнайы киім (халат, бет перде, қолғап), пайдаланған медицинада тағайындалған заттар, лотоктар.

Іс-әрекет алгоритмі:


  • арнайы киімді киіңіз: халат, бет перде, қолғап;

  • 2 ыдысқа зарарсыздандыру ерітіндісін даярлаңыз;

  • ыдыстар мен қақпақ белгіленеді: заттың аты, оның қоюлығы, күні, даярлау сағаты, мейірбикенің қолы;

1-ші ыдыста

  • пайдаланғаннан кейін медицинада тағайындалған құралдардын ішкі каналын зарарсыздандыру ерітіндісімен толтырыңыз;

  • медицинада тағайындалған құралдардың каналынан 3 рет насос әдісімен зарарсыздандыру ерітіндісін өткізіңіз;


2-ші ыдыста

  • медицинада тағайындалған құралдардың ішкі каналын зарарсыздандыру ерітіндісімен толтырыңыз;

  • оларды бөлшектеген түрінде толығымен зарарсыздандыру ерітіндісіне 60 минутқа салыңыз;

  • ыдысты қакпақпен жабыңыз;

  • зарарсыздандыру уақыты туралы биркіге (таңбаға) белгі жасаңыз;

  • зарарсыздандыру уақыты өткен соң зарарсыздандыру ерітіндісінен медицинада тағайындалған құралдарды шығарыңыз;

  • № 2-ыдыстағы медицинада тағайындалған құралдарды зарарсыздандыру ерітіндісінде 0,5 минут бойы жуыңыз;

  • медицинада тағайындалған құралдарды лотокқа (ыдысқа) салыңыз;

  • медицинада тағайындалған құралдарды жылы ағынды су астында 0,5 минут бойы жуыңыз;

  • қолғапты шешіңіз, оны қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз. Қолыңызды жуып, кептіріңіз;

  • медицинада тағайындалған құралдарды әрі қарай өңдеу үшін орталық залалсыздандыру бөліміне жіберіңіз;




  1. IІ кезең. Медицинада тағайындалған бұйымдарды залалсыздандыру алдындағы тазартудан өткізу

Залалсыздандыру алдындағы тазалықты орталық залалсыздандыру бөлімінде жүргізіледі.

Мақсаты: органикалық ақуыздың, майлық және механикалық ластануды, дәрілердің қалдығын алып тастау; медицинада тағайындалған құралдарды залалсыздандыру алдындағы тазалықтан өткізу сапасына кешенді бақылауды жүргізу.

Құрал-жабдықтар: халат, бет перде, қолғап, жуушы ерітіндісі бар ыдыс, сағат, ерш немесе дәке тампондары, лотоктар, тазартылған суы бар ыдыс, медицина тағайындаған құралдар, жұмысшы азопирам ерітіндісі, тамызғыш, мақта-дәке, мақта тампондар, жуушы затты «Лотос», «Айна», 27,5% сутегі асқын тотығы, ҚЖКЖК.
Іс-әрекет алгоритмі:


  1. Халат, бет перде, қолғапты киіңіз.

  2. Жуушы ерітіндіні 20-250С ысытыңыз, жуушы ерітіндінің құрамы.


ЖУУШЫ ЕРТІНДІНІҢ ҚҰРАМЫ


компоненттің аттары

ертіндіні даярла-уға арналған компоненттердің мөлшері

қолданылуы

  • жуушы зат (Айна, лотос)

5 гр

қолмен тазартқанда қолданылады

  • ауыз суы (см3)

1 л

  • сутегі асқын тотығы ерітіндісі 27,5%

17 мл

механикаланды-рылған және қолмен тазартқанда (сыр-ғып ағу әдісімен, ерштеу үльтра-звукті пайдалану)

  • -жуушы зат (Айна, лотос)

5 гр

  • -ауыз суы (см3)

1 л



  1. Медицинада тағайындалған құралдарды бөлшектеген түрінде жуушы ерітіндіге 15 минутқа салыңыз, ерітіндіні алдын-ала құралдардың қуысынан өткізіп, қақпағын жабыңыз.

  2. Әрбір затты 0,5 минут бойы жуушы ерітіндіде ершпен (дәке тампонымен) тазартыңыз (құралдардың каналынан жуушы ерітіндіні өткізіңіз).

  3. Медицинада тағайындалған құралдарды лотокқа салыңыз.

  4. Құралдардың қуысынан каналынан суды өткізе отырып, әрбір құралды 10 минут

бойы ағынды судың астында жуыңыз.

  1. Азопирам байқауымен залалсыздандыру алдындағы тазалықтын сапасына бақылауды жүргізіңіз.

  2. Азопирам реактивінен жұмысшы ерітіндіні даярлаңыз (жұмысшы реактивтін пайдалану мерзімі даярлағаннан кейін 2 сағат).

  3. Жұмысшы реактивті тамызғышпен медицинада тағайындалған құралдарға тамызыңыз (корпусына және қуысына, биологиялық сұйықтықпен жанасқан жерлеріне).

  4. Медицинада тағайындалған құралдарды мақтаның немесе сүрткінін үстінен ұстаңыз, аққан реактивтің түсін бақылай отыра.

  5. Азопирам байқауының нәтижесін бағалаңыз.



АЗОПИРАМ БАЙҚАУЫ
Байқау оң болған жағдайда реактивтің түсі өзгереді


көк-күлгін түске

егерде заттарда жасырынды қан қалса

күрең-қоңыр түске

егерде заттарда хлоры бар қышқылдар, тот қалса

қызғылт түске

егерде заттарда жуушы зат қалдығы қалсы


Реакция оң болады, егерде бояну болса (1 минуттан кейін)


  • бояну, кештетіп болатын болса, онда ол есептелмейді (1 минуттан көп);

  • қаңға реакция оң болса онда тазартылған барлық топ заттар қайтадан өндеуге жатады, жуушы ерітіндіге малынған кезеңінен бастап;

  • синтетикалық жуушы заттарға, зарарсыздандыру заттарына реакция оң болса, онда барлық топтағы тазартылған заттар қайтадан тазартылады, ағынды суда шайқау кезеңінен бастап;

  • байқау теріс (кері) болса, реактивтің түсы өзгермейді.

  1. Қолданған байқауға арналған құралдарға шайқау мен залалсыздандыру алдындағы тазалықтан өткізуді жүргізіңіз.

  2. Медицинада тағайындалған құралдарды тазартылған суда 0,5 минут бойы жуыңыз.

  3. Ыстық ауа шкафында t-850С ылғалы толық кеткенге дейін медицинада тағайындалған құралдарды кептіріңіз.




  1. 1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22


III кезең. Медицинада тағайындалған бұйымдарды залалсыздандыру


Мақсаты: науқастарға аурухана ішкілік және кәсіптік қызметкерлерге жұқпа жұқтыруды алдын-алу, медицинада тағайындалған құралдарда барлық микроорганизмдерді және оның ұрықтарын жою.Бұйымдардың материалына байланысты, залалсыздандырудың әдісі мен тәртібі таңдалады.


  1. Тордағы немесе ораудағы құрғақ бұйымдарды, тиеу нормасына сәйкес

стерилизаторға орналастырыңыз.

  1. Залалсыздандыруға химиялық бақылауды жүргізіңіз. Залалсыздандыру

индикаторын бу стерилизаторындағы нүктелерге конверт әдісімен, ауа

стерилизаторында қабаттастырып 3 нүктеге орналастырыңыз.

Залалсыздандырудың әрбір түрін сәйкесті режимде ұстаңыз.

Автоклавта – t-1200С, +20С, 0,1 атм 45 минут; t-1320С, -20С, 2 атм 20 минут

Ыстық ауа шкафында t-1600С, 150 минут, t-1800С 60 минут

  1. Залалсыздандыру тәртібін бақылаңыз. Термиялық залалсыздандыру біткеннен соң,

оның индикаторын эталонына сәйкес тексеріңіз.

  1. Залалсыздандырылған бұйымдарды залалды зонаға түсіріңіз.

  2. Химиялық залалсыздандыруда медициналық бұйымдарды тағайындалған

құралдарға зарарсыздандыру, залалсыздандыру алдындағы тазалықты залалсыздандыру , кезеңдерін жүргізуді стерилиянттары бар

ыдысқа орналастырып, қақпағын тығыз жабыңыз. Химиялық залалсыздандыру

біткен соң бұйымдарды тазартылған сумен жуып, қолданады немесе асептикалық

жағдайда кейін сақтауға орауға ораңыз.

  1. Стерилизаторлардың жұмысын есептейтін журналды толтырыңыз.



  1. Залалсыздандырылған халатты кию


Мақсаты: залалсыздандырылған медициналық құрал жабдықтармен емшараны жүргізу

Құрал-жабдықтар: Залалсыздандырылған биктегі киімдер

Іс-әрекет алгоритмі:

  1. Гигиеналық деңгейде қол деконтоминациясын жүргізіп.

  2. Залалсыздандырылған киімі бар биксті қойып, бекіту, залалсызандырылған бикстің сыртқы бетін жолдамасы бойынша тексеру

  3. Тежеуіштің немесе көмекшінің көмегімен биксті ашу

  4. Залалсыздандырылған индекоторды шығарып, оның жағдайын бағалау

  5. Бикстен залалсыздандырылған калпакты және дем пердені залалсыздандырылған корцанктің көмегімен алып, биксті жабамыз

  6. Залалсыздандырылған калпак пен бет пердені кию

  7. Хирургиялық денгейде қолды жуып, 0,5 % хлоргиксидин спиртті ертітіндісімен қолды өндиміз