Файл: Білім алушылара арналан тжірибелік дады жне білік ксіби алгоритм жиынтыы.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 26.10.2023

Просмотров: 809

Скачиваний: 4

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Ескерту: жуан ішекті нәжістен, сұйықтықтан және сілемей сұйықтықтардан тазарту – дайындықтың негізгі міндеті, осының дұрыс шешілуі зерттеудің жетістігін қамтамасыз етеді.

137. науқасты РекторомАноскопияға даярлау
Мақсаты: науқасты зерттеуге сапалы дайындауды қамтамасыз ету; диагностикалық: тік және сигма тәрізді ішектерді қарап зерттеу, бактериологиялық және цитологиялық зерттеуге сілемейлі қабықтан жағынды, қырынды және кеселді ұлпадан үзінді алу.

Құрал-жабдықтар: залалсыздандырылған: ректоскоп, салфеткалар, вазелин, шпатель, клеенка, Эсмарх кружкасы, су, шылапшын, алжапқыш, қолғап, ішінде зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдыс.
Ректороманоскопияны дәрігер жасайды,

мейірбике көмекші қызметін атқарады
Іс-әрекет алгоритмі:


  1. Науқасқа емшараның мақсатын, барысы және зиянсыздығы туралы әңгіме жүргізіңіз.

  2. Таңертең ашқарынға зерттеу өткізілетінін науқасқа хабарлаңыз.

  3. Науқасқа тазарту клизмасын таңертең сағат 6-да (толық кружка) және зерттеуге дейін 2 сағат бұрын (толмаған кружка) қойыңыз. Науқас зерттеуге дейін тік қалыпта болуы тиіс.

  4. Тұп-тура зерттеу алдында науқастың қуығын босатуын сұраңыз.

  5. Науқасты манипуляциялық (ректороманоскопия) кабинетіне апарыңыз.

  6. Науқасты палатаға апарып, бақылауды және тыныштықты қамтамасыз етіңіз.


Ескерту:

  • ректоскоп тік ішекке 25-30 см ара қашықтыкқа енгізіледі;

  • ішектегі жедел қабыну процесі басылған соң, ректороманоскопия жүргізіледі;

  • егерде науқастың іші қатса, онда қосымша зерттеу қарсаңында кешке тазарту клизмасы қойылады;

  • науқастың ішегін дайындау және зерттеу арасында 2 сағаттай үзіліс болуы қажет, неге десеңіз, тазарту клизмасы сілемейлі қабықтың табиғи түрін біршама уақытқа өзгертеді.


138. Науқасты цистоскопияға даярлау
Мақсаты: науқасты зерттеуге сапалы дайындауды қамтамасыз ету; диагностикалық: қуықтың сілемейлі қабығын қарау; емдік: қуықтан қатерсіз ісік және түймешікті алып тастау.

Құрал-жабдықтар: залалсыздандырылған: цистоскоп, жыныс мүшесін жуындыруға және тазарту клизмасын қоюға арналған құрал-жабдықтар.
Цистоскопияны дәрігер жасайды,

мейірбике көмекші кызметін атқарады
Іс-әрікет алгоритмі:


  1. Науқасқа психологиялық дайындықты жүргізіңіз, зерттеудің мақсатын түсіндіріп, оның келісімін алыңыз.

  2. Зерттеуді ашқарынға жасаңыз.

  3. Таңертең зерттеу алдында науқасқа жыныс мүше аймағын мұқият жуу керек екенін ескертіңіз, оны гигиеналық емшара іс-әрекетіне (жуыну) сырткы жыныс мүшесін жууды үйретіңіз.

  4. Таңертең зерттеуге дейін 2 сағат бұрын тазарту клизмасын жасаңыз.

  5. Тұп-тура зерттеу жасар алдында науқасқа қуығын босатуды ұсыныңыз.

  6. Белгіленген сағатта науқасты ауру тарихымен эндоскопиятык кабинетіне ерітіп барыңыз.

  7. Зерттеуден кейін науқасты палатаға дейін ертіп апарыңыз.

  8. Зерттеуден кейін 2 сағат бойы төсек тәртібін сақтау қажет екендігін науқасқа ескертіңіз.




139. Науқасты ультрадыбыстық зерттеулерге дайындау

іш перде қуыс мүшелері (бауыр, өт, ұйқы безі, талақ) және бүйрек
Мақсаты: зерттеуге науқасты сапалы дайындауын қамтамасыз ету.

Көрсеткіштері: іш перде қуысы және бүйрек мүшелерінің аурулары.

Құрал-жабдықтар: дәрігер тағайындаған дәрілер, сүлгі, ақ жайма.
Ультрадыбыстық зерттеулерді дәрігер жүргізеді, ал мейірбике науқасты дайындайды.
Іс-әрекет алгоритмі:


  1. Науқасқа зерттеу мақсаты мен барысын түсіндіріп, оның рұқсатын алыңыз.

  2. Дайындау ережесін бұзыуының.

  3. Зерттеу ашқарында жүргізілетінін науқасқа ескертіп қойыңыз.

  4. Зерттеуге дейін 2-3 күн бұрын тамақтану рационынан жел (газ) жинауды болдырмайтын тамақтарды қабылдамайтының науқасқа түсіндіріңіз (көкөністер, жеміс-жидектер, сүт тағамдары, қара нан, бұршақ тағамдар, жеміс сөктер), таблеткалы іш айдайын дәрілер.

  5. Науқас зерттеу қарсынында дәрігердің тағайындауы бойынша іш кебуді болдырмайтын дәрілерді қабылдайды.

  6. 8-12 сағат зерттеуге дейін науқас тамақ қабылдауды тоқтатуы керек.

  7. Зерттеу қарсаныңда кеште тазарту клизмасын қойыңыз.

  8. Зерттеу алдында темекі шегуге болмайды.

  9. Науқас ультрадыбыстық зерттеуге барғанда өзімен бірге сүлгіні және ақ жайманы алады.

  10. УДЗ кабинетіне науқасты ауру тарихымен ілестіріп апарыңыз.

  11. Зерттеуден кейін науқасты палатаға апарыңыз.


Кіші жамбас мүшелерін ультрадыбыстық зерттеуге (қуықты, қуық асты безі, жатыр қосалқылары):

  • науқастың дайындағы іш перде қуысы мүшелерінің УДЗ сияқты жүргізіледі;

  • 2-3 сағат зерттеуге үшін 1,5 л сұйықтықты (қайнаған су) ішуі қажет екенін науқасқа ескертіп қойыңыз;

  • зерттеуге дейін науқас кіші дәретке (толық қуықы) отырмауын сұраңыз.


140. науқасты Бронхографияға дайындау
Бронхография – тыныс алу (бронхтардын) мүшелерінің ауа жүретін жолдарын контрасты әдіспен зерттеу.

Мақсаты: бронхиальды ағаштың тесік жағдайын зерттеу, бронхтармен қатынасты қуысты ісіктерді анықтау.

Көрсеткіштері: бронхоэктазды ауру, бронхиальды ағаштың аномальды дамуы, созылмалы бронхит, бронх-өкпе кисталары, бронх пен өкпенің қатерсіз және қатерлі ісіктері және т.б.

Қарсы көрсеткіштері: жоғарғы дене қызуымен болатын жедел өкпе аурулары, өкпеден тыс этиологиясындағы қызбалық жағдай, жүрек ақауы, өкпеден қан кету.

Асқынулар: контрасты затқа аллергиялық реакциялар.


Бронхографияны дәрігер жүргізеді.



Мейірбикенің іс-әрекет алгоритмі:


  1. Науқаспен сенімді қарым-қатынас орналастырыңыз.

  2. Алда болатын зерттеудің мақсатын, барысын және мағынасын науқасқа түсіндіріңіз және оның келісімін алыңыз.

  3. Зерттеу алдында таңертен тамақ қабылдауды, су ішуді, темекі шегуді тоқтатыңыз (зерттеу таңертең аш қарында жүргізіледі).

  4. Науқасты ауру тарихымен тағайындалған уақытқа рентген кабинетіне апарыңыз.


Рентген кабинеті мейірбикесінің іс-әрекет алгоритмі:


  1. Науқасты орындыққа отырғызыңыз.

  2. Жоғарғы тыныс алу жолдарын мұрын арқылы (ауыз) жансыздандыру үшін қажетті заттарды дайындаңыз.

  3. Анестетикті ауыз жұтқыншаққа тозаңдатыңыз (шашыратып себіңіз).

  4. Бронхтын тесігіне жергілікті жансыздандыру жүргізу үшін йодолипол контрасты затын енгізіңіз.

  5. Ренген кабинетінде науқасқа көп сериялы суреттер жасалады, рентген кабинетінен мейірбике шығады.

  6. Науқасты палатаға апарыңыз.

  7. Бақылау мен тыныштықты қамтамасыз етіңіз.


141. Асқазан және он екі елі ішекті рентгенологиялық зерттеуге науқасты дайындау
Асқазан және он екі елі ішекті рентгендік зерттеу – бұл зерттеу контрасты заттарды (сульфат барий) қолдана отырып, қуысты мүшелерді рентген сәулесімен түсіруге негізделген.

Мақсаты: диагностикалық: рентгеноскопия және рентгенография асқазан мен он екі елі ішектің түрін, көлемін, қалпын, жылжымалығын анықтау. Эрозияның (жалақ жараның), ойық жаранын, жаңа өспенін орналасқан жерін анықтау; асқазанның шырышты қабығының функциональды жағдайын, эвакуациялық қабілеттілігін зерттеу.

Көрсеткіштері: асқазан және он екі елі ішек аурулары.

Қарсы көрсеткіштері: ойық жарадан қан кету.

Құрал-жабдықтар: Эсмарх крушкасы, залалсыздандырылған ұштық, вазелин, шпатель, клеенка, жаялық, штатив, сульфат барий жүзгіні (100-150 гр), қолғап, жолдама бланкілері (зерттеу әдісінің атын, науқастың аты-жөнін, жасын, мекен жайын немесе ауру тарихы номерін, диагнозын, зерттеу күнін,) зарарсыздандыру ерітіндісі, судно.


Рентгендік зерттеуді дәрігер жүргізеді.
Посттық мейірбикенің іс-әрекет алгоритмі:


  1. Алда тұрған зерттеу мәнісі туралы негізгі мәлімдемені қолайлы түрде жасырын жағдайда науқасқа беріңіз (немесе оның жанүя мүшелеріне).

  2. Зерттеуді жүргізуге науқастың келісімін алыңыз.

  3. Зерттеуге дейін 2-3 күн бұрын іш кебудін алдын алу үшін тамақ рационынан желді болдыратын тағамды алып тастау қажеттілігі туралы науқасқа ескертіңіз.

  4. Зерттеу таңертен ашқарында жүргізілетінін науқасқа хабарлаңыз. Зерттеу алдында соңғы тамақ қабылдау кешкі 20,00 сағаттан кешіктірілмеуі керек.

  5. Егерде іш қату болса, онда дәрігердің тағайындауы бойынша кешке зерттеу қарсанында тазарту клизмасы қойылады.

  6. Науқасты ауру тарихымен тағайындалған уақытқа рентіген кабинетіне апарыңыз.




Рентген кабинетінің мейірбикесінің іс-әрекет алгоритмі:


  1. Зерттеуді жүргізгенде (100-150 гр) сульфат барий жүзінін 1 стакан суға езіп науқасқа ішкізіңіз.

  2. Суреттерді орындаған уақытта мейірбике рентген кабинетінен шығып кетеді.

  3. Зерттеуден кейін науқасты палатаға апарыңыз.



142. Науқасты ирригоскопияға дайындау
Жуан ішекті рентгенологиялық зерттеу – бұл зерттеу әдісі контрасты заттарды қолданумен қуысты мүшелерді рентген сәулесімен түсіруге негізделген.

Мақсаты: диагностикалық: жуан ішектің әртүрлі бөлімдерінің орналасуы, ұзындығы, қалпы, тонусы, түрі туралы түсінік алады, моторлы қызметінің бұзылуын айқындау, жуан ішектін шырышты қабығындағы қабыну үдерістерін, ісіктерді, ойық жараны, жалақ жараны айқындауды.

Көрсеткіштері: жуан ішектің барлық аурулары.

Қарсы көрсеткіштері: ішек түйнегі, ойық жара колитінін өршу кезеңі, ішектен қан кету.

Құрал-жабдықтар: Эсмарх крушкасы, 1,5-2 л мөлшеріндегі ыдыстағы су, вазелин, шпатель, клеенка, жаялық, штатив, қолғап, судно, зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдыс, барий сульфаты жүзгіні (1,5 л, t36-370С), шылапшын, лоток, сүрткілер, су термометрі, алжапқыш, фортранс, адсорбенттер, ферментті дәрілер, жолдама бланкасы (зерттеу әдісінің атын, науқастын аты жөні, жасы, мекен жайы немесе ауру тарихының нөмерін, диагнозын, зерттеу күнін).

Ирригоскопияны дәрігер жүргізеді.
Посттық мейірбикенің іс-әрекет алгоритмі:


  1. Науқаспен сенімді қарым-қатынас орналастырыныз.

  2. Науқасқа зерттеу мақсаты мен барысын түсіндіріп, оның келісімін алыңыз.

  3. Науқасқа психологиялық дайындықты жүргізіңіз.

  4. Ішекте газ пайда болдыратын, ашып іритін тағамдарды тамақ рационынан алу қажеттілігі туралы науқасқа ескертіңіз және зерттеуге дейін 2-3 күн қалғанда оған мол сұйықтықты қамтамасыз етіңіз.

  5. Дәрігердін тағайындауы бойынша науқасқа ферментативті препараттарды беріңіз.

  6. Күндіз 12 сағатта зерттеу алдында фортрансты схема бойынша беріңіз.

  7. 18 сағаттан кешіктірмей жеңіл кешкі тамақпен қамтамасыз етіңіз.

  8. Кеште зерттеу қарсанында (20 және 22 сағатта) науқасқа 2 жоғарғы тазарту клизмасын 1,5 л-дай қойыңыз 2 сағат «таза су» әсерлігіне дейін 2 сағат аралығында.

  9. Тәнертен зерттеуге дейін 2 сағат қалғанда науқасқа 1 сағат аралықпен 2 тазарту клизмасын қойыңыз.

  10. Зерттеуге дейін 3 сағат қалғанда таңертен жеңіл белокты тамақты науқасқа қамтамасыз етіңіз, жіңішке ішектін ішіндегі зат жуан ішекке рефлекторлы жылжу үшін.

  11. Тағайындалған уақытқа науқасты рентгенологиялық кабинетіне ауру тарихымен ерітіп апарыңыз.



Рентгенологиялық кабинетінің мейірбикесінің іс-әрекет алгоритмі:


  1. Науқасты сол жақ қырына аяғын ішіне келтіріп жатқызыңыз.

  2. Рентген кабинетінде науқасқа клизма көмегімен барий сульфатын 1,5 л дейін (t-36-370С) енгізіңіз.

  3. Рентгенологиялық зерттеуді жүргізгенде мейірбике рентген кабинетінен шығады.

  4. Зерттеуден кейін науқасты палатаға апарыңыз.


Ескерту:

  • ішекте газ пайда болуын азайту мақсатымен зерттеуге 3 күн қалғанда тамақ рационынан шикі көкөністерді, жеміс-жидектерді, жеміс сөктарын, қара бидай наны, сүт және дрожжалық тағамдарды, тәтті тағамдарды;

  • тағайындаңыз: ботқаларды, кисельді, омлетті, пісірілген ет және балық тағамдарын, жұмыртқаны, ірімшікті, сырды, ақ нанды, сорпаны, ақ сухариларды.


143. науқасты Көк тамырлық (экскреторлық) пиелографияға дайындау
Бүйректі және зәр бөліну жолдарын реңтгенологиялық зерттеу – контрасты затты (урографин, верографин, триобраст жэне т.б) парентеральдық жолмен енгізуге негізделген.

Мақсаты: диагностикалық: зәр жүйелері мүшелерінің орналасуын анықтау, бүйректің көлемін және түрін бағалау, функциональды қабілеттілігін аныктау (контрасты заттын жиналуы және бөлінуі бойынша), осы мүшелерде конкременттердің барлығын, зәрағар жолы өткізгіштігін анықтау.

Көрсеткіштері: бүйрек және зәр шығару жолдарының барлық аурулары.

Қарсы көрсеткіштері: бүйректің өткір аурулары, геморрагиялық диатездер, йод препараттарына сезімталдығы жоғары, тиреотоксикоз, созылмалы бүйрек жетіспеушілігі.

Асқынулар: йод препараттарына деген аллергиялық реакция.

Құрал-жабдықтар: дәрігердің тағайындауы бойынша контрасты парентеральды зат, көк тамырға инъекция жасауға арналған лоток құрал-жабдықтарымен, анафилактикалық шокта жедел көмек көрсетуге арналған жиынтық, 30% тиосульфат натрий ерітіндісі (йоды бар контрасты препараттарға арналған арнайы антидот), жолдама бланкасы (зерттеу әдісінің аты, науқастың аты – жөні, жасы, мекен жайы немесе ауру тарихының номері, диагнозы, зерттеу күні көрсетіледі).

Пиелографияны дәрігер жүргізеді.
Посттық мейірбикенің іс-әрекет алгоритмі:


  1. Алдағы зерттеудің маңызы туралы негізгі хабарламаны түсінікті түрде науқасқа жасырын жағдайда беріңіз.

  2. Зерттеуді жүргізуге науқастың келісімін алыңыз.

  3. Зерттеуге дейін 3 күн бойы тамақ рационынан жел (газ) болдыратын тағамдарды (көкөністер, жеміс-жидектер, сүт, дрожжыдан жасалған тамақтар, қара нан, жемістен жасалған соктар) қолданбайды.

  4. Іші кепкенде науқас 3 күн бойы дәрігер тағайындаған препораттарды қабылдайды.

  5. Бір күн бұрын кеште (22 сағатта) және таңертең 1,5-2 сағат зерттеуге дейін наукасқа тазарту клизмасын «таза су» нәтижесі болғанша құйыңыз.

  6. Зерттеуді ашқарында жүргізу қәжетілігі туралы наукасқа ескертіңіз (соңғы тамақты қабылдау зертеуге дейін 18-20 сағат бұрын). Таңертең зерттеу алдында тамақты,

  7. сұйықтықты, дәрілерді қабылдамау керек, темекі шегуге болмайды, инъекциялар және басқа да емшаралар жасалмайды.

  8. Зерттеуге 1-2 сағат қалғанда контрасты заттарға сезімталдық байқауын жасаңыз t-370С дейін жылытылған, 1,0 мл контрасты затты көк тамырға енгізеді.

  9. Тура зерттеу жүргізер алдында науқастан қуығын босатуын сұраңыз.

  10. Тағайындалған сағатқа науқасты ауру тарихымен рентген кабинетіне ілестіріп апарыңыз.