Файл: азастан Республикасыны 2025 жыла дейінгі Стратегиялы даму жоспары.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 26.10.2023
Просмотров: 282
Скачиваний: 2
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Әлемдік экономикада ДСҰ қағидаттарына (Трансатлантикалық әріптестік, өңірлік Тұтастай қамтитын экономикалық әріптестік) залал келтіретін сауда режимдерін өңірлендіру, «санкциялық соғыстар» және протекционизмнің күшеюі сияқты күрделі процестер байқалуда. Экономикалар мен билікті орталықсыздандыру жүріп жатыр: «Brexit» – (Ұлыбританияның Еуропалық одақтан шығуы), АҚШ саясатының («americanism, not globalism») жаңа акценті. Ресей үшін қағидатты болып табылатын АҚШ-пен және Батыспен бәсекелестік тереңдей түсуде. Осыған қарамастан, нарықтар мен ақпараттың қолжетімділігін қамтамасыз ететін технологиялар мен ұтқырлықты дамыту, капитал ағындарының трансшекаралық қозғалысы және халықаралық қаржыландыру жаһандану процесін объективті құбылыс етеді.
Жаппай өндіруден жаппай кастомизациялауға ауысу жүріп жатыр. Ірі компаниялар арасында өнімнің сапасы, қосымша көрсетілетін қызметтер және клиентке бағдарлану деңгейі шешуші рөл атқаратын «тұтынушы үшін үздіксіз шайқас» жүргізілуде.
Қызмет көрсету саудасында қарқынды өсу байқалады. Көрсетілетін қызметтердің көпшілігі цифрлық бола түсуде, ал дәстүрлі тауар өндірушілер өз ұсыныстарына түрлі көрсетілетін қызметтерді енгізеді.
Әлеуметтік қолдау енді тек қана мемлекеттік жауапкершілік аймағы болып табылмайды. Әлеуметтік қолдау көрсетуде корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік пен үкіметтік емес және коммерциялық емес ұйымдардың қызметі ерекше рөл атқарады. Мысалы, АҚШ-та корпоративтік және жеке әлеуметтік шығындардың ЖІӨ-дегі жалпы көлемі 11%-ды құрайды, бұл қазірдің өзінде мемлекеттік шығындардың 19% көлемімен шамалас.
Экологиялық мегатрендтер
Таза өндіріс пен жаңартылатын энергия көздеріне көшу жалғасуда. Қалдықтарды кәдеге жарату, көмірқышқыл газы шығарындыларына арналған квоталарды сақтау мәселелеріне байланысты бизнес пен үкіметке көп қысым көрсетіліп отыр. Бұл бизнесті жасыл технологияларды іздестіруге, әзірлеуге және енгізуге ынталандырады. Болжамдар бойынша 2020 жылға қарай әлемдік энергетикада жаңартылатын энергияның үлесі 2013 жылғы 22%-ға қарағанда, 26%-дан асады. ЖЭК-ке халықаралық инвестициялар 2001 жылғы 61 млрд АҚШ долларынан 2015 жылы 301 млрд АҚШ долларына дейін ұлғайды, ал энергиямен жабдықтауға жалпы инвестициялардан ЖЭК-тің үлесі іс жүзінде, 10%-дан 19%-ға дейін екі есеге ұлғайды.
Таза ауа мен таза ауыз суға қол жеткізу сияқты базалық өмір сүру жағдайларын қамтамасыз ету аса маңызды проблема болып қалып отыр. Мысалы, 2025 жылға қарай 1,8 млрд адам су ресурстары мүлдем тапшы елдерде немесе өңірлерде тұратын болады, ал әлем халқының үштен екісі су режимі шиеленіскен жағдайда болуы мүмкін.
Органикалық, экологиялық таза өнімдерге сұраныстың артуы байқалуда. Нәтижесінде 2011 жылдан 2015 жылға дейінгі кезеңде ғана органикалық өнімдерді өндіруге бөлінген ауыл шаруашылығы жерлерінің ауданы 36 млн гектардан 44 млн гектарға дейін 22%-ға ұлғайды. 2020 жылы экологиялық таза ауыл шаруашылығы өнімдерінің әлемдік нарығы 200-250 млрд АҚШ долларын құрайды.
Аурулардың алдын алу мен салауатты өмір салты танымал болып келе жатыр. Дамыған елдердің халықтары осы мақсаттарға көп уақыттары мен жеке ресурстары жұмсайды.
Саяси мегатрендтер
«Үлкен жетiліктің» (бұдан әрі – G7) тарихи тұрғыдан басым мемлекеттерi «көпполярлық» әлемнің туындауына және бірқатар дамушы елдер мен ықпалды коалициялардың өсiп келе жатқан қуаттылығына ұшырауда.
2012 жылдан бастап дамушы елдердің ЖІӨ (сатып алу қабілетінің паритеті бойынша) G7 елдерінің ЖІӨ-нен асып түсті. Бүгінгі күні әлемдік ірі проблемаларды талқылауға тең дауыс беру құқығына ие елдердің үлкен тобы қатысады. «77 тобы» (бұдан әрі – G77) мысалы, өздерінің экономикалық мүдделерін қанағаттандыруға және БҰҰ ішіндегі келіссөздерде өз позицияларын нығайтуға ұмтылатын дамушы елдердің коалициясы ретінде пайда болды. 2015 жылға қарай G77-ге 134-тен астам мемлекет кірді.
Экстремизмге және терроризмге қарсы күрес бойынша алдын ала қабылданып жатқан күш-жігерге қарамастан, террористік шабуылдар мен саяси зорлық-зомбылық қаупі әлемде, әсіресе Африкада, Таяу Шығыс пен Ауғанстанда жоғары күйінде қалып отыр. Соңғы уақытта террористік актілер дамыған елдерде де орын алуда.
Діни экстремизм алдындағы үрей христиан, сол сияқты көптеген мұсылман елдерінде де күшейді.
Кибертерроризм қаупі артып келеді. Дәстүрлі террористік шабуылдарға ұқсас болуына қарамастан, кибершабуылдар ерекше тәсілді талап етеді. Әлемдік қоғамдастыққа ақпараттық инфрақұрылымды одан әрі нығайтып, үкімет пен жеке сектор арасындағы неғұрлым тиімді ынтымақтастықты қалыптастыру қажет. Халықаралық қауіпсіздік нарығы оған деген өсіп келе жатқан мүдделілікті көрсетіп отыр және 2021 жылы жоспарлы өсуі 182 млрд АҚШ долларына дейін, жыл сайын орташа есеппен 9,5%-ға өсе отырып,
2015 жылы 105 млрд АҚШ долларына бағаланды.
Үкіметтердің көпшілігі цифрлық ақпарат арналарын халықты диалогқа тарту және азаматтарға дауыс беру құқығын ұсыну тұғырнамасы ретінде пайдалана отырып, халықпен қарым-қатынас арналарының санын ұлғайтуда. БАҚ рөлінің күшеюі, оның ішінде жаңалық ақпаратын Интернетке және әлеуметтік желілерге ауысуы есебінен күшеюі байқалады, бұл оның таралуын елеулі жеделдетеді.
Жаһандық даму сценарийлері және олардың Қазақстанға ықпал етуі
2025 жылға дейінгі Стратегиялық жоспар алдағы әлемдік оқиғалардың үш сценарийін қамтиды және олардың әрқайсысында қазіргі заманғы табысты мемлекеттің мәртебесін сақтау және нығайту үшін Қазақстанға қажетті даму жолдарын әзірлейді.
«Технологиялар серпілісі» сценарийі технологиялық прогресс әлемдегі негізгі бәсекелі артықшылықтың біріне айналады деп болжайды.
Дер кезінде инновацияларға инвестиция салған және оларды енгізуді қамтамасыз ете алған елдер экономиканың барлық салаларында өнімділіктің жоғары өсу қарқынына қол жеткізді. Мұндай жағдайда дамыған елдер жыл сайын орташа есеппен 2,5%-ға, дамушы елдер 4,7%-ға өседі.
Осы сценарий шеңберінде Қазақстанға өмірде қажетті жоғары технологиялық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің басым бөлігін импорттауға және ол үшін табиғи ресурстармен ақы төлеуге мәжбүр қалыс қалған елдер тобында мәңгі қалып қоймау үшін барлық салаларға дер кезінде технологиялық жаңғыртуды аяқтау өте маңызды.
Негізгі құралдарды және өндірістік процестерді жаңарту, жұмыс күшінің когнитивті және технологиялық дағдылары мен құзыреттерін дамыту, жоғары білікті мамандарды тарту, киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету бірінші орынға шығуы тиіс.
Осы сценарий бойынша 2050 жылға қарай әлемнің отыз жетекші елдерінің лигасына кіруді қамтамасыз ету үшін Қазақстан 2025 жылға дейін нақты мәнінде 5,0% деңгейінде ЖІӨ-нің орташа жылдық өсу қарқынына қол жеткізуі қажет.
«Біртұтас ашық әлем» сценарийі ырықтандыру, еркін сауда және халықаралық интеграция аясында жаһандану процестерін күшейтуді көздейді. Азия елдерінің рөлін күшейте отырып, дамушы елдердің озық өсуі күтілуде. Мұндай қолайлы жағдайларда дамыған елдердің өсу қарқыны жылына орташа есеппен 3,1%-ға, ал дамушы елдер қарқыны 5,2%-ға артады.
Бұл сценарий шеңберінде Қазақстан үшін халықаралық интеграция процестеріне, әсіресе Еуразия өңірінде «Жаңа Жібек жолы» жобасына неғұрлым терең интеграциялану арқылы белсенді түрде қатысуы маңызды. ҒЗТКЖ-ға және инновацияларға жедел ірі ауқымды инвестициялар тарту, сондай-ақ ішкі бәсекелестікті күшейту Қазақстанға неғұрлым бәсекеге қабілетті тауарлармен және көрсетілетін қызметтермен әлемдік нарыққа шығуға және әлемдік сауда көлеміндегі өз үлесін арттыруға мүмкіндік береді.
Шетелдік инвестицияларды тарту және қолайлы имиджін қалыптастыру үшін ЭЫДҰ-ның заң үстемдігін қамтамасыз етуге, экономиканың ашықтығын арттыруға және тұрақты дамуға қол жеткізуді қамтамасыз етуге бағытталған ұсынымдарын іске асыруды жеделдету қажет.
Бұл жағдайларда 2025 жылға дейін Қазақстанға 5,4% деңгейінде
ЖІӨ-нің орташа жылдық өсу қарқынына қол жеткізу қажет.
«Бөлінген әлем» сценарийі протекционизм саясатының кең таралуын болжайды, нәтижесінде жалпы әлемдік өсу баяулайды, ал дамушы елдердің экономикалары өз импульсын жоғалтады. Әлемдік сауданың айтарлықтай құлдырауы күтілуде. Саяси тұрғыдан алғанда, ұлтшылдық құбылыстарының, ұлтаралық және конфессияаралық қақтығыстары, көші-қонды шектеу аясында әлем одан сайын бөлшектене түседі.
Бұл сценарий дамыған елдердің ЖІӨ орташа жылдық өсу қарқынының жылына орташа есеппен 1,2%-ға дейін, ал дамушы елдерде 2,7%-ға дейін төмендеуіне алып келеді.
Бұл сценарий жағдайында Қазақстан үшін шикізат тауарларының экспортынан түсетін кірістердің азаюын өтеу мақсатында экспортталатын тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің ассортиментін кеңейту және әлемдік нарықтарда олардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру маңызды. Халықтың осал топтарын қорғау үшін әлеуметтік басымдықтарға баса назар аудару қажет. Шетелдік әріптестермен сындарлы қарым-қатынастарды сақтау үшін егемен, зайырлы мемлекет ретінде Қазақстанның халықаралық имиджін ұстап тұру аса маңызды болады.
Бұл жағдайларда 2025 жылға дейін Қазақстанға 4% деңгейінде ЖІӨ-нің орташа жылдық өсу қарқынына қол жеткізу қажет.
Ұсынылған үш даму сценарийінің неғұрлым ықтимал сценарийі «Технологиялар серпілісі» сценарийі болып отыр, ол 2025 жылға дейінгі стратегиялық жоспарда басым сценарий ретінде таңдап алынған.
3-тарау. Қазақстанның 2025 жылға дейінгі пайымы, өсу моделі және даму мақсаттары
Отыздық лигасына кіру жолында – Елдің үшінші жаңғыруын іске қосу
2017 жылдың басында Қазақстан Республикасының Президенті Елдің үшінші жаңғыруының басталғаны туралы жариялады. Оның мақсаты жеделдетілген экономикалық өсу және адамдардың өмір сүру сапасын арттыру болып табылады, бұл елімізге өзінің 2050 жылғы пайымын іске асыруға және әлемнің дамыған отыз елінің лигасына кіруге мүмкіндік береді.
Үшінші жаңғырту жаңарудың үш маңызды процесін қамтиды:
бірінші – бұл жеке сектордың рөлі басым болған жағдайда технологиялық жаңғыртуға және мемлекеттік аппараттың тиімділігін айтарлықтай арттыруға негізделген экономиканы жаңғырту;
екінші – бұл билікті орталықсыздандыруға және өкілеттіктерді Президенттен Парламент пен Үкіметке беруге, сондай-ақ мемлекеттік басқару институттарының тиімділігін арттыруға бағытталған саяси және институционалдық жаңғырту;
үшінші – бұл халықтың ашықтығын, прагматизмі мен бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған қоғамдық сананы жаңғырту.
Бірінші кезекте 2025 жылға дейінгі Стратегиялық жоспар Үшінші жаңғыру мақсаттарын орындауға мүмкіндік беретін экономикалық өсудің жаңа моделін құруға бағытталған. Жоспардың мәні қағидатты түрде
2025 жылға дейін іске асыру маңызды жүйелі реформаларды және «Қазақстан-2050» стратегиясын іске асыру шеңберінде басталған, жалғастыруды қажет ететін басым саясаттарды білдіреді.
Экономикалық өсудің жаңа моделі: экспортқа бағдарланған өнімділігі жоғары бәсекелі экономика
Қазақстан экономикасының қағидатты трансформациясы мұнай бағасының жоғары болуы дәуіріне тән сандық өсу басымдығынан және мемлекеттік капитализм рөлінің үстемдігінен бас тартуға негізделген сапалы экономикалық өсудің жаңа моделіне көшуді талап етеді.
Бұл экономикалық өсудің үш негізгі факторы: экономиканың өнімділігі мен күрделілігін арттыру, құзыреттерді дамыту, сондай-ақ жеке капиталды тарту бірінші орынға шығатынын білдіреді. Бәсекелестікті көтермелеу, жеке бизнестің жетекші рөлі және өсуді барынша ұлғайту факторы ретінде өңірлер әлеуетін ашып көрсету басты міндеттердің біріне айналып келеді. Жаңа модель қосылған құны жоғары экспортқа бағдарланған экономиканы құруға бағытталатын болады.