ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 26.10.2023
Просмотров: 190
Скачиваний: 2
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Экскурсияның үшінші кезеңі – қорытынды. Ол балалар алған білімдерін тереңдетуге, жүйелендіруге және жинақтауға, олардың мүдделерін нығайтуға және одан әрі дамытуға, туған табиғатпен қарым–қатынастан алған әсерлерді игеру және өңдеу процесінде шығармашылық қабілеттерін қалыптастыруға бағытталған экскурсиялық тәрбиелеу – білім беру жұмысын қамтиды.
Билет № 13
1. Шығарманы қабылдауға байланысты жүргізілетін жұмыстар
Мәтін – бірнеше сөйлемдерден құрылған белгілі бір ойды, оқиғаны білдіреді. Мәтінде оқиға – хабарланады, баяндалады, әңгімеленеді, ал құбылыс – сипатталады, суреттеледі. Ол – өзара байланысқан сөйлемдерден,абзацтардан тұрады. Оған ат қоюға, жоспар құруға болады. Оның басталуы, негізі, соңы болады. Тақырып – мәтінде баяндалатын оқиға мен ойдың түйіні.
Мәтінге әңгіме, өлең, жыр, ертегі сияқты жанрлар жатады. Мәтіннің мынадай түрлері бар: әңгімелесу, пайымдау, сипаттау.
1. Әңгімелесу мәтіні – тек мұғалімнің өзі ғана емес, түгел сынып оқушылары қатысып, топта талқыланады. Қандай да бір оқиғаны баяндап, не істеді? Сұрағына жауап береді.
2. Сипаттау мәтіні – бір нәрсенің бейнесін (затты) немесе табиғат көріністерін сипаттау. Қандай? Қалай?сұрақтарына жауап береді. Мысалы: Күзде жапырақтар сарғайып, айнала сары алтынға малынады.
3. Пайымдау мәтіні – белгілі бір пікірді түсіндіреді, дәлелдейді және Не үшін? Сұрағына жауап береді.Бастауыш сыныптарда «Әдебиеттік оқу»оқулығында мәтін бес түрлі қызмет атқарады.
1.Мәтін оқушыға білім береді.
2.Мәтін – оқуға үйрету құралы.
3.Мәтін оқушының ойын дамытады.
4.Мәтін тәрбиелік міндеттерді шешеді.
5.Мәтін арқылы оқушылардың тіл байлықтары дамиды.
Мәтінді қабылдауға байланысты жүргізілетін жұмыстар.
«Әдебиеттік оқу» оқулықтарындағы түрлі оқу материалдарының мазмұнын, яғни мәтіндерді оқушылар дұрыс қабылдап, ондағы негізгі ойды жақсы ұғыну үшін оқу сабақтарында көптеген жұмыстар жүргізіледі. Ол жұмыстар оқылатын материалдың сипатына, оқушының жасына, дайындығына, білімі мен дағдысына байланысты іріктеледі. Олар:
1. Кіріспе. Мәтінді қабылдауға оқушыларды психологиялық дайындау.
2. Мәтінге байланысты сөздік жұмысы.
3. Шығарманы оқу.
4. Шығарманың жоспарын жасау.
5. Оқыған шығарманың мазмұнын айту.
6. Мәтіннің мазмұны бойынша жүргізілетін шығармашылық жұмыстар.
2. Табиғат бұрышы: оның жаратылыстану пәнін оқытудағы маңызы, ұйымдастырылуы және жабдықтары. Оқытудағы алатын орны.
Тірі табиғат бұрышын жабдықтауға, оны алғаш ұйымдастырғаннан бастап, әкімшілік құрал-жабдықтарға (шарбақ, тор, аквариумдар, террариумдар т. б.) қаражат босатады. Тірі табиғат бұрышын ұйымдастыру кезіндегі алға қойылатын негізгі міндет табиғатты оқып үйренуге байланысты өткізілетін сабақтарға қажетті қолда ұсталатын жануарлар мен өсімдіктерді таңдап алуболып табылады.
Тірі табиғат бұрышы жануарлармен балықтармен, насекомдармен, эюскурсиядан алып келген құстармен, кроликтерімен, тас-бақалармен т. б.) жүйелі түрде толықтырылып отырады.
Күзгі экскурсияларда жас натуралистер өсімдіктерді, құстардың тіршілігін, насекомдардың қыстап шығуын бақылау үшін материалдар, мысалы: көбелектер жұлдыз құрттарын қуыршақтарын, жұмыртқаларын жинайды. Бұлардан басқа жануарларды қолда ұстау және қыс кезіндегі жұмыстарды дайындауға қажетті материалдар қорын жасау үшін: мүктер, емен жаңғақтарын, қарағай мен шырша бүрлерін, құм, тас; құстарды азықтандыруға арналған қор — әр түрлі өсімдіктердің (шоңайна, қайын, жолжелек) тұқымдарын, ырғайдың, шетеннің жемістерін жинастырады.
Көктемгі экскурсия соңынан табиғат бұрышы едәуір толықтырылады. Балалар ағаш пен бұталардың бұтақтарын, алғашкы гүлдеген көктемгі өсімдіктерді алып келіп, оларды гүл өсіретінқыш құмыраға отырғызады.
Оқушылардың әрекеттерін сабақ кестесінен тыс жерде оқу бағдарламасына сәйкес, оның мақсаттары мен мазмұны бойынша ұйымдастыру жатады. Орындалатын тапсырманың көлемін мұғалім анықтайды. Тапсырмалар мұғалімнің басшылығымен немесе өзбетімен
орындалады. Оның қортындысын міндетті түрде сабақта белгілі бір формада тексеру қажет. Мұндай оқу формасына оқушылардың бақылау күнделіктеріндегі берілген тапсырма бойынша фенологиялық бақылауларын, қойған тәжірибелерін, мысалы бидай дәнін өсіру, пиязды стакандағы суға салу т.б. қосымша әдебиеттерді, хрестоматиядағы берілген қосымшаларды мұғалімнің ұсынысы бойынша оқу т.б
Сабақтан тыс оқу формасына үй тапсырмасын орындау да жатады. Үй тапсырмасы сабақта өтілген материалды мазмұны бойынша толыктырады. Үйде оқушы сабақта үлгермеген тапсырмаларды орындап, оқу материалын қайталайды, өткен сабақтағы материалдармен байланысын аныктап, келесі сабақка тірек білімін қалыптастырады.
Мұғалім сабакта үй тапсырмасының қалай орындалатынын түсіндіріп, ол бақылау болуы мүмкін, онда бақылауды калай жүргізу керектігі, табиғатқа зиян келтірмеу жақтары, бакылау нәтижелерін қалай жазу керектігі түсіндеріледі Оқулықтағы тапсырмалар болса, оларды орындау жүйелігі айтылады.
Үй тапсырмасының орындалу қорытындысын сабақта тексеріледі. Дұрыс ұйымдастырылған үй тапсырмасы сабақтағы оқу жұмысын жеңілдетеді.
Тірі табиғат бұрышын ұйымдастыра отырып мұғалім оқушылардың білімін толықтырады, тереңдете, сондай-ақ практикалық машық пен дағ-ды қалыптастырады. Ол жоғары сыныпта оқығанда қажеттілігіне жарай-ды, ары қарай дамиды.
3. Дүниетанудың оқытудың материалдық базасы
Тақырыбы: Дүниетануды оқытудың материалдық
базасы
Жоспары:
Дүниетануды оқытуға қажетті көрнекіліктер
классификациясы
Тірі табиғат бұрышы (мүйісі)
Мектеп маңындағы оқу-тәжірибе үлескесі
Географиялық алаң
« Көрнекі құралдарды пайдалана білім беруден асқан жол жоқ, басқа ешбір әдіспен білім сапасы көтерілмейді» Фридрих Адольф Вильгельм Дистервег (1790-1866)
Дүниетануды оқыту процесін жоғары деңгейде жүргізу үшін материалдық базаның маңыздылығы жоғары. Дүниетану пәні бойынша материалдық база 3 негізгі топқа
жинақталады: класта сабақ өту үшін қажетті құрал-жабдықтар тірі табиғат бұрышы
мектеп маңындағы оқу-тәжірибе үлескесі, географиялық алаң
Класта сабақ өту үшін қажетті құрал-жабдықтар немесе оқу жабдықтары өз кезегінде үш топқа жіктеледі:
1. Табиғаттың тірі және өлі табиғи объектілері
2. Иллюстративті (суреттер, кестелер, модельдер т.б.)
3. Қосымша көмекші құралдар (лабораториялық құралжабдықтар, приборлар) және техникалық құралдар (кодоскоп, диапроектор, микроскоп, теле-видеоаппараттар,
компьютер т.б.)
Дүниетану сабақтарында табиғи көрнекі құралдар басқа көрнекі құралдардан басым түсуі шарт. Табиғи тірі объект жайында нақты шындыққа үйлесімді ұғым береді.
Оларды төмендегідей типтерге жіктеуге болады:
1.Табиғаттың өлі объектілері(топырақ, тау жыныстары мен минералдар және қазба
түрлері)
2. Тірі өсімдіктер мен жануарлар
3. Гербарийлер
4. Жануарлар және олардың мүшелерінің коллекциялары
5. Консервленген және фиксацияланған объектілер
6. Жануарлар тұлыптары
Иллюстративті көрнекіліктер:
Модельдер және муляждар
Түрлі көоемді суреттер, кестелер, схемалар, көркем суреттер, карталар.
Бұл көрнекіліктерді қолдану танысқалы отырған заттың өзін тікелей көру
мүмкін болмаған жағдайда, олардың бейнесін суреттеме түрінде
пайдаланады.
Муляж – табиғи объектінің дәлме-дәл көшірмесі, яғни оның сыртқы
белгілері (түсі, пішіні, көлемі) сақталынады. Оларды парафин,
пластиллин, ұн немесе желімді пйдалана отырып даярлауға болады.
Қыста оқытылатын кейбір объектілерден, мәселен, шырынды жемістер,
саңырауқұлақтар муляждарын жасауға болады.
Модель – зат пен оның құрылысының барлық детальдарын сол қалпында
қайталайтын көшірмесі (балалар ойнайтын ойыншық машиналар, т.б.)
Қосымша көмекші құралдар
Бұл топқа техникалық оқу құралдары (экранды-дыбыс құралдары) мен зертханалық құрал-жабдықтар жатады:
Химиялық стакандар, колбалар, пробиркалар, түтіктер, шыны таяқшалар, кристализатор Резинкалы түтікшелер, қақпақшалар
Пробиркаға арналған штатив, металл штатив, металл тор, пробирка ұстағыш
Қыздырғыш приборлар: спиртшамы, электрлі жылытқыш
Өлшегіш приборлар: термометр, таразы, сызғыш, компас, гномон, транспортер
Оптикалық приборлар: микроскоп, лупа
Электр приборлар: Күн жүйесі моделі, теллур
Тірі табиғат бұрышы (мүйісі)
Тірі табиғат бұрышын ұйымдастыра отырып мұғалім оқушылардың білімін
толықтырады, тереңдетеді сондай-ақ практикалық мышық пен дағды
қалыптастырады.
Тірі табиғат мүйісін ұйымдастыру үлкен материалдық тұрғыда қаражатқа
байланысты. Жетіспеген жағдайда класс кабинетінде бөлме өсімдіктерінің түрлерін
көбейту, аквариум, шағын террариум, құстар мен сүтқоректілердің ыңғайлы
түрлерін ұстауға болады.
Тірі табиғат бұрышын жасауға арнайы ауқымды орын болмаған жағдайда бөлме өсімдіктерін, жер шарының әр бұрышындағы өсімдіктер түрлерін өсіріп, оқушыларды сол өсімдіктердің ерекшеліктерімен, күту, оларды бақылау сияқты жұмыстарды ұйымдастыруға болады. Онда әр өсімдікте этикетка іліну керек, мұнда өсімдіктің аты, отаны, отырғызылған уақыты жазылады.
Билет № 14
1. Мәтіннің мазмұны бойынша жүргізілетін шығармашылық жұмыстар
Мәтінді қабылдауға оқушыларды психологиялық жағынан дайындау
Көркем шығарма жазушының сөз арқылы жасаған көркем бейнесі, картинасы арқылы қабылданады. Шығарманы оқыған кезде оқушының көз алдына елес пайда болады. Бұл оқушының сезімін де қозғайды. Мысалы: Абайдың «Қыс» өлеңін өтер кезде сурет бойынша әңгіме айтқызуға болады.
Осылайша әңгіме жүргізілгеннен кейін, «Қыс» өлеңінің мазмұнын білуге оқушылардың ынтасы артып, оны тереңірек ұғынуларына және молырақ әсер алуларына жағдай жасалады. Сонымен, шығарманы оқуға дайындау жұмысы, біріншіден, балаларды оқылатын әңгіменің мазмұны мен ондағы кейіпкерлердің ісін саналы түрде түсіне білуге дайындау; екіншіден, оқылатын әңгіменің мазмұнына қызықтыру; үшіншіден, ондағы түсініксіз сөздер мен ұғымдарды түсіндіру мақсатында жүргізіледі. Дайындық жұмысының көздейтін түпкі мақсаты- балаларға шығарманы толық та саналы меңгеруіне мүмкіндік туғызу.
Мәтінді оқу- дұрыс қабылдауға байланысты жүргізілетін жұмыс түрі. Мұнда түрлі тәсілдерді қолдануға болады. Көпшілік мұғалімдер, егер шығарманың мазмұны күрделі, көлемі ұзақ болмаса, оны өзі дауыстап оқып шығады немесе балаларға оқытады.Шығарма бірінші рет оқылғанда, оқушылар ондағы кейіпкерлердің істерімен танысуға тиіс. Сондықтан шығарма әуелі тұтас оқылғаны тиімді. Өйткені бөлініп оқылса, балалар оның мазмұнын толық ұғына алмайды. Шығарманың мазмұнын бір оқығанда-ақ оқушылардың көкейіне қондырып, санасына жеткізу үшін ол нақышына келтіре мәнерлеп оқылуға тиіс. Шығарма алғаш оқылғанда нашар оқитын оқушыларға оқытылмауы керек. Мұғалім шығарманы әуелі өзі оқып көрсеткені дұрыс. Кейде оқу техникасын меңгерген мәнерлеп, жақсы оқитын оқушыларға да оқытуға болады.Бірақ, әсіресе, ырғағы қиын немесе жолдары ұзақ, баланың демі жетіңкіремейтін өлеңдер, көркем фразалар мен сөз өрнектері кездесетін шығармаларды мұғалімнің өзі оқығаны жөн
.Бастауыш сыныпта ұйымдастыруға болатын шығармашылық жұмыстың негізгілері:
а) Шығарманың баяндалу түрін өзгертіп әңгімелеу. Мұнда әңгіменің баяндалу түрі аз-кем өзгертіледі. Мысалы, әңгіме I жақпен баяндалған болса, III жаққа айналдырып, керісінше де әңгімелеуге болады.
а) Оқылған шығарманың мазмұнын толық өзгертіп әңгімелеу. Жұмыстың бұл түрін үйден орындап келуге тапсыруға болады. Мұнда оқушылар әңгімедегі оқиғаға ұқсас өз бастарынан өткен оқиғаны немесе өзі қатысқан не көрген оқиғалары жөнінде өз жандарынан әңгіме құрастырып айтады.
Осылайша сұрақ қойып, оған жауап алу арқылы оқушыларға өз ойларынан әңгіме құрастыртып, ол — оқылып отырған шығарманың арасына қосылады да, онан әрі мәтіннің мазмұны айтқызылады. Мұндай жұмыстар арқылы оқушылар өз ойларын, қиялын дамытуға мүмкіндік алады, оқығандарының мазмұнын ат үсті, шала ұғынып қалмай, ондағы әңгімеленген оқиғаның мән-жайын ойлана, толық саналы түрде қабылдайды.
Шығармадағы басты ой идеялық мазмұнмен сәйкес келе бермейді. Шығарманың идеясы — өмір құбылысын жазушының бағалауы немесе оқушы жұртшылықты белгілі бір мақсатқа шақыруы.
Сонымен шығарманың мазмұны бойынша жүргізілетін жұмыстардың барлығы да балаларды өз беттерімен іздетуге үйретіп, ақыл ойы мен дүние танымын кеңейтуге, тілін дамытуға септігін тигізеді.
Сұрақтар мен тапсырмалар:
1. Шығарма оқылмас бұрын қандай дайындық жұмыстары жүргізіледі, оның мақсаты не?
2. Шығарманы оқуға дайындық кезінде оның мазмұнын айтуға бола ма?