Файл: Диссертация цифрлы білімдік ортада болаша педагогпсихологтарды коммуникативтік мдениетін алыптастыру.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Диссертация

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 29.10.2023

Просмотров: 308

Скачиваний: 3

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


А.А. Бодалев білімнің білім алушылар үшін маңызды болатын бес тиімді шартын атап өтті:

1) оқушы өзін маңызды және өзекті мәселеге тап болған адам ретінде қабылдағанда;

2) мұғалім оқушылармен қарым-қатынаста өзінің кім екендігіне сәйкес келетін тұлға ретінде әрекет еткенде;

3) білім алушы мұғалім тарапынан оң көзқарас пен шынайы қолдауды сезінгенде;

4) мұғалім оқушының ішкі әлеміне нәзік енген кезде, ол сенімін білдіре алады;

5) оқушы белгілі бір дәрежеде мұғалімнің өзімен сәйкестігін, қабылдауын және жанашырлығын сезінгенде [73].

Мұнда проблемалық дәрістерді қолдану, коммуникативті мәдениеттің жоғары деңгейін, білім алушылардың жеке және ұжымдық жұмыс формаларын қажет ететін нақты педагогикалық жағдайларды талдау және шешу сияқты әдістер тиімді болмақ.

Аталған жағдайлар білім алушылардың іс тұрғысынан маңызды немесе қажетті серіктестермен байланыс орната білуін, нақты адамдармен ынтымақтастық қарым-қатынас жағдайын жасай білуін, әртүрлі жағдайларда сөйлесу тақырыптарын таба білуін, іскерлік немесе эмоционалды қарым-қатынаста, топтық немесе ұжымдық ынтымақтастықта бірлесе жұмыс жасаудың ұтымды тәсілдерін таңдай білуін, мәселеге орай қажетті ұстанымды немесе басқа белгілі идеяларды, білімдерді, әдістерді және т. б. біріктіретін жағдайлар коммуникативті мәселенің шешімін таба білуін дамытады.

Зерттеушілер топпен ынтымақтастықта жұмыс жасау нәтижесіне, оқушы тұлғасына және тұлғааралық өзара әрекетті реттейтін күрделі психологиялық механизмдердің әрекеті нәтижесінде оқу тобының ұжым болып қалыптасуына оң әсері туралы айта отырып, дамытатын рефлексия ретінде маңыздылығын атап көрсетеді, «сол арқылы қатысушының өз іс-әрекетіне қатынасы қалыптасады және түрлендіру қамтамасыз етіледі. Бұл әрекет бірлескен қызметтің мазмұны мен формасына сәйкес жүзеге асырылады».

Жалпы білім алушыларды әлеуметтік-бағдарланған іс-әрекетке, нашақорлық, экология, үйсіздік және т.б. байланысты әлеуметтік маңызды мәселелерді шешуге тартуды басқалармен қатар ұсынады. Әлеуметтік-бағдарланған іс-әрекеттерге қатысу нәтижесінде білім алушылар коммуникативті мәдениетті меңгеру қажеттілігін сезінеді, ынтымақтастық атмосферасын, өзара сенім, қарым-қатынаста өзара түсіністікті жеткілікті түрде құру қабілетін игереді, қарым-қатынаста туындайтын қарым-қатынас процесі, психологиялық кедергілер және адекватты нұсқасын табу сияқты проблемаларды жеңе алады. Мұндай оқыту түрлері оқу материалын жақсы игеруге, әрбір жеке тұлғаның толыққанды дамуына, оқушылардың жаңа мүмкіндіктерін қалыптастыруға және әлеуетті мүмкіндіктерін көрсетуге ықпал етеді. Демек, оқушылар тобында қолайлы психологиялық климат құру педагогикалық жұмыстың маңызды құрамдас бөлігі болып табылады.


Сыртқы (педагогикалық) жағдайлармен қатар, оқушылардың коммуникативтік мәдениетін дамытудың маңызды, ішкі (психологиялық) жағдайлары да бар.

Қазіргі кезде болашақ мұғалімнің коммуникативті мәдениетін қалыптастыру мәселесі аса маңызды болып тұрғаны анық. Жаңа білім беру бағдарламаларында оқыту мен тәрбиенің негізгі нәтижелері ретінде білім алушының жеке, танымдық, реттеуші, кәсіби, коммуникативті қабілеттерін дамыту бағыттары ерекшеленетіні кездейсоқ емес. Жалпы мәдени, кәсіби коммуникативтік құзыреттіліктерді игере отырып, болашақ мұғалім әлеуметтік және кәсіби өмірдің әртүрлі салаларын жақсы иегереді, әріптестерімен ұжымда толерантты (төзімді) бірлесе жұмыс жасау дағдыларын тез игереді, тұлғааралық және іскерлік байланыстар орнатуды үйренеді, жеке тұлғаны түсіну және қабылдау қабілетіне ие болады.

Қазіргі қоғамда болып жатқан интегративті және гуманитарлық құбылыстар «коммуникативті мәдениет» ұғымының өзгеруіне және дамуына, оның мазмұнының толықтырылуына, сондай-ақ «коммуникативті мәдениет феномені біртіндеп құрамдас бөліктен, қарапайым мәдениеттен және коммуникациядан біртіндеп өзгеріп тәуелсіз ғылыми тұжырымдамаға айналады» деп санайды.

Дегенмен, соңғы уақытта коммуникативті мәдениеттің даму деңгейін бағалау критерийлерінде аталған көрсеткіштердің өзгеруі байқалады. Егер бұрын мұғалімнің сыпайылық, мәдениеттілік, әдептілік, педагогикалық икемділік, т.б. қасиеттері қарастырылса, енді коммуникативті мәдениетті қалыптастырудың көрсеткіштері ретінде мұғалімнің гуманистік қағидаларды ұстануға және қарым-қатынас дағдыларының жоғары деңгейін көрсетуге мүмкіндік беретін тұлғалық қасиеттері ажыратылады.

Көбінесе бүгінгі күні оларға эмпатия, сәйкестендіру, децентрация, рефлексия, толеранттылық, белгісіздікке төзімділік, бірлесе әрекет етуге басымдылық беру және т.б. жатады. Осының барлығы мұғалімнің коммуникативті мәдениетінің қалыптасу үдерісінің «уақыт сынақтарының призмасы» ретінде қарастырылып, дамудың жаңа кезеңіне қарай өтетінін көрсетеді. Бүгінгі таңда басты назар тұлғаның дамуына, оның гуманистік, аксиологиялық, акмеологиялық әлеуетіне, яғни жалпы адамзаттық құндылықтарға ерекше назар аударып, қарым-қатынастың диалогтық формасына дайын болу сияқты мәдениетке басымдық берілуі керек.

Сондай-ақ, соңғы жылдардағы жұмыс тәжірбиесі көрсеткендей коммуникативті мәдениеттің құрылымын сипаттау кезінде мұғалімнің кәсіби қызметінде электрондық байланыс құралдарын қолдануға дайындығын сипаттайтын инфокоммуникациялық компонент барған сайын ерекшеленетінін атап өткен жөн.



Зерттеушілер «коммуникация» және «коммуникативтілік» ұғымдарының өзара ұқсастығы туралы мәселені көтеретін «ақпараттық-коммуникациялық / ақпараттық-коммуникативтік мәдениет» ұғымдарының ара-жігін ажырату үшін зерттеулер жүргізді. Нақтырақ айтқанда, «коммуникация» ұғымы тұлғааралық және топтық қарым - қатынас саласы зерттелгенде, ал «коммуникативтілік» - байланыс арналары мен құралдарымен қатысты процестер қарастырылған кезде қолданылады. Алайда, адамдардың қарым-қатынас барған сайын жанама бола бастайды, цифрлық қолдау көрсететін коммуникативті бірлесе әрекет ету үлесі артып келеді, бұл институционалды және институционалды емес ортада ұғымдардың сөзсіз жақында суына әкеледі. Олар көбінесе бір-бірінің орнына қолданылады, өйткені «бұл анықтамаларды нақты бөліп көрсету қиын» деп жазады.

Болашақ маманның коммуникативті дағдыларды қалыптастыру үшін электрондық білім беру ресурстарын пайдалану негізінен лингвистикалық және ақпараттық мамандықтардың мұғалімдері үшін өте маңызды екендігі туралы бірқатар еңбектер жазылған.

Электрондық білім беру ресурстары оқу және жазу дағдыларын қалыптастыру, монологиялық және диалогтық сөйлеу дағдыларын жетілдіру, мәдениетаралық қарым-қатынасты қалыптастыру үшін қолдануда аса тиімді болып табылады.
2-кесте. Коммуникативті мәдениет компоненттері

Коммуникативті мәдениет компоненттері

Коммуникативті мәдениет түсінігінің мазмұнын сипаттайтын элементтер туралы түсініктермен, тұлғааралық қарым-қатынас негіздері туралы идеялармен;

мазмұнды элементтерінің қатарына кіретін

қарым-қатынас субъектілерінің әртүрлі тараптары мен формаларына сәйкес келетін, күрделі жүйе ретінде қарым-қатынас мәдениеті туралы түсініктермен сипатталады

Коммуникативті мәдениеттің эмоционалды бағлаушы компоненті тұлғаның эмоционалды танымдық сипаттамаларымен байланысты. Бұл компоненттің танылу формалары тұлғаның бағалаушы пайымдамасы, көзжетімі және сезімі болып табылады.



Коммуникативті мәдениеттің тәртіптік компоненті адамның басқа да адамдарға қатысты әрекеттерінде және қылықтарында байқалады.

Бұл әрекеттердегі коммуникативті мәдениеттің қалыптасу деңгейі тұлғаның өнегелілігімен, ақпейілділігімен, не нәрсеге немқұрайлы қарамауымен, дұрыс көзқарасымен байқалады.




Дегенмен, оқытылатын пәнге қарамастан, барлық педагог заманауи цифрлық білім беру ортасында жұмыс істеу үшін коммуникативті дағдыларды қалыптастыру қажет. Қазіргі уақытта аталған мәселеге байланысты зерттеу жұмыстары саусақпен санарлық. Солардың ішінде цифрлық оқыту жағдайындағы қызметке педагог кадрларды кешенді даярлау мәселелеріне арналған зерттеуі құнды зерттеулер қатарына жатады.

Сонымен аталған мәселе бойынша жазылған зерттеулерді талдай келе, болашақ мұғалімнің коммуникативті мәдениетін қалыптастыру тұрғысынан келесі аталған психодидактикалық шарттарды анықтадық:

- білім беру үрдісінің барлық субъектілерінің коммуникативті мәдениеттің мәнін болашақ мұғалімнің жалпы кәсіби мәдениетінің маңызды сипаттамасы ретінде түсінуін қамтамасыз ету, оның қалыптасуы жоғары оқу орнынан басталады.

- оқыту курстарын оқу үрдісіне енгізуді ұйымдастыру кезінде психодидактикалық тәсілді енгізу: жалпылау принципі негізінде дидактикалық және психологиялық мазмұнды интеграциялау, оны іске асырудың инновациялық диалогтық әдістерін әзірлеу;

- психодидактикалық білім беру ортасын құру, оның мәні, ең алдымен, интеграцияланған білім беру бағдарламалары мен оқыту технологияларының қамтылуымен анықталады;

- педагогтың коммуникативтік мәдениетін қалыптастыру идеяларын екі айқындаушы мақсатты бағытта енгізу: бір жағынан оны білім алушылармен тиімді ынтымақтастықта жұмыс жасауға дайындау, екінші жағынан педагогты білім алушылардың коммуникативтік мәдениетін қалыптастыруға дайындау.

- университеттің психодидактикалық мазмұны жүйесінде болашақ мұғалімнің коммуникативті мәдениетін қалыптастыру бірнеше деңгейге сәйкес жүреді және білім алушылардың алғашқы ақпарат алу кезеңінен бастап коммуникативтік мәдениетінің дамуын көздейді, бұл оларға мұғалімдер арасындағы адамгершілік, жағымды педагогикалық қарым-қатынастың маңыздылығын білуге және білім алушылардың тұлғалық даму процесінде мұғалімдердің кәсіби коммуникативті икемділігі көрінетін коммуникативті мәдениет деңгейін меңгеру үшін оны қалыптастыру жолдарын анықтауға мүмкіндік береді;

- білім беру үрдісінде белсенді және интерактивті білім беру технологияларын қолдану және т. б.

- болашақ педагогтың оқу-кәсіптік қызметтегі тиімді ұстанымын өзектендіретін жеке білім беру әдістерін енгізу білім беру процесін (тапсырмалардың күрделілік деңгейін, қызметті жүзеге асырудың құралдары мен тәсілдерін таңдау) білім алушылардың кәсіби-тұлғалық даму ерекшеліктеріне бейімдеуді көздейді.


Қорыта келе, болашақ педагог-психологтардың цифрлық білімдік ортада коммуникативтік мәдениетін оның дербес кәсіби іс-әрекетте өзін-өзі табысты жүзеге асыруының шарты ретінде дамыту жоғары педагогикалық білім беру процесінде келесі шарттар орындалған жағдайда мүмкін болады:

- бүкіл процестің фокусы. болашақ мұғалімнің тұлғалық дамуы бойынша кәсіби даярлық;

-оқ коммуникативті мәдениеттің практикалық дамуына ықпал ететін арнайы курстарды енгізу: «Қарым-қатынас психологиясы», «Педагогикалық шешендік өнер», «Сөйлеу мәдениеті», «Іскерлік этикет негіздері» және т.б.;

білім беру субъектілерімен өнімді, ізгілікті қарым-қатынас тәжірибесін қалыптастыру үшін педагогикалық тәжірибенің әлеуетін іске асыру;

білім алушылардың әлеуметтік тәжірибесінің кәсіби бағдарын қамтамасыз ету: сауықтыру лагерлеріндегі жұмыс, еріктілер қозғалысы қиын өмірлік жағдайдағы балаларға қамқорлық жасау, балалар үйіне, балаларына арналған мамандандырылған мектеп-интернатқа қамқорлық жасау;

- психологиялық қызмет мамандарымен, ал университетте біреуі болмаған жағдайда психология кафедрасының оқытушыларымен педагогикалық қарым-қатынас тренингтерін өткізу;

- этнопедагогика және білім беру ұйымының дәстүрлері негізінде кәсіби мақтаныш сезімін, педагогикалық еңбек шеберлеріне құрметпен қарауды дамыту;

- мұғалімдер ғылыми-зерттеу іс-әрекеттерін ынтымақтаса отырып, білім алушыларға адамгершілік қарым-қатынас тәжірибесін беру;

- білім алушылардың коммуникативті мәдениетін дамытумен бір мезгілде педагогикалық ұжымның педагогикалық мәдениетінің деңгейін көтеру;

- білім беру ұйымының субъектілерімен (білім алушылар, олардың ата-аналары, мұғалімдер, жетекшілер) өнімді, ізгілікті қарым-қатынас тәжірибесін қалыптастыру үшін педагогикалық тәжірибенің әлеуетін жүзеге асыру;

- білім алушылардың әлеуметтік тәжірибесінің кәсіби бағдарлануын қамтамасыз ету: сауықтыру лагерьлеріндегі жұмыс, қиын өмірлік жағдайдағы балаларға қамқорлық жасау бойынша еріктілер қозғалысы, балалар үйін, мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернатты патронаттық.

Дегенмен, соңғы уақытта коммуникативті мәдениеттің даму деңгейін бағалау критерийлерінде аталған көрсеткіштердің өзгеруі байқалады. Егер бұрын мұғалімнің сыпайылық, мәдениеттілік, әдептілік, педагогикалық икемділік, т.б. қасиеттері қарастырылса, енді коммуникативті мәдениетті қалыптастырудың көрсеткіштері ретінде мұғалімнің гуманистік қағидаларды ұстануға және қарым-қатынас дағдыларының жоғары деңгейін көрсетуге мүмкіндік беретін тұлғалық қасиеттері ажыратылады.