Файл: 1.Индустрияландыру, жаырту тарихи терминдеріне анытама берііз. Индустрияландыру.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 29.10.2023
Просмотров: 1998
Скачиваний: 14
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Отан деген — сүйіспеншілік, өзінің бар болмысынды елімнің мүддесіне арнап, бойындағы қабілет пен күш-қуатты, білім мен білікті, ақыл-парасатты ел игілігіне жұмсау патриотизмның басты ерекшелігі ретінде сипатталады. Бұл қасиет қоғамдық ой-сана қозғалысының ерекше бір бөлігі іспеттес болғандықтан, ол қоғамдық ортаның даму үрдісіне сай əр түрлі мазмұнда көрініс береді. Сондықтан патриотизмнің тарихи кезеңдеріне назар аударып, табиғи тамырларына тереңірек үңілуіміз керек. Патриотизм табиғатының тіні саналатын патриоттық сана ерекшелігін, оның қалыптасу үрдісіне назар аудара отырып, бұдан «патриотизм» ұғымының тарихи эволюциясы қандай үрдістерден өткенін көреміз.
Өзіндік салт-санасы қалыптасқан əр тайпаның осы үрдістегі əлеуметтік құндылықтары олардың қолөнерлік, көркем өнерлік дəстүрінен көрініс тауып отырған. Патриоттылық ұғымының бастауы болған алғашқы қауымдық құрылыстағы, патриоттық сана болмысын үш негізге бөліп қарастырамыз, олар: тайпалық дəстүрдегі патриоттық, сананың экономикалық негізі, əлеуметтік негізі жəне рухани негізі. Экономикалық негізге — жерге жəне өндіріс құралына деген жалпы тайпалық меншік алынса, əлеуметтік негіз жекелеген тайпа көсемдерінің бедел-билігі мен адамдар арасындағы қауымдастық қатынастар ерекшелігімен сипатталады. Ал рухани негіз бастауына тайпалық мифологиядан басқа адамдардың туған жерге деген сүйіспеншілігі, аруақтарды ардақтау, тайпа көсемдеріне шексіз берілгендігі, қауымдастықты өзгелерден қорғау, түйінді мəселелерді əділ шешуге күш салу секілді ерекшеліктерін жатқызамыз.
Тайпалық дəстүрдегі патриоттық сана сипаты ұжымдық пікірлердің ұқсастығынан көрініс тауып жəне ол интегративті, нəтижелі қызметін атқарғандықтан, қоғамдық прогрестің өрістеуіне себеп болды. Яғни алғашқы қауым өкілдері бұл кезеңнің өзінде-ақ, тайпалары, жері үшін жанын пида етуге даяр болған. Өз тайпаларына деген мақтаныш сезімін бойларына ұялатқан тайпаластар арасында жауынгерлік рух басым болған. Олар соғысқа əзірлік алдында би-билеп, тайпа көсемдерінің алдында ерік-жігер дəлелдегі күштілігін көрсетуге тырысты.
Қоғамның дамуына, техникалық прогрестің өріс алуына, капиталистік қатынастардың орнығуына, өндірістік күштер мен өндірістік қатынас ара салмағының өзгеруіне байланысты қоғамның болмысына сай патриоттық сана да жаңа деңгейге көтеріліп, жаңа мазмұнға ие болды. Бұдан бай қоғамымыз, кез келген мемлекеттегі үстемдік етуші саясат пен идеология патриотизмнің мазмұнынан, санасынан көрініс тауып отырды. Адамзатты өркениетке жетелейтін, ізгілікке үндейтін, елжандылыққа баурайтын патриоттық сана қашанда жоғары бағаланып отырған. Сонымен қоса патриотизмді, билікті барынша нығайтудың құралы ретінде шебер пайдалана білген тоталитарлық жүйелердің мысалын тарихтан көптеп кездестіруге болады.
Ал қазақ халқының патриотизмі, қазақстандық патриотизм мəселесіне келетін болсақ, ата- бабаларымыздың аманат еткен жерін қорғау, туған жерді сүю халықтық болмыстан бойға дарыған, ой-сананы жетілдіретін құбылысқа айналып отыр. Елжандылық, отансүйгіштік қасиетті сақтай білу жəне ел, халық, мемлекет мүддесі үшін қызмет етіп, оның дамуына үлес қосу — əрбір иісі қазақтың, Қазақстан азаматтарының басты парызы.
70. «Мәңгілік Елдің өзегінде қарапайым, түсінікті және біздің әрқайсымыз үшін ең қымбат ақиқаттар – отбасымыздың амандығы, қонақжайлық және еңбексүйгіштік, тұрақтылық, қауіпсіздік және бірлік, ертеңгі күнге деген сенім ұғымдары орныққан». Сіз «Мәңгілік Ел» Патриоттық акт тұжырымдамасымен келісесіз бе? Өз жауабыңызға дәйектер мен дәлелдер келтіріңіз.
1. Ұлттық идеяның маңызы. Отандық және халықаралық тәжірибе көрсеткеніндей, өзінің тарихи даму жолының әрбір кезеңінде елді біріктіруде ұлттық идея маңызды рөл атқарады. Мысалы, ХХ ғасырдың басында «Алаш» идеясы өзекті еді.
2. Ұлттық идеяны талқылауда елдің белгілі азаматтарына да өз пікірін білдіруге мүмкіндік берілді. 2014 жылы «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясының жаңа нұсқасы ұсынылды. Елбасы оны ұлттық идея деп атай отырып, барша қазақстандықтарды «Қазақстан–2050» Стратегиясын жүзеге асыру жұмыстарына белсене атсалысуға шақырды. «Мәңгілік Ел» халық арасында түсіністік пен қолдау тапты.
3. «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идея. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаев 2014 жылы «Қазақстан жолы–2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауында жаңа біріктіруші «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясын ұсынды: «Біздер, қазақстандықтар – бір халықпыз! Біз үшін ортақ тағдыр – бұл біздің «Мәңгілік Ел», лайықты әрі ұлы Қазақстан!
«Мәңгілік Ел» – жалпықазақстандық ортақ шаңырағымыздың ұлттық идеясы. Бабаларымыздың арманы. Егеменді дамудың 22 жылында барша қазақстандықтарды біріктіретін, ел болашағының іргетасын қалаған басты құндылықтар жасалды».
Шындығында, біздің ежелгі жерімізде қазақ халқының көп ғасырлық мемлекеттігінің тарихи тәжірибесі қалыптасқаны анық. Тәуелсіздігін алған Қазақстан ұлттық мемлекеттілігін нығайту жолына шықты. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаев: «Менің арманым, ойым – Қазақстанның мәңгілік болуы. Сондықтан «Мәңгілік Ел» деген идеяны ұсындым. «Мәңгілік Ел» болу үшін бәрін жасап жатырмыз. Қазақстанның ең үлкен патриоты да, елді алға сүйрейтін де солар болады деп сенемін», – деді. Бұл идеяның бастауы тым тереңде жатыр. Орта ғасырда Моңғолияның Өтікен жерінде арғы бабаларымыз – түркілердің тарихы тасқа мәңгілікке қашалып, жазылып қалған. Тарихи «Мәңгілік Ел» ұғымы Қазақстанның тәуелсіздік рухымен үндес келеді. Тәуелсіздігімізді көздің қарашығындай сақтап, ұрпаққа қалдыруымыз керек.
Ұлттық құндылықтар арқасында біз әрдайым жеңіске жеттік. Бұл идея – қазақ елінің ғасырлар бойы армандаған мақсаты, тәуелсіздік жылдарында уақыт сынынан өткен Қазақстандық тарихи даму тәжірибесі.
4. Ұлттық идея қабылдаудың тарихи маңызы. «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясын қабылдаудың тарихи маңызы зор. Елбасы барлық азаматтарға түрлі этникалық және дін өкілдеріне бірегей ұлттық идеяны ұсынды. Ол қоғам алдында тұрған стратегиялық міндеттерді орындау әлемдегі дамыған 30 елдің қатарына кіру үшін халықты біріктірудің маңызды құралы мен қуатты тетігі ретінде қабылданды.
Мыңдаған жылдардан астам уақыт бойы Қазақ мемлекеттілігі сақ, ғұн, түркі, қыпшақ-қазақ негізінде қалыптасқанын білеміз. Әртүрлі тарихи дәуірлердегі мемлекеттік құрылымдар әркелкі аталып келді. Жергілікті тұрғындардың тілі, антропологиялық келбеті, ділі, діни сенімі, әдет-ғұрып, салт-дәстүрлері, шаруашылық-мәдени жүйесі өзіндік дәстүрлі ерекшеліктерін сақтап қалды.
Қазіргі таңда бүкіл Батыс Еуропа немесе бес Францияны қамтитындай орасан зор аумақты қорғап қалу тек рухы мықты, жауынгерлік қасиетке ие тұрғындар, берік идеологиясы бар қуатты мемлекеттің ғана қолынан келеді. «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясының негізіндегі маңызды жалпыұлттық 7 құндылық:
Біріншіден, бұл – Қазақстанның тәуелсіздігі мен Астанасы.
Екіншіден, бұл – қоғамымыздағы ұлттық бірлік, бейбітшілік пен келісім.
Үшіншіден, бұл – зайырлы қоғам және жоғары руханият.
Төртіншіден, бұл – индустрияландыру мен инновацияларға негізделген экономикалық өсім.
Бесіншіден, бұл – Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы.
Алтыншыдан, бұл – тарихтың, мәдениет пен тілдің ортақтығы.
Жетіншіден, бұл – еліміздің ұлттық қауіпсіздігі, бүкіләлемдік, өңірлік мәселелерді шешуге жаһандық тұрғыдан қатысуы.
Біз мыңдаған жылдарды артқа тастап, тағдыр соқпағынан сүрінбей өтіп, мемлекеттігіміз, тіліміз, мәдениетіміз бен жазуымызды сақтай отырып аман қалдық. Келешекте осы құндылықтарымызды ғасырлар мен мыңжылдықтар бойы жоғалтпай, «Мәңгілік Ел» идеясын болашақтың бағдаршамы ретінде ұстанатын боламыз.
Ұлттық идея қоғамның өзекті мәселелерін шешуге бағытталып, ұлтпен бірге өмір сүреді. Келешекте еліміздің ұлттық идеясы заман талабына орай өзгерістермен толықтырылуы мүмкін, ал қазіргі уақытта ол халық арасында кеңінен қолдау тауып отыр.
71. «Тәуелсіз Қазақстан экономикасының көмірсутектер экспортына едәуір тәуелділігі ХХ ғасырдың бірінші жартысында аяқталды». Сіз бұл пікірмен келісесіз бе? Өз жауабыңызға дәйектер мен дәлелдер келтіріңіз.
Қазақстан Республикасы тауарларының экспорты 2016 жылдың қорытындысы бойынша 36,8 млрд. АҚШ долларын құрады. Көмірсутек шикізаты мен металдар бағасының төмендеуіне қарай, Қазақстан тауарлары экспортының жалпы көлемінде шикізаттық тауарлардың үлесі 2011 жылғы ең жоғарғы 76 %-дан 2016 жылы 65 %-ға дейін төмендеді. Қазақстанның шикізаттық экспорты негізінен үш ірі тауар тобынан тұрады:
минералды отын, мұнай және оны айдау өнімдері; битуминоздық заттар; минералды балауыз - 88 %;
кендер, шлак және күл – 5 %;
дақылдар – 3,4%;
қалғандары – 3,6 %.
"Минералды отын, мұнай және оны айдау өнімдері; битуминозды заттар; минералды балауыздар" тауар тобы СЭҚ ТТ 6 белгісі деңгейінде 12 тауар тобынан тұрады, осы бағыт бойынша жалпы экспорт көлемі 21 млрд. АҚШ долларын құрады.
Шикізаттық экспорттың географиясы. 10 жыл ішінде қазақстандық өнім экспортындағы минералды отын, мұнай және оны айдау өнімдерінің ең көп үлес салмағы Италияға (25,6 %), Қытайға (11,4 %), Нидерландыға (10,2 %) және Францияға (9,4%) тиесілі. "Кендер, шлак және күл" тауар тобы 36 тауар тобынан тұрады және 2016 жылы осы тауар түрлері бойынша экспорт 1,2 млрд. АҚШ долл. құрады. Тұтас алғанда соңғы 10 жыл ішінде кендер, шлактар және күл екі негізгі нарыққа – Ресейге (55,3 %) және Қытайға (40,6 %) экспортталды.
"Дақылдар" тауар тобының экспорты 2016 жылы 0,8 млрд. АҚШ долл. құрады. Астық дақылдары Қазақстанға әлемдік астық экспорттаушыларының ондығындағы орынды қамтамасыз ете отырып, осы бағыттағы экспорттың шамамен 50%-ын құрайды. Қазақстандық астық экспортының географиясы 70 елге таралады.
10 жылда Қазақстанның астық дақылдарының негізгі импорттаушылары Иран (13,4%), Әзербайжан (12,0%), Тәжікстан (10,9 %) және Өзбекстан (9,6 %) болды.
Жалпы алғанда, Қазақстан шикізаттық экспорт бойынша өзінің бәсекелес артықшылықтарын толығымен іске асырады, бұл ретте дәстүрлі экспорт себеті бойынша нарықтың қолайлы конъюнктурасы елдің жоғары экономикалық өсу қарқынын қамтамасыз етуге, әлеуметтік-экономикалық әлеуетті ұлғайтуға, экономиканың бірқатар өзекті проблемаларын шешуге мүмкіндік берді.