Файл: 1.Индустрияландыру, жаырту тарихи терминдеріне анытама берііз. Индустрияландыру.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 29.10.2023

Просмотров: 1993

Скачиваний: 14

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Әлкей Марғұланның көзқарастары ғылыми дәйексіз деп жарияланды, Дулат Бабатайұлының және басқалардың еңбектеріне тыйым салынды. 1940 жылдың аяғы, 1950 жылдардың басында космополитизм, буржуазиялық ұлтшылдық кінәсі тағылған көптеген ғалымдар зардап шекті, соның ішінде өлім жазасына бұйырылған, кейін 25 жыл айдауға кеткен ірі тарихшы Ермұхан Бекмаханов та бар. 1950 жылдары олардың көбін ақтады.

Алайда, бұл уақытта мәдениет пен өнер қайраткерлеріне тек «социалистік релизм» шеңберінде ғана жазу талабы қойылды.

Білім мен ғылым, әдебиет пен өнер саласындағы ілгерілеудің көшбасында Қ. Сәтбаев, М. Әуезов, Ә. Марғұлан, Е. Бекмаханов, М. Айтхожин, Ш. Есенов, Д. Сокольский, Ә. Бектұров, У. Ахметсафин тәрізді тұлғалар тұрды. 1946 жылы шаңырақ көтерген Қазақстан ғылым академиясы шығармашылық-теориялық ізденістердің ордасына айналды. Соғыстан кейінгі кезеңде Қазақ КССР ҒА-ның жүйесінде жұмыс істейтін немесе оның толық мүшесі, мүше-корреспонденті болып сайланған 7 ғалым Социалистік Еңбек Ері атағын иеленді, 18 ғалымға Лениндік сыйлықтың, 43 ғалымға КСРО Мемлекеттік сыйлығының иегері атағы берілді.

«Жамбыл», «Ботагөз», «Мәншүк туралы ән», «Қыз Жібек», «Атаманның ақыры», «Транссібір экспресі», т.б. фильмдер қазақ кино өнері мен қайраткерлерінің үздік жетістігі қатарына кірді. 70-80 жылдары 20-дан астам өнер саңлақтары «КСРО-ның халық әртісі», «КСРО-ның халық суретшісі», «Социалистік Еңбек Ері» атақ-дәрежелерімен марапатталды.

Кеңестік кезеңде білім, ғылым, мәдениет саласы қарама-қайшылыққа толы болды. Бұл қарама-қайшылық сипаты жетістіктерге де дамуға да қатысты болды. Соғыстан кейінгі жылдары мамандар тапшылығы мәселесі қиынға түсті. 1947 жылы қараша айында өндіріс пен ауыл шаруашылығын жоғары сапалы білікті мамандармен қамтамасыз ету үшін оқу орындарын салуға қаражат бөлуді қарастырған «Қазақ КСР жоғары және орта білімді ары қарай дамытудың шаралары» атты қаулы қабылданды. Мектептегі білім беру ісіне қатты көңіл бөлінді, барлық жерде сегізжылдық, ал ірі қалаларда онжылдық білімге көшу жүргізілді.

1950-1980 жылдары Қазақстан ғылымының, әсіресе жаратылыстану саласы бойынша едәуір ілгері басуы байқалды. Ол жаңа пайдалы қазбалардың игерілуі мен ашылған жаңалықтарға байланысты болды. Ғылымның едәуір жоғарылауына өндірістің жылдам дамуы мен мақсатты қаржыландыру ықпал етті. Қазақстандық ғалымдардың арасында ғылымға қосқан үлесі үшін Лениндік сыйлыққа ұсынылғандары болды. Алайда, тәуелсіз ойлауға шек қойған советтік идеология ғылымның дамуына кері әсерін тигізбей қоймады. Әсіресе, қоғамдық ғылымдар идеологиялық қысымды қатты сезінді.


1970-1980 жылдары партиялық бақылау күшейді. Аса қатты шектеулерге қарамастан Қазақстан ғалымдары мен жазушылары шынай өмірден маңызды шығармалар жазды. Осы уақытқа Бибігүл Төлегенова, Ермек Серкебаев, Болат Аюханов, Шәкен Айманов, Мұқан Төлебаев, Құдыс Қожамияров, Шәмші Қалдаяқов, Нұрғиса Тілендиев, Евгений Сидоркин, Нұрмұхан Жантөрин, Асанәлі Әшімов және басқа да көптеген өнер қайраткерлерінің шығармашылығының жоғары деңгейге шарықтаған кезеңі болып табылады. Сөйтіп, партиялық өктемдікке, шектеуге қарамай, мәдениет пен білімде, ғылымда жағымды істер атқарылды.

59. Жастарға арналған «Болашақ» халықаралық бағдарламасының мүмкіндіктерін сипаттаңыз.

«Болашақ» 1993 жылы қараша айында енгізілген президенттік бағдарлама болып саналады. «Болашақ» бағдарламасы - бұл шетелдің жоғары оқу орындарында білім алу үшін Қазақстан азаматтарына тағайындалған стипендия.

«Болашақ» бағдарламасы жүзеге асқан жылы 100 аспирант өз білімдерін шетелдегі жоғары оқу орындарында толықтыруға мүмкіндік алған. Қазір тек аспирантура (докторантура) ғана емес, магистратураны да көздеген оқу орныңыздан аяқтауға мүмкіндік бар. Бастапқы болашақерлердің көпшілігі гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдардың түлектері болған. 2005 ж жылы кеңейтілген стипендиялық бағдарламаны басқару үшін Халықаралық бағдарламалар орталығы (CIP) құрылды. «Болашақ» бағдарламасына 2008 жылы өзгерістер енгізілді, оған сәйкес ауылдық жерлерден келген студенттерге және мемлекеттік қызметкерлер мен академиктерге арнайы квоталар берілді.

2011 жылы «Болашақ» стипендиясының бакалавр дәрежесі тоқтатылды. Бірақ стипендияны тағайындауға арнайы бағдарламалық тәсіл енгізілді. Бұл тәсіл ұлттық және салалық даму бағдарламаларына сәйкес қалыптасатын кадрларды даярлауға арналған жұмыс берушілердің өтінімдерін талап етеді. Сондықтан мамандарды даярлау белгілі бір аймақтардағы кадрларды іріктеу қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін жүзеге асырылды. Оқуды бітіргеннен кейін мамандар «Болашақ» бағдарламасы енгізілген ұйымда кемінде 3-5 жыл жұмыс істеуі қажет етіледі.

«Болашақ» стипендиясы нарықтың сұранысына сәйкес экономиканың барлық салалары үшін мамандар ұсынады. Соның ішінде: бизнес, халықаралық қатынастар, құқық, ғылым, машина жасау және басқа да маңызды салалардағы білікті қыметкерлерді даярлауға арналған.

Біріншіден, бұл мемлекеттегі білімді де, білікті жас азаматтардың әлеуметтік-экономикалық мүмкіндіктерін дамыту болып есептеледі. Көптеген стипендиаттар үшін «Болашақ» бағдарламасы әлемнің үздік университеттерінде білім алудың жалғыз мүмкіндігін ұсынады.



Тағы бір айта кетерлігі - «Болашақ» стипендиясы Қазақстандағы білім беру процесінің ішкі көрінісін қамтамасыз етеді. Стипендия үлкен халықаралық деңгейдегі әлемнің назарындағы бағдарлама. 2014 жылы Майамиде өткен Going Global халықаралық конференциясында еліміздегі «Болашақ» бағдарламасын «Әлемдегі ең жақсы стипендиялық бағдарлама» ретінде таныған болатын.

Бүгінгі таңда мемлекеттік қызметкерлер, академиялық және медициналық қызметкерлер, инженерлер және техникалық қызметкерлермен қатар, өнер және БАҚ саласының мамандары да стипендия алуға мүмкіндігі бар. Әлемдік ғылыми қауымдастыққа кіру және отандық ғалымдардың ғылыми әлеуетін нығайту мақсатында барлық стипендиаттарға диссертациялық жұмыстарды қорғауға дейін 12 ай бойы шет тілін үйренуге жағдай жасалды.

«Болашақ» стипендиясы құрылғаннан бергі жылдар ішінде жүзеге асырылған көптеген жұмыстар елдегі мамандар тапшы болған салалардың жақсы бағытқа қарай өзгерткенін аңғаруға болады. «Болашақ» бағдарламасына үміткерлер үшін берілетін бағыттардың тізімі жыл сайын Қазақстандағы мемлекеттік органдардың, университеттердің және ғылыми ұйымдардың сұранысы негізінде жасалады.

Статистикаға сәйкес, «Болашақ» стипендиясына үміткерлер арасында ең танымал мамандықтар - мемлекеттік саясат, саясаттану, мемлекеттік басқару, педагогика және психология, есеп және аудит. Сонымен қатар, талапкерлер қаржы, экономика және мұнай-газ мамандықтарына белсенді түрде таңдап келеді. Ал мұнай-газ мамандықтарының тізіміне: мұнайхимиясы және мұнайхимиялық синтез, мұнай мен газды дамыту, информатика, ақпараттық технологиялар мен жүйелер, ақпараттық қауіпсіздік, есептеу техникасы мен бағдарламалық қамтамасыз ету кіреді. Медицина қызметкерлерінің арасында денсаулық сақтау мамандығын таңдайтын жетерлік.

Қазақстан үкіметі «Болашақ» халықаралық стипендиялық бағдарламасы арқылы шетелде білім алып жүрген студенттерге толық шәкіртақы береді. Стипендиялар университеттің оқу ақысын, тұру шығындарын және кейбір жағдайларда дайындық тілдері сабақтарын қамтиды.

«Болашақ» түлектері белсенді азаматтық ұстанымдары бар дарынды, прогрессивті жастардың керемет үлгісі. Бағдарлама аяқталғаннан кейін түлектер Қазақстанға білімдері мен тәжірибелерінің толық жиынтығымен оралады, бірақ ең бастысы олар ел мүддесі үшін жұмыс істеуге, азаматтарымыздың өмірін жақсартуға және олардың дамуына өз үлестерін қосуға дайын екендіктерін дәлелдейді.

 60.Тәуелсіздік жылдары білім беру және мәдениет саласында жүргізілген реформалар туралы айтып беріңіз
.

Білім мен ғылым кез келген мемлекеттің даму, өркендеу көрсеткіші.

Білім беруді басқару мен қаржыландырудың құ­қықтық-заңнамалық негізі, әлемдік білім кеңістігіне интеграцияланған қазақ­стандық білім беру жүйесі қалыптасты. Саланың 30 жылдық тарихына көз жіберер болсақ, оны бірнеше кезеңге бөліп қарастыруға болады. Егер 1991-1994 ж.ж. – білім беру саласының заң­намалық және нормативтік-құқықтық базасын қалыптастыру кезеңі десек, 1995-1998 ж.ж. – білім беру жүйесін және оның мазмұнын жаңартуға күш салынды. Ал 1999 – 2004 ж.ж. – білім беруді басқару мен қаржыландыру, білім беру ұйымдарына академиялық еркіндік беру мәселелеріне көңіл бөлінді, 2005-2010 ж.ж. – білім беру жүйесі нарықтық экономикаға бейімделді. 2011 жылдан қазіргі уақытқа дейін – жаңа кезең, инновациялық дамуға бейімделген, еңбек нарығында бәсекеге қабілетті мамандарды дайындаудың ұлттық моделі қалыптасты.

Білім беру саласында жүргізілген нәтижелі реформаларға сәйкес, бірқатар өзгерістерге қол жеткіздік. Білім беру мекемелерінің құзіреті кеңейді; жалпы орта білім мен мемлекеттік оқу орындарында кәсіби білімді тегін оқытуға мемлекет кепілдігі берілді; үш тілде оқыту жүйесі енгізілді; шет ел азаматтарына Қазақстан Республикасында білім алуға рұқсат берілді; кредиттік жүйе мен білім беру гранты бөлінді; жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу институттарына кәсіби білім алу мен академиялық еркіндік беру арқылы бәсекеге қабілетті мамандар даярлауға мүмкіндік берілді.

Қазақстандық білім беру жүйесінің құрылымы ЮНЕСКО ұсынған Халық­аралық стандарттық білім беру бағ­дарламасының классификация өлшем­деріне сәйкес келтірілген. Қазақстан Республикасы Білім туралы заңының 8-ші бабына сәйкес, білім алу жүйесі жеті сатыдан тұрады:

мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім. Жоғары білім саласын халықаралық дәрежеге көтеру Қазақ­станның  халықаралық аренада бәсе­кеге қабілетті мемлекет болуына тікелей ықпал етеді. Оны жүзеге асыру үшін 2012 жылдан бастап Қазақстанда көптілді білім беру жүйесі енгізілуде. 2012-2013 оқу жылында Қазақстанның 35 мектебінде көптілді оқыту жүйесін енгізді, сонымен қатар, 1 сыныптан бастап ағылшын тілін үйрету жобасы қолға алынды.Республика орта мектептерінде үш тілде сабақ берудің жаңа стандарттары сынақтан өткізілді.Қазақстанның Болон процесіне жедел кіруі нәтижесінде еліміз үш деңгейлі модельге енді: бакалавриат-магистратура- PhD докторантура.


Жалпы, Қазақстанның білім беру жүйесін жаңғырту арқылы, елімізде халық­­аралық озық тәжірибеге негіз­дел­ген білім беру бағдарламаларын ен­­гізуге мүмкіндік алдық. Қазіргі уақыт­та білім беру жүйесі әлем бойынша жаһандану үрдісіне көшуде. Сондық­тан білім беру жүйесі әлеуметтік саясат­тың басты бағыттарының біріне айналу­да, қазіргі уақытта мемлекеттің эко­но­микалық жетістіктері білім беру жүйесімен, азаматтардың білімділігімен, ма­ман­дардың бәсекеге қабілеттілігімен анықталады.

Министрліктің ұсынысына сәйкес 1992 жылы Қазақстан Республикасының Президенті «Ғылымды жетілдіру және республиканың ғылыми-техникалық потенциалын дамыту туралы» Жарлыққа қол қойды.

Жергілікті жерлердегі бөлімшелері мен материалдық-техникалық базаларының жоқтығына қарамастан, аталған министрлік Солтүстік Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан және Батыс Қазақстан облыстарында үш аймақтық бөлім құрды. 1992—1993 жылдары аса маңызды мәселелерге байланысты 7 ұлттық ғылыми орталықтар дүниеге келді. Олар:

  1. электроника мен байланыс жүйесі бойынша,

  2.     ақпаратты және есепті техника бойынша,

  3.     биотехнология,

  4.     экология,

  5.     жаратылыс ғылымдары бойынша,

  6.  минералдық шикізаттарды кешенді өңдеу,

  7.  жаңа ғарыштық технологиялар бойынша ұлттық ғылыми орталықтары.

Ғылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасында ғылым саласын одан әрі жаңартудың 2007—2012 жылдарға арналған стратегиясы белгіленді.

Қазақстанның дамудың жаңа жолына түсуі өз кезегінде білім алу жүйесіне ғана емес, мәдениет саласына да үлкен өзгерістер әкелді.

Қазақстан Республикасы «Мәдениет туралы» (1996) Заңының 3-бабында мәдениет саласындағы мемлекеттік саясат қағидалары былайша көрініс тапқан:
•    азаматтардың шығармашылық қызметінің еркіндігі;

•    мәдени байлықты жасауда, оны пайдалану мен таратуда барлық азаматтардың ұқығы бірдей;

•    тарихи-мәдени мұраны қорғау;

•    ұлттық және әлемдік мәдениет құндылықтарын қатар игеру аясында тәрбие мен

білім беру жүйесін дамыту;

•    мәдениет саласында монополиялық пиғыл-әрекетті болдырмау;

•    мәдениетті қаржыландыруда бюджеттік, коммерциялық және қайырымдылық

бастамаларды қолдап-қуаттау;

•    мәдени қызметті ұйымдастыруда мемлекеттік және қоғамдық бастамаларды бірдей пайдалану.