Файл: 1.Индустрияландыру, жаырту тарихи терминдеріне анытама берііз. Индустрияландыру.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 29.10.2023

Просмотров: 1989

Скачиваний: 14

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


49. Ұлы Жібек жолының Қазақстан аумағындағы қалалық мәдениетті дамытудағы рөлін сипаттаңыз.

Жібек жолының түрік бөлігінің жандануы мұнда қалалық мәдениетті дамытуда маңызды рөл атқарды. Жетісуда және Қазақстанның оңтүстігінде ол бірқатар жаңа қалалық орталықтардың пайда болуын ынталандырды, қалалардың тез өсуіне ықпал етті. Жібек жолы арқылы тасымалданатын Жібек пен басқа да тауарлардың бір бөлігі осы қалаларда орналасқан. Жібек жолының түркі аймағында тарихи ескерткіштерді қазу кезінде мұнда қайнап жатқан сауданың көптеген материалдық дәлелдері табылды. Сырдарияның ортағасырлық қалаларын зерттеу кезінде табылған заттар халықаралық сауданың маңызды көзі болып табылды. Осындай қазбалардың қатарына Отырардан табылған күміс көмбе жатады. Онда Шығыс Түркістан қалаларының, Кіші Азия, Еуропа қалаларының тиын сарайлары және Еділден жасалған бұйымдар жатады. Қазба жұмыстары барысында зергерлік бұйымдар, тұрмыстық заттар, ақша табылды. Олардың барлығы дәл осы қалалық мәдениеттің қарқын дамуын дәлелдейді.

50. XVIII - XX ғғ. басындағы Қазақстанның ғылыми зерттеу процесін сипаттаңыз.

Көптеген ресейлік зерттеушілер өздерінің іргелі еңбектерін XVII-XVIII ғасырда қазақ фольклоры, генеологиясы мен этнографиясы, сондай-ақ жекелеген мұрағат материалдары негізінде жасады.

Қазақстанның тарихын, географиясын, этнографиясы мен мәдениетін зерттеуде ресейлік ғалымдар мен офицерлердің еңбегі зор. Көптеген ғылыми еңбектерді XIX - XX ғасырдың басынан бастап саяси себептер бойынша Қазақстан аумағына жер аударылған Ресей зиялыларының өкілдері де қалдырды.

XVIII ғасырда Ресей жасаған Қазақстан кешенінің зерттеудің алғашқы әрекеттері М. В. Ломоносовтың есімімен байланысты болды. Ол өлкеге ғылыми экспедициялар ұйымдастырудың және оның географиялық карталарын жасаудың бастамашысы болды. Зерттеуші И.Г.Георги Қазақстан аумағы бойынша дербес экспедиция ұйымдастырды. Оның еңбектерінде өмір, мәдениет, салт-дәстүрлер, сондай-ақ жергілікті халықтың экономикалық өмірінің ерекшеліктері туралы өте құнды мәліметтер бар. Орыс офицері А.Д.Скалон жергілікті халықты орыс сауаттылығына және өлкенің байырғы тұрғындарының орыс тілін үйренуіне қатыстыруға себеп болған орыс-қазақ сөздігін құрастырды. Қазақстан туралы құнды еңбектерді басқа ресейлік зерттеушілер қалдырды: Г. Ф. Миллер, В. Н. Татищев және т. б.


XIX – XX ғасырдың басында Қазақстан туралы өз жұмыстарын ағылшын, неміс және француз зерттеушілері мен саяхатшылары қалдырды.

51. Қазақ хандығының саяси институттарын сипаттаңыз

Қазақ қоғамының саяси билік институттары ханның, билердің, құрылтайдың, ұлыстардың көмегімен басқарылды.

Қазақ хандығында мемлекет екі жүйе түрінде көрініс тапты.

Біріншісі: жоғарғы билік институты (хан, сұлтандар) ретіндегі белгілі саяси жүйе. Хан немесе сұлтан етіп Шыңғыс ханның тікелей ұрпағын ғана жариялауға болатын. Хан сайлауда көбінесе рудың жасы үлкен ер адамы басым құқыққа ие болды. Сұлтандар жыл сайын құрылтайға қатысты және өздеріне бөліп берілген ұлыстарды басқарды.

Екіншісі: биліктің ру - тайпалық ұйымы, онда әрбір ру мен тайпаны би басқарады. Билер - биліктің маңызды бөлігі және жоғары билік пен халықтың арасындағы байланыстырушы болды. «Хан-би-халық» билік үштігі, олардың әрқайсысы Қазақ мемлекетінің нығаюы үшін маңызды рөл атқарды.

52. Қазақстан тәуелсіздігінің алғашқы жылдарында нарықтық экономикаға көшудің негізгі міндеттерін түсіндіріңіз.

1993–1994 жылдары өнеркәсіптік өндіріс көлемі екі есе, ауылшаруашылықта – үш есе, транспорттық жүк тасымалдау үштен екіге қысқарды. Халықтың кірісі күрт төмендеді. Инфляция деңгейі шарықтады. Сондықтан, Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында жоспарлы экономикадан нарықтық жүйеге көшу қажет болды.

Негізгі міндеттері:

  • Салық ісіндегі реформалар

  • Баға түзу ісіндегі реформалар

  • Еңбекке ақы төлеу жүйесін реформалау

  • Жаңа банкілік саясат

  • Шағын бизнесті дамыту

  • Монополиялар үстемдігін жою

Қазақстан экономикасының дамуын шартты түрде үш кезеңге бөлуге болады. Бірінші кезең: 1991-1994 жылдар. Қазақстанда жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға өту. 1992 жылы қаңтарда баға босатылды. Мемлекетке қарасты өндірістік объектілерді жекешелендіру басталды. Екінші кезеңде 1995-1999 жж. Қазақстанның экономикалық даму стратегиялық жоспары және жаңа Конституция қабылданды. Ұлттық экономика тұрақталды. Шетелдік инвестициялар тартылды. 1997 жылы «Қазақстан-2030» бағдарламасы қабылданды. Үшінші кезеңде: 2000 жылдан бастап қазіргі күнге дейін-Қазақстан экономикалық өрлеу жолына түсті. 2003 жылдан индустриялық-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасы жүзеге асырылып келеді.


53. Қазақстанның білім және ғылым саласында 1917 жылдан бастап енгізілген негізгі өзгерістерді түсіндіріңіз.

Халық ағарту ісінің барлық жүйесін қайта құру революцияның алғашқы күндерінен басталады. 1917 жылы 9 қарашадағы декрет бойынша, Ағарту ісінің мемлекеттік комиссиясы ұйымдасты, ол негізінен халыққа білім берудің жаңа жүйесін құрудың негіздерін талдаумен айналысты. Халық ағарту комиссары А.В.Луначарский (1875-1933) жұртшылыққа мұғалімлерге және оқушыларға үндеу тастады. Бұл үндеуде ол халық ағарту саласындағы Кеңес үкіметінің негізгі қағидалары мен міндеттерін сипаттан берді: жалпыға бірдей міндетті бастауыш оқыту, мектептердің барлық сатыларында жалпы білім алуға болатындығы, мектептің діні болуы, білім беруді демократияландыру, жергілікті және ұлттық ерекшеліктерді ескеру. 1918 жылы 30 мамырда барлық оқу орындары мен жалпы білім беретін мекемелерді Халық ағарту комиссариатының қарамағына беру декретке қол қойылды. Декрет барлық мемлекеттік және қоғамдық, сонымен қатар жекеменшік оқу орындарында діни қағидаларды оқытуға тиым салынды. Кеңес үкіметінің жоғарыда көрсетілген декреттері мен шаралары контрреволюциялық элементтер – буржуазиялар, помещиктер және буржуазия зиялылары тарапынан ерекше қарсылықты кездестірді.

54.«Ұлы дала» ежелгі мәдениет ошақтарын және олардың бір-бірімен өзара байланысын сипаттаңыз.

«Ұлы Дала» деп Дунайдан Алтайға, одан Маньчжурияға (Қытайдың солтүстік-шыгысындағы облыс) дейінгі жерді алып жатқан Еуразияның орталығындағы кең аумақты атаймыз. Археологиялық зерттеулер нәтижесі Орталық Азияда өзіндік өркениеттің бар екендігін көрсетті. Бұл өркениеттің негізгі тоғыз ошағын бөліп қарастыруға болады: Маргуш (маргиандық), Бактрия, Хорезм, Соғды, Ферғана, Шаш, Сырдария жазирасы, Жетісу және Шығыс Түркістан. Олардың мәдениеті, ұстанған діні де әртүрлі (тәңіршілдік, буддизм, ислам) болды. Алайда, оларды біріктірген Ұлы Дала мен көшпелі малшаруашылығы еді.

Ежелгі уақытта Орталық Азияның оңтүстік бөлігінде ортаазиялық отырықшы- егіншілік өркениет қалыптасты. Бұл өркениеттің мыңдаған жылдар бойы өз мәдени маңызы сақталды. Сабақтастығы мен тұрақты дамуын қамтамасыз еткен бірнеше ошағы болды. Жазиралар мен тау баурайларындағы отырықшы-егіншілік өркениет көшпелілер өркениетімен өзара тығыз байланыста болды. Осындай өзара байланытсың нәтижесінде бұрын иран тілінде сөйлеген халықтар түркіленді.


55.Қазақстан тәуелсіздігінің алғашқы жылдарындағы көші-қон саясатының ерекшеліктерін түсіндіріңіз.

Тәуелсіз Қазақстандағы көші-қон саясатының ерекшеліктері. Көші-қон мемлекет халқының санына, ұлттық құрамы мен қоныстануына, табиғи қозғалыстың үдерістеріне әсер ететін маңызды факторлардың бірі болып табылады. Сонымен қатар көші-қон еліміздегі ауыл мен қала тұрғындарының өзара үлес салмақ өзгерістерінде, әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешуде және ұлттық қауіпсіздік жағынан маңызды рөл атқарады.

Көші қон саясатының негізгі ерекшеліктері:

  • Экономиканың жекелеген салаларына мерзімдік жұмыс күші ретінде шетелдіктерді уақытша тарту

  • Өндіріске инновация мен жаңа технологияны енгізу мақсатымен біліктілігі жоғары қызметкерлерді тұрақты қызметке тарту

  • Өндіріс қуаты мен қызметкерлердің мамандылық деңгейін көтерудің ұлттық бағдарламасын жүзеге асыру үшін шетелдермен мамандар алмасу

«Нұрлы көш» (2008ж) бағдарламасының негізгі мақсаты – шетелдердегі қандастарымызды және еліміздің оңтүстік өңірінен солтүстік өңіріне қазақтарды ұтымды қоныстандыру.

Бала туу деңгейі төмен және жұмыс күшінің тапшылығы бар өңірлердегі кадр мәселесін шешуде «Серпін»(2014ж) атты бағдарлама да сәтті жүзеге асырылып, үлкен маңызға ие болды.

56. “Ұлы Жібек жолының Қазақстандағы қалалардың пайда болуы мен дамуындағы рөлін талдаңыз”

Ұлы Жібек жолы – елдер мен алықтардың қатынасын нығайтқан, түрлі мәдениеттерді бір-бірімен жақындатқан, Қазақстан жеріндегі қала мәдениетіне ықпалын тигізген байланыс жолы болды. Б.з.б. ІІ ғасырда Қытай жерінен басталып, Жерорта теңізіне қарай шыққан. Ұлы Жібек жолының негізгі торабы Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу жерін басып өткен.

Тараз – түргештер, кейін қарлұқтар мен қарахандықтар үшін маңызды әкімшілік орталығы саналған. Бұл – Тараздың сауда және әскери стратегиялық маңызды қала екенінің айқын дәлелі.

Жетісудың аса ірі сауда және әкімшілік орталығы Суяб – Батыс Түрік, кейін Түргеш, Қарлұқ қағанаттарының астанасы болды.

Ұлы Жібек жолы бойындағы ірі қалалар қатарында Испиджаб (Сайрам) аталады. Орта ғасырларда Испиджаб сауда және дін орталығына айналды. Қалада теңге сарайы, базарлар, мата сататын орындар (тимдер) және керуен-сарайлар көп салынған. Қаладағы керуен-сарайлар жолаушы көпестер үшін маңызды рөл атқарды.


Ұлы Жібек жолы бойындағы атақты қалалардың бірі – Отырар (Фараб). Орта ғасырларда Отырар Сыр өңірінің ірі сауда және мәдениет орталығына айналды. Қалада монша, мешіттер мен медреселер көп тұрғызылған. Отырарда Шығыстың екінші ұстазы Әбу Насыр әл-Фараби дүниеге келді.

Ұлы Жібек жолы тармағында көне Түркістан (Йасы) қаласы орналасқан. XIV ғасырдың соңы – XV ғасырдың басында қала Оңтүстік Қазақстан өңірінде маңызды әкімшілік, сауда, саяси және мәдени орталық ретінде санала бастайды. Ол әйгілі ғұлама Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің тұрғызылуымен байланысты еді. Қазақ хандары Түркістан қаласын саяси астана ретінде бекітті.

Ұлы Жібек жолы тармақтарының Қазақстан жерін басып өтуі ірі және шағын қалалардың құрылуы мен дамуына игі әсер етті.

57. Картаны пайдалана отырып, Қазақстан аумағындағы Ұлы Жібек жолының негізгі бағыттарын анықтаңыз

Жібек Жолы» (Ұлы «Жібек Жолы») — Қытайдың Ши-ан деген жерінен басталып, Шыңжаң, Орталық Азия арқылы Таяу Шығысқа баратын керуендік жол бағыты. Ұлы Жібек жолының негізгі торабы Оң Қазақстан мен Жетісу жерін басып өткен.Жетісу өңірі ҰЖЖ шығысқа шығатын, ал Оңтүстік Қазақстан аймағы Батысқа шығатын қақпаларының бірі.Негізі бағыты Оң Қазақстан-Талас Су алабы— Ыстықкөл, Шығыс Түркістан. Келесі тармағы Византиядан Дербен арқылы Каспий маңы даласы- Маңғыстау-Арал бойы-Оңтүстік Казақстан. Келесі бағыты:Орталық Қазақстан-Шығыс Қазақстан-Батыс Сібірге дейін жетті.

ҰЖЖ негізгі бағыты Арал теңізі-Сырдария, Шу алабы-Жетісудан Жоңғар қақпасына дейін жеткен

58. 1950-1980 жылдардағы Қазақстанның табысты дамыған ғылым салаларын сипаттаңыз.

Қазақстан ғалымдары 1950-1980 жылдары геология, химия, география, медицина, ауылшаруашылық және т.б.салаларда едәуір табыстарға жетті. Мысалы, Қ.И.Сәтбаевтың

басшылығымен еліміздегі геологтар 1960жылы Орталық Қазақстанның болжамды-металлогендік картасын құрастырды.

Сонымен қатар, бұл кезеңдегі білікті ғалымдардың (Ә.Марғұлан, Е.Бекмаханов, А.Нүсіпбеков, Б.Сүлейменов, Г.Дахшлейгер…) еңбектері мен сан алуан институттардың ашылуына байланысты тарих, құқық, әдебиет, тіл білімі және өнер саласы кеңінен дамыды.

1940 жылдың аяғы мен 1950 жылдардың басында КСРО еркін ойлауды шектеу, жаппай бақылау, қатал цензура, идеологияның кері әсері мәдениеттің дамуына ықпал етпей қоймады. Осы кезде ұлтшылдық кінәсін арқалағандар қатарында Есмағамбет Ысмайылов, Мұхтар Әуезов, Қайым Мұхаметханов, Қажым Жұмалиев, Сәбит Мұқанов және басқалары болды.