Файл: A эритроциттерді тну жылдамдыы.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 30.10.2023

Просмотров: 1654

Скачиваний: 8

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

  1. 40 жастағы ер адам әлсіздікке, тершеңдікке, жүдеуге, сол жақ қабырға асты аймағындағы тұйық ауырсынуға шағымданады. Объективті: тері қабаттары бозғылт, ылғалды. Лимфа түйіндері ұлғаймаған. Бауыр қабырға доғасынан 3 см шығыңқы, көкбауыр кіндік деңгейінде, тығыз, ауырсынусыз. Қанда: эритроциттер - 3,0 млн, лейкоциттер - 96 мың, миелобласттар - 2%, промиелоциттер - 4%, метамиелоциттер - 8%, т/я - 12%, сегмент - 52%, эозиноф - 5%, базофил - 5%, лимфоцит - 12%, тромбоцит - 200 мың. ЭТЖ - 56 мм/сағ. Қандай көрсеткіш емнің әсер нәтижелігін бағалауға мүмкіндік береді?
A) эритроциттердің тұну жылдамдығыB) лейкоциттерC) эритроциттерD) тромбоциттерE) ретикулоциттерANSWER: B

  1. Созылмалы миелолейкозға тән қан көрсеткішін көрсетіңіз:
A) безгек (лихорадка)B) қанталауC) лимфа түйіндерінің ұлғаюыD) бауырдың ұлғаюыE) көкбауырдың ұлғаюыANSWER: E

  1. Созылмалы бүйрек жетіспеушілігің негізгі патогенетикалық факторы болып табылады:
A) полицитемияB) бүйректегі эритропоэтин секрециясының төмендеуіC) В12 витаминінің жеткіліксіздігіD) фолий қышқылының жеткіліксіздігіE) мочевинаның жоғарылауыANSWER: B

  1. Нефротикалық синдромның асқынуына жатады:
A) нефроптозB) амилоидозC) нефролитиазD) бүйрек туберкулезіE) нефротикалық кризANSWER: E

  1. 30 жастағы әйел соңғы жарты жылда жалпы әлсіздікке, жүрек қағып кетуіне, меноррагииге шағымданады. Объективті: тері және көзге көрінетін кілегей қабаттары бозғылт, тырнақтарында көлденең жолақтар, койлонихия. Қанда: эритроцит - 2,8 млн., Нв - 72 г/л, ТК - 0,77, лейкоцит - 4,2 мың, тромбоцит - 192 тыс. ЭТЖ - 16 мм/с, анизоцитоз, пойкилоцитоз. Миелограммада: сидеробласттар - 12%. Диагнозды нақтылау үшін маңызды мәлімет беретін критерийді көрсетіңіз?
A) ретикулоциттерB) жалпы билирубинC) сарысудағы (плазма) темірD) нейтрофилдердің сілтілі фосфатазасыE) эритроциттердің осмостық резистенттілігіANSWER: C

  1. Промиелоцитарлы лейкоз кезінде геморрагиялық синдром қалай көрініс береді?
A) тромбоцитопенияменB) тромбоцитопатияменC) коагулопатияменD) диссеминирленген тамыр ішілік ұю синдромыменE) протромбиннің біріккен (комплексный) факторының жеткіліксіздігіменANSWER: D

  1. Жедел бүйрек жеткіліксіздігінің бастапқы сатысында қандай дәрі тиімді болып табылады?

A) плазмаB) диуретиктерC) антибиотиктерD) тұзды ерітінділер (солевые растворы)E) плазма алмастыратын препараттар (плазмозамещяющие препараты)ANSWER: B

  1. Гемодиализ тағайындауға мүмкін болатын көрсеткіш:
A) уремияB) ацидозC) гипернатриемияD) гиперкальциемияE) сарысу (плазма) гиперосмолярлығыANSWER: A

  1. Созылмалы бүйрек жеткіліксіздігінің терминальды сатысын емдеуде тиімді болып табылады:
A) гемодиализB) плазмаферезC) гемосорбцияD) лимфосорбцияE) қанды лазермен күйдіру (облучение)ANSWER: A

  1. Науқас 19 жаста, дене температурасының 38,5 – ке дейін жоғарылауына, қалтырау, физикалық күштемеден кейін бел аймағының ауырсынуы мен зәрдің ауырсынумен бөлінуіне шағымданады. Объективті: бел бұлшық етінің тартылуы (уплотнение) байқалады. Қағу симптомы екі жақта да оң мәнді. Қанда:ТЖЭ – 45 мм/с. Зәрде: лейк – 15-17 к/а, эрит – 1-2 к/а, белок – 1 г/л, бактериялар +++. Қайсы топ дәрілерін тағайындаған тиімді?
A) цитостатиктерB) антибиотиктерC) антиагреганттарD) глюкокортикостероидтарE) стероидты емес қабынуға қарсы заттардыANSWER: B

  1. 30 жастағы Д. атты науқас ер адам ашқарынға эпигастрии аймағындағы ауырсынуға, қыжылға, лоқсу мен қышқылды кекіруге шағымданып келді. Об-ті: эпигастрии және 12 елі ішек проекциясында ауырсыну байқалады. ЭФГДС: асқазанның антральды бөлігінде кілегеі қабатының гиперплазиясы,антральды аймақтың спазмы. Патологиялық процесстің этиологиясын нақтылау үшін тағы қандай тексеру жүргіземіз?:
A) асқазан рН-метриясыB) қанның жалпы талдауыC) уреаза мен сынамаD) асқазанрентгеноскопиясыE) дуоденальдызондтауANSWER: C

  1. 32 жастағы М. атты науқас әйел дәрігерге ашық қоңыр түсті, көбікті, кілегейлі, жаман иісті сұйық нәжіске, метеоризм мен салмақ тастауға шағымданып келді. Тоқ ішектің кілегей қабатының биопсиясында бокал тәрізді жасушалар мен эпителий аралық лимфоциттердің ұлғаюы, қабаттардың атрофиясы, беткей және терең эпителий лимфациттерінің инфилтрациясы. Анамнезінде: ұн және бұршақ тұқымдастығынан жасалған тағамдардың жақпауы. Науқасқа тағайындалатын рекомендация:
A) қабынуға қарсы емB) ұн және бұршақ тұқымдастығынан жасалған тағамдарды шектеуC) адсорбенттерді үнемі қабылдауD) 5-аминосалицилды қышқылын үнемі қабылдауE) холеретиктерді үнемі қабылдауANSWER: B

  1. Науқас дене тұлғасының алдыңғы бетінде және аяқтарында кенеттен пайда болған немесе шамалы жарақаттан кейін геморрагиялардың пайда болуына, енгізу жасалған жерлерде ірі қанталаулардың байқалуына шағымданады. Қарағанда: басқа патологиялық өзгерістерсіз петехиальды- дақты типті қанағыштық, лабораторлық көрсеткіштер гипо және афибриногенемияны, дисфибриногенемияны шектейді. Протромбин, проконвертин құрамы қалыпты деңгейде. Қан кету уақыты ұзарған. Қан ұйығының ретракциясы төмендеген, сүйек минының трепанатындағы мегакариоциттердің саны қалыпты. Қандай ауру туралы ойлауға болады?

A) Геморрагиялық васкулитB) ГемофилияC) Верльгоф ауруыD) ДҚІҚ (ДВС)- синдромыE) Рейно ауруыANSWER: C

  1. Науқас К. 28 жаста, бел аймағында және іштің оң жақ жартысында күшті ауырсынудың оң жақ аяқ және шат аймағына таралуына, жиі кіші дәретке отырғысының келуіне шағымданады. Бір жыл бұрын осындай ұстама пайда болып «Жедел көмек» шақырған, ауырсынуы анальгетиктермен басылған, бірақ ұстамадан кейін зәрі қызыл түсті болған. Қарағанда: дене қызуы 36,40С. Науқас тынымсыз, ауырсынуды жеңілдету үшін ыңғайлы жағдайды іздейді. Тыныс алу және жүрек қантамыр жүйесі жағынан патологиялық өзгерістер жоқ. Тамыр соғысы 76 мин, АҚ 120/60 мм сын. б.б. Іші жұмсақ, пальпация кезінде іштің оң жағында ауырсыну байқалады. Постернацкий симптомы кенет оң мәнді. Қандай ауру туралы ойлауға болады?
A) Бүйрек обырыB) ГломерулонефритC) Өт тас ауруыD) Бүйрек амилондозыE) Бүйрек тас ауруыANSWER: E

  1. Т. атты 38 жастағы науқастың оң жағындағы қабырғааралықта амфоралық тыныс естіледі. барынша мүмкін диагноз:
A) пневмотораксB) өкпе абсцесіC) бүйрек абсцесіD) саркаидозE) бронхоэктаз ауруыANSWER: B

  1. 78 жастағы Н.атты науқас тыныс алумен байланыссыз, үдемелі ұстамалы төс артының қысып ауруына шағымданады. Нитроглицерин көмектеспейді. Қандай зерттеуді шұғыл жүргізу КЕРЕК?
A) ЭКГ, тропонин Т-ныB) ЭКГ, Tl201сцинтиграфияныC) ЭхоКГ добутаминменD) ЭКГ физикалық күштемеменE) ЭКГ, тропонин Т-ны, тәуліктік ЭКГ мониторлауANSWER: A

  1. 40 жастағы П.атты науқас басының ауруы, айналуы, жүрек тұсындағы шаншып ауыру, бұлшықеттердің ауыруы, жалпы әлсіздік, кейде тырысулар мен шөлдеу сезімі мен диурездің көбеюіне шағымданады. Анамнезінде соңғы 5 - жылда АҚҚ максимальды 230/130 мм. с.б.б. дейін көтерілген. 1 жыл бұрын өтпелі парез дамыған. Объективті: АҚҚ - 190/100 мм с.б.б., ЖЖЖ - 70 рет мин. ЭКГ: ST - сегменті V2-V6 шықпаларында қиғаш жоғарылаған және осы шықпаларда Т- тісшесі теріс. Қанда: калий деңгейі - 2,2 ммоль/л. Зимницкий сынамасы: менш.салм. 1006-1015. Қандай емдеу әдісі науқастың жағдайын жақсартуға көмектесуі БАРЫНША МҮМКІН?
1.ААФ ингибиторлары 2.-адреноблокаторлары3.+оперативті ем 4.I1 имидазолиндік рецепторлардың агонистері 5.ұзақ әсерлі дигидропиридинді кальций антагонистері

  1. 45 жастағы Б.атты науқас бас ауруы, бас айналуы, естен тануға шағымдармен түсті. Жүректің созылмалы ревматикалық ауруымен ауырады. Жүрек шекаралары солға ұлғайған, оң жақтағы ІІ қ/а, төстің сол жақ қырында жоғары тембрлі, протодиастолалық бәсеңдеген шуыл және әлсіреген II үн естіледі. Қан тамырларында Траубенің қос үні және Дюрозьенің қос шуылы, Квинке, білек артериясының пульстері жоғары әрі тез 100 рет мин., АҚ - 160/60 мм.с.б.б. Науқасты қандай тәсілмен емдеу НЕ ҒҰРЛЫМ ТИІМДІ?

A) кардиологтың бақылауыB) медикаменттік емC) оперативті вальвулотомияD) митральдіқақпақшаны протездеуE) аорталық қақпақшаны протездеуANSWER: E

  1. Науқас 20 жаста, физикалық күш түскенде ентікпеге және шаршағыштыққа шағымданады. Анамнезінде – жиі бронх-өкпелік инфекциялық аурулар. Тері жабындылары бозғылт, жүрек ұшының түрткісі күшейген, төстің сол жақ шетіндегі IV қабырғааралықта естілетін дөрекі пансистоликалық шуыл, өкпе артериасында ІІ тон акценті естіледі. ЭХОКГ –дан күтетін өзгерістер:
A) Сол қарыншадан оң жүрекшеге шунтB) Сол қарыншадан оң қарыншаға шунтC) Қанның оң қарыншадан жүрекшеге регургитациясыD) Сол жүрекшеден оң жүрекшеге шунтE) Сол қарыншадан сол жүрекшеге шунтANSWER: B

  1. С. атты 42 жастағы науқас, бір жыл бұрын ентігу және оң жақ қабырғасының астында ауыру сезімін байқаған. Осыдан кейін түнгі уақытта тұншығу ұстамалары пайда болып, балтырлары ісінген. Соңғы айларда қан түкірген. Объективті: өкпесінің төменгі бөлімінде – ұсақ көпіршікті айқын естілмейтін сырылдар. Жүрек шекаралары солға қарай ығысқан, жүрек үндері бәсең. ЖЖЖ – 90 рет мин. Жүрек ұшында систолалық шуыл. ЭКГ- жыпылық аритмиясының тахисистолалық түрі. ЭхоКГ-да: Айдау фракциясы - 21%. Диффузды гипокинезия. Сіздің диагнозыныз?
A) Ревматикалықемес миокардит, аралас түрі, жедел асты ағымB) Алкогольді кардиомиопатия, СЖЖ ІІА (ФК ІІІ)C) Дилатациялық кардиомиопатия, жыбыр аритмия, СЖЖ І (ФК І)D) Рестриктивті кардиомиопатия, жыбыр аритмия, СЖЖ ІІБ (ФК ІІІ)E) Дилатациялық кардиомиопатия, жыбыр аритмия, СЖЖ ІІБ (ФК ІІІ)ANSWER: E

  1. Науқас Х., 50 жаста, тамақ немесе алкоголь қабылдағаннан соң жарты сағаттан соң пайда болып, тек сода ішкеннен кейін басылатын асқазан тұсындағы батып ауырсыну сезімі мен шыдатпайтын қыжылға шағымданады. Ауырғанына 2 жыл болған, емделмеген. Обьективті: тілі ақ жабындымен қапталған, терең пальпацияда эпигастрии аймағының жайылмалы ауырсынуы. ЭФГДС: асқазан шырышты қабаты гиперемияланған, ісінген, антральді бөлігінде бірен-сараң қан құйылулар бар. Төмендегі зерттеулердің қайсысы БАРЫНША МӘЛІМЕТТІ?
A) нольпаза, себебі, тұз қышқылы экскрециясы мен синтезінің соңғы сатысына қатысатын ферментті тежейдіB) фамотидин, себебі, қабаттасқан жасушаларда орналасқан Н2 рецепторларды тежейдіC) метронидозол, себебі, , тұз қышқылы экскрециясы мен синтезінің соңғы сатысына қатысатын ферментті тежейдіD) алмагель, себебі, антацидтік әсері бар
E) метацин, себебі , тұз қышқылы экскрециясы мен синтезінің соңғы сатысына қатысатын ферментті тежейдіANSWER: A

  1. 52 жастағы К. атты науқас клиникаға қозғалыс кезінде оң жақ иық буындарының ауыратын шағыммен келді. 5 жыл бойы ауырады, ауру пайда болғанда қозғалыс кезінде аталған буында ауру мен сықыр пайда болған. НПВС-пен емделгенде бұл жағдайлар азайған. 1 жылдан соң ауру қайтадан пайда болған. Буынның сырт көлемі өзгермеген, жергілікті дене қызуы байқалмайды. Пальпацияда буын ауырады. ҚЖА эр 4,6 х1012 /л, лейк 7,6 х109/л, НВ 135 г\л, СОЭ 15 сағ/мм, РФ (-), СРБ (+). Оң жақ иық буыны рентгенограммасында - буын саңылауларының тарылу, субхондральді остеосклероз, шекті остеофиттер байқалады. Клиникалық диагнозын қойыңыз.
A) Оң жақ иық буынының остеоартрозы, II деңгей , ФА 0.B) Оң жақ иық буынының остеоартрозы, II деңгей , ФА I.C) Оң жақ иық буынының остеоартрозы, II деңгей , ФА 0.D) Оң жақ иық буынының остеоартрозы, IV деңгей , ФА III.E) Оң жақ иық буынының остеоартрозы, IV деңгей , ФА 0.ANSWER: A

  1. Компьютерлі томография нәтижесінде екі жақтық фиброз және екі жақтық «бұлыңғыр шыны» өзгерістер барынша тән:
A) фиброзирлеуші альвеолиткеB) екі жақты пневмонияғаC) милиарлық туберкулезгеD) өкпе амилоидозынаE) фиброзирлеуші саркоидозANSWER: A

  1. Науқас 50 жаста, 2 апта бұрын 4 қабатқа тез көтерілгеннен кейін кенет төс артының төменгі бөлігінде ауыру сезімі пайда болды, тыныштық күйде ауыру сезімі жоғалды. Мұндай ауыру сезімі бірінші рет пайда болды. Кейін тез жүргенде, 2 қабатқа көтерілгенде пайда болатын болды. Стенокардия түрін анықтаңыз. Емдеу шараларын қолданыңыз:
A) ЖИА, Прогрессирлеуші стенокардия. ауруханаға жатқызу керек, антиангиналді ем тағайындау керек.B) ЖИА. Күштену стенокардиясы ФК 2. Антиангиналді ем тағайындауC) ЖИА. Алғаш пайда болған стенокардия. Кардиалгия коронарлы себептерге байланысты емес болуы мүмкін. Науқасты зерттеу керек.D) ЖИА. Алғаш пайда болған стенокардия. Ауруханаға жатқызу керек, антиангиналді ем тағайындау керек.E) ЖИА. Принцметалл стенокардиясыANSWER: D

  1. Р. атты науқас 42 жаста. Найзды ұзақ қабылдаған науқасты соңғы 2 айда тамақтан кейін эпигастрийдегі кесіп ауру сезімі, күйдіру, қышқыл ауамен кекіру мазалайды. Төмендегі препараттардың қайсысын тағайындаған БАРЫНША ТИІМДІ?
A) маалокстыB) алмагельдіC) мотилиумдыD) рабепразолдыE) миролютANSWER: E

  1. 25 жастағы ер адам үйге дәрігерді шақырып, 4 күн бойы дене қызуының 38*С көтерілуіне, сары-жасыл түсті қақырықпен жөтелге, әлсіздікке, тершеңдікке шағымданады. Анамнезі: ауруын суық тиюмен байланыстырады. Объективті: тері жабындылары бозарған, ТАЖ 20 рет/мин., жауырынның оң жақ төменгі бұрышында перкуторлы дыбыстың тұйықталу ошақтары, аускультативті ұсақ көпіршікті ылғалды сырылдар. Осы науқасқа ем тағайындаңыз?