Файл: азастан республикасыны денсаулы сатау министрлігі араанды мемлекеттік медицина университеті ш. С. Калиева, Т. К. Сагадатова.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 30.10.2023

Просмотров: 787

Скачиваний: 3

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

ҚОРЫТЫНДЫ
Денсаулық сақтау құқығы Қазақстан Республикасының Конституциясымен бекітілген және азаматтардың қауіпсіз, тиімді және сапалы медициналық көмек алуға тең екендігін қамтамасыз етеді («Денсаулық сақтау жүйесі және халықтың денсаулығы жайлы» ҚР Заңдар Жинағы, 2 бөлім, 1 тарам, 4 статья), ол қазіргі кезде дәлелдерге негізделген медицина тұжырымдамасымен тығыз байланыста және тұрғындарды сапалы медициналық көмекпен қамтамасыз етуді ұйымдастыру және денсаулықты сақтау саласында шешім қабылдауда медицина ғылымының осы заманғы алдыңғы қатарлы дәлелденген мәліметтерін қолдануды қамтамасыз етуі керек.

Медициналық тәжірибеде, денсаулық сақтауды басқару мен медициналық білім беруде әдістемелік негізі ретінде дәлелді медицина тұжырымдамасы маңызды екендігін қазіргі кезде барлық дүние жүзі мойындаған. Денсаулық сақтау саласына неғұрлым қатаң дәлелдерге негізделген медициналық кірісулердің қажеттілігі денсаулықты нығайту мен қалпына келтірудің көптеген әдістері – профилактика, диагностика, емдеу мен реабилитацияның алуан түрлі әдістерінің көбейгендігі. Қоғамдық десаулық сақтау мен клиника саласындағы маңызды шешімдер сенімді ғылыми негіздеуді қажет етеді. Қоғамның денсаулығы мен денсаулық сақтау саласының маңызды мәлелелерінің мысалы ретінде мыналарды қарастыруға болады: скринингтық бағдарламалар енгізу, денсаулық сақтау жүйесінің басым бағыттарын айқындау, клиникалық нұсқаулықтар, хаттамалар мен емдеу стандарттарын құрастыру, медициналық көмек көрсету бағдарламаларын құрастыру. Оларды шешу кезінде жүргізілетін іс әрекеттердің мақсатқа сәкестілігін дәлелдейтін ғылыми мәліметтерді тыңғылықты іздестіру және талдауды қажет етеді.

Қазіргі кезде Қазақстан Республикасында Дәлелді медицина орталықтары, Дәрілік ақпаратты орталықтар жұмыс істейді, олардың ең басты міндеттерінің бірі медицина саласының әр түрлі деңгейдегі мамандық иелерін дәлелді медицина қағидаларына үйрету, тұрғындарды дәрі-дәрмектердің әсері жайлы хабардар ету, клиникалық тәжірибеге дәлелді мәліметтерді енгізу болып табылады. Медициналық жоғарғы оқу орындарында студенттер клиникалық пәндерге реквизит алды болатын «Дәлелді медицина негіздері» пәнін оқиды және ол сапалы клиникалық зерттеулер мәліметтеріне негізделген сапалы клиникалық тәжірибені қалыптастыруға кепіл болады.



Тестлік сұрақтар

1. Дәлелді медицина деген не?

А) бұл медициналық тәжірибеде қолданылатын әдіс түрі, онда дәрігер тиімділігі жоғары методикалық деңгейде жүргізілген зерттеулерде дәлелденген ем-шараларды әр бір науқасқа қолданады

В) жалпы статистикалық (сандық және сапалық) мәліметтерді жинақтау, өлшеу мен талдауға қатысты жалпы сұрақтарды қарастыратын білімнің бөлімі.

С) бұл әр түрлі аурулардың пайда болу себебі мен таралу заңдылықтарын зерттеу арқылы алдын-алу шараларын құрастыратын жалпы медициналық ғылым.

D)бұл ауру еміне кеткен шығын мен емнің тиімділігі, қауіпсіздігі, өмір сапасын жақсартудың альтернативті емдеу схемаларын салыстырмалы түрде зерттейтін жаңа, өз бетінше дамыған ғылым саласы.

Е) бұл ауруды емдеу мен диагностикасына кеткен шығындарды қысқартуға арналған механизм.

2. Өңеш рагын цисплатинмен химиотерапиялық емге арналған тарихи бақылауы бар 26 рандомизирленген клиникалық зерттеуге сапалық талдау жүргізілген. Қандай зерттеу дизайны жүргізілген?

А) мета-анализ

В)жүйелік шолу

С)рандомизирленген клиникалық зерттеу

D) жағдай-бақылау

Е)жағайды суреттеу
3. «Оқиға-бақылау» типті зерттеуге не тән?

А) науқастардың унифицирленген іріктеуі (сұрыптаудың қатаң критерийлері)

В) рандомизациясыз бақыланатын зерттеу

С) белгілі бір уақыт аралығында науқастардың белгілі бір когортасы көрініс беретін зерттеу

D) әдіс науқастың жағдайын кері бағытта бақылайды – зерттеулердің соңғы нүктесінен басталу кезіне қарай

Е) белгілі бір уақыт кезінде тесттіленетін агенттің қандай да бір жағдайдың таралуын және әсерін зерттейді
4.Медицинадағы зерттеулердің «алтын стандарты» болып табылатын не?

А) рандомизацияланған бақыланатын сынаулар

В) рандомизациясыз бақыланатын сынаулар

С) когорталық, айқас-секционалдық, оқиға-бақылау

D) бақыланбайтын сынаулар

Е) баяндамалық сынаулар
5. Дәрілік заттардың клиникалық тәжірибелерінің бірінші фазасына қандай міндеттер тән?

А) дәрінің түрлі дозаларымен жүзеге асатын фармакологиялық әсерлердің спектрін және осы дәрінің фармакокинетикалық сипаттамаларын анықтау

В) терапевттік нәтижелерді бекіту, дәрінің нәтижелік дозасын және оны қабылдау санын іріктеу, қауіпсіздігі мен төзімділігін оқып білу

С) қауіпсіздігі мен төзімділігін бағалау, терапевттік артықшылықтарды, фармакоэкономиканы және науқастардың үлкен тобының 1% -дан жоғары жиілікпен пайда болатын қолайсыз реакцияларды тіркей отырып, дәрілік өзара әсерлесулерді, зерттелетін заттың өмір сапасына деген әсерін оқып білу



D) адамдардың едәуір саны арасында қауіпсіздігі мен төзімділігін қосымша бағалау. Баяндалмаған қолайсыз кері реакцияларды табу.

Е) дәрінің нәтижелілігінің ретроспективті анализін өткізу
6. Клиникалық зерттеулерінің қай фазасынан кейін дәрілік затты клиникалық тәжірибеге енгізілуіне рұқсат етіледі?

А) КЗ бірінші фазасына

В) КЗ екінші фазасына

С) КЗ үшінші фазасына

D) КЗ төртінші фазасына

Е) КЗ нөлінші фазасы
7. Рандомизацияның аталған мысалдарының қайсысы дұрыс болып табылады?

А) науқастарды туған жылының жұптылығына қарай таңдау.

В) кездейсоқ сандардың кестелерін қолдану

С) палатаның нөмірі бойынша

D) туған күні бойынша

Е) зерттеушінің қалауы бойынша
8. Ұзақ (1 айдан кем емес) антиагреганттық терапияның әсерін анықтау мақсатымен жүрек-тамырлық асқынулардың қаупі ұзақ антиагреганттық терапия мен плацебоның нәтижелерін салыстырылған 145 рандомизацияланған тәжірибелердің нәтижелері және антиагрегантты терапияның түрлі схемалары салыстырылған 29 рандомизацияланған тәжірибелердің нәтижелері талқыланған. Қандай зерттеу дизайны баяндалған?

А)когорталық зерттеу

В)жағдайлардың сериясын баяндау

С) «жағдай-бақылау» зерттеуі

D) рандомизацияланған клиникалық зерттеу

Е) РБЗ-ның жүйелік шолу
9. Жаңа туған нәрестенің дене массасының оның болашақтағы бойының өсу ырғағына әсерін бағалау үшін, туу сәтінде дене массасы 2-2,5кг болып туған 300 нәрестеге бақылау жүргізілген. Тағамдық статусты бағалау үшін антропометриялық өлшемдер жасалған. Дене массасы қалыпты (2,5 кг-нан аса) сол кезеңде туған балалардың аналогтық санын (300 адам) бақылаған болатын. Зерттеудің қандай дизайны баяндалған?
А) когорталық зерттеу

В) жағдайлардың сериясын баяндау

С) «жағдай-бақылау» зерттеуі

D) рандомизацияланған клиникалық тәжірибе

Е) РБЗ-ның жүйелік шолуы
10. Антибиотикті қолданумен жүретін клиникалық зерттеулерде пневмониямен ауыратын науқастарда емнің нәтижесі рентгенологиялық суреттің өзгерісі бойынша бағаланған. Науқастар өздерінің қай топқа қатысты екендігін білмеген. Тәжірибені жүргізген дәрігер науқастардың бақылау немесе негізгі топқа жататынын білген. Дәрігер тәжірибелік топ науқастарында рентгенологиялық суреттің жақсаруын аз уақыт аралығында анықтаған. Зерттеудің қандай дизайны баяндалған?

А) когорталық зерттеу

В) жағдайлардың сериясын баяндау

С) қарапайым соқыр клиникалық тәжірибе

D) екіншілік соқыр клиникалық тәжірибе


Е) үшіншілік соқыр клиникалық тәжірибе
11. Систолалық артериалдық гипертензия кезінде инсульттің қаупіне гипотензиялық терапияның әсерін бағалау мақсатымен 60 жастағы және одан асқан 447 921 адам ішінен 4736 науқастарды кездейсоқ түрде 2 топқа; оның біреуі (2365 адам) гипотензиялық препараттарды, ал екіншісі (2371 адам)  плацебоны қабылдаған. Зерттеунің орташа ұзақтығы 4,5 жылды құраған. Зерттеудің қандай дизайны баяндалған?

А) когорталық зерттеу

В) жағдайлардың сериясын баяндау

С) «жағдай-бақылау» зерттеуі

D) көдленең зерттеу

Е) РБЗ
12. «Цизаприд» дәрісін қабылдау фонында ауыр қарыншалық аритмиялардың пайда болу оқиғалары дәрігерлермен тіркелген. Өткен жылдың ортасына қарай әлем бойынша 386 ұқсас оқиғалар тіркелген, олардың 125-і науқастардың өліміне әкелді. Зерттеудің қандай дизайны баяндалған?

А) когорталық зерттеу

В) жағдайлардың сериясын баяндау

С) «жағдай-бақылау» зерттеуі

D) рандомизацияланған клиникалық тәжірибе

Е) РБЗ-ны жүйелік шолу
13. Зерттеу бойынша 2 топ құрылған: аденокарциномасы бар науқастар (n=8) және аденокарциномасы жоқ жас әйелдер (n=32). Содан кейін екі топта ретроспективтік түрде қолайсыз фактордың әсер ету жиілігі бағаланды – жүктілік кезінде қатысушы әйел анасының синтетикалық эстрогенды қабылдауы. Зерттеудің қандай дизайны баяндалған?

А) когорталық зерттеу

В) жағдайлардың сериясын баяндау

С) «оқиға-бақылау» зерттеуі

D) рандомизацияланған бақыланатын зерттеу

Е) мета-анализ
14. Ғылыми мақаланың қандай бөлімі зерттеуге енгізілу мен одан шығарылу критерийлерін еске ала отырып, қатысушыларды іріктеудің егжей-тегжей баяндалуын, сонымен қатар зерттелетін популяцияның баяндалуын қамтиды?

А) қолданылған әдебиеттің тізімі

В) кіріспе

С) мәліметтердің статистикалық анализі

D) материалдар мен әдістер

Е) нәтижелерді талқылау
15. Ғылыми мақаланың нәтижелерін қандай дәрежеде белгілі бір клиникалық жағдайда қолдануға болатынын анықтау осы мақаланы (өткізілген зерттеу нәтижелерінің жарияланымдарын) сынама бағалауында маңызды міндеттердің бірі болып табылады. Осы қызмет қандай терминмен белгіленеді?

А) өнімділік

В) шынайылық

С) жинақтау

D) жұмсалым

Е) көкейтестік
16. Клиникалық зерттеулерді өткізудің негізгі этикалық қағидасы неге негізделеді?

А) зерттеудің мақсаттары мен міндеттерін қанағаттандыратын зерттеудің жоспары мен дизайны

құрастырылуы керек

В) клиникалық зерттеудің методологиясын қанағаттандыратын клиникалық базалар таңдалуы қажет


С) клиникалық зерттеуге енгізілу тек зерттеудің потенциалдық қатысушысының қолжазбалық ақпаратталған келісімін алған соң ғана өткізілуі керек

D) клиникалық зерттеудің қатысушылары тәжірибелік немесе бақылау топтарына кездейсоқ түрде бөлінуі қажет (рандомизация)

Е) клиникалық зерттеу қатысушыларының саны статистикалық шынайы нәтижелерді алуға жеткілікті болуы керек.
17. Тәжірибеде сыналатын адамдардың қатысуымен өтетін кез келген биомедициналық зерттеуді қандай мекеме мақұлдайды?

А) зерттеудің жетекшілері

В) зерттеу өткізілетін клиникалық орталықтың нұсқауы

С) юстицияның жергілікті мекемесі

D) денсаулық сақтау министрлігінің фармацевтік комитеті

Е) этика бойынша комитет/комиссия
18. Сізге аспиринді қолданумен миокард инфарктісін емдеу әдістерін баяндауды табу керек, PudMed-тегі қандай логикалық операторды қолданасыз?

А) myocardial infarction OR aspirin

В) myocardial infarction AND aspirin

С) myocardial infarction NOT aspirin

D) myocardial infarction CAN aspirin

Е) myocardial infarction IF aspirin
19. Сізге PudMed –те сүт безі обырын емдеу әдістері туралы мақалаларды табу керек. Қандай подрубриканы таңдайсыз?

А) therapy

В) prognosis

С) etiology

D) mortality

Е) literature
20. Емдеуге қатысты едәуір дәлелді зерттеулерді табу үшін PudMed базасында қандай типті жарияланымдарды іздеу қажет?

А) РБЗ

В) когорталық зерттеулер

С) «жағдай-бақылау» типті зерттеулер

D) оқиғаларды баяндауды

Е) жануарларда жасалатын зерттеулер
21.ӨСОА-мен ауыратын науқастарда ингаляциялық глюкокортикостероидтар қолдану емнің жоқтығына қарағанда өршу жиілігінің төмендеуіне әкеледі ме? Келтірілген жауаптардың қайсысы PICO қағидасына сәйкес популяцияға сәйкес келеді?

А) ӨСОА-мен науқастар

В) ингаляциялық глюкокортикостероидтар қолдану

С) өршу жиілігінің төмендеуі

D) емнің жоқтығы

Е) емнің жоқтығымен салыстырғанда
22. Ишемиялық тип (population) бойынша қанайналымның жедел бұзылысымен науқастарға ацетилсалицил қышқылының (intervention) тағайындалуы емнің жоқтығына қарағанда (comparison) қайталамалы инсульт қаупінің төмендеуіне әкеледі ме? Клиникалық сұрақтың қай типі ұсынылған?

А) сұрақ аурудың этиологиясы мен себептеріне қатысты

В) сұрақ терапияға қатысты

С) сұрақ диагностикаға қатысты

D) сұрақ экономикалық нәтижелілікке қатысты

Е) сұрақ қауіпке қатысты
23. Дәлелдеме зерттеулерінің қай түрін өткізгенде дәлелділіктің А деңгейіне ие?