Файл: азастан республикасыны денсаулы сатау министрлігі араанды мемлекеттік медицина университеті ш. С. Калиева, Т. К. Сагадатова.doc
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 30.10.2023
Просмотров: 766
Скачиваний: 3
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
- сериялық (ұялық): іріктеуге бөлек бақылау бірліктері емес, олардың бүтін топтары (сериясы немесе ұяшықтар) құрамындағы бақылау бірліктері нақты бейнемен байланысты: территориальды (райондар, ауылдар) немесе ұйымдастырылған (студенттік топтар, ауруханалар, мекемелер және т.б. ) және генеральды жиынтықта кездейсоқ немесе механикалық іріктеу қағидасы бойынша жүреді. Серия ішінде бақылау бірліктерінің жалпылама іріктеуі жүреді.
- комбинирленген
2. Іріктеу кезеңдері бойынша:
- бірсатылық
- көпсатылық
3. Таңдау бағдарламасы санына сәйкес:
- бір бағдарламалық (бірқатарлық)
- көп бағдарламалық (көп қатарлық)
Таңдау түрінің модификациясына байланысты:
-бағытталған іріктеу тәсілі;
- жұп таңдау тәсілі;
- когорттық тәсіл;
- мезеттік кесінді әдісі.
Репрезентативтік – бұл таңдаулы жиынтықтың сандық, сонымен бірге сапалық қасиеттерінің генеральды жиынтықтағы қабілеті. Сандық репрезентативтік жеткілікті бақылау санымен жүреді, сапалық - таңдаулы және генеральды жиынтықта бақылау бірліктерінің сәйкес болуы.
Статистикалық жиынтықтарды салыстыру әдісі
Жиынтықтарды статистикалық салыстыруға келесі әдістер жатады:
1.біріктіретін коэффициенттердің айырмашылығын бағалау (параметрлік және параметрлік емес);
2. жиынтықтарды бөлу кезіндегі айырмащылық бағалау дәлелділігі;
3.біріктіретін коэффициенттер стандартизациясы.
Жиынтықтықтарды салыстырудың жалпыі принциптері негізделеді нольдік гипотеза (Но) деп аталатын анализде. Бұл гипотезаға сәйкес бастапқыда жиынтықтар арасында айырмашылық кездейсоқ, екі топта біртекті материал жинайды, бір жиынтықты. Статистикалық анализ Но-гипотезаның ауытқуына әкеледі, егер алынған айырмашылық дәлелденсе, емесе оның сақталуына, егер дәлелденбесе онда айыршалықтар кездейсоқ деп танылады.
Статистикалық айырмашылық әрқашан нақты мәңділік деңгейімен сипатталады, Но гипотезасының сақтау немесе лақтыру шешімі маңыздылық деңгейін бағалаумен байланысты. Медико-биологиялық зерттеулерде жалпы танылған минимальды мағыналық деңгейі р=0.05, бұдан:
-жиынтықтарды салыстырғанда зерттеуден алынған егер аз болса 0,05 (р < 0,05), онда Но-гипотеза тасталынады және жиынтықтар арасында айырмашылық дәлелденеді;
- жиынтықтарды салыстырғанда зерттеуден алынған мағыналық деңгейі егер
көп болса 0,05 (р > 0,05), онда Но-гипотеза дұрыс деп есептеліп, жиынтық арасындағы айырмашылық жоққа шығарылып тасталынады. Соңғысы шын мәнінде айырмашылық жоқтығымен байланысты болуы мүмкін.
Біріктіретін коэффициенттердің айырмашылығының дәлелділігін бағалаудың параметрлік әдісі.
Параметрлік әдістер ажырата бөлу сипатын білуді талап етеді (тек қалыпты бөлу үшін) зерттелетін белгі және оның параметрлері (орта өлшемі,стандартты ауытқу және т.б). Бұл әдістрдің мағыналық деңгейі критери t және оның мәнін кестемен салыстыру, нақты бір мағыналық деңгейге сәйкес:
- егер t ф > t 0,05, онда р < 0,05 және Но - гипотеза теріске шығарылады;
- егер t ф < t 0,05, онда р > 0,05 және Но- гипотеза қабылданады,бұнда
t ф - нақты критерий, зерттеуге арналған; t 0,05 - критеридің кестелік мәні t үшін р = 0.05.
Параметрлік емес әдістер біріктіретін коэффициенттер дәлелділігін бағалау
Параметрлік емес әдістің оң жақтары:
-бөліну түрін алдын ала білу қажетілігі жоқ;
-алдын ала бөліну параметрлерін сараптау қажеттілігі жоқ (орта өлшемдер, стандартты ауытқу және т.б.);
-номинальды және реттік көріністер жиынтығын салыстыра алады;
-қолданылуы да оңай.
Параметрлік емес тәсілдерінің теріс жақтары:
-параметрлікке қарағанда әсері төмен;
-бақылау санынында шектеулер бар.
19- кесте. Параметрлік емес критерийлер
Қолдану аймағы | Параметрлік емес критерий атауы | Бақылау саны | Айырманың дәлелдік шарты |
1 . Тіркескен (бір-бірімен байланысқан) жиынтықтарды салыстырғанда | белгілер критериі (Z) | жұп саны<50 | Z |
Вилкоксон критериі (Т) | жұп саны =6-25 | Т<Т 0.05 | |
Манна-Уитни- модификациясы(ω) критериі | жұп саны >20 | ω >ω.0,05 | |
2. Тәуелсіз жиынтықтарды салыстырғанда | Манна-Уитни (U) критериі | жұп саны >20 | U>U 0.05 |
Розенбаум (Q) критериі | nх>10 және nу>10 | Q>Q 0.05 | |
Уайт (К немесе Т) критериі | nx=4-20 және nу=2-15 | Т<Т 0.05 | |
Ван дер Ванден (X) критериі | жұп саны =8- 26 | Х>Х 0.05 | |
сериялық критерий (S) | nх=6-18 және nу=4-18 | S | |
Колмогоров - Смирнов (λ) критериі | | λ2>λ2 0.05 | |
3. Баламалы жиынтықтарды таратқанда | Фишердің нүктелік әдісі төрт толық кестелер үшін (Р) | nх=2-20 және nу=2-16 | Р<Р 0.05 |
Стандартизация –статистикалық мәліметтерді өңдеу әдісі, біртектілік емес элиминация жағдайында біртекті емес жиынтықтарда біріккен коэффициенттерді салыстыруды өткізе алады.
Стандартизация өткізу әдістемесі:
I кезең: табиғи біріккен коэффициенттерді есептеу жиынтық және бөлшек бойынша, өзіндік айырмашылықтары бар;
II кезең: Но-гипотезасын құрастыру стандартизация тәсіліне байланысты стандартты таңдау;
III кезең: "күтілетін" есеп абсолютты өлшемдердің стандарт негізінде табиғи бірікен коэффициент деңгейінде;
IV кезең: стандарт бойынша стандартизацияланған көрсеткіштердің есебі (коэффициенттер);
V кезең: Но-гипотезасын табиғи коэффициенттер және стандартталған қатынас жолымен тексеру.
Корреляционды және регрессионды анализ
Корреляционды байланыс нақты шектеулер арасында басқа белгінің өзерісіне жауап ретінде бір белгінің өзгеру сипаты.
Корреляционды анализ орнатады:
- байланыстың болуы;
- байланыс күші: әлсіз (коэффициент корреляциясы 0.29дейін), орташа (0.3 - 0.69), күшті (0.7 және одан жоғары);
- байланысты бағыттау: тура (белгілердің өзгерісі бір бағытта) және қайтымды;
-(белгілердің өзгерісі әр бағытта);
-байланыс сипаты : парциальды (жеке) (бір екі белгі арасындағы байланыс) және көптік (топ белгілердің байланысы).
Регрессионный анализ – мәліметтерді статистикалық өңдеу әдісі, бір белгінің орта өлшемімен басқа бір белгінің орта өлшемін анықтауға мүмкіндік береді, біріншісімен корреляционды байланыста болады.
Регрессия түрлері:
- қарапайым (нәтижелі белгі бір функцияның аргументі ретінде, тек бір белгі факторы): у = f (x);
- көптік (нәтижелі белгі бірнеше аргумент функциясы ретінде):
у = f( x1 x2 x 3…xп)
12 бөлім.
Эпидемиология және қоғамдық денсаулық.Эпидемиологиядағы этикалық проблемалар.
Құбылыстар арасындағы ықпалдық пен себептер арасындағы байланс сезім арқылы емес ақыл-оймен танып-білуге ұмытылған адамға ашылады”.
И.М.Сеченов.
Қазіргі уақытта аурулардың алдын алуы және емі, ағымы, таралуы және диагностикасына арналған зерттеулер, эпидемиологиялық әдіске негізделген клиникалық шешімді қабылдауда маңызды ақпараттар беретіні мәлім. Рандомизирленген клиникалық сынақтар нәтижелерін баспаға шығару, жағдай-бақылау зерттеулері, мета-анализдер, бүкіл әлемде әйгілі медициналық журналдардың мақалаларда айтарлықтай бөлшегі бар. Эпидемиологиялық зерттеулер аурудың патогенезі мен себебін анықтауға бағытталған. Бұл зерттеулер медициналық және әлеуметтік көмек жүйесінің шын мәніндегі жағдайларда, жанұялық көмек, шектелген жұмыс күні және т.б. осы сияқты маңызды факторлар әсер еткен жағдайларда жасалынады. Зерттеулер мына бейне бойынша құрылады осы факторлардың әсерін теріске шығару және байланысын анықтау, бар болған жағдайда.
Қоғамдық денсаулық (public health) деп өмірді ұзартуға және аурушаңдық пен өлім-жітімнің төмендеуіне бағытталған ғылым мен тәжірибені айтады. Бұл мақсаттарға жетуге арналған кең спектрлі әдістер бар. Өкінішке орай бұлардың әлеуметтік көмек және медициналық қызметте қолданылуы міндетті түрде емес, сондай ақ клиникада тексерілген әдістердің диагностика мен емінде қолданылуы да ереже бола алмады.
Бүкіләлемдік денсаулық ұйымы бойынша 1968ж денсаулық анықтамасы – бұл толық физикалық, әлеуметтік және рухани немесе психологиялық қанағаттарлық жағдай, тек ауру мен ақаудың жоқтығы ғана емес.
Денсаулық деңгейлері:
1.Жеке денсаулық;
2.Отбасылық денсаулық;
3.Қандай да бір көрініске байланысты біріккен адамдар тобының денсаулығы;
4.Халық денсаулығы;
Денсаулық өлшемдері:
1. Денсаулық индексі (бір жыл ішінде ауырмағандар/ауырғандар);
2. Денсаулық потенциалы;
3. Денсаулық тепе теңдігі;
4. Денсаулық ресурстары.
Қауіп факторлары:
Біріншілік – темекі шегу, алкоголь, гиподинамия, стресс.
Екіншілік - гиперхолестеринемия, гиперлипидемия, артериалдық гипертензия, ревматизм, аллергия, диабет, иммунжеткіліксіздік.
«Эпидемиология»түсінігі
"Эпидемиология" сөзі гректің "эпи" ("орта»), "демос" ("халық") және "логос" ("ғылым") деген сөздерінен құралған. Алғашында орысша мағынасы эпидемиология – адамдар дегенді білдірген. Кейінірек эпидемиологияға көптеген анықтамалар ұсынылды:
Эпидемиология немесе эпидемиялар туралы ғылым эпидемия дамуы мен себебін,оның таралуына әкелетін жағдайларды анықтайды, тәжірибе мен ғылымға негізделетін күрес әдістерін анықтайды. (Д.К. Заболотный, 1927ж.)
Эпидемиология – эпидемия туралы ғылым, дәлірек эпидемиялық процесстің заңдылықтары жайлы. (Л.В. Громашевский, 1949ж.)
Эпидемиология – аурушаңдылықтың алдын алу шараларын негіздеу және әсерін бағалау мақсатында құрылу механизмі және шарттары, себебін зерттейтін ғылым. (В.Д.Беляков, 2000ж.)
Ең жақсы анықтамалардың бірін Last JM (1988ж.) берді.
Эпидемиология – қоғамдағы аурудың пайда болуының себебі мен таралу ерекшеліктерін зерттейтін, алынған білімді денсаулық сақтау мәселелерін шешу мақсатында қолданалатын ғылым.
Таралу ерекшеліктері аурудың уақыт анализінде, пайда болу орнында анықталады, сонымен бірге ауырғандардың жеке сипаттамасынан – биомедициналық құбылыстың көпқырлы белгілерін зерттейді:
1. аурудың пайда болу дианамикасы жылдар
, айлар, ал эпидемия кезінде –күндер және кейде сағаттар – аурудың пайда болу уақыты;
2. аурудың пайда болуы кеңістікте, мыслы, қалалық және ауылдық халық арасында, белгілі бір мекеме жұмысшылар немесе мектеп оқушылары арасында – аурудың пайда болу орны.
3. ауырғандардың жеке сипаттамасы (құбылыстың құрылымы):
а) бұларға экономикалық, әлеуметтік, отбасылық жағдайы, ұлты, жынысы, жасы сияқты демографиялық сипаттамалар жатады;
б) сонымен бірге өз өзін ұстау мен зиянды факторлардың жоқтығы немесе әсері.
Аурудың орны, уақыты және басқа да ерекшеліктерінен пайда болуын сипаттамалы эпидемиология деп аталады, мынадай сұрақтарға жауап беру керек: қандай ауру дамыды (профилактика мәселесі); кім, кайда және қашан ауырды. Аналитикалық эпидемиология себепті анықтайды, неге және қалай пайда болды деген сұрақтарға жауап беруге тырысады, аурудың даму себебі (этиологиясы), сондай ақ аурудың дамуына қауіп факторын анықтау:
-
Аурушаңдылықтың әртүрлі көрсеткіштері бар адам топтарын өзара салыстыру және аурушаңдылық демографиялық, иммунологиялық, генетикалық, кәсіптік және басқа ерекшеліктерімен айырмашылықтарын ескеру (қауіп фактор деп аталады). -
Талдау эпидемиологиялық процеске тез арада және әсерлі әлеуметтік араласуға жеткілікті мәлімдеме береді. -
Зерттеу ретроспективті және проспективті анализ әдістерін қолдана гипотеза, өткізген бақылаудың қорытындыларын түсіндіру үшін жүргізіледі. -
Қоршаған ортаның зиянды әсерлерінің ұзақтығы мен адам денсаулығында байқалатын биологиялық әсерлердің себеп-салдарлық байланысының ғылыми гипотезасын тексеру арқылы зерттеу.
Ретроспективті анализ – соңғы жылдары әртүрлі халық топтары арасындағы денсаулық жағдайының көрсеткіштері талданатын әдіс. Науқас топтары арасында көбіне зерттеліп жатқан фактор әсері, бақыланатын топпен салыстырғанда, бұл өз кезегінде аурудың дамуы мен фактордың әсері арасындағы байланысты көрсетеді.
Проспективті анализ - әдісі, әр түрлі халық топтары арасындағы проспективті түрдегі (күннен күнге және жылдар) көрсеткіштері талданатын әдіс болып табылады.
20- кесте. Эпидемиология дамуының кезеңдері (академик В.Д.Беляков бойынша,1995ж)
Кезең | Сипаттама |
1. Бактериологияға дейін Гиппократтан XIX ғасырдың ортасына дейін. | Популяционды |
2. Бактериологиялық XIXғасырдың ортасынан ХХ ғасырдың 50жылдарына дейін. | Ошақты |
3. Қазіргі | Популяционды |