Файл: азастан республикасыны денсаулы сатау министрлігі араанды мемлекеттік медицина университеті ш. С. Калиева, Т. К. Сагадатова.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 30.10.2023

Просмотров: 759

Скачиваний: 3

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Эпидемиология –қоғамдық денсаулық сақтаудың негізгі ғылымы

Сондықтан, қазіргі күні эпидемиология бұл – биомедициналық ғылым, халық арасындағы мүгедектік және ауру таралуы мен жиілігін анықтайтын жағдайлар мен себептерді зерттеумен айналысады. Бұл ғылымның пәні ретінде адамның әлеуметтік өміріндегі биомедициналық құбылыстар болады. Қазіргі уақытта эпидемиология барлық аурулардың түрлерін қамтиды, жедел және созылмалы, соматикалық және психикалық, жұқпалы немесе жұқпалы емес және адамдағы барлық патологиялық жағдайлар. Эпидемиология аурушаңдықтың құрылуының себебі мен жағдайын зерттейді, талдау жолымен оның аймақ бойынша таралуы, уақыт пен әртүрлі халық топтарының ортасында (жүйелі методология медицинасы), сонымен қатар қоғамдық денсаулық сақтаудың ғылыми-тәжірибелік қызметін орындайды, оның негізі болып эпидемиологиялық зерттеулердің нәтижелері, аурудың алдын алуы тактикасы мен сектор аралық стратегиясын жасау үшін қолданылады.

Алынған жаңа эпидемиологиялық мәліметтер аурудың алдын алуы және саламатты өмір сүруді насихаттауға қолданылуы керек (жаңа білім). Қоғамдық денсаулық сақтаудың тәжірибесінің мәні - бұл қолданбалы эпидемиология.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымында эпидемиологияның сандық тәсілдері қолданылады:

1. аурудың нозологиялық алдын алу мәселесі бойынша класстарда және топтарда түсіндірілуі және бөлек аурулармен қатынасында;

2.алдын алудың қажеттілігін бағалау;

3.қауіп факторы туралы түсіндіру, бағалау және құрастыру (эпидемиологиялық диагноз);

4. әлеуметтік араласудың соңғы және аралық нәтижелерін бағалау (эпидемиологиялық зерттеулердің үздіксіздігі).

Қазіргі заманғы эпидемиология бағыттары

1) Денсаулық сақтау қызметінің дамуы ауруға (денсаулыққа) байланысты мәселелерді бөлу және көлемін анықтау жолымен реттеу;

2) Аурулармен күресу және оларға әсер ету, этиологиялық (себептік) және басқа да факторларды анықтау арқылы;

3) Қолданылатын шаралардың әсерін анықтайтын тәсіл жасау,қоғамның денсаулығын жақсарту және күрес мақсатында.

Эпидемиологияның әлеуметтік аспектісі.

Қазіргі заманғы қоғамдық күштер клиникалық эпидемиологияның мүмкіндігі және әдістерін мойындады. Медициналық көмектің бағасының шарықтау шегіне жеткендігі соншалық, тіпті халық арасындағы бай адам топтарыда өздері қалаған барлық медицина қызмет түрлерін қолдана алуға қаржылық мүмкіндіктері келе бермейді. Жаңа клиникалық әдістерді қолдану сәйкесінше науқастың ауруы ағымында нәтижелі клиникалық өзгерістерге әкелмеуі де мүмкін; сондықтан науқасқа жалпы немесе қымбат ем түрлерін пайдалану міндетті емес. Қазір клиникалық мәліметтерді іріктеудің, бағалаудың жаңа тәсілері құрылып жатыр және оларды денсаулық сақтау ұйымының мамандары қолдана алады. «Медициналық көмек ең қатал зерттеу нәтижелеріне және қаржылық шығынды ескерілетін бағалауға негізделген болуы керектігі жайлы қоғамда бірегей ой қалыптасты». Сонымен қатар, белгілі науқастар үлкен аналогиялық науқастар тобының құрамы ретінде қарастырылады; бұл нақты жеке болжам жасауға көмектеседі, адамдардың көп санына оңтайлы көмектесу үшін шектелген медициналық ресурстарды жұмсаудың тиімдірек жолын таңдау қажеттілігі пайда болды.


Эпидемиолгиядағы этикалық проблемалар.

Науқастардың клиникалық сынақта және медициналық тәжірибедегі хабардандырылған келісімі.

Сапалық клиникалық тәжірибеде маңызды элементі болып тұлғаның құқығын қорғау ретінде биомедициналық зерттеулерде адамдардағы хабардандырылған келісімді алу сынақ субъектісінен, егер зерттеуге қатысатын адам өзі келісім беретін жағдайы болмаса хабардандырылған келісімді оның заңды тұлғасынан алу керек.

Базалық этикалық принцип, Хель­синки Бүкіл Дүниежүзілік медициналық ассоциациясының декларациясында қабылданған (Хельсинки 1964ж., қайта қаралғаны 1996ж.), адамдық тұлғаның тәуелсіздігіне құрмет және таңдау еркіндігі анықталды. Бірақ, бірқатар жағдайларда хабардандырылған келісім адамның қасиеттерін және құқығын қорғау ушін жеткіліксіз болуы мүмкін. Бұндай жеткіліксіздік себебі ретінде жастық, интеллектуальдық, ментальды, сынақ тұлғасының әлеуметтік жетілмеуі салдарынан зерттеуге қатысу туралы аңдаусыз шешім қабылдауы мүмкін. Қиын жағдайларда зерттеуге қатысу туралы ессіз шешім қабылдауды болдырмау үшін субъект құқығын қорғайтын Этикалық комитетттер құрылған. Олардың міндеті: ақпаратты келісімді алу іс-шарасының мазмұны мен жағдайын қарастыру болып табылады.

Бірінші орындағы ереже, «хабардандырылған келісім», анықтамасымен түсіндіріледі, көрсетілетін ақпараттың маңызы мен құрамына арналған.

Биомедициналық зерттеуге қатысушының ақпаратыны кіреді:

  • зертеуге қатысудың фактісі;

  • зерттеудің әдісі мен мақсаты;

  • мүмкін болатын ұзақтығы;

  • қатысқанның пайдасы мен қатысудан, бас тартудан алатын пайда;

  • болжам қауіп және ыңғайсыздық:

  • балама терапия;

  • құпиялық;

  • зерттеушінің медициналық көмек көрсетудегі жауапкершілігі;

  • зерттеудің қаржылық жағдайы, оның ішінде зерттеу нәтижесінде зақым болған немесе өлім жағдайында берілетін толық өтемақы көлемі туралы ақпарат; зерттеу субъектсінің оның кез-келген кезеңінде медициналық көмек алу жойылмайтындай зерттеуге қатысудан бас тарту мүмкіндігі болуы қажет.


Хабарландыру блогында ерекше көңіл пайда және қауіпке бөлінеді. Пайда жайында айтқанда, сынаққа қатысқандағы пайда ғана емес, зерттеушінің шешімімен сынақтан кету жөніндегі пайданы да айта кету керек.

Қауіп туралы айтқанда осыған дейінгі зерттеулерден белгілі болған барлық жағымсыз әсерлерді түгелдей хабарлануы керек. Олардың ішінде зерттелетін заттың жүктілік пен ұрыққа әсері жайлы мәліметтерге ерекше көңіл аудару керек. Бұл кезде берілетін мәліметтер қорқытатындай болмауы керек, ол тек дұрыс шешім қабылдауға көмектесетіндей болкы керек.

Зерттеуге нақты қатысушыға пайда мен қауіп туралы ғана ақпарат емес, сонымен бірге болатын ыңғайсыздық және шектеулер жайлы айта кету керек ( диета, күн тәртібі, өмір сүру ортасы және т.б.).

Компенсация бөлімінде зерттеуге қатысушы субъектілер физикалық зақым алса зерттеуге қатысу барысында, қаржылық өтемақыға құқығы бар, зақымды уақытша немесе тұрақты түрде жабатын немесе еңбекке жарамсыздығы анықталады, нақты нормативты базамен және өтемақы көзі (сақтандырушы демеуші, мемлекет және т.б. ). Түсініктеме беру керек егер пайда болған зақым өзінің ауруымен байланысты болса өтемақы берілмейді.

Зерттеуші ісшараға қатысты хабардандырылған келісім аларда міндетті:

  • барлық ақпаратты беру керек, сайма-сай хабардандырылған келісім үшін;

  • сұрақтарға жауап беруге толық мүмкіндік беру;

  • заңды емес және қорқыту жолымен алынған дұрыс емес ақпаратты болдырмау;

  • келісімді субъект зерттеуге қатысудың фактілері және әсері туралы арнайы ақпарат алғаннан кейін ғана қатысуы қажет:

  • негізгі ереже ретінде зерттеу субъектісінен хабарландырылған келісім екеніне дәлел ретінде жазылған форма алынады;

  • әр қатысушыдан өзгеріс болған жағдайда жаңа хабардандырылған келісім алу керек.

Хабарландырылған келісімді аларда зерттеуге қатысуға уәждеме сұрақтарын және қатысуға ынталандыру туралы да айта кеткен жөн. Зерттеу субъектілері ыңғайсыздық үшін төлем, кеткен уақыт үшін алатын қосымша шығындар және төлемнен бөлек медициналық қызмет. Бірақ, берілетін төлем қомақты болмауы керек және медициналық қызмет көрсету ерекше болмауы қажет, бұл өз кезегінде ақыл ойға сиымсыз зерттеуге қатысуды туғызуы мүмкін. Зерттеу субъектілеріне төленетін өтемақы және медициналық қызмет көрсету Этикалық комитетпен шешіледі.


Жоғарыда айтылған жалпы нұсқаулардан басқа, зерттелушілердің арнайы құрамына арналған ереже және шарттар регламенті бар. Бұл шарттар төменде көрсетілген нақты арнайы құрам мүшелеріне қолданылады.

Балалада зерттеу жүргізіледі, егер:

  • балалар сәйкесінше ересектермен алмастырыла алмаса;

  • зерттеу мақсатыдені сау балалар үшін қажет ақпарат алу болса;

  • ата- аналары және заңды тұлғалары әр баланың келісімін беруі;

  • әрбір бала келісімі оның келісім бере алу мүмкіндігіне сай алынады; зерттеуге қатысудан баланың бас тартуы әрдайым ескеріледі, зерттеуге қатысу нәтижесінде балама ем алатын жағдай жоқ болғанда;

  • зерттеуден алатын пайдаға қарағанда қауіп төмен болса;

  • зерттеуге қатысу нәтижесіндегі ем пайдасы төмен болса.

Жүкті немесе емізетін аналар, клиникалық зерттеулердің субъектілері бола алмайды, мына жағдайлардан басқа, жүкті әйелдің немесе емізетін ананың денсаулығын қорғау үшін немесе ұрықтың немесе нәрестенің бұл зерттеулерде басқа әйелдер субъект бола алмаған жағдайларда. Бұл зерттеулерге ұрықтың даму ақауларын анықтайтын зерттеулер, жүктілік кезінде күшейетін жағдайлар еміне байланысты (құсу, гипертензия, диабет және т.б.) немесе перинатальды трансмиссивті инфекцияның анадан ұрыққа өтуін алдын алу үшін (АИВ-инфекциясы, гепатит).

Жүкті әйелдер мен емізетін аналардың клиникалық зерттеулерге қатысуының негізгі дәлелі ретінде, олардың жақсы нәтиже алу мүмкіндігі.

Психикалық және мінезінде бұзылыстары бар тұлғаларды зерттеулерге қатысады:

  • бұл тұлғалар басқа субъектілермен алмастырыла алмаса;

  • зерттеу мақсаты — психикалық бұзылыстары бар науқастарды емдеуде нақты ақпарат алу жайлы болса;

  • әрбір субъект келісімі оның келісім бере алу мүмкіндігіне сай алынады; зерттеуге қатысдан бас тарту үнемі қабылданады. Егер субъект өз бетінше зерттеуге қатысуға шешім қабылдай алмаса, келісімді оның заңды өкілінен алады;

  • зертеуге қатысудан алынатын қауіп дәрежесі оның жетістігі мен алынатын білім маңыздылығынан аз болуы мүмкін;

  • зерттеуге қатысқандағы емнің нәтижелігі басқа кез-келген балама терапиядан артық болуы керек.


Қазіргі заманғы шарттар бойынша келісімнің екі нұсқауда формасы жасалынады. Біреуі науқаста қалса, екіншісі зертеушіде сақталынады. Қазіргі уақытта үшінші нұсқау жасау сұрағы қарастырылуда, ғылыми зерттеу институтында және книникалық арухананың материалдарында сақталынатын.

Барлық жоғарыда айтылған нарселер бәрінен бұрын клиникалық зерттеудегі жаңа дәрілік препараттар, вакциналар, зерттеу әдістерінде қарастырылады. Бірақ, объективті мәліметті жоққа шығаруға болмайды, сонымен бірге дәрігер мен науқас арасында сенімділік қатынасы қалыпты медициналық тәжірибедегі жағдай. Кейбір жағдайларды жоққа шығару үшін, ресми дәрілік зат немесе зерттеу әдісі нақты бір науқаста бірінші рет қолданылуы мүмкін және терапияның соңын болжау қиын.

Бұдан клиникалық зерттеуде, кәдімгі медициналық тәжірибедегі сияқты дәрігерден науқасқа жүргізілетін ем маңызын түсіндіру, жағымсыз әсерлерін айта кету және алдын-алуы туралы мүмкіндікті жеткізу, препараттарды қосарлау, диета арнайлылығы, зерттеу және ем жүргізілетін ерекшеліктер мен шектеулер туралы айтылуы қажет.