Файл: мейіргер ісі негіздері Пні бойынша мейірбикелік технологиялар стандарттарыны жинаы авторлары М. Ш. Нурманова м.. к., Мейірбике ісі.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 06.11.2023
Просмотров: 1397
Скачиваний: 80
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
-
Медицинада тағайындалған құралдарды бөлшектеген түрінде жуушы ерітіндіге 15 минутқа салыңыз, ерітіндіні алдын-ала құралдардың қуысынан өткізіп, қақпағын жабыңыз. -
Әрбір затты 0,5 минут бойы жуушы ерітіндіде ершпен (дәке тампонымен) тазартыңыз (құралдардың каналынан жуушы ерітіндіні өткізіңіз). -
Медицинада тағайындалған құралдарды лотокқа салыңыз. -
Құралдардың қуысынан каналынан суды өткізе отырып, әрбір құралды 10 минут бойы ағынды судың астында жуыңыз. -
Азопирам байқауымен залалсыздандыру алдындағы тазалықтын сапасына бақылауды жүргізіңіз. -
Азопирам реактивінен жұмысшы ерітіндіні даярлаңыз (жұмысшы реактивтін пайдалану мерзімі даярлағаннан кейін 2 сағат). -
Жұмысшы реактивті тамызғышпен медицинада тағайындалған құралдарға тамызыңыз (корпусына және қуысына, биологиялық сұйықтықпен жанасқан жерлеріне). -
Медицинада тағайындалған құралдарды аққан реактивтің түсін бақылай отыра мақтаның немесе сүрткінің үстінен ұстаңыз. -
Азопирам байқауының нәтижесін бағалаңыз.
Азопирам байқауының нәтижесі
Байқау оң болған жағдайда реактивтің түсі өзгереді:
көк-күлгін түске | егер де заттарда жасырынды қан қалса |
күрең-қоңыр түске | егер де заттарда хлоры бар қышқылдар, тот қалса |
қызғылт түске | егер де заттарда жуушы зат қалдығы қалса |
Реакция оң болады, егер де боялу болса (1 минуттан кейін)
Боялу, кештетіп болатын болса, онда ол есептелмейді (1 минуттан көп);
Қанға реакция оң болса онда тазартылған барлық топ заттар қайтадан өндеуге жатады, жуушы ерітіндіге малынған кезеңінен бастап;
Синтетикалық жуушы заттарға, зарарсыздандыру заттарына реакция оң болса, онда барлық топтағы тазартылған заттар қайтадан тазартылады, ағынды суда шайқау кезеңінен бастап;
Байқау теріс (кері) болса, реактивтің түсі өзгермейді.
-
Қолданған байқауға арналған құралдарға шайқау мен залалсыздандыру алдындағы тазалықтан өткізуді жүргізіңіз. -
Медицинада тағайындалған құралдарды тазартылған суда 0,5 минут бойы жуыңыз. -
Ыстық ауа шкафында t-850С ылғалы толық кеткенге дейін медицинада тағайындалған құралдарды кептіріңіз.
III КЕЗЕҢ. Медицинада тағайындалған бұйымдарды залалсыздандыру
Мақсаты: науқастарға аурухана ішілік және кәсіптік қызметкерлерге жұқпа жұқтырудың алдын-алу, медицинада тағайындалған құралдарда барлық микроорганизмдерді және оның ұрықтарын жою.
Бұйымдардың материалына байланысты, залалсыздандырудың әдісі мен тәртібі таңдалады.
-
Тордағы немесе ораудағы құрғақ бұйымдарды, тиеу нормасына сәйкес стерилизаторға орналастырыңыз. -
Залалсыздандыруға химиялық бақылауды жүргізіңіз. Залалсыздандыру индикаторын бу стерилизаторындағы нүктелерге конверт әдісімен, ауа стерилизаторында қабаттастырып 3 нүктеге орналастырыңыз. -
Залалсыздандырудың әрбір түрін сәйкесті режимде ұстаңыз.
-
автоклавта – t-1200С, +20С, 0,1 атм 15 минут; t-1320С, -20С, 2 атм 20 минут -
ыстық ауа шкафында t-1600С, 150 минут, t-1800С 60 минут
-
Залалсыздандыру тәртібін бақылаңыз. Термиялық залалсыздандыру біткеннен соң, оның индикаторын эталонына сәйкес тексеріңіз. -
Залалсыздандырылған бұйымдарды залалды зонаға түсіріңіз. -
Химиялық залалсыздандыруда медициналық бұйымдарды стерилиянттары бар ыдысқа орналастырып, қақпағын тығыз жабыңыз. Химиялық залалсыздандыру біткен соң бұйымдарды тазартылған сумен жуып, қолданады немесе асептикалық жағдайда кейін сақтау мақсатымен орауға ораңыз. -
Стерилизаторлардың жұмысын есептейтін журналды толтырыңыз.
Таңғыш материалдарды залалсыздандыру қорабына (бикске) салу
Мақсаты: автоклавта зарарсыздандыру үшін салу және регламенттеу уақыты бойынша сақтау процесінде зарарсыздықты сақтау.
Дайындаңыз: зарарсыздандыру ерітіндісін, «бикстерге арналған» таңбалы шүберекті 2 дана, шүберектерді, зарарсыздандыруға арналған ыдыстарды, қолғапты, дем пердесін, бикстің ішкі бетіне төсеуге арналған сүрткілерді (үлкен бөз матадан жасалған), дәкелік қаптардағы таңғыш материалдарды (сүрткілерді, турундаларды, мақта шариктерін және т.б.). Әрбір бикске 3 данадан зарарсыздық индикаторын, бөлімшесі (кабинеті) көрсетілген бирканы, бикстің ішіндегі заттарды, салу және зарарсыздандыру күнін және салуды жүргізуші, зарарсыздандыруға жауапты мейірбикелердің қолын қою үшін - бос колонканы, фильтрі бар немесе фильтрсіз әр түрлі көлемдік және мөлшерлік зарарсыздандырылған қораптарды.
Іс-әрекет алгоритмі:
-
Гигиеналық деңгейде қолыңызды тазартыңыз. -
Бикстің (қораптың) бүтіндігін тексеріңіз. -
Қолғапты, дем пердесін киіңіз. -
Бикстің ішін және сыртын тізбектілікппен 2 рет, әртүрлі шүберекпен зарарсыздандыру ерітіндісімен тазартыңыз. -
Шүберекті зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысқа салыңыз. -
Қолғапты, дем пердесін шешіңіз. -
Қолыңызды жуып, құрғатып сүртіңіз. -
Бикстерге салу нормасымен және салу түрлеріне (түрлік, мақсаттық және универсалды) сәйкесті таңғыш материалды салуға дайындаңыз. -
Бикстің торын ашыңыз (фильтрсіз). -
Фильтрсіз бикстің түбіне және шеттеріне салфетканы төсеңіз, ол бикстің 2/3 биіктігінен салбырап тұруы қажет. -
Бикстің түбіне (бақылау нүктесіне) залалдық индикаторын орнатыңыз. -
Таңғыш материалды қабаттап салыңыз:
-
сектормен (шеңбердің бөлім арасы), -
тік (қақпағына перпендикулярды), -
бос қопсытып.
-
Бикстің ортаңғы бөлігіне зарарсыздық индикаторын орналастырыңыз. -
Барлық салынған материалды бикстің шетінде салбырап тұрған сүрткі жабыңыз. -
Бикстің қақпағының астына зарарсыздық индикаторын салыңыз. -
Бикстің қақпағын кілттеп жабыңыз. -
Бикстің тұтқасына таңбаны байлаңыз. -
Салынған күнін және жауапты адамның қолын қойыңыз.
ІІ. ЖАРАҚАТТАНҒАНДА, ҚАНМЕН ЖӘНЕ БАСҚА ДА
БИОЛОГИЯЛЫҚ СҰЙЫҚТЫҚТАРМЕН ЖАНАСҚАНДА
МЕЙІРБИКЕНІҢ ӨЗ-ӨЗІНЕ ЖӘНЕ ӨЗАРА ЖӘРДЕМ
(КӨМЕК) КӨРСЕТУІ
Науқастың биологиялық сұйықтығы арқылы таралатын, вирустік және бактериалдық жұқпаны жұқтыру қауіп-қатері жағдайындағы мейірбикенің жұмыс жасау ерекшеліктері
Манипуляцияны орындау уақытында, биологиялық сұйықтық байқаусызда мейірбике қолының терісіне, көздің және мұрынның сілемей қабығына, бет терісіне, еріндеріне және ауыз-жұтқыншақ сілемейлі қабығына түскенде, апаттық дәрі қобдишасын қолдануы қажет.
АПАТТЫҚ ДӘРІ ҚОБДИШАСЫ
Апаттық жағдайда апаттық дәрі қобдишасы құрамына кіреді:
№ | Крафт пакетіндегі таңғыш материал | Саны, мөлшері |
| Крафт пакетіндегі көз тамызғыштары | 4 дана |
| Аспадан ерітіндіні езуге арналған ыдыс | 3дана залалсыздандырылған |
| Ундинка (көзді жууға арналған кішкене ыдыс) | 2дана залалсыздандырылған |
| 70% этил спирті | 100мл |
| 5% йод ерітіндісі | 10 мл |
| 0,05% калий перманганат ерітіндісі, | 10 мл |
| 1% протаргол ерітіндісі | 10 мл |
| 6% сутегі асқын тотығы ерітіндісі | 100 мл |
| саусаққа киетін резеңке | 2-3 дана |
| Бактериацидті жабысқыш пластырь | 2-3 дана |
| Қайшы | 1 дана |
| Кейбір антисептикалық заттар аспамен сақталады және қолданар алдында даярланады, оған жататындар: | |
13 | Протаргол | 0,1г-орау |
14 | калий перманганат | 0,005г-5 орау |
15 | Залалсыздандырылған дистилденген су 10 мл-ден | 6 ампула |
ВИЧ-КЕ ҚАРСЫ ДӘРІ ҚОБДИШАСЫ
Адам вирус иммунитеті тапшылығына қарсы арналған жабдықтар
-
70% этил спирті -
5% йод ерітіндісі -
жабысқыш пластырь -
марганец қышқыл калий аспасы -
марганец қышқыл калийді езуге арналған дистилденген су 1:10 000 (0,05%) -
1% бор қышқылы ерітіндісі -
1% протаргол ерітіндісі
НАУҚАСТЫҢ БИОЛОГИЯЛЫҚ СҰЙЫҚТЫҒЫ МЕЙІРБИКЕНІҢ
БЕТ ТЕРІСІНЕ, ЕРІНДЕРІНЕ ЖӘНЕ АУЫЗ-ЖҰТҚЫНШАҚ
СІЛЕМЕЙЛІ ҚАБЫҒЫНА БАЙҚАУСЫЗДА ТҮСКЕНДЕ
ЖАСАЛАТЫН МЕЙІРБИКЕНІҢ ІС-ӘРЕКЕТІ
Мақсаты: ауруханалық жұқпалы аурудың алдын-алу, вирустік және бактериалдық жұқпа жұқтыру қауіп-қатерін алдын алу
Қолдану көрсетілімдері: медициналық қызметкердің бет терісіне, еріндеріне және ауыз-жұтқыншақтың сілемейлі қабығына науқастың биологиялық сұйықтығы түскенде.
Дайындаңыз: залалсыздандырылған 2 лотокты, залалсыздандырылған пинцетті, апаттық дәрі қобдишасын, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді.
Іс-әрекет алгоритмі:
-
Дәрі қобдишасынан крафт-пакетін таңғыш материалмен алыңыз, лотокқа салыңыз. -
Дәрі қобдишасынан 70% спиртті немесе 0,05% калий перманганат ерітіндісін алыңыз. -
Залалсыздандырылған дәке тампонын 70% спирт немесе 0,05% калий перманганат ерітіндісімен суландырып, бет терісінен және еріндерінен науқастың биологиялық сұйықтығын, саусақтардың қозғалысымен кетіріңіз. Пайдаланған таңғыш материалды қауіпсіз жоюға арналған контейнерге тастаңыз. -
70% спирт немесе 0,05% калий перманганат ерітіндісімен суландырған дәке тампондарымен қайтадан бет терісі мен еріндерін тазартыңыз. -
ауыз қуысын сумен, сосын 70% спирт немесе 0,05% калий перманганат ерітіндісімен бірнеше рет шайқаңыз (жұтқыншаққа суды түсірмеуге тырысыңыз). -
Әкімшілікке хабарлаңыз (өндірістегі төтеннен болған жағдай туралы актті және журналды толтырыңыз).
НАУҚАСТЫҢ БИОЛОГИЯЛЫҚ СҰЙЫҚТЫҒЫ МЕЙІРБИКЕНІҢ
КӨЗ СІЛЕМЕЙЛІ ҚАБЫҒЫНА БАЙҚАУСЫЗДА ТҮСКЕНДЕ
ЖАСАЛАТЫН МЕЙІРБИКЕНІҢ ІС-ӘРЕКЕТІ
Мақсаты: ауруханалық жұқпалы аурудың алдын-алу, вирустік және бактериалдық жұқпа жұқтыру қауіп-қатерін алдын алу