Файл: мейіргер ісі негіздері Пні бойынша мейірбикелік технологиялар стандарттарыны жинаы авторлары М. Ш. Нурманова м.. к., Мейірбике ісі.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 06.11.2023
Просмотров: 1401
Скачиваний: 80
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Активировинный угольді қабылдамаңыз!
Қабылдауға болады: сорпаны, пісірілген етті, балықты, тауықты, сырды, ақ нанды, майды, печеньені, компотты және кисельді.
Тексеру қарсаңында: тек қана сұйық тамақ қабылдауға рұқсат беріледі (сорпа, кисель, жұмсақсыз сөктар)
-
Науқасқа емшараның мақсаты мен барысын түсіндіріңіз, оны жасауға оның келісімін алыңыз. -
Науқасқа психологиялық дайындықты жүргізіңіз. -
Дайындық ережесінің бұзылуы салдары туралы ескертіңіз (зерттеу нәтижесі дұрыс шықпайды). -
Науқасқа зерттеу таңертең ашқарынға өткізілетінін хабарлаңыз. -
Зерттеуге дейін 2-3 күн бұрын іш кебудің алдын алу үшін шлаксыз диета тағайындалады. -
Фортранс препаратының ерітіндісі зерттеуге дейін тағайындалады. 1 пакеттен аз қолдану қажет (1 литр ерітінді) 15-20 кг дене салмағына. -
Дайындау кезеңі | Зерттеу алдындағы күн | Зерттейтін күн |
1 кезеңді дайындау | 1300 – соңғы тамақты қабылдау 1500 – 1900 – 4 литр фортранс ерітіндісін қабылдау | Күннің бірінші жартысында зерттеу жүргізіледі |
2 кезеңді дайындау | 1500 - соңғы тамақ қабылдау 1700 – 1900 - 2 литр фортранс ерітіндісін қабылдау | 700 - 9 00 - 2 литр фортранс ерітіндісін қабылдау. Күннің екінші жартысында зерттеу жүргізіледі. |
-
Белгіленген сағатқа науқасты эндоскопиялық кабинетке ертіп апарыңыз (ауру тарихымен). -
Зерттеуден кейін науқасты палатасына дейін шығарып салыңыз. Бақылау мен тыныштықты қаматамасыз етіңіз.
Ескерту: жуан ішекті нәжістен, сұйықтықтан және сілемей сұйықтықтардан тазарту – дайындықтың негізгі міндеті, осының дұрыс шешілуі зерттеудің жетістігін қамтамасыз етеді.
науқасты РекторомАноскопияға даЙЫНДАУ
Мақсаты: науқасты зерттеуге сапалы дайындауды қамтамасыз ету; диагностикалық: тік және сигма тәрізді ішектерді қарап зерттеу, бактериологиялық және цитологиялық зерттеуге сілемейлі қабықтан жағынды, қырынды және кеселді ұлпадан үзінді алу.
Дайындаңыз: залалсыздандырылған: ректоскопты, салфеткаларды, вазелинді, шпательді, клеенканы, Эсмарх крушкасын
, суды, шылапшынды, алжапқышты, қолғапты, ішінде зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысты.
Ректороманоскопияны дәрігер жасайды, мейірбике көмекші қызметін атқарады.
Іс-әрекет алгоритмі:
-
Науқасқа емшараның мақсаты, барысы және зиянсыздығы туралы әңгіме жүргізіңіз. -
Таңертең ашқарынға зерттеу өткізілетінін науқасқа хабарлаңыз. -
Науқасқа тазарту клизмасын таңертең сағат 6-да (толық крушка) және зерттеуге дейін 2 сағат бұрын (толмаған крушка) қойыңыз. Науқас зерттеуге дейін тік қалыпта болуы тиіс. -
Тұп-тура зерттеу алдында науқастың қуығын босатуын сұраңыз. -
Науқасты манипуляциялық (ректороманоскопия) кабинетіне апарыңыз. -
Науқасты палатаға апарып, бақылауды және тыныштықты қамтамасыз етіңіз.
Ескерту:
-
ректоскоп тік ішекке 25-30 см ара қашықтыққа енгізіледі; -
ішектегі жедел қабыну процесі басылған соң, ректороманоскопия жүргізіледі; -
егер де науқастың іші қатса, онда қосымша зерттеу қарсаңында кешке тазарту клизмасы қойылады; -
науқастың ішегін дайындау және зерттеу арасында 2 сағаттай үзіліс болуы қажет, неге десеңіз, тазарту клизмасы сілемейлі қабықтың табиғи түрін біршама уақытқа өзгертеді.
Науқасты цистоскопияға даЙЫНДАУ
Мақсаты: науқасты зерттеуге сапалы дайындауды қамтамасыз ету; диагностикалық: қуықтың сілемейлі қабығын қарау; емдік: қуықтан қатерсіз ісік және түймешікті алып тастау.
Дайындаңыз: залалсыздандырылған: цистоскопты, жыныс мүшесін жууға және тазарту клизмасын қоюға арналған құрал-жабдықтарды.
Цистоскопияны дәрігер жасайды, мейірбике көмекші кызметін атқарады.
Іс-әрекет алгоритмі:
-
Науқасқа психологиялық дайындықты жүргізіңіз, зерттеудің мақсатын түсіндіріп, оның келісімін алыңыз. -
Зерттеуді ашқарынға жасаңыз. -
Таңертең зерттеу алдында науқасқа жыныс мүше аймағын мұқият жуу керек екенін ескертіңіз, оны гигиеналық емшара іс-әрекетіне (жуыну) сырткы жыныс мүшесін жууды үйретіңіз. -
Таңертең зерттеуге дейін 2 сағат бұрын тазарту клизмасын жасаңыз. -
Тұп-тура зерттеу жасар алдында науқасқа қуығын босатуды ұсыныңыз. -
Белгіленген сағатта науқасты ауру тарихымен эндоскопиятык кабинетіне ерітіп барыңыз. -
Зерттеуден кейін науқасты палатаға дейін ертіп апарыңыз. -
Зерттеуден кейін 2 сағат бойы төсек тәртібін сақтау қажет екендігін науқасқа ескертіңіз.
Науқасты ультрадыбыстық зерттеулерге дайындау
іш перде қуыс мүшелері (бауыр, өт, ұйқы безі, талақ) және бүйрек
Мақсаты: зерттеуге науқасты сапалы дайындауын қамтамасыз ету.
Қолдану көрсетілімдері: іш перде қуысы және бүйрек мүшелерінің аурулары.
Дайындаңыз: дәрігер тағайындаған дәрілерді, сүлгіні, ақ жайманы.
Ультрадыбыстық зерттеулерді дәрігер жүргізеді, ал мейірбике науқасты дайындайды.
Іс-әрекет алгоритмі:
-
Науқасқа зерттеу мақсаты мен барысын түсіндіріп, оның рұқсатын алыңыз. -
Дайындау ережесін бұзыуының. -
Зерттеу ашқарында жүргізілетінін науқасқа ескертіп қойыңыз. -
Зерттеуге дейін 2-3 күн бұрын тамақтану рационынан жел (газ) жинауды болдырмайтын тамақтарды қабылдамайтынын науқасқа түсіндіріңіз (көкөністер, жеміс-жидектер, сүт тағамдары, қара нан, бұршақ тағамдар, жеміс сөктер), таблеткалы іш айдайтын дәрілер. -
Науқас зерттеу қарсаңында дәрігердің тағайындауы бойынша іш кебуді болдырмайтын дәрілерді қабылдайды. -
8-12 сағат зерттеуге дейін науқас тамақ қабылдауды тоқтатуы керек. -
Зерттеу қарсаңыңда кеште тазарту клизмасын қойыңыз. -
Зерттеу алдында темекі шегуге болмайды. -
Науқас ультрадыбыстық зерттеуге барғанда өзімен бірге сүлгіні және ақ жайманы алады. -
УДЗ кабинетіне науқасты ауру тарихымен ілестіріп апарыңыз. -
Зерттеуден кейін науқасты палатаға апарыңыз.
Кіші жамбас мүшелерін ультрадыбыстық зерттеуге (қуықты, қуық асты безі, жатыр қосалқылары):
-
науқастың дайындығы іш перде қуысы мүшелерінің УДЗ сияқты жүргізіледі; -
науқасқа зерттеуге 2-3 сағат қалғанға дейін 1,5 л сұйықтықты (қайнаған су) ішуі қажет екенін ескертіп қойыңыз; -
науқастан зерттеуге дейін кіші дәретке (толық қуық) отырмауын сұраңыз.
науқасты Бронхографияға дайындау
Бронхография – тыныс алу (бронхтардың) мүшелерінің ауа жүретін жолдарын контрасты әдіспен зерттеу.
Мақсаты: бронхиальды ағаштың тесік жағдайын зерттеу, бронхтармен қатынасты қуысты ісіктерді анықтау.
Қолдану көреетілімдері: бронхоэктазды ауру, бронхиальды ағаштың аномальды дамуы, созылмалы бронхит, бронх-өкпе кисталары, бронх пен өкпенің қатерсіз және қатерлі ісіктері және т.б.
Қарсы көрсетілімдері: жоғарғы дене қызуымен болатын жедел өкпе аурулары, өкпеден тыс этиологиясындағы қызбалық жағдай, жүрек ақауы, өкпеден қан кету.
Асқынулар: контрасты затқа аллергиялық реакциялар.
Бронхог
рафияны дәрігер жүргізеді.
Мейірбикенің іс-әрекет алгоритмі:
-
Науқаспен сенімді қарым-қатынас орналастырыңыз. -
Алда болатын зерттеудің мақсатын, барысын және мағынасын науқасқа түсіндіріңіз және оның келісімін алыңыз. -
Зерттеу алдында таңертен тамақ қабылдауды, су ішуді, темекі шегуді тоқтатыңыз (зерттеу таңертең аш қарында жүргізіледі). -
Науқасты ауру тарихымен тағайындалған уақытқа рентген кабинетіне апарыңыз.
Рентген кабинеті мейірбикесінің іс-әрекет алгоритмі:
-
Науқасты орындыққа отырғызыңыз. -
Жоғарғы тыныс алу жолдарын мұрын арқылы (ауыз) жансыздандыру үшін қажетті заттарды дайындаңыз. -
Анестетикті ауыз жұтқыншаққа тозаңдатыңыз (шашыратып себіңіз). -
Бронхтың тесігіне жергілікті жансыздандыру жүргізу үшін йодолипол контрасты затын енгізіңіз. -
Ренген кабинетінде науқасқа көп сериялы суреттер жасалады, рентген кабинетінен мейірбике шығады. -
Науқасты палатаға апарыңыз. -
Бақылау мен тыныштықты қамтамасыз етіңіз.
науқасты Асқазан және он екі елі ішекті рентгенологиялық зерттеуге дайындау
Асқазан және он екі елі ішекті рентгендік зерттеу – бұл зерттеу контрасты заттарды (сульфат барий) қолдана отырып, қуысты мүшелерді рентген сәулесімен түсіруге негізделген.
Мақсаты: диагностикалық: рентгеноскопия және рентгенография асқазан мен он екі елі ішектің түрін, көлемін, қалпын, жылжымалығын анықтау. Эрозияның (жалақ жараның), ойық жаранын, жаңа өспенің орналасқан жерін анықтау; асқазанның шырышты қабығының функциональды жағдайын, эвакуациялық қабілеттілігін зерттеу.
Қолдану көрсетілімдері: асқазан және он екі елі ішек аурулары.
Қарсы көрсетілімдері: ойық жарадан қан кету.
Дайындаңыз: Эсмарх крушкасын, залалсыздандырылған ұштықты, вазелинді, шпательді, клеенканы, жаялықты, штативті, сульфат барий жүзінің (100-150 гр), резеңке қолғапты, жолдама бланкілерін (зерттеу әдісінің атын, науқастың аты-жөнін, жасын, мекен жайын немесе ауру тарихы номерін, диагнозын, зерттеу күнін) зарарсыздандыру ерітіндісін, судноны.
Рентгендік зерттеуді дәрігер жүргізеді.
Посттық мейірбикенің іс-әрекет алгоритмі:
-
Алда тұрған зерттеу мәнісі туралы негізгі мәлімдемені қолайлы түрде жасырын жағдайда науқасқа беріңіз (немесе оның жанүя мүшелеріне). -
Зерттеуді жүргізуге науқастың келісімін алыңыз. -
Зерттеуге дейін 2-3 күн бұрын іш кебудің алдын алу үшін тамақ рационынан желді болдыратын тағамды алып тастау қажеттілігі туралы науқасқа ескертіңіз. -
Зерттеу таңертең ашқарында жүргізілетінін науқасқа хабарлаңыз. Зерттеу алдында соңғы тамақ қабылдау кешкі 20,00 сағаттан кешіктірілмеуі керек. -
Егер де іш қату болса, онда дәрігердің тағайындауы бойынша кешке зерттеу қарсанында тазарту клизмасы қойылады. -
Науқасты ауру тарихымен тағайындалған уақытқа рентген кабинетіне апарыңыз.
Рентген кабинеті мейірбикесінің іс-әрекет алгоритмі:
-
Зерттеуді жүргізгенде сульфат барий жүзін (100-150 гр) 1 стакан суға езіп науқасқа ішкізіңіз. -
Суреттерді орындаған уақытта мейірбике рентген кабинетінен шығып кетеді. -
Зерттеуден кейін науқасты палатаға апарыңыз.
Науқасты ирригоскопияға дайындау
Жуан ішекті рентгенологиялық зерттеу – бұл зерттеу әдісі контрасты заттарды қолданумен қуысты мүшелерді рентген сәулесімен түсіруге негізделген.
Мақсаты: диагностикалық: жуан ішектің әртүрлі бөлімдерінің орналасуы, ұзындығы, қалпы, тонусы, түрі туралы түсінік алады, моторлы қызметінің бұзылуын айқындау, жуан ішектін шырышты қабығындағы қабыну үдерістерін, ісіктерді, ойық жараны, жалақ жараны айқындауды.