Файл: мейіргер ісі негіздері Пні бойынша мейірбикелік технологиялар стандарттарыны жинаы авторлары М. Ш. Нурманова м.. к., Мейірбике ісі.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 06.11.2023
Просмотров: 1400
Скачиваний: 80
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Қолдану көрсетілімдері: жуан ішектің барлық аурулары.
Қарсы көрсетілімдері: ішек түйнегі, ойық жара колитінің өршу кезеңі, ішектен қан кету.
Дайындаңыз: Эсмарх крушкасын, 1,5-2 л мөлшеріндегі ыдыстағы суды, вазелинді, шпательді, клеенканы, жаялықты, штативті, резеңке қолғапты, судноны, зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысты, барий сульфаты жүзгінің (1,5 л, t36-370С, шылапшынды, лотокті, сүрткілерді, су термометрін, ал жапқышты, фортрансты, адсорбенттерді, ферментті дәрілерді, жолдама бланкісін (зерттеу әдісінін атын, науқастын аты жөні, жасы, мекен жайы немесе ауру тарихының нөмерін, диагнозын, зерттеу күнін).
Ирригоскопияны дәрігер жүргізеді.
Посттық мейірбикенің іс-әрекет алгоритмі:
-
Науқаспен сенімді қарым-қатынас орнатыңыз. -
Науқасқа зерттеу мақсаты мен барысын түсіндіріп, оның келісімін алыңыз. -
Науқасқа психологиялық дайындықты жүргізіңіз. -
Ішекте газ пайда болдыратын, ашып іритін тағамдарды тамақ рационынан алу қажеттілігі туралы науқасқа ескертіңіз және зерттеуге дейін 2-3 күн қалғанда оған мол сұйықтықты қамтамасыз етіңіз. -
Дәрігердің тағайындауы бойынша науқасқа ферментативті препараттарды беріңіз. -
Күндізгі сағ.12-де зерттеу алдында фортрансты схема бойынша беріңіз. -
18 сағаттан кешіктірмей жеңіл кешкі тамақпен қамтамасыз етіңіз. -
Кешке зерттеу қарсаңында (20 және 22 сағатта) науқасқа 2 жоғарғы тазарту клизмасын 1,5 л-дай қойыңыз 2 сағат «таза су» әсерлігіне дейін 2 сағат аралығында. -
Тәнертең зерттеуге дейін 2 сағат қалғанда науқасқа 1 сағат аралықпен 2 тазарту клизмасын қойыңыз. -
Зерттеуге дейін 3 сағат қалғанда таңертең жеңіл белокты тамақты науқасқа қамтамасыз етіңіз, жіңішке ішектің ішіндегі зат жуан ішекке рефлекторлы жылжу үшін. -
Тағайындалған уақытқа науқасты рентгенологиялық кабинетіне ауру тарихымен ертіп апарыңыз.
Рентгенологиялық кабинеті мейірбикесінің іс-әрекет алгоритмі:
-
Науқасты сол жақ қырына аяғын ішіне келтіріп жатқызыңыз. -
Рентген кабинетінде науқасқа клизма көмегімен барий сульфатын 1,5 л дейін (t-36-370С) енгізіңіз. -
Рентгенологиялық зерттеуді жүргізгенде мейірбике рентген кабинетінен шығады. -
Зерттеуден кейін науқасты палатаға апарыңыз.
Ескерту:
-
ішекте газ пайда болуын азайту мақсатымен зерттеуге 3 күн қалғанда тамақ рационынан: шикі көкөністерді, жеміс-жидектерді, жеміс соктарын, қара бидай наны, сүт және дрожжалық тағамдарды, тәтті тағамдарды алып тастаңыз; -
тағайындаңыз: ботқаларды, кисельді, омлетті, пісірілген ет және балық тағамдарын, жұмыртқаны, ірімшікті, сырды, ақ нанды, сорпаны, ақ сухариларды.
науқасты Көк тамырлық (экскреторлық) пиелографияға дайындау
Бүйректі және зәр бөліну жолдарын рентгенологиялық зерттеу – контрасты затты (урографин, верографин, триобраст жэне т.б) парентеральдық жолмен енгізуге негізделген.
Мақсаты: диагностикалық: зәр жүйелері мүшелерінің орналасуын анықтау, бүйректің көлемін және түрін бағалау, функциональды қабілеттілігін аныктау (контрасты заттын жиналуы және бөлінуі бойынша), осы мүшелерде конкременттердің барлығын, зәрағар жолы өткізгіштігін анықтау.
Қолдану көрсетілімдері: бүйрек және зәр шығару жолдарының барлық аурулары.
Қарсы көрсетілімдері: бүйректің өткір аурулары, геморрагиялық диатездер, йод препараттарына сезімталдығы жоғары, тиреотоксикоз, созылмалы бүйрек жетіспеушілігі.
Асқынулар: йод препараттарына деген аллергиялық реакция.
Дайындаңыз: дәрігердің тағайындауы бойынша контрасты парентеральды затты, көк тамырға инъекция жасауға арналған лоток құрал-жабдықтарымен, анафилактикалық шокта жедел көмек көрсетуге арналған жиынтық, 30% тиосульфат натрий ерітіндісі (йоды бар контрасты препараттарға арналған арнайы антидот), жолдама бланкісі (зерттеу әдісінің аты, науқастың аты – жөні, жасы, мекен жайы немесе ауру тарихының номері, диагнозы, зерттеу күні көрсетіледі).
Пиелографияны дәрігер жүргізеді.
Посттық мейірбикенің іс-әрекет алгоритмі:
-
Алдағы зерттеудің маңызы туралы негізгі хабарламаны түсінікті түрде науқасқа жасырын жағдайда беріңіз. -
Зерттеуді жүргізуге науқастың келісімін алыңыз. -
Зерттеуге дейін 3 күн бойы тамақ рационынан жел (газ) болдыратын тағамдарды (көкөністер, жеміс-жидектер, сүт, дрожжыдан жасалған тамақтар, қара нан, жемістен жасалған соктар) қолданбайды. -
Іші кепкенде науқас 3 күн бойы дәрігер тағайындаған препораттарды қабылдайды. -
Бір күн бұрын кеште (22 сағатта) және таңертең 1,5-2 сағат зерттеуге дейін науқасқа тазарту клизмасын «таза су» нәтижесі болғанша құйыңыз. -
Зерттеуді ашқарында жүргізу қәжетілігі туралы науқасқа ескертіңіз (соңғы тамақты қабылдау зертеуге дейін 18-20 сағат бұрын). Таңертең зерттеу алдында тамақты, сұйықтықты, дәрілерді қабылдамау керек, темекі шегуге болмайды, инъекциялар және басқа да емшаралар жасалмайды. -
Зерттеуге 1-2 сағат қалғанда контрасты заттарға сезімталдық байқауын жасаңыз t-370С дейін жылытылған, 1,0 мл контрасты затты көк тамырға енгізеді. -
Тура зерттеу жүргізер алдында науқастан қуығын босатуын сұраңыз. -
Тағайындалған сағатқа науқасты ауру тарихымен рентген кабинетіне ілестіріп апарыңыз.
Рентген кабинеті мейірбикесінің іс-әрекет алгоритмі:
-
Науқасқа шолу суреттері жасалады, осы уақытта мейірбике рентген кабинетінен шығады. -
Дәрігердің тағайындауы бойынша науқасқа t-370С дейін жылытылған 20-50 мл контрасты затты 8-10 минут бойы ақырын науқастың көк тамырына енгізіңіз. -
Анықталған аралық уақыт арқылы науқасқа суреттер сериясы орындалады. -
Суреттерді жасағанда мейірбике рентген кабинетінен шығады. -
Зерттеуден кейін науқасты палатаға апарыңыз. Науқасқа бақылау мен тыныштықты қамтамасыз етіңіз.
ХV. Сүңгілі манипуляциялар
АСҚАЗАНДЫ ЖУУ
Мақсаты: диагностикалық: емдік, өңеш арқылы асқазан ішіндегі затты шығару.
Қолдану көрсетілімдері: сапасы төмен тамақпен, дәрі-дәрмектермен, ішкілікпен, саңырауқұлақпен, иісті газбен уланғанда.
Қарсы көрсетілімдері: асқазан-ішек жолдарынан қан кету; ауыз қуысы, жұтқыншақтың, өңештің, асқазанның қабыну аурулары; асқазан және өңеш күйігі, инфаркт миокардасы, ми қан айналысының бұзылуы, бронхиальды астма, өңештің тарылуы.
Дайындаңыз: залалсыздандырылған: жуан асқазан сүңгісін және резеңке түтікті (ұзындығы 70 см), сүңгілерді жалғастыратын шыны түтікті, сыйымдылығы 0,5-1 л дейінгі шыны құйғыны, лотоктарды, шылапшынды, бөлме температурасындағы 10-12 л шелектегі таза суды (t-20-220С), резеңке қолғапты 2 клеенкалы алжапқышты, сыйымдылығы 1 л дейінгі құмыраны немесе крушканы, дәке салфеткаларын, зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысты, құрғақ хлорлы әкті, сүлгіні немесе ақ жайманы, зерттеуге жіберетін бланк жолдамасын, қақпағы бар таза құрғақ банканы.
Іс-әрекет алгоритмі:
-
Науқасқа емшара барысы мен мақсатын түсіндіріп, оның рұқсатын алыңыз. -
Науқасқа және өзіңізге клеенкалы алжапқышты байлаңыз. -
Науқасты орындыққа арқасын орындықтың арқалығына тығыз тигізіп басын аз ғана алдына қарай еңкейтіп отырғызыңыз. -
Алмалы-салмалы тіс протезін алыңыз (егер де олар болса). -
Науқастың қолын орындықтың арқалығына кіргізіп, осы қалыпта сүлгімен немесе ақ жаймамен байлаңыз. -
Науқастың тізелерін ажыратып, екі аяғының ортасына жуынды суға арналған шылапшынды немесе шелекті қойыңыз. -
Науқастың артынан немесе оң жағынан тұрып, басты сәл артқа қарай бұрыңыз. -
Гигиеналық деңгейде қолыңызды тазартып, қолғапты киіңіз. -
Қолыңызға залалсыздандырылған жуан асқазан сүңгісін алып, оның аралығын өлшеңіз: бірінші белгі – науқастың төменгі күрек тісінен (саңылаусыз ұшымен) кіндікке дейін және екінші белгі – оған науқастың бір алақанының жалпағын (4 саусақтың жалпағы) қосыңыз. -
Шыны түтік арқылы сүңгілерді жалғастырыңыз. -
Науқасқа сүңгіні енгізген уақытта оны тіспен қысуға, жұлып алуға болмайды, тек мұрынмен демалып, жұту қозғалысын жасауды түсіндіріңіз. -
Сүңгінің саңылаусыз ұшын жылы сумен сулаңыз. -
Науқастан аузын ашуды сұраңыз. Сүңгінің саңылаусыз ұшынан 10 см аралықтан, оң қолыңызбен ұстап оның ұшын тілдің түбіріне салыңыз. -
Науқасты жұтыну қимылын жасауын сұрап, мұрын арқылы терең дем ал деп, ақырындап сүңгіні өңешке енгізіңіз. -
Қажет белгіге дейін сүңгіні асқазанға енгізіп, сүңгіге құйғыны жалғастырып, оны науқастың тізе деңгейіне дейін аз ғана енкейтіп түсіріңіз, асқазандағы зат ағу керек. -
Құйғыға 1 л суды құйыңыз, оны құйғының шетіне дейін толтырыңыз. -
Құйғыны ақырын көтеріңіз, су тек қана құйғыштың түбіне жеткенде, ол асқазан затымен толмағанша науқастың тізе деңгейінен төмен түсіріңіз. -
Құйғының ішіндегі нәрсені (құсықты) шылапшынға құйыңыз. -
Асқазанды жууды бірнеше рет таза жуынды су шыққанша қайталаңыз. -
Салфетка көмегімен асқазаннан сүңгіні ептеп шығарыңыз. -
Клеенкалы алжапқышты шешіңіз. -
Сүңгіні, резеңке түтікті құйғыны зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысқа салыңыз. -
Науқастың аузын сумен шайғызып, ауыз айналасын салфеткамен сүртіңіз. -
Қолғапты шешіп, қолыңызды жуып, құрғатыңыз. Салфеткаларды, қолғапты қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз. -
Науқасты палатаға апарып, жатуына көмектесіңіз. -
Науқасты физикалық және психикалық тыныштықпен қамтамасыз етіңіз. -
Жолдаманы толтырып, жуынды судың бірінші порциясын (200 мл маңында) бактериологиялық лабораторияға зерттеуге жіберіңіз. -
Жуынды суға зарарсыздандыруды жүргізіңіз.
Ескерту:
-
сүңгіні енгізгенде оның асқазанға ерікті өтуіне бақылау жүргізу қажет; -
егер де жуынды суда қан көрінсе, онда емшараны тоқтатып, дәрігерді шақырыңыз; -
шылапшындағы жуынды судың мөлшері құйғы арқылы енгізген сұйықтықтың көлемімен сәйкес болуы керек; -
егер де науқас құсқысы келсе, онда сүңгіні енгізуді тоқтатады, одан бірнеше рет терең мұрынмен дем алуын сұраңыз, сосын енгізуді жалғастырыңыз; -
сүңгіні енгізгенде науқаста жөтел болса, тыныс алу қиындаса, беті көгеру пайда болса (сүңгі көмекейге немесе кеңірдекке түскен), онда сүңгіні кері тез шығарып алыңыз және қайтадан оны енгізіңіз.
АСҚАЗАНДЫ СҮҢГІСІЗ ӘДІСПЕН ЖУУ
Мақсаты: емдік: уытсыздану – уытты заттардың әсер етуін тоқтату және оларды организмнен шығару.
Дигностикалық: химиялық заттарды, микроорганизмдерді және олардың уыттарын жуынды судан анықтау.
Қолдану көрсетілімдері: сапасы төмен тамақпен, дәрілермен, химиялық заттармен улану.
Дайындаңыз: ішінде суы бар 2-3 л ыдысты, стаканды, сүлгіні немесе салфеткаларды, дезинфектанты бар контейнерді, жуынды суға арналған ыдысты (шылапшынды).
Іс-әрекет алгоритмі:
-
Орындыққа науқасты отырғызыңыз; -
Науқастын аяғына жуынды суға арналған ыдысты қойыңыз; -
Науқастың кеудесін сүлгімен немесе салфеткамен жабыңыз; -
Гигиеналық деңгейде қолыңызды өңдеңіз; -
Науқасқа 4-6 стакан суды қатарынан ішуге ұсыныңыз; -
Құсық рефлексін шақыру үшін оң немесе сол қолдың 2-3 саусақтарымен, шпательмен тілдің түбірін тітіркендіруін науқастан сұраңыз. -
«Таза жуынды су» алынғанша емшараны бірнеше рет қайталаңыз; -
Науқасқа ауызын шайқау үшін су беріңіз, ауыз айналасын салфеткамен сүртіңіз;
Ескерту:
-
Белгісіз у мен уланғанда құсығын таза құрғақ банкаға жинаңыз; -
Банкінің қақпағын тығыз жабып, жолдаманы толтырып лабораторияға зерттеуге апарыңыз.
Науқасты дайындау және асқазанға фракциялық
әдіспен жіңішке сүңгімен сүңгілеуді жүргізу
Мақсаты: диагностикалық: асқазан ішіндегі затты алу, асқазанның секреторлы, қышқылды бөлу және қозғалыс қызметтерін зерттеу.
Қолдану көрсетілімдері: диагностикалық: қышқылы жоғары созылмалы гастритте немесе қышқыл бөлу төмендеуінде асқазанның қызметін анықтау.
Қарсы көрсетілімдері:
өңештен және асқазаннан қан кету, эзофагит, асқазан ойық жарасының өршу қезеңі, порталды гипертензия стенокардия, бронхиальді астма, гипертония, жүктіліктің 2 жартысы, науқастың халі ауыр жағдайы.
Асқынулар: асқазаннан қан кету, талып қалу, коллапс және т.б.
Дайындаңыз: залалсыздандырылған бір рет қолданылатын жіңішке асқазан сүңгісін, таза бүйрек тәрізді лотокті, асқазан сөлі үлестерін бөлек-бөлек сақтауға арналған 9-11 дана ыдысты (белгіленген банка немесе пробиркалар), 20 мл шприцті, қысқышты, сүлгіні, қолғапты, клеенкалы алжапқышты, салфеткаларды, парентеральды сынаптық ас – 0,1% гистамин ерітіндісін немесе 0,25% пентагастрин ерітіндісін, лабораторияға жолдама жазыңыз, онда науқастың аты-жөні, бөлімшесі, палатасы, зерттеу күні, үлестердің нөмері көрсетіледі.
Іс-әрекет алгоритмі:
-
Зерттеуді таңғы уақытта аш қарынға жүргізіңіз. -
Науқасқа психологиялық дайындықты жүргізіңіз және оған емшара реттілігі туралы түсіндіріп, оның келісімін алыңыз. -
Науқасты жоғары арқасы бар орындыққа ынғайлы және дұрыс отырғызыңыз, оны орындықтың арқасына тығыз сүйенуін ұсыныңыз. Басын сәл алдына карай еңкейтіңіз. -
Науқастың кеудесін, ішін және аяғын клеенкалы алжапқышпен жабыңыз, ал мойынына және кеуде үстіне сүлгіні жабыңыз. -
Қолыңызды гигиеналық деңгейде жуып, қолғапты киіңіз. -
Ағып жатқан сілекейді және шырышты жинау үшін науқастың қолына лотокты беріңіз. -
Емшара алдында науқас алмалы-салмалы протезді алғанын қадағалаңыз. -
Сүңгінің жұтатын ара қашықтығын өлшеңіз (төменгі күрек тістен кіндікке дейінгі аралық – бірінші белгі және науқастың бір алақан аралығын қосыңыз – екінші белгі). -
Залалсыздандырылған сүңгіні пакеттен (пинцетпен) алып, сақталу мерзімін және саңылаусыздығын тексеріңіз. -
Залалсыздандырылған сүңгіні оң қолыңызбен саңылаулы ұшынан 10-15 см аралықтан жазатын қаламұштай етіп алыңыз, ал сол қолмен бос ұшынан ұстаңыз. -
Науқастан аузын ашуын сұраңыз, суландырылған сүңгінің саңылаулы ұшын тілдің түбіріне салып, сосын терең жұтқыншаққа қарай енгізіңіз. -
Науқастың мұрын арқылы терең дем алуын, жұтыну қозғалысын жасап, сүңгіні өңешке және асқазанға қарай қажетті белгіге дейін енгізіңіз (егер де науқас жөтелсе онда тез арада сүңгіні шығарып алыңыз!). -
Науқасқа ескертіңіз, сүңгіні тісімен қысуға болмайды және сілекейін жұтпай сүлгіге түкіріп тастауы керек. -
Сүңгінің бос ұшына шприцті қосыңыз. -
Ашқарындағы асқазан сөлін алыңыз (№ 1 үлес – «ашқарындағы» сөлдену). -
Бір сағат бойы әрбір 15 минут сайын ыдысты ауыстыра отырып асқазан сөлін алыңыз (№ 2, № 3, № 4, № 5 үлестік – «өзекті» сөлдену). -
Асқазан сөлін бөлетін парентеральды тітіргендіргішті енгізіңіз: 0,1% 0,01 мг гистамин ерітіндісін тері астына немесе 0,25% пентагастрин ерітіндісі 1 кг дене салмағы есебіне 6 мкг. -
10 минуттан кейін 10 мл асқазан сөлін алыңыз (№ 6 үлес). -
Тағы да 15 минуттан кейін барлық асқазан сөлін алыңыз (№ 7 үлес). -
Бір сағат бойы әрбір 15 минут сайын ыдысты ауыстыра отырып, асқазан сөлін алыңыз (№ 8, № 9, № 10, № 11 – үлестері «ынталандыру» сөлдену). -
Салфетканың көмегімен асқазаннан сүңгіні шығарып алыңыз, науқастың аузын шайқаңыз, ауыз айналасы терісін салфеткамен сүртіңіз. -
Қолданылған сүңгіні, қолғапты, салфеткаларды қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз. -
Барлық 11 үлестердегі асқазан сөлін жолдамамен бірге және қоздырғышын көрсетіп лабораторияға жіберіңіз.