Файл: Информатика жне апараттыкоммуникациялы технологиялар кафедрасы Білім беру бадарламасы 6В01514 Информатика.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 07.11.2023

Просмотров: 357

Скачиваний: 3

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Шағын комплектілі мектептердегі оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыру ерекшеліктері.

ШЖБМ-тегі оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастырудың ерекшеліктері:

- бір сыныппен жұмыс істегенде сабақтың мақсаты, логикалық құрылымы оқушы мен оқытушыға бірдей, ал бірнеше сыныппен жұмыс істеуде бір сабақ әрқайсысы бір сабақ ретінде бірнеше кішкентай сабақтардан тұрады да, мұғалім бір күнде 8-16 сабаққа, оның әр бөлігін санағанда, 32-40 сабақшаларға, олардың логикалық байланысы әр кезеңнің мақсаты мен міндетіне қарай уақытында тиянақты дайындалуы қажет.

- бір сабақтың үстінде мұғалім әр түрлі жастағы, ой-өрісі мен білім дәрежесі әр түрлі оқушылармен жұмыс жүргізеді, сондықтан ол балалардың психологиясын жақсы білуі тиіс;

- шағын жинақты мектептер орта мектептерден алшақ орналасады, сондықтан мұғалімнің басқа оқытушылардың сабақтарына қатысып, араласу, тәжірибе алмасу, үлгі алу мүмкіндіктері аз болады, шыңдалудан гөрі жауапкершіліктері төмендеп, сабақ тиімділігін төмендету қаупі туады.

- мұғалім сабақ барысында ұйымдастырылатын өздік жұмыстардың мазмұнын, көлемін, оларды орындау әдіс-тәсілдерін түрлендіріп, оқушылардың білім деңгейіне, жас ерекшеліктеріне, орындау жылдамдықтарына қарай лайықтап, орындау уақытын белгілеп, оны тиянақты болмауды ойластыруы қажет. Өз бетімен жұмысты орындау әрбір оқушыға түсінікті болуы керек және де көрнекі құралдар, карточка, дидактикалық материалдар саны барлық балаларға жететіндей болуын қадағалау керек.



  1. Шағын комплектілі мектеп қызметін ұйымдастыру принциптері.

Жалпы жүйе бойынша оқыту жұмысын ұйымдастыру шарттары

Жалпы жаңа жүйе бойынша оқыту жұмысын ұйымдастыру шарттары:
•    сабақтың оқу бағдарламасына сәйкес жоспарлануы;
•    бірнеше сыныптың оқу материалының бір тақырыптың жүйеге ыңғайластырылуы;
•    көрнекі дидактикалық құралдардың алдын ала дайындалуы;
•    сабақ тақырыбының өзара байланысы;
•    сыныптарды комплектіге дұрыс біріктіру;
•    сабақтардың кестесін дұрыс жасау;
•    тиімді оқыту әдістерін таңдау;
•    сабақтың максатқа сай келетін құрылымын анықтау;
•    оқушылардың өздік жұмыстарын мұғалім басшылығымен істелетін жұмыстармен ауыстырып отыру;

•    мұғалімнің 4-5 рет жұмыс түрін ауыстыруы;
•    барлық сыныптарда тәрбие процесін жүргізу.


  1. Шағын комплектілі мектептердің ұстанымдары мен тәсілдері.

Біріктірілген сыныптардағы біртақырыптық сабақты жоспарлауға қажетті ұстанымдар:

1. Әртүрлі жастағы оқушыларды оқыту міндеттері, мазмұны мен оқыту құралдарының кірігуі мен саралануы. Әр сынып оқушыларында түрлі деңгейде меңгерілетін сұрақтар, құбылыстар мен түсініктер туралы ортақ ұғым болуы.

2. Оқушылардың оқу әрекетін ұйымдастыру – бірқатар педагогикалық қызметтерді жоғары сынып оқушысының атқаруы (бақылау, жаңа материалды түсіндіру, қиындықтарды жеңуде төменгі сынып оқушыларына көмектесу). Дайындық жұмыстары: ақыл-кеңесшілерді іріктеу, ақыл-кеңес беру, олардың әрекетінің маңыздылығын көрсету, атқаратын қызметтерді бөлу, сабаққа және сабақ үстіндегі дайындық кезеңінде тапсырмалар беру.

2.Біріктірілген сыныптарда біртақырыптық сабақтарды ұйымдастырудың әдіс-тәсілдері Қоғамда болып жатқан әлеуметтік-экономикалық өзгерістерге сәйкес білім беру мақсаты мен міндеттері оқушыларды әлемдік даму деңгейіне сәйкес келетін белгілі бір біліммен қаруландыруды көздейді. Осы орайда шағын жинақты мектеп мұғалімдері оқушылардың жеке ерекшеліктері мен қабілеттерін ескере отырып, оқытудың тиімді әдіс-тәсілдерінің бар мүмкіндіктерін қарастыру қажет. Ол үшін бір сабақтың үстінде мұғалім әртүрлі жастағы, ой өрісі мен білім дәрежесі әртүрлі оқушылармен жұмыс жүргізеді, сондықтан ол балалардың психологиясын жақсы білуі тиіс.

Оқытудың әдіс-тәсілдері көп болғандықтан, шағын жинақты мектепте қолдануға болатын бірқатар әдістерге сипаттама берілді.

Қазіргі қоғамның негізгі талабы – оқушыларға ақпараттық білім негіздерін беру, логикалық-құрылымдық ойлау қабілеттерін дамыту және ақпараттық қоғамға бейімдеу.

Осы орайда логикалық-құрылымдық әдіс оқытудың тұтас жүйесін жобалай отырып, алға қойған мақсатқа жетуді көздейтін педагогикалық процесс құруды, мұғалімге нәтижені талдап, түсіндіріп бере алатындай жүйе таңдап, құруды және оқушылармен жұмыс істеуде кездесетін қиындықтардың алдын алып, түзеу жұмыстарының жүйесін жасауды көздейді Бұл әдістің негізін академик В.М.Монаховтың технологиясы құрайды. Әдістегі негізгі объект – тақырыптық-дидактикалық модуль. Мұнда әр пакеттің өзінше қамтитын нақты мәселелері болады [2, 3].



Логикалық-құрылымдық әдіс оқытушының бір оқу жылында пайдаланатын әдістемелерді жоспарлауына көмектесіп, төмендегідей кезеңдер жүзеге асырылады:

1-кезең – нақты технологияға көзқарас жүйесін (тұжырымдаманы), оның мағлұмат түрлері мен нақты дидактикалық модуль шеңберіндегі технологиялық процестің соңғы қорытындысын өз құрамында сақтайтын «оқытудың жаңа әдісін теориялық тұрғыдан негіздеу» деп аталатын құжаттар жинағын (пакетті) зерттеп, дайындау;

2-кезең – «берілген дидактикалық модуль шеңберіндегі технологиялық атқару тәртібі» деп аталатын құжаттар жинағын дайындау;

3-кезең – берілген дидактикалық модульге сай «мұғалімнің әдістемелік жабдықтары» атты құжаттар жинағын дайындау;

4-кезең – берілген дидактикалық модульге сай «технологиялық жұмыс мақсатын іске асырудың қорытындыларын өлшеу әдістемесі мен белгілері» деген құжаттар жинағын дайындау;

5-кезең – «оқытудың жаңа әдіс-тәсілін меңгеру мәдениеті» атты құжаттар жинағын дайындау.


  1. Шағын комплектілі мектептерде оқу үдерісін ұйымдастыруда қолданылатын педагогикалық технологиялар.

Шағын жинақты мектепте оқу үдерісін ұйымдастыруда тиімді педагогикалық технологиялар (деңгейлеп, саралап оқыту, ұжымдық оқыту, дидактикалық бірлікті ірілендіру, дамыта оқыту, модульдік оқыту, ақпараттық-коммуникациялық технология және т.б.) қолданылады.

Деңгейлеп оқыту оқушылардың жас және білім деңгейі ерекшеліктерін ескере отырып, деңгейлік тапсырмалар беру арқылы олардың танымдық белсенділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Ұжымдық оқыту әдісі динамикалық жұптар құра отырып, оқушылар арасында танымдық қарым-қатынасын, оқушылардың бірін-бірі оқытуын ұйымдастыру болып табылады. Ұжымдық оқыту әдісі балалардың қарым-қатынасы тапшылығын азайтуға, ауылдық жерлерде оқушылардың аздығы жағдайында оқушылардың монологтік және диалогтік сөйлеу қабілеттерін дамытуға жағдай жасап, мұғалімнің жалпы сыныппен жұмысын азайтып, жекелей оқыту уақытын көбейтуге мүмкіндік береді.

Дидактикалық бірлікті ірілендіру (ДБІ) - ақпараттардың біртұтас игерілуін қамтамасыз ететін, мағыналық қисынды байланыстар негізінде білімдік ұғымдарды біріктіру жүйесі. Бұл технология оқу пәндері және салалас пәндер блоктарының ішіндегі материалдардың дидактикалық құрылымын құру арқылы аралас сынып сабақтарын ұтымды өткізуге мүмкіндік жасайды.


Дамыта оқыту технологиясының әдіс-тәсілдерін кең қолдану - әр оқушының жан-жақты дамуына жағдай жасау арқылы белсенді тұлға тәрбиелеу.

Шағын жинақты мектеп мәселесін оңтайлы шешудің тағы бір жолы – бұл жаңа білім беру кеңістігін құру болды. Ол үшін материалдық-техникалық базасы мықты толық білім беретін мектептерден ресурстық орталықтар ашылды. Ресурстық мектеп – бұл шағын жинақты мектеп оқушыларының бейімделген, әр деңгейлі, көп сатылы, саралай және терең білім алуына жағдай жасайтын, оқу-тәрбие дамуын бағыттап отыратын ауыл мектебі.


  1. Шағын комплектілі бастауыш мектептерге арналған оқу- әдістемелік және басқа оқыту құралдарына сипаттама.

Бүгінгі таңда Республикамызда жалпы білім беретін шағын жинақталағн мектептердің (ШЖМ) саны жыл санап асып келеді.ШЖМ деген қандай мектеп, ол қалай, қай кезде пайда болған десек, .Қазақстан Республикасының « Білім туралы » заңында (1-бап, 23 тармақ) шағын жинақты мектепке «сынып жинақтамалары аралас және оқу сабақтарын ұйымдастырудың өзіндік нышаны бар, оқушылар саны шағын, жалпы білім беретін мекеме» деп көрсетіледі [1].Шағын жинақталған мектептің тарихы ерте кезден, сонау Л.Толстой, К.Д.Ушинский өмір сүрген кезеңнен басталады.Қазақстан топырағында ондай мектептің пайда болуы Ы.Алтынсаринның ағартушылық қызметімен тікелей байланысты ХVIII ғасырдың 60-жылдаында дүниеге келді.Бірқатар ғалымдардың (Т.Тәжібаев, Ә.І. Сембаев, П.А. Жильцов, Г.Ф.Суворова, А.Ө.Мұханбетжанова) зерттеулеріне қарағанда, сол кездерде қазақстан топырағында өмірге келе бастаған орыс-қазақ мектептірінің басым көпшілігі бірнеше бөлімді (сыныпты) бір мезгілдебір мұғалім оқытатын шағын жинақталған бастауыш мектептер болған. Осы үлгідегі мектептердің пайда болуы, негізінен, К.Д.Ушинский, Н.А.Корф, Л.Н.Толстой, Н.Ф.Бунаков, Ы.Алтынсариндердің ағартушылық қызметімен тікелей байланысты. Бұл ұстаз-ғалымдардың, әсіресе, ауыл мектептеріндегі оқу-тәрбие ісін ұйымдастыруда, яғни ауыл балаларына лайықтап оқулықтар мен оқу құралдарын жазуда, оларға берілетін білім көлемі мен мазмұнын, оқытудың тиімді әдіс-тәсілдерін анықтауға сіңірген еңбектері аса зор болды. Содан бері мұндай мектептердегі оқу-тәрбие жұмысын жақсарту, мәселесі көптеген ғалымдар мен әдісткерлердің назарынан тыс қалған жоқ. Біздің елімізде де аталған мәселеге әркез көңіл бөлініп, зерттеу жұмыстары жүргізіліп отырады


Жалпы осы уақытқа дейін шағын жинақты мектептерде оқу-тәрбие жұмысының мамзмұнын жақсарту, оқушылардың білім деңгейін мемлекеттік стандарт дәрежесіне көтеру сияқты мәселелері бірқатар ғалымдарымыз бен әдіскерлеріміздің назарын аударған. Олардың еңбектерінде бірнеше сыныпты бір мезгілде қатар оқытудың тиімді жолдарын іздестіру (Ж.Аймауытов, Ғ.Бегалиев, Ж.Қаржасбаев, М.Бүрлібаев, Ғ.Сүлейменов, А.Асқарбаева), сабақты ұйымдастырудың өзіндік ерекшеліктері мен әдіс-тәсілдерін анықтау (Б.Құлмағамбетова, А.Асқарбаева, Г.М.Храпченков, Қ.Аймағамбетова); «Қазақ тілі», «Ана тілі», «Математика», «Айналамен таныстыру» пәндерін оқытудың мазмұны мен практикалық бағытын белгілеу (Ш.Әуелбаев, А.Асқарбаева, Б.Құлмағамбетова); бір пәндік, бір тақырыптық сабақтардың тиімділігін дәлелдеу (М.Сайпин, З.Бейсенбаева, Е.Шапаева, О.Сатқанов, Б.Катембаева);. осы үлгідегі мектептер үшін болашақ мұғалімдерді дайындау мәселелері (З.Әділғазинов) қарастырылады.

ШЖБМ оқу үдерісінің өзіндік ерекшеліктеріне сәйкес мектеп оқушыларына арналған оқыту құралдарына нақты талаптар қойылады.

Оқу құралдарының әдістемелік аппараты алдымен онда кіші мектеп жасындағы оқушылардың өз бетімен жұмыс істеуін ұйымдастырып қана қоймай, сонымен бірге, жабдықтар да, оқу құралдары да оқушының өз бетімен жұмысын басқаруға септігін тигізуі керек. Мұғалімдер, әдіскерлер және ғалымдар ШЖМ-ке арналған оқу құралдарын дайындау жөнінде әр түрлі пікірлер айтуда. Ол құралдар мектеп ерекшелігіне сай бір оқу бөлмесінде бірнеше сыныппен жұмыс істеп отырған мұғалімдердің оқу-тәрбие үдерісін тиімді ұйымдастыруына септігін тигізуі тиіс. Онда ең алдымен баспадан шыққан оқулық пен дәптер қажет. Одан басқа сынып-комплектінің барлық балаларын қамтитындай, сабаққа тартуға арналған санау материалдары бар қосымша, кестелер, ауызша есептеу мен математикалық диктанттың баспаға түсірілген түрі, санау материалдары, есепті шешуге үйретуге арналған графопроектордың транспоранты.

1964 жылы В.П.Стрезикозиннің басшылығымен ШЖБМ-нің өзіндік ерекшеліктеріне сәйкес жасалған комплекс құралдарының тиімділігін анықтауға арналған жұмыстар ұйымдастырылып, әр түрлі үлгілері жасала бастады. 1970 жылдан Г.Ф.Суворованың басшылығымен ауыл мектептеріндегі оқу пәндерін оқытып-үйрету мәселелері жөнінде зертхана қызметкерлері жұмысты жалғастырды.


  1. Шағын комплектілі бастауыш мектеп оқушыларының білімдерін бағалау және есепке алу.