Файл: Мазмны 1 Блім кмелетке томаандар арасында ы бзушылыты алдын алу бойынша жмысты йымдастыру.doc
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 07.11.2023
Просмотров: 271
Скачиваний: 2
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
- мұғалімдер ұжымы мен ата-аналар үшін кеңестік- ақпараттық қызмет көрсетуге;
- қабылданған шешімдердің орындалуын қадағалауға;
- Кеңес жұмысына талдау жасап, жылына бір рет педагогикалық кеңесте есеп беруге.
6.2. Құқық бұзушылықтың алдын алу Кеңесі құқылы:
- мұғалімдер мен ата-аналар үшін жеке және ұжымдық түрде жасөспірімдер мінез-құлық туралы ұсыныстар беруге және олармен алдын алу жұмыстарын жүргізуге;
- ата-аналар жиналыстарында жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық жайлы талқылауға ақпарат беруге;
- аудандық, қалалық жасаөспірімдер ісі мен олардың заңды құқығын қорғау бойынша комиссия алдында оқушылар мен ата-аналарына немесе олардың заңды тұлғаларына қатысты заңмен белгіленген қатынастар негізінде тиісті шаралар қолдану туралы хаттар, сұраныстар жіберуге.
7. Құқық бұзушылықтың алдын алу Кеңесі құжаттары:
7.1. Мектеп бойынша Құқық бұзушылықтың алдын алу Кеңесін құру жөніндегі бұйрық;
7.2. Кеңес материалдары, отырыстар хаттамалары;
7.3. Мектепішілік есепте, ІІБ тізімінде тұрған оқушылар тізімдері. Бұл тізімдер жыл сайын тексеріліп, салыстырылып, жаңартылып тұрады.
7.4. Құқық бұзушылықтың алдын алу Кеңесіне ұсынылған материалдар;
Алдын алу Кеңесі отырысының хаттамалары: (білім беру ұйымдарында хаттамаларды рәсімдеуде екі нұсқа ұсынылады)
1. Хаттамалар дәптерге, қолмен толтырылады. Дәптер беттері нөмірленіп, тігіліп, мектеп директоры қолымен бекітіледі, мөр қойылады. Сыртқы бетінде қай кезде жүргізіле басталған күні жазылады.
2. Әр хаттама компьютерде теріліп, іс папкасына жинақталады, жыл аяғында барлық хаттамалар нөмірленіп, тігіледі де, директордың қолымен, мөрмен бекітіледі.
8. Құқық бұзушылықтың алдын алу Кеңесі жұмысының регламенті.
8.1. Құқық бұзушылықтың алдын алу Кеңесі айына 1 рет шақырылады. (шұғыл жағдайлардан басқа).
8.2. Құқық бұзушылықтың алдын алу Кеңесі отырыстары хаттамаланып, Кеңесте қаралған құжаттар жүйеленіп, 5 жыл сақталады.
……………..әкімшілік полиция ……ның ювеналды полиция бөлімінің құқық бұзушылықтың алдын алу Кеңесінің жұмысын ұйымдастыру бойынша ұсыныстары.
Сот практикасы көрсеткендей, кейбір жасөспірімдер ғана (аса ауыр қылмыс істегені үшін) бостандықтан айырып, түрмелерге жіберу арқылы қоғамнан аластатылады. Ал қалғандарының бостандығын шектеу тек шартты түрде кесіліп сотталғанмен, сол тұлғалар әдетте сол заңға қарсы әрекеттерін тоқтатпайды.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексіне сәйкес 16 жасқа дейінгі тұлғалармен жасалған қылмыстар қылмыс құрамының жоқтығына байланысты тоқтатылады, яғни, қалпына келтіру негіздеріне байланысты.
Нәтижесінде жыл сайын жасөспірімдер арасында қылмыстық жауапкершілікке тартылмайтын қылмыс жасаушы жастағы балалар саны көбеюде. Осы балалар жасөспірім кезеңде өзінің айналасындағы басқа жасөспірімдерге кері әсерін тигізетіндігі сөзсіз.
Сондықтан да қылмыс немесе құқық бұзушылық жасаған, бірақ қылмыстық жауапкершіліктен босатылған жасөспірімге психологиялық әсер етудің бірден бір құралы- оқу орнындағы құқық бұзушылық Кеңесінде оның ісін қарау.
Осы мақсаттағы жұмыстың тиімділін, нәтижелілігін арттыру мақсатында жасөспірім мен оның ата-анасы (заңды тұлғасы) жасалған құқықбұзушылықты және оның салдарын жете түсіну үшін құқықбұзушылық Кеңесі отырыстарын келесі үлгіде өткізу қажет:
- құқық бұзушының ата-анасымен бірге болуын қамтамасыз ету;
- кеңесте сыныптастарын, топтастарын және басқа да оқушылардың болуын қамтамасыз ету;
- педагогикалық ұжым және оқу орнының әкімшілігі;
- ата-аналар комитетінің, кәмелетке толмағандар ісі мен олардың заңды құқығын қорғау бойынша комиссияның өкілдерін Кеңеске шақыру;
- жасөспірімдер ісі бойынша полиция инспекторын шақыру( міндетті түрде).
Отырыс барысында келесі сұрақтарды қарау қажет:
-аудандағы криминалдық-қылмыстық жағдай туралы қысқа бағалаушы ақпарат беру;
-жасалған құқық бұзушылық фактісі туралы, заңға сәйкес сол жасалған құқық бұзушылық үшін қолданылатын жауапкершілік шаралары туралы айту және қылмыс бойынша қабылданған процессуалдық шешімге қарамастан, осы факт туралы ақпарат полиция базасында барлық жылдар бойы сақталатындығын түсіндіру қажет. Бұл, әрине, келешекте жасөспірімнің жоғары оқу орнына түсерде, жұмыс орнын таңдарда т.б. жағдайларда өзіне кері әсерін тигізетінін білдіреді.
-оқу орны өкілінің (сынып жетекшісі, әлеуметтік педагог, педагог-психолог), ювеналды полиция инспекторының құқық бұзушыға қатысты мінездемесімен сөйлеген сөздері;
-осы жасалған құқық бұзушылық бойынша сол құқық бұзушының өз сөзін тыңдау, не үшін, не себепті жасағанын, осы әрекетке баруға оны не итермелегенін сұрап, анықтау және тыңдау;
-осы факт бойынша ата-анасының балаға қатысты, тәрбиелеуге байланысты сөздерін тыңдау;
-осындай фактілерге байланысты сыныптастарының, топтастарының пікірін тыңдау, қайта тәрбиелеуге сыныптасының түзелуіне көмек көрсетуге ықпалын тигізу;
-ата-аналар комитетінің , жасөспірімдер ісі және оның заңды құқығын қорғау комиссиясы өкілдерінің сөзі;
-құқық бұзушылық Кеңесінің шешімдерінде нақты, практикалық жұмыстар қабылдануы қажет (жасөспірімді есепке қою, ата-аналарын әкімшілік жауапкершілікке тарту, әрі қарай істі жасөспірімдер ісі және оның заңды құқығын қорғау комиссиясына қарауға жіберу, жасөспірімді арнайы мектептерге жіберу туралы, ата-аналық құқықтан айыру туралы сұраныстар жасау, хаттар жіберу және т.б.)
Кеңес отырысына шақырылған оқушы туралы ақпарат
1. ТАӘ ___________________________________
2. Туған жылы _________________
3. Сынып_____
4. Ата-анасының аты-жөндері ________________________________________________________.
5. Ата-аналарының қызметі _____________________________________________________________
6. Отбасы құрамы _____________________________________________________________
7. Кеңес отырысына нешінші рет шақырылып тұр? _____________________________________________________________
_____________________________________________________________
8. Кеңес отырысына шақырылу себебі _____________________________________________________________
9. Тәртібі___________________________________________________
10. Оқушымен және оның ата-анасымен жүргізілген жұмыстар ________________________________________________________________
11. Сынып жетекшісінің ұсынысы ______________________________
Құқық бұзушылықтың алдан алу Кеңесінің шешімі ______________________
Құқық бұзушылықтың алдын алу Кеңесі отырысының хаттамаларын жүргізу үлгілері.
Мектептің аты
Құқықбұзушылықтың алдын алу Кеңесі отырысының
№___хаттамасы «__»___________20__ж.
Қатысқандар –
Төрағасы (төрайымы):
Хатшы:
Кеңес мүшелері:
Күн тәртібі:
1. 20__-20__ оқу жылына құқық бұзушылықтың алдын алу Кеңесінің жұмысын ұйымдастыру.
2. 20__20__ оқу жылына құқық бұзушылықтың алдын алу Кеңесінің жұмыс жоспарын бекіту.
3. ЖІЖК бірлескен жұмыс жоспарын бекту.
4. Мектепішілік бақылауға қою туралы.
ТЫҢДАЛДЫ:
1. Бірінші сұрақ бойынша мектептің әлеуметтік педагогі (аты, жөні) – құқық бұзушылықтың алдын алу Кеңесінің 20__-20__ оқу жылындағы жұмысын ұйымдастыру. (Ережелері қоса берілген)
СӨЙЛЕГЕНДЕР:
Мектеп директоры (аты - жөні) - Кеңес жұмысын ұйымдастыру туралы.
ШЕШІМ:
1. Құқық бұзушылықтың алдын алу Кеңесі жұмысы .............................
ТЫҢДАЛДЫ:
2. Екінші сұрақ бойынша мектептің әлеуметтік педагогі (аты, жөні) – құқық бұзушылықтың алдын алу Кеңесінің ________айына жұмыс жоспары жөнінде. (Жоспар қоса берілген)
СӨЙЛЕГЕНДЕР:
1.
2.
ШЕШІМ:
1. 20__-20__ оқу жылына құқық бұзушылықтың алдын алу Кеңесінің жұмыс жоспары бекітілсін
2. Жұмыстың орындалуын бақылау әлеуметтік педагогке жүктелсін.
ТЫҢДАЛДЫ:
1. Үшінші сұрақ бойынша бойынша мектептің әлеуметтік педагогі (аты, жөні) – мектептің ішкі істер бөлімдерімен бірлесіп жұмыс жасауы туралы. (Жоспар қоса берілген)
СӨЙЛЕГЕНДЕР:
1.
2.
ШЕШІМ:
1. Бірлескен жұмыс жоспары бекітілсін. Жұмыстың орындалуын бақылау әлеуметтік педагогке жүктелсін.
Төраға:
Хатшы:
Құқық бұзушылықтың алдын алу Кеңесі отырысының
№___хаттамасы
«__»___________20__ж. Білім беру ұйымының аты
Төрағасы (төрайымы):
Хатшы:
Қатысқандар:
Кеңес мүшелері:
Мұғалімдер:
КҮН ТӘРТІБІ:
1. 1-11 сынып оқушыларының 20__-оқу жылының_________айында сабаққа қатысуын талдау.
2. Оқу тәртібін бұзушыларды тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы.
3. Мектепішілік есепте тұрған оқушылар ісін қарау.
4. Құқықтық жалпы білім___________________
БАҚЫЛАУ:
Мектепішілік есепте тұрған оқушылар:
1. ____сынып оқушысы (аты-жөні) сабақ босатпайды, бірақ мектеп тәртібін жиі бұзады.
2. _________________________(оқушының аты-жөні)
________________________________________________________________
1. 1-11 сынып оқушыларының 20__-оқу жылының_________айында сабаққа қатысуын талдау.
2. Бірінші сұрақ бойынша 1-11 сынып жетекшілері оқушылардың 20__-оқу жылының_________айында сабаққа қатысуына талдау жасады.
Сыныптар бойынша сабаққа қатысу көрсеткіштері қанағаттанарлық. Жекелеген оқушылар заңды себептермен сабақ босатты (ауырғаны туралы анықтама, ата-аналарының түсініктемелері).
Екінші сұрақ бойынша мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары_____________________тыңдадық, ол кісі өз сөзінде Құқық бұзушылықтың алдын алу Кеңесі мүшелерін сынып жетекшілерінің оқушылардың үстінен түсірген шағымдарымен таныстырды.
1. ______ сынып оқушысы (оқушының аты-жөні, туған жылы, айы, мекен жайы) сабақты себепсіз жиі босатады, сабақтан сұранбай кетіп қалады, үй тапсырмасын орындамайды, сабаққа мүлдем дайындықсыз келеді, оқу құралдарын мүлдем әкелмейді. Сабақ үстінде басқа шаруамен айналысып, өзгелерге кедергі келтіреді.
3. Құқықтық жалпы білім. Бала құқығы Конвенциясы.
Үшінші сұрақ бойынша мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары_____________________тыңдадық, Кеңес мүшелері бала құқығы Конвенциясының 9,19,37,39 баптарымен танысты.
ШЕШІМ:
1. Сынып жетекшілері оқушылардың сабаққа қатысуын қатаң бақылауды қамтамасыз етсін.
2. ____ сынып оқушысы___(аты-жөні)____________сынып жетекшісі, әлеуметтік педагог, психолог, ата-анасы тарапынан қатаң бақылауға алынсын. Ата-анасы құқық бұзушылықтың алдын алу Кеңесі отырысының хаттамасымен таныстырылсын.
3. ____сынып оқушысы_____(аты-жөні)________ сынып жетекшісі тарапынан қатаң бақылауға алынып, әңгіме өткізілсін.
4. Оқытушылар арасында құқықтық жалпы білім жұмысы жалғастырылсын.
Төраға (төрайым)
Хатшы
Рейд жүргізу карточкаларын толтыру үлгісі.
РЕЙДТІК КАРТА
1.Тексерушілердің ТАӘ ____________________________________________________________________________________________________________________
2. Тексерілетін оқушының (педагогикалық назарды ерекше талап ететін, қолайсыз отбасыдан шыққан жасөспірімнің) аты-жөні, сыныбы _____________________________________________________________
3.Рейд қашан өтті___________________Тексеріс уақыты ___________
4. Тұрғылықты мекенжайы_________________________________________
5. Отбасы құрамы __________________________________________________________________________________________________________________________________
6.Тексеріс уақытындағы жағдай______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
7.Тексеріс уақытында жасөспірім қайда болды______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ 8.Жасөспірім мен ата-анасының өзара түсінуі
9. Жасөспірім ересектердің бақылауынсыз қанша уақыт өткізеді ____________________________________________________________________________________________________________________________________
10.Жасөспірім бос уақытында немен айналысады__________________________________________________________________________________________________________________________
11. Тексерушілердің қорытындылары__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________