Файл: Мазмны 1 Блім кмелетке томаандар арасында ы бзушылыты алдын алу бойынша жмысты йымдастыру.doc
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 07.11.2023
Просмотров: 277
Скачиваний: 2
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 4 шілдедегі № 231-V ҚРЗ Қылмыстық-процестік кодексi
12 бап 1тарау. Әркiмнiң өз құқықтары мен бостандықтарын сот арқылы қорғауға құқығы бар.
Қазақстан Республикасының Кодексі 2014 жылғы 3 шiлдедегі № 226-V ҚРЗ
10-бап. Қылмыс және қылмыстық теріс қылық ұғымдары
1. Қылмыстық құқық бұзушылықтар қоғамға қауіптілік және жазаланушылық дәрежесіне қарай қылмыстар және қылмыстық теріс қылықтар болып бөлінеді. 2. Осы Кодексте айыппұл салу, түзеу жұмыстары, бас бостандығын шектеу, бас бостандығынан айыру немесе өлім жазасы түріндегі жазалау қатерімен тыйым салынған айыпты жасалған, қоғамға қауіпті іс-әрекет (әрекет немесе әрекетсіздік) қылмыс деп танылады. 3. Қылмыстық теріс қылық деп қоғамға зор қауіп төндірмейтін, болмашы зиян келтірген не адамның жеке басына, ұйымға, қоғамға немесе мемлекетке зиян келтіру қатерін туғызған, оны жасағаны үшін айыппұл салу, түзеу жұмыстары, қоғамдық жұмыстарға тарту, қамаққа алу түріндегі жаза көзделген, айыпты жасалған іс-әрекет (әрекет не әрекетсіздік) танылады.
15-бап. Қылмыстық жауаптылыққа жататын адамдар
1. Қылмыстық құқық бұзушылық жасаған уақытта он алты жасқа толған есi дұрыс жеке тұлға қылмыстық жауаптылыққа жатады. 2. Қылмыс жасаған уақытта он төрт жасқа толған адамдардың адам өлтiргенi (99-бап), денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiргенi (106-бап), ауырлататын мән-жайлар кезiнде денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтiргенi (107-баптың екiншi бөлiгі), зорлағаны (120-бап), сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттерi (121-бап), адам ұрлағаны (125-бап), халықаралық қорғауды пайдаланатын тұлғаларға немесе ұйымдарға шабуыл жасағаны (173-бап), әлеуметтiк, ұлттық, рулық, нәсiлдiк, тектік-топтық немесе дiни алауыздықты қоздырғаны (174-бап), Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының өміріне қолсұғушылық (177-бап), Қазақстан Республикасы Президентінің өміріне қолсұғушылық (178-бап), диверсия (184-бап), ұрлық (188-баптың екінші, үшінші және төртінші бөліктері), тонау (191-баптың екінші, үшінші және төртінші бөліктері), қарақшылық (192-бап), қорқытып алушылық (194-баптың екінші, үшінші және төртінші бөліктері), ауырлататын мән-жайлар кезiнде автомобильдi немесе өзге де көлiк құралын жымқыру мақсатынсыз заңсыз иеленіп алғаны (200-баптың екiншi, үшiншi және төртiншi бөлiктерi), ауырлататын мән-жайлар кезiнде бөтеннің мүлкін қасақана жойғаны немесе бүлдiргенi (202-баптың екiншi және үшiншi бөлiктерi), терроризм актісі (255-бап), терроризмді насихаттағаны немесе терроризм актісін жасауға жария түрде шақырғаны (256-бап), террористік топ құрғаны, оған басшылық еткені және оның әрекетіне қатысқаны (257-баптың бірінші және екінші бөліктері), террористік немесе экстремистік әрекетті қаржыландырғаны және терроризмге не экстремизмге өзге де дем берушілік (258-бап), адамды кепiлге алғаны (261-бап), ғимараттарға, құрылыстарға, қатынас және байланыс құралдарына шабуыл жасағаны немесе оларды басып алғаны (269-бап), терроризм актiсi туралы көрiнеу жалған хабарлағаны (273-бап), қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттар мен жарылыс құрылғыларын жымқырғаны не қорқытып алғаны (291-бап), ауырлататын мән-жайлар кезінде бұзақылық жасағаны (293-баптың екінші және үшiншi бөлiктері), тағылық (294-бап), есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді жымқырғаны не қорқытып алғаны (298-бап), ауырлататын мән-жайлар кезiнде өлгендердiң мәйiттерiн және олар жерленген жерлердi қорлағаны (314-баптың екiншi бөлiгi) және көлiк құралдарын немесе қатынас жолдарын қасақана жарамсыздыққа келтіргені (350-бап) үшiн қылмыстық жауаптылыққа жатады.
6-бөлім. Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы
80-бап. Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы
1. Осы бөлімнің күшi қолданылатын кәмелетке толмағандар деп қылмыстық құқық бұзушылық жасаған уақытқа қарай жасы он төртке толған, бiрақ он сегiзге толмаған.адамдар.танылады. 2. Қылмыстық құқық бұзушылық жасаған кәмелетке толмағандарға жаза тағайындалуы мүмкiн не оларға тәрбиелiк ықпалы бар мәжбүрлеу шаралары қолданылуы мүмкiн.
81-бап..Кәмелетке толмағандарға тағайындалатын жаза түрлерi
1..Кәмелетке толмағандарға тағайындалатын жаза түрлерi: 1).белгiлi.бiр.қызметпен.айналысу.құқығынанайыру; 2).айыппұл; 3).түзеу.жұмыстары; 4).қоғамдық.жұмыстарға.тарту; 5).бас.бостандығын.шектеу; 6).бас.бостандығынан.айыру.болып.табылады. 2. Кәмелетке толмағандарға белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыру бiр жылдан екi жылға дейiнгi мерзiмге тағайындалады. 3. Айыппұл кәмелетке толмаған сотталған адамның дербес табысы немесе өндiрiп алуға жарайтын мүлкi болған жағдайда ғана тағайындалады. Айыппұл айлық есептiк көрсеткiштің оннан екі жүз елуге дейiнгi мөлшерінде тағайындалады. 4. Түзеу жұмыстары дербес табысы немесе өзге тұрақты кірісі бар кәмелетке толмағандарға айлық есептік көрсеткіштің оннан екі жүз елуге дейінгі мөлшерінде тағайындалады. 5. Қоғамдық жұмыстарға тарту қырық сағаттан бір жүз елу сағатқа дейiнгi мерзiмге тағайындалады, ол кәмелетке толмаған адамның қолынан келетiн жұмыстарды орындауы болып табылады және ол оны оқудан немесе негiзгi жұмысынан бос уақытында орындайды. Он алты жасқа дейінгі адамдардың бұл жаза түрiн орындау ұзақтығы – күнiне екi сағаттан, ал он алтыдан он сегiз жасқа дейiнгi адамдар үшiн күнiне үш сағаттан аспауы керек. 6. Кәмелетке толмағандарға бас бостандығын шектеу – екi жылға дейiнгi мерзiмге, ал бас бостандығынан айыру түріндегі жазаның өтелмеген бөлігін бас бостандығын шектеуге ауыстыру жағдайында жазаның қалған өтелмеген бөлігінің бүкіл мерзіміне тағайындалады. 7. Кәмелетке толмағандарға бас бостандығынан айыру – он жылдан аспайтын, ал ауырлататын мән-жайлар кезінде адам өлтiргенi немесе терроризм актісі үшiн не қылмыстық құқық бұзушылықтардың бiреуi ауырлататын мән-жайлар кезінде адам өлтiру немесе терроризм болып табылатын олардың жиынтығы бойынша он екi жылдан аспайтын мерзiмге тағайындалуымүмкiн. Онша ауыр емес қылмыс немесе қазаға ұшыратумен байланысты емес ауырлығы орташа қылмыс жасаған кәмелетке толмағандарға бас бостандығынан айыру тағайындалмайды. 8. Кәмелетке толмаған сотталған адамдар бас бостандығынан айыруды: 1) бас бостандығынан айыруға алғаш рет сотталған еркек жынысты кәмелетке толмағандар, сондай-ақ әйел жынысты кәмелетке толмағандар – жалпы режимдегi тәрбиелеу колонияларында; 2) бұрын бас бостандығынан айыруды өтеген еркек жынысты кәмелетке толмағандар – күшейтiлген режимдегi тәрбиелеу колонияларында өтейдi. 9. Іс-әрекеттің сипатына және қоғамға қауiптiлiк дәрежесiне, кiнәлi адамның жеке басына және істің өзге де мән-жайларына қарай сот қабылданған шешiмнiң уәждерін көрсете отырып, еркек жынысты кәмелетке толмаған сотталған адамның бас бостандығынан айыруды жалпы режимдегi тәрбиелеу колониясында өтеуiн тағайындауы мүмкiн. 10. Сот жазаны орындаушы органға кәмелетке толмаған сотталған адаммен қарым-қатынас кезiнде оның жеке басының белгiлi бiр ерекшелiктерiн ескеру туралы нұсқау беруi мүмкiн.
187-бап. Ұсақ-түйек жымқыру
1. Ұсақ-түйек жымқыру, яғни болмашы мөлшерде жасалған, бөтеннің мүлкін ұрлау, алаяқтық, иемденіп алу немесе талан-таражға салу, – бір жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бір жүз жиырма сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не қырық бес тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады. 2..Бірнеше рет жасалған ұсақ-түйек жымқыру – бес жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не үш жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не тоқсан тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады.
188-бап. Ұрлық
1. Ұрлық, яғни бөтеннің мүлкін жасырын жымқыру – мүлкі тәркіленіп немесе онсыз, бір мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не үш жылға дейiнгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
190-бап. Алаяқтық
1. Алаяқтық, яғни бөтеннің мүлкін жымқыру немесе алдау немесе сенімді теріс пайдалану жолымен бөтен мүлiкке құқықты иемдену – мүлкі тәркіленіп, бір мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не екі жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 191-бап. Тонау
1. Тонау, яғни бөтеннің мүлкін ашық жымқыру –мүлкi тәркiленiп немесе онсыз, екі мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не төрт жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
194-бап. Қорқытып алу
1. Қорқытып алушылық, яғни күш қолдану не бөтеннің мүлкін жою немесе бүлдiру қатерін төндіріп, сол сияқты жәбiрленушiнi немесе оның жақындарынмасқаралайтын мәлiметтердi не жариялануы жәбiрленушiнiң немесе оның жақындарының мүдделерiне елеулі зиян келтiруi мүмкiн өзге де мәлiметтердi тарату қатерін төндіріп бөтеннің мүлкін немесе мүлiкке құқықты беруді немесе мүлiктiк сипаттағы басқа да әрекеттер жасауды талап ету – мүлкi тәркiленiп немесе онсыз, төрт мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не төрт жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
198-бап. Авторлық және (немесе) сабақтас құқықтарды бұзу
1. Авторлық және (немесе) сабақтас құқықтар объектiлерiн заңсыз пайдалану, сол сияқты авторлық құқық және (немесе) сабақтас құқықтар объектiлерiнiң контрафактiлiк даналарын өткiзу мақсатында иемдену, сақтау, алып өту немесе дайындау не авторлықты иемденiп алу немесе тең авторлыққа мәжбүрлеу –бір жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бір жүз жиырма сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға жазаланады.
202-бап. Бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдiру
1. Айтарлықтай залал келтіріп, бөтеннің мүлкiн қасақана жою немесе бүлдiру екі мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
207-бап. Ақпараттық жүйенің немесе ақпараттық-коммуникациялық желінің жұмысын бұзу
1. Ақпараттық жүйенің немесе ақпараттық-коммуникациялық желінің жұмысын бұзуға бағытталған қасақана әрекеттер (әрекетсіздік) – белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан екі жылға дейінгі мерзімге айыра отырып немесе онсыз, екі мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
255-бап. Терроризм актісі
1. Терроризм актісі, яғни жарылыс жасау, өрт қою немесе адамдардың қаза табуы, елеулi мүлiктiк залал келтiру не қоғамға қауiптi өзге де зардаптардың туындау қаупiн төндiретiн өзге де әрекеттер жасау, егер бұл әрекеттер қоғамдық қауiпсiздiктi бұзу, халықты үрейлендiру, Қазақстан Республикасы мемлекеттiк органдарының, шет мемлекеттiң немесе халықаралық ұйымның шешiмдер қабылдауына ықпал ету, соғысқа арандату не халықаралық қарым-қатынастарды шиеленiстiру мақсатында жасалса, сондай-ақ аталған әрекеттердi дәл сол мақсаттарда жасау қатерін төндіру, – мүлкі тәркіленіп немесе онсыз, төрт жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
256-бап. Терроризмдi насихаттау немесе терроризм актiсiн жасауға жария түрде шақыру
1. Терроризмдi насихаттау немесе терроризм актiсiн жасауға жария түрде шақыру, сол сияқты көрсетілген мазмұндағы материалдарды тарату мақсатында дайындау, сақтау немесе тарату – мүлкі тәркіленіп, үш жылдан жетi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
272-бап. Жаппай тәртiпсiздiк
1. Күш қолданумен, қиратумен, өртеумен, бұзумен, мүлiктi жоюмен, атыс қаруын, жарылғыш заттарды немесе жарылыс құрылғыларын қолданумен, сондай-ақ билік өкiлiне қарулы қарсылық көрсетумен ұласқан жаппай тәртiпсiздiктi.ұйымдастыру.–.төрт жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
293-бап. Бұзақылық
1. Бұзақылық, яғни қоғамдық тәртіпті қоғамды құрметтемеу анық көрінетін, азаматтарға күш қолданумен не оны қолдану қатерін төндірумен, сол сияқты бөтеннiң мүлкiн жоюмен немесе бүлдiрумен не барынша арсыздықпен ерекшеленетiн әдепсiз әрекеттер жасаумен ұштасқан аса қатыгездікпен бұзу – екі мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жүмыстарына не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.