ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 07.11.2023
Просмотров: 89
Скачиваний: 2
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Басын ішіне тартып, қанатын қомдап отырған бүркіт бейнесі де ерекше әсем және әсерлі, экспрессиялы. Шіліктінің бесінші қорғанында С. Черников тапқан үлгіге мейлінше жақын, бірақ сақталу жәрежесі тіпті жоғары. Әсем құйылған, орнатпа көзді. Кішірек бір әшекей түрі – қонжық іспетті аң бейнесі. Ол да аң бейнелі стильдің бейнелеу дәтүрінде. Әшекейлердің бәрі салмақты, сынамасы жоғары құйма алтыннан жасалған.
Табылған таңғажайып нәрсенің бірі – жалқы шыққан бес ұшты жұлдыз бейнесі бар алтын түйме. Түйменің беті, жұлдыздың дөңгелеу ортасы – ақ, ал жұлдыз ұщтары – көк тас немесе қатырма. Түсіндірілуі қиын бұл заттың табиғатын анықтауға лабораториялық ізденістер жәрдемін тигізбек. Жұлдыз табылғанда, бұл зат әлем символикаларының шығуы туралы қалыптасқан түсініктерімізгне үлкен бір соққы бергендей болды. Дүйім бір патшалықтың қазынасындай ауыр алтын тиеліп, Алматыға жіберілді. Толық зерттеліп болған соң, күндердің күнінде Астанадағы мәдени орталықта ма, Археология мұражайында ма, бұл әшекейлер өзінің лайықты орнын табады, үлгілері көрмелермен шет елдерге шығар.
Қорытынды
Зерттеліп отырған ауданның өзіндік географиялық орналасу ерекшелігі осы жерді қоныстанған рулар, тайпалар, халықтардың өмір салтына айтарлықтай ықпал жасағаны сөзсіз. Шығыс Қазақстан облысы Сібір мен Алтай, Жетісу, Орталық Қазақстан, Қытаймен шекараласып жатуы тайпалардың тарихи дамуына, басқа мәдениеттермен етене араласып өзіндік мәдениеттердің құрылуына жағдай жасады.
XX ғасырдың ортасынан елімізде одақтық ғылыми орталықтар күшімен археологиялық экспедициялар ауқымды жұмыстар жүргізді. Соның арқасында, Алтайдың, Ертіс бойының, Шыңғыстаудың, Тарбағатайдың қола, ерте темір, орта ғасыр ескерткіштері зерттелді. Бұл кезеңнің басты жетістігі тарихи ескерткіштерді қорғаудың, жүйелеудің, зерттеудің бастамаларының жасалынуы.
Шығыс Қазақстанда XX ғасырдың 40 жылдарынан бастап 70 жылдарының соңына дейін археологиялық зерттеулер өрістеді.Атап айтсақ С.С. Сорокин, С.С.Черниковтың зерттеу жұмыстарының өзін бірнеше кезең ретінде қарастыруға болады. 1940 – 50 жылдары С.С.Черников Шыңғыстаудың қола ғасырын зерттеді. 1960 жылдары салынған су электр станцияларының су басатын орындарында бірнеше жылдар қатарынан кешенді экспедициялардың жұмыстарын басқарды, соның арқасында палеолиттан бастап орта ғасырға дейінгі ескерткіштер зерттеліп, оған байланысты монографиялық еңбектер жарық көрді. Материалдың негізгі бөлігі әлі күнге дейін мұражайларда сақталуда.
80-90 жылдардағы жұмыстардың басты өзегі Шүлбі біріккен экспедициясы (1977-1983 ж..ж.) және Оразбаевтың (1985-1988 ж), Төлеубаевтың (1989 —1998 ж.) басшылығымен жүргізілген экспедициялар болды.
Шүлбі экспедициясы кешенділігінің арқасында тас дәуірі ескерткіштерінің мол материалы алынды. Ерте Темір қорғандарынан көрі орта ғасырлық қимақ кезеңіне жататын қорғандардың көптеп кезігуі бұл жерде тайпалардағы адам санының көп болғандығын және жоғары мәдени даму сатысында болғандығын көрсетеді.
1985-1988 ж.ж. ҚазҰУ экспедициясы әлі зерттеле қоймаған қола және ерте темір дәуіріне жататын Қойтас, Черновая I, II, III, Бетқұдық, Баймұрат, Сарыкөл II қорымдары зерттеліп екі кезең хронологиясымен географиясына кейбір өзгерістер енгізілді.
1989-1998 ж.ж. бұрындары мүлдем зерттелмеген Тарбағатай тауының теріскей жағындағы қола, ерте темір және үйсін ескерткіштері зерттеліп, табылған заттардың арқасында жергілікті тайпалардың әлеуметтік-мәдени дамуының спецификасы анықталды.
1998-2004 жылдарғы экспедициялар Шыңғыстау, Қазақ Алтайы, Шілікті аңғарғында жүргізілді. Басты қазба қола, ерте темір, орта ғасыр ескерткіштерінде жүргізілді. 1998 жылы Алтайдағы 11 қорғандағы жұмыстарға Ресейден, Франциядан ғалымдар қатысып, одан табылған заттарды бүкіл әлем көруге мүмкіндік алды.Ондағы қазба жұмыстарын батыста қолданылып жүрген соңғы методикамен жүргізілді. Ал Шіліктінің 2003 жылы ашылған ағаш құрылысы жәңе табылған алтын заттар, Шыңғыстаудан табылған алтын құман өлкеміздің өткен замандардағы мәдениетінің жоғарғы дәрежесін тағы бір дәлелдеді. Ерте темір қорғандарының архитектурасын зерттеу жұмыстарының көптеген тұстары әлі толық шешім таба алай келе жатуы осы бағытта зерттеулерге көңілді көбірек бөлді қажет етеді.
Ғылыми-зерттеу жұмысын жазудың өзіндік қиындықтары және жеңіл жақтары да болды. Өлкеге байланысты деректер, зерттеулер тарихы жоғарыда айтылған белгілі археологтардың еңбектерінде кездесті. Олардан кейінгі зерттеулерге біз көбінесе шолу немесе тыңғылықты тоқталуға тырыстық. Өлке тарихы өте бай, сондықтан археологиялық зерттеулердің көптеген шешілмен сұрақтарын одан ары жетілдіріп, практикасымен қатар теориялық базаны күшейту қажет.
Археологиялық объктілерді зерттеулерге байланысты бірнеше ұсыныс бар.
- Шығыс Қазақстанда зерттеуді бірнеше аудандарда жүргізсе.
- Зерттеулер кешенді жүргізілуі қазірде археологтармен бірге палеоботаник, геолог, географ, сәулетші т.б. мамандық иелерінің қатысуымен жүгізілсе;
- Арнайы заңнамалар арқылы археологиялық объектілерді қорғау және реконструкциялау бағдарламалары жасалса.
Әдебиеттер мен сілтемелер
-
Марғұлан Х.А., Акишев К.А., Қадырбаев М.К., Оразбаев А.М., Древняя культура Центрального Казахстана.- Алма-Ата1966 , 230с. -
С.С. Черников Наскальные изображение верховий Иртыша // Советская археология -М. 1947 , 17с. -
С.С. Черников Восточный Казахстан в эпоху бронзы.-М-Л, 1960,270с. -
А.Г. Максимова. Эпоха бронзы Восточного Казахстана.// ТИИАЭ АН КазССР, 1959, т 7. -
Археологические памятники в зоне затопление Шульбинской ГЭС- Алма – Ата. 1987 , 221с. -
С.С. Черников Загадка золотого Кургана-М1965 ,211с. -
Сорокин С.С. Большой Берельский Курган.- Л 1964, 147с. -
Ф.Х. Арсланова Погребальный комплекс VІІІ-VІІ веков до нашей эры Восточного Казахстана В. кн. Глубь веков- Алма-Ата 1974,170с. -
Археологические открытия 1978 года- Москва 1979,133с. -
Вопросы истории Казахстана- Алматы 2000, 211с. -
Е.Оралбайұлы Шығыс Қазақстанның қола дәуірінің ескерткіштерінің зерттелу тарихы // ҚазҰУ хабарлары 2001. №6. -
Проблемы изучения и сохранения исторического наследия. -Алматы 1998, 181с. -
Ұ.Ү. Үмітқалиев, Ә.М. Оразбаев және Қазақстан археологиясы // ҚазҰУ хабарлары. Алматы. 2002 . -
Самашев С., Сунғатай және т.б. Алтайдағы Берел обалары // Абай №1, 2000. -
Самашев З.С. Берел // Қазақстан Ұлттық экциклопедиясы. т.2 -Алматы. 2000, 289.
16. Самашев З., Базарбаева Г. Берел.- Алматы. 2000, 210 .
17. Самашев З.С., Мыльников В.П. Погребальное сооружение скифского времени в Казахском Алтае // Проблемы археологии, этнографии, антропологии Сибири и сопредельных территорий. Том VІІ. Материалы годовой сессии Института археологии и этнографии СО РАН, декабрь 2001 г. Новосибирск, 2001,115с.
18. Отчет о работах Казахско Французской археологической экспедиции в 1998 г. // сост: Самашев З., Ермолаева А. и др. Алматы, 1999,20с .
19. М.И. Артомонов Сокровища саков М. 1978 .
20.Базарбаева Г.К. Изучение культуры древних кочевников Алтая // (изучению) Известия МОН РК сон 2000 . №1,57с.
21.Самашев З.С Берельский феномен. (История изучения памятника Большого Берельского Кургана). // Мысль 2001. №5.
22.Самашев З.С. Сокровища Кургана Берел // Ұлт тағылымы 2001 №2.
23.Самашев З., Базарбаева Г., Файзов К.Ш. Археологические памятники и палеопочвы Казахского Алтая- Алматы, 2001,181с.
24.А.Исин. Шыңғыстау, Берел, Шілікті, Абыралы. Археологиялық зерттеулер 1999 – 2003жж. Семей – 2004,184с.
25.Отчет археологические экспедиций КазНУ им.Аль Фараби // сост: Омаров Г.К. Алматы 2000,35с. (рукопись).
26.Отчет археологической экспедиций Института археология им. А.Х. Маргулана. Сост: Самашев З.С. -Алматы 2001,32с .
27.Кубарев. Курганы Юстыда.- Новосибирск . 1991,218с .
28.З.Самашев, Г. Жумабекова, Г. Кущ, Г.Суворова, А.Чотбаев, Г.Киясбек. Исследования берельских Курганов // Новые исследования по археологии Казахстана.- Алматы, 2004 .
29.З.Самашев, Г.А. Базарбаева, Г.С. Жумабекова, Г.А. Куш, Г.И. Суворова Археологичексие изыскание в Казахском Алтае // Известия НАН РК серия общественных наук 2004 №1.
30.Шәкәрім атындағы Семей Мемлекеттік Университетінің археологиялық экспедициясының есебі./ Құрастырған: А.Исин. 2003ж.
31. А.Исин. Сарыкөлде қазба қызды // Семей таңы, 29 тамыз 2002.
32.А.Исин. Алғашқы түркі алтыны қалай табылды. // Семей таңы, 27
маусым 2003 .
33.А.Исин. Шыңғыстау мен Шіліктіден археологиялық табыс // Абай, 4. 2003.
34.Нұрғалымова Г. Шығыс Қазақстанның көне тарихы мен мәдениеті- Алматы,2002, 108с.
35.Шәкәрім атындағы Семей Мемлекеттік Университетінің археологиялық экспедициясының есебі./ Құрастырған: А.Исин. 2004.
36.Айман Шарипхановна. Сокровища саков (Шілікті) // Арна 2003 24 октябрь.
37.А.Исин. Шілікті таңғажайыптары // Алтын Орда. 6 2004.
-
Ғ.Қ. Қиясбек. Қазақ Алтайы ежелгі өнеріндегі грифон бейнесі // ҚР ҰҒА-ның // хабарлары Қ.Ғ.С. 2003 . №1 -
Г.А. Базарбаева. Зверинные образы искусства ранних кочевников Казахского Алтая. Известия МОН РК, НАН РК серия общественных наук 2002 . №1. -
Кочеев В.А. Боевое оружие пазырыкцев // Древности Алтая. Горно – Алтайск, 1999. №24, 82с. -
Ширин Ю.В. Погребения скифского времени в Кузнецкой котловине // Итоги изучения скифской эпохи Алтая и сопредельных территорий. Сборник научных статей. Барнаул, 1999. 237 с. Исин А. Тайны Берельских курганов // Голос народа, 2001. №36 -
Берелдегі екінші жыл // Семей таңы. 2001 №40 -
Самашев З.С. Сокровища Кургана Берел // Ұлт тағылымы 2001 №2. -
Исаұлы. Шыңғыстау экспедициясы // Семей таңы, 3 ақпан 2000.