Файл: Шыыc ipiнi apxeoлoгиялы зepттeлу тapиxы.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 07.11.2023

Просмотров: 93

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

СОДЕРЖАНИЕ

Қазіргі таңда Қазақстан тарихын жазу үшін, оның жерінің әр пұшпағының асты – үсті, яғни археологиялық деректері мен жер бетіндегі тарихи – мәдени ескерткіштері қоса зерттелуі қажет.

Шығыс Қазақстан аймағының көне тұрғындары қалдырған археологиялық көне мұрағаттарды қазіргі таңда ұқыптылықпен жинап қарастыру алдымызда тұрған келелі мәселелердің бірі.

Шығыс Қазақстан еліміздің сарқылмас табиғи байлықтарымен ғана емес, сонымен қатар, керемет тарихи-мәдени ескерткіштерімен де белгілі.

Шығыс Қазақстан аймағына кіретін бұрынғы Семей және Шығыс Қазақстан облысы археологиялық тұрғыдан аз зерттелген аудандарға жатпайды.

Ғылыми зерттеу жұмысының міндеттері:

— ХХ ғасырдың екінші жартысында Шығыс Қазақстанда толысқан, өз мәніндегі археологиялық зерттеулердің жүргізіле басталғанын көрсету.

— С.С.Черников басқарған Шығыс Қазақстан археологиялық экспедициясына тоқталу, С.Сорокин басқарған Мемлекеттік Эрмитажының экспедиция зерттеу жұмыстарына тоқталу.

— З.Самашев басқарған жаңадан құрылған Шығыс Қазақстан археологиялық экспедициясының 1997-2003ж.ж. жұмыстарына шолу жасау және ғылыми жетістіктерін көрсету.

— ХХ ғасырдың екінші жартысындағы археологиялық экспедициялардың құрылуы және зерттеу жұмысын жүргізудегі ерекшеліктерін анықтау.

Страленберг (1730), Миллер (1750), Гмелин (1751), Паллас (1786) және Фальк (1824) бұл жерде қорғандардың көп екенін, бірақ олардың бұрыннан бері тоналып кеткенін айтады.

Алайда аталған зерттеушілердің жұмыстары нағыз археологиялық зерттеулерден әлі алшақ еді. Олар тек сипаттау мен тіркеуден басқа жұмыстарды ары қарай дамытпады.

2003 жылы Семейлік зерттеуші археолог А.Исаұлы жетекшілік ететін Шыңғыстау экспедициясы қазба жұмыстарын жүргізді. Қазба жұмыстары кезінде түркі заманының 60-қа жуық заттары табылды.

Шығыс Қазақстанның археологиялық зерттелуі жайында еңбектер жазуда теңдессіз үлес қосып жүрген археолог тарихшы ғалымдарымыздың жұмыстарына тоқталайық.

Алматыдан 1998 жылы шыққан «Проблемы изучения и сохранения исторического наследия» (Халықаралық археологиялық конференцияның материалдары) атты еңбектің ішіндегі З.З.Самашев, А.П.Франкфорд, Э. Гии ,

Тақырыптың методологиялық негізі: Материалдар, деректер, зерделеу ғылыми зерттеуді жинақтау және талдау, салыстыру, жүйелендіру сияқты жалпыға белгілі әдістер негізінде жүргізілді.

Тақырыптың хронологиялық шеңбері: ХХ ғасырдың екінші жартысынан ХХІ ғасырдың басында жүргізілген зерттеулерге тоқталдым.

ШҚО Қатон-Қарағай – ауданы Жамбыл аулының маңында үш топқа бөлінген қорғандар тобы табылды.

Кинооператорлар

Жүргізушілер


Шығыc өңipiнiң apxeoлoгиялық зepттeлу тapиxы
Жоспар
Кіріспе ....................................................................................2-8
І Тарау. ХХ ғасырдың 50-90 жылдарындағы Шығыс Қазақстандағы археологиялық зерттеулер.................................................................9-26
1.1. ХХ ғасырдың 50-60 жылдарындағы зерттеу

жұмыстарының нәтижелері..............................................................9-16

1.2. ХХ ғасырдың 70-90 жылдарындағы экспедициялар жұмыстары .........................................................................................17-26

ІІ Тарау. Шығыс Қазақстандағы 1997-2003 жылдардағы археологиялық зерттеулер............................................................................................27-55

2.1.1997-2000 жылдардағы археологиялық зерттеулер...................32-37

2.2. 2001-2003 жылдардағы археологиялық қазба және

барлау жұмыстары..............................................................................38-55


Қорытынды..........................................................................................56-58


Пайдаланылған әдебиеттер мен сілтемелер.....................................59-61
Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі: Қазіргі тарих ғылымының дамыту концепциясына сәйкес зерттеуді өлкелік тұрғыда қарастыруда Шығыс Қазақстанның тарихы мен мәдениетін, тарихи географиясын зерттеудің, өлкетанушылық жұмысқа ғылыми бағыт беріп өрістеуінің маңызы зор. Отанды сүю өлкені құрметтеуден басталатынын ескерсек, өлкетану ісіне жастардың, мектеп оқушыларының көбірек қатысып, өз бетінше зерттеу жүргізуге дағдылануы қажет. Әрбір жас ұрпақ Қазақстанның тарихын оқып үйренуді алдымен өз өлкесінің тарихын білуден бастағаны абзал.

Қазіргі таңда Қазақстан тарихын жазу үшін, оның жерінің әр пұшпағының асты – үсті, яғни археологиялық деректері мен жер бетіндегі тарихи – мәдени ескерткіштері қоса зерттелуі қажет.

Шығыс Қазақстан аймағының көне тұрғындары қалдырған археологиялық көне мұрағаттарды қазіргі таңда ұқыптылықпен жинап қарастыру алдымызда тұрған келелі мәселелердің бірі.

Шығыс Қазақстан еліміздің сарқылмас табиғи байлықтарымен ғана емес, сонымен қатар, керемет тарихи-мәдени ескерткіштерімен де белгілі.

Шығыс Қазақстан аймағына кіретін бұрынғы Семей және Шығыс Қазақстан облысы археологиялық тұрғыдан аз зерттелген аудандарға жатпайды.

Бұл өлкенің зерттелу тарихын қарастырамын деген адамға зор мүмкіндік бар. Бірақ археологиядағы осы мәселе тек С.С.Черников пен Ә.Х.Марғұланның еңбектерінде көрініс береді. Олардан кейінгі еңбектерде Шығыс Қазақстан облысы археологиялық зерттелу тарихы жайлы көп жазылмаған.
Ғылыми-зерттеу жұмысының мақсаты: ХХ ғасырдың ІІ-ші жартысынан Шығыс Қазақстанның археологиялық тұрғыдан зерттелуін кезеңдер бойынша топтап жүйелеу, зерттеулердің динамикасын және жетістіктердің өлке тарихындағы маңызын ашу.

Ғылыми зерттеу жұмысының міндеттері:

— ХХ ғасырдың екінші жартысында Шығыс Қазақстанда толысқан, өз мәніндегі археологиялық зерттеулердің жүргізіле басталғанын көрсету.

— С.С.Черников басқарған Шығыс Қазақстан археологиялық экспедициясына тоқталу, С.Сорокин басқарған Мемлекеттік Эрмитажының экспедиция зерттеу жұмыстарына тоқталу.

— З.Самашев басқарған жаңадан құрылған Шығыс Қазақстан археологиялық экспедициясының 1997-2003ж.ж. жұмыстарына шолу жасау және ғылыми жетістіктерін көрсету.

— ХХ ғасырдың екінші жартысындағы археологиялық экспедициялардың құрылуы және зерттеу жұмысын жүргізудегі ерекшеліктерін анықтау.

Зерттелу деңгейі: Бірден археологиялық зерттеулерге көшпес бұрын, өлкедегі археологиялық ескерткіштер туралы мәліметтердің қалай және қашан пайда болып, ары қарай дамуы жайлы қысқаша тоқталсақ. Шығыс Қазақстан туралы алғашқы деректер «тарих атасы» Геродоттың еңбектерінде кездеседі. Онда біздің өлкені мекендеген аримаспалар жайлы аңыз баяндалған. Археологиялық объектілер жөніндегі алғашқы шынайы мәліметтер осыдан 300 жыл бұрын орыс үкіметінің Сібірді және Шығыс жерлерді интенсивті игере бастауымен байланысты пайда бола бастады. Қытайдағы орыс елшілігінің басшысы Федор Байковтың (1654-1658 жж.) жазбаларында Ертіс жағасындағы ежелгі архитектуралық құрылыстардың қалдықтары туралы жазғаны қызықты. Шығыс Қазақстан археологиясы жайлы көлемді материалды голланд географы және юристі Н.Витизен қалдырды. Ф.И. Байковтың сипаттаған тарихи ескерткіштері кейін Петр І-нің тапсырмасымен С.Ремезовтың «Сібірдің сызба кітабында» көрсетілген. Алтайдың бай қорғандарынан қазып алынған түрлі алтын әшекей заттар кунсткамераға алынып, көне қымбат заттарды сатып алу туралы жарлық шығарылған. М.П. Гагарин Петр І-ге осы тектес заттардың екі партиясын жібереді. Міне, сөйтіп Сібірдің ерте көшпенділері өнерінің жарқын бейнесі, Ресейдің ең бірінші археологиялық коллекциясы Петр І-нің Сібір коллекциясына жиналған болатын. [1, 14] 1718 жылы Петр І-ші өз жарлығында қорғандардан табылған заттардың құнын белгіледі. Мола қазушыларды «бугровщиктер» деп атаған. Осыдан бастап өлкенің қорғандарын жаппай тонау басталды. Кунсткамераға заттар тонаумен жиналды. 1733 жылы Сібірге ұйымдастырылған алғашқы академиялық экспедицияны Г.Ф. Миллер басқарады. Оның құрамында сол кезде керемет белгілі профессорлар И.Гмелин, Л.Делокроер, геодезистер А.Красилников, А.Иванов, Н.Чекин, М.Ушаков және т.б. болды. Оларға кейін Сібірдің белгілі тарихшысы И.Фишер қосылды. Экспедицияның маршруты: Тверь – Казан – Екатеренбург – Тобыл – Тара – Железинка – Ямышев – Семей - Өскемен – Барнауыл – Кузнецк – Сібір арқылы жүріп өтті. Гмелин Қазақстандағы археологиялық ескеркіштерді картаға түсірген. Оны өзінің төрт томдық еңбегінде келтірген. ХІХ ғасырдағы әуесқой коллекционер П.К.Фролов әртүрлі көне мұрағаттардың үлкен бөлігін жинаған. Олар Эрмитаж бен Мәскеудің тарих мұражайларында сақтаулы.

Страленберг (1730), Миллер (1750), Гмелин (1751), Паллас (1786) және Фальк (1824) бұл жерде қорғандардың көп екенін, бірақ олардың бұрыннан бері тоналып кеткенін айтады.

Алайда аталған зерттеушілердің жұмыстары нағыз археологиялық зерттеулерден әлі алшақ еді. Олар тек сипаттау мен тіркеуден басқа жұмыстарды ары қарай дамытпады.

1865ж. В.В.Радлов Берел қорымында тарихта Үлкен Берел қорғаны деп аталған ескерткішке ауқымды қазба жұмысын жүргізді. «Алтай кереметі» деп аталып кеткен тоң басқан обалар археология ғылымының тарихында тұңғыш рет осы Үлкен Берел қорғанында Радлов тарапынан зерттеле басталды . Патша заманындағы В.В.Радлов және А.А.Адриановтың қазба жұмыстарынан соң, Берел қорымындағы зерттеулерді 1959 жылы С.С.Сорокин басқарған Шығыс Қазақстан археологиялық экспедициясы жалғастырды Үлкен Берел қорғандар тобына зерттеулер жүргізді. 1997-1999 жылдары ҚР Білім және Ғылым министрлігі Ә.Х.Марғұлан атындағы Археология институтының, Ресей Федерациясының Мемлекеттік эрмитажы, Әл-Фараби атындағы ҚазМҰУ, РФ-ның Кемеров Мемлекеттік университеті және Францияның ғылыми зерттеу ұлттық орталығының бірлескен археологиялық экспедициясы Шығыс Қазақстан облысы Қатон Қарағай ауданында Майемер, Берел, Тарасу қорымдарына жаңа археолоргиялық зерттеу жұмыстарын бастады .
2000-2004 жж З.Самашев басқарған ШҚАЭ жұмыстары Ә.Х.Марғұлан атындағы Археология институтының,ҚазҰУ-ның, Шәкәрім атындағы СМУ(бүгінгі күнде Семей Мемлекеттік Педагогикалық Институтының) қатысуымен жалғаса түсуде .
Катон-Қарағай ауданында орналасқан археолгиялық ескерткіштермен қатар, зерттеліп жатқан аймақтар солтүстік Тарбағатай мен Зайсан өңірі . 1989 жылдан бастап Ә.М.Оразбаев, Ә.Т.Төлеубаев бастаған экспедиция Семей өңірін зерттеді. Экспедиция құрамында ғылыми қызметкер Ғ.Омаров, Е.Бияров, т.б. болды. Бұл экспедиция бұрынғы Семей облысының Ақсуат ауданында Ескеалмас, Масалы ескерткіштерін зерттеді. 1996 жылы Ә.Т.Төлеубаев бастаған экспедиция Шығыс Қазақстанның Ақсуат ауданы Көкжыра елді мекені жанынан қола дәуірінің 5 қоршауын қазып зерттеді. 1998 жылы осы экспедиция Ақсуат ауданы Құлбабас ауылының жанынан қола дәуірі ескерткіштерін зерттеді. Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданындағы Шілікті қорғандары ежелден зерттеушілердің қызығушылығын тудырды. Шілікті қорғандарын 1949-1962жж. С.С.Черников тыңғылықты зерттеді. Көп жылдардағы жұмыстарының ең тамаша нәтижесі 1960 жылы қазған «Шіліктінің алтын қорғаны» болды. 2003жылы Шіліктіде Әл Фараби атындағы ҚазМҰУ және Шәкәрім атындағы СМУ-дің біріккен археологиялық экспедициясы қазба жұмыстарын жүргізді. Экспедиция басшылары Ә.Т.Төлеубаев, Ғ.Қ.Омаров, А.Исин болды.

Тағы бір зерттеліп жатқан өлке Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданына қарасты Шыңғыстау Сарыкөліндегі ескерткіштер. Бұл жерде алғашқы археологиялық зерттеулерді 1947 жылы археолог Нифонтова, одан соң 1949 жылы С.Черников басшылығындағы Шығыс Қазақстан археологиялық экспедиция тарапынан зерттелген болатын. Одан кейінгі зерттеулер ҚазМҰУ және Семей МУ бірігуімен Шыңғыстауда 1999 жылы жалғасын тапты. Экспедияға Ә.Т.Төлеубаев, Ғ.Қ.Омаров және А.И.Исин басшылық жасады. Қазба жұмыстары Текебұлақ қорамында жүргізілді.
2002 жылы Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданындағы Шыңғыстау жерінде Әл-Фараби атындағы ҚазМҰУ мен Шәкәрім атындағы СМУ-нің қатысуымен болған Шыңғыстау экспедициясы жалғасты. Оған профессор Ә.Т. Төлеубаев, т.ғ.к., доцент А.И.Исин басшылық жасады.

2003 жылы Семейлік зерттеуші археолог А.Исаұлы жетекшілік ететін Шыңғыстау экспедициясы қазба жұмыстарын жүргізді. Қазба жұмыстары кезінде түркі заманының 60-қа жуық заттары табылды.

Шығыс Қазақстанның археологиялық зерттелуі жайында еңбектер жазуда теңдессіз үлес қосып жүрген археолог тарихшы ғалымдарымыздың жұмыстарына тоқталайық.

Алматыдан 1998 жылы шыққан «Проблемы изучения и сохранения исторического наследия» (Халықаралық археологиялық конференцияның материалдары) атты еңбектің ішіндегі З.З.Самашев, А.П.Франкфорд, Э. Гии ,

А.С.Ермолаева, Г.С.Жұмабекова, С.Сұңғатай, Ж.М.Жетібаев, Ғ.Қ.Омаровтың «Исследование культуры древних кочевников Казахстанского Алтая» атты біріккен мақаласында, 1997-1998жж. Қатон Қарағай ауданының территориясында А.Х.Марғұлан атындағы Археология институты ҒА-сы Франция мен Орта Азияның археолог мамандарының қатысуымен ерте көшпенділердің ескерткіштерінің зерттеуге арналған археологиялық қазба жұмыстарының қорытындылары жарық көрді. Онда негізінен Майемер ІІ, ТарАсу, Берел ескерткіштерінің зерттелуі жазылған №11 және №18 қорғандарға аса тоқталып өткен. Қазақ тарихы журналының 1999 жылғы №2 санында З.С.Самашев, Г.Жұмабекова, С.Сұңғытай «Ежелгі Берелдіктердің ғажайып мәдениеті» атты біріккен мақаласында 1998 жылы 25 шілде мен 6 қазан аралығында ШҚО Қатон-Қарағай ауданының Берел қорымында Қазақ – Француз біріккен экспедициясы жүргізген қазба жұмыстарының кейбір қорытындылары берілді. Сонымен қатар Берел қорғандарынан табылған материалдарға байланысты анықталған сақтардың діни мифологиясымен наным сенімдері, жерлеу ғұрыптары жайында З.С. Самашев., Г. Базарбаева, Г. Жұмабекова, С. Сұңғатай «Берел» атты еңбекті жарыққа шықты. Тағы бір ұжымдық еңбек З.С.Самашев, Е.Ш.Файзов, Г.А.Базарбаева «Археологические памятники и палеопочвы Казахского Алтая» Алматыдан 2001 жылы шықты. Онда Берел қорғандары жайлы жазылып, олардың нақты жасы берілген. Басқа тарауларында сол аймақтағы қазіргі қалыптасқан топырақтың мәдени қабаты, топырақты археологиялық зерттеудің әдістері, топырақтың морфологиялық, микроморфологиялық құрамы ерекшеліктері жайында айтылған. Семейлік тарихшы, археолог А.И.Исиннің Берел қорғандары және археологиялық экспедиция барысы жайында мақалалары «Семей таңы» газетінің 2000-2001, «Голос народа» газетінің 2000-2001, «Контакт» газетінің 2000-2001 сандарында жарияланды. 2004 жылы А.И.Исиннің «Шыңғыстау, Берел, Шілікті, Абыралы 1999-2003жж. археологиялық зерттеулер» атты еңбегі жарыққа шықты. Онда зерттеу мақалалары мен өзге де материалдар жарияланды. Шыңғыстаудың қола ғасыры, ертетемірі мен орта ғасырлары, сондай-ақ Ертіс өңірінің Зайсан, Қатон Қарағай аудандарының ертетемір заманындағы ескерткіштерін барлау және қазу жұмыстары туралы мағлұматтар молынан берілген.
Деректемелер: Зерттеу жұмысының деректемелік негізін құрайтындар: өлкедегі археологиялық экспедициялардың есептері, экспедиция жетекшілерімен ғылыми қызметкерлердің дала күнделіктері, сызбалар мен жоспарлар, фото, видео материалдар. Олар қолжазба түрінде де, жарияланған үлгілер түрінде де қолданылды. Тақырыптың практикалық негізі: Шығыс Қазақстанның археологиялық зерттелуінің практикалық маңызы өте зор. Өйткені өлке тарихын танудың үлкен бір саласы тарихнамасын қарастырудан басталуы тиіс. Егер зерттеулер тарихы жүйеленіп, халыққа неғұрлым ұғынықты тілмен сипаттала жазылса, ол еңбекті мектептерде, жоғарғы оқу орындардағы сабақтарда көмекші құрал ретінде пайдалануға болар еді. Оқушылар соның арқасында мектеп жасынан археологияның проблемалық, әлі шешімін таппай келе жатқан сұрақтарын талқыласа пәнге, отан тарихына деген қызығушылығы өсері сөзсіз.