Файл: Шыыc ipiнi apxeoлoгиялы зepттeлу тapиxы.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 07.11.2023

Просмотров: 96

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

СОДЕРЖАНИЕ

Қазіргі таңда Қазақстан тарихын жазу үшін, оның жерінің әр пұшпағының асты – үсті, яғни археологиялық деректері мен жер бетіндегі тарихи – мәдени ескерткіштері қоса зерттелуі қажет.

Шығыс Қазақстан аймағының көне тұрғындары қалдырған археологиялық көне мұрағаттарды қазіргі таңда ұқыптылықпен жинап қарастыру алдымызда тұрған келелі мәселелердің бірі.

Шығыс Қазақстан еліміздің сарқылмас табиғи байлықтарымен ғана емес, сонымен қатар, керемет тарихи-мәдени ескерткіштерімен де белгілі.

Шығыс Қазақстан аймағына кіретін бұрынғы Семей және Шығыс Қазақстан облысы археологиялық тұрғыдан аз зерттелген аудандарға жатпайды.

Ғылыми зерттеу жұмысының міндеттері:

— ХХ ғасырдың екінші жартысында Шығыс Қазақстанда толысқан, өз мәніндегі археологиялық зерттеулердің жүргізіле басталғанын көрсету.

— С.С.Черников басқарған Шығыс Қазақстан археологиялық экспедициясына тоқталу, С.Сорокин басқарған Мемлекеттік Эрмитажының экспедиция зерттеу жұмыстарына тоқталу.

— З.Самашев басқарған жаңадан құрылған Шығыс Қазақстан археологиялық экспедициясының 1997-2003ж.ж. жұмыстарына шолу жасау және ғылыми жетістіктерін көрсету.

— ХХ ғасырдың екінші жартысындағы археологиялық экспедициялардың құрылуы және зерттеу жұмысын жүргізудегі ерекшеліктерін анықтау.

Страленберг (1730), Миллер (1750), Гмелин (1751), Паллас (1786) және Фальк (1824) бұл жерде қорғандардың көп екенін, бірақ олардың бұрыннан бері тоналып кеткенін айтады.

Алайда аталған зерттеушілердің жұмыстары нағыз археологиялық зерттеулерден әлі алшақ еді. Олар тек сипаттау мен тіркеуден басқа жұмыстарды ары қарай дамытпады.

2003 жылы Семейлік зерттеуші археолог А.Исаұлы жетекшілік ететін Шыңғыстау экспедициясы қазба жұмыстарын жүргізді. Қазба жұмыстары кезінде түркі заманының 60-қа жуық заттары табылды.

Шығыс Қазақстанның археологиялық зерттелуі жайында еңбектер жазуда теңдессіз үлес қосып жүрген археолог тарихшы ғалымдарымыздың жұмыстарына тоқталайық.

Алматыдан 1998 жылы шыққан «Проблемы изучения и сохранения исторического наследия» (Халықаралық археологиялық конференцияның материалдары) атты еңбектің ішіндегі З.З.Самашев, А.П.Франкфорд, Э. Гии ,

Тақырыптың методологиялық негізі: Материалдар, деректер, зерделеу ғылыми зерттеуді жинақтау және талдау, салыстыру, жүйелендіру сияқты жалпыға белгілі әдістер негізінде жүргізілді.

Тақырыптың хронологиялық шеңбері: ХХ ғасырдың екінші жартысынан ХХІ ғасырдың басында жүргізілген зерттеулерге тоқталдым.

ШҚО Қатон-Қарағай – ауданы Жамбыл аулының маңында үш топқа бөлінген қорғандар тобы табылды.

Кинооператорлар

Жүргізушілер



Бұл қорғандарды зерттеу барысында жерлеу ғұрыпы туралы жаңа ақпарат алынды. Архитектура, құрылыс ерекшеліктері анықталды. Зерттеу жүрген қорғандар әр түрлі дәуірлерге жатады. Бұл қорғандардың маңызын артыра түсірді. [28,24-32]

Таутекелі қорғандар тобы Бұхтырма өзенінен 14 шақырым биіктікте Аршат ауылының шығысында орналасқан. Бұнда бірнеше жүздеген қорғандар тобы табылды, қорғандар диаметірі 5 – 12 м., биіктігі 0,2 – 2,0 м. болды.

Осы жылдары ШҚО Қатон-Қарағай ауданы Берел ауылының турғыны Арал Қамбаев темірден жасалған қанжар тауып алған бұл қанжар б.з.д. IV – III ғғ. жатады. Өскемен қаласының тұрғыны Сергей Алексеев қола пышақ тауып алған. Өскемен қаласынан бұл пышақ б.з.д. VII – ІV ғғ. жатқызылды. ШҚО Жарма ауданы Георгиевка аулының тұрғыны Марат Тоқашев бақша қазу барысында қола белдік тауып алған, онда таутеке суреті бар. [29,223-225]


Кесте №1.

З. Самашев басқарған Шығыс Қазақстан Археологиялық Экспедициясының


Берел обаларында жүргізген зерттеулері

Жылы

Оба

1998-1999

№№11, 18

2000

№№25, 34

2000-2001

№33

2000-2002

№32

2001-2002

№31

2002

№36

2003

№37, 23, 38

2004

№№39, 73


1999 жылы бастау алған Шыңғыстау экспедициясы 2002 жылы Әл-Фараби атындағы ҚазМҰУ мен Шәкәрім атындағы СМУ-нің қатысуымен Шыңғыстау экспедициясы жалғасты. Оған профессор Ә.Т. Төлеубаев, т.ғ.к. А.И. Исин басшылық жасады. Экспедиция құрамында кәсіби археологтар Ғ.Қ.Омаров, Ұ.Үмітқалиев және Шәкәрім атындағы СМУ-дің 48-студенті қатысты. Зерттеулер негізінде орта қола заманының екі тас қоршауы және соңғы қоғаның қорған қоршауы мен тас шеберханасы қазылды.

Қопа өзені бойындағы ескерткіштер Сарыкөл өзенінен 7-12 шақырым қашықтықта орналасқан. Онда қола ғасырына жататын қорғандар тобы орналасқан: Текебұлақ – 1 (Сарыкөл-1), Текебұлақ – 2, Текебұлақ – 3, Текебұлақ – 4 (Сарыкөл-2), Қопа-1, Қопа-2.

Қазба жұмыстары Текебұлақ – 1 қорымында жүргізілді. [ 30,11]

Текебұлақ – 2, Текебұлақ – 3 қорымдары Текебұлақ – 1 қорымынан оңтүстік – батысқа қарай 1-2 шақырым жерде орналасқан.


Текебұлақ – 2 ,14 қорғаннан тұрады, оның 12-сі негізгі. Бұл жерде қола дәуірі мен Ертетемір дәуірі ескерткіштері ерекшеленеді. Қола дәуірінің орталық қорғанның диаметрі 33 м. Бұл қорғанның батысына қарай ұсақ қорғандар орналасқан, диаметрі 2,5-9 м-ге дейінн Негізгі қорғаннан оңтүстік – шығысқа қарай 35 метр жерде ерте темір дәуірінің муртты қорғандары орналасқан, оның диаметрі 20 м.

Текебұлақ – 4. 11 қорған – қоршаудан тұрады, ең үлкенінің диаметрі 8,5м. Бұл қорғандар орта, соңғы қола дәуіріне жатады.

Қопа – 1. ескерткіштері қола ғасырына жатады. Қорған – қоршаулардың жалпы саны 23. Солтүстік – батыс, солтүстік – шығыста орналасқан екі қорған өздерінің үлкен диаметрімен ерекшеленеді. Диаметрлер 3 және 10 метр.

Текебұлақ – 1 ескерткіші. Текебұлақ бұлағаның оңтүстігінде 900 метр жерде орналасқан. Қорған қола дәуірінің 35 қорған – қоршаудан тұрады. Негізгі соңғы қолаға жататын 21 қорған солтүстік тізбекте орналасқан. Тағы бір қорғандар тізбегі оңтүстік батыста созылып орналасқан. Орталық қорғаннан шығысқа созылған қорғандар тізбегі бар. Негізгі қорғандардан 250 метр жерде орналасқан қоршау бар. Ол Шет деп аталады. Текебұлақ – 1 қорғандар тобына кіргізілді.

Шет қорғанның ішкі құрылысы. Тікбұрышты құрылыс, өлшемі солтүстік - оңтүстігі 506 см, батыс – шығ,ысы 380 см, шығыс қабырғасының ортасында қырынан қойылған екі плита тұр, өлшемі 92х50, 92х32 см. Плиталар қалыңдығы 10-12 см. Қабырға биіктігі 50 см. Ортасында құлап жатқан стела бар биіктігі 162 см, қалыңдығы 20-24 см.

Қазу барысында қабірді жапқан екі плита табылды.

Қабір камералардың орналасуы батыс – шығыс екеуінің арасы 70 см. Екеуінің де ұзындығы 160-165 см, ені 30 см. Қабірді жауып жатқан плиталардың өлшемі 127х69, 112х50 және 95х69 см. Қабірдің ішіндегі солтүстік оңтүстік қабырғалары 12 қатардан тұратын тастан қаланған. Биіктігі – 105 см. Батыс қабырғасы тас плита биіктігі 120 см, ені 64 см, қалыңдығы 14 см. Шығысындағы плита биіктігі 106 см, ені 58 см, қалыңдығы 13 см. Қабірдің полы жалпақ, тас плитадан тұрады. Ені қабірде де өртенген адам сүйектерінің қалдықтары табылды. Оңтүстік қабірдің ішінен екі жақсы сақталған қыш ыдыс шықты.

Дөң Текебұлақ – 1 қорымында орналасқан орта қолаға жатады. Екі қоршаудан тұрады, іші дөңгелек форма, шеті тік төртбұоыш болып келеді. Екі дөңгелек қоршаудың диаметрі 450-475 см (ішінен) 535-570 см. (сыртынан). Сыртқы төрт бұрышты қоршау өлшемі: 720-765 х 805-855 см. Осыған ұқсас ескерткіштер орталық Қазақстанда Қанатас ескерткіштерінен кездеседі. [24,71-79]. Ішкі қоршау үлкен ұқыптылықпен істелген қоршау плита тастардан қаланған өлшемі 30-60 см, 78 қатардан қаланған. Кейбір тастардың размері 70 см болады. Құрылыс қатаң геометриялық талаппен жасалған. Қоршаудың ішінен екі стелла табылды. Біреуінің биіктігі 143 см, ені 38 см, екіншісі 112 см. Қоршаудың ішінде екі қабір орналасқан аралары 70 см. екеуі де жалпақтау тас плитамен жабылған. Екі плита аралығы 25-30 см. Тас плитамен ішкі дөңгелек қоршауға дейінгі қашықтық 70-100 см. Батыс қабырғаға дейін 107 см, шығыс 50-65 см. [30, 8]



Қабірлер батыс-шығыс бағытта орналасқан. Оңтүстік қабірдің өлшемі (156х65). Солтүстік қабір (150-62 см), тереңдігі екеуінде 1 метрдей. Шамамен оңтүстікте ер, солтүстікте әйел адам жерленген болу керек. Солтүстік камера цисталық клаткадан жасалған. Оңтүстік камера аралас жасалған, оның батыс, шығыс қабырғалары бүтін плитадан тұрады. Екі қабірдің ортасында өртенген адам сүйектерінің қалдықтары табылды. Оңтүстік камерадан керамикалық сынықтар , солтүстік камерада жақсы сақталған қыш ыдыс шықты.

Орталық қорған 1947 ж. Л.Нифонтова, 1948-1949 жж. С.Черников тарапынан естелікке алынған. Бұл қорғанды қазу 2002 ж. басталды. Орталық қорған диаметрі 23 метр, қоршау тастарының саны 79, оның 75-і өз орнында тұрды, әрбіреуінің биіктігі 180-195 см., қалыңдығы 10-18 см.

Плиталар мен қоршау дұрыс шеңбер құраған. Барлық плиталар ортасына қарай бірдей градуста еңкейтілген. Плиталар дұрыс қиылып бір-бірімен тіркес жақын орналасқан. Плита қоршау арнайы қосымша табандармен күшейтілген. Әрбір плита салмағы 400 кг. асады. Қорғанның ортасы тас белдемемен қоршалған. Қорғанды қазу барысында ішінде орталық қоршау табылды. Ішкі қоршаудың диаметрі ені 6 метр ұзындығы 10 метр.

Ішкі қоршаудың ортасында екі камера табылды. Оңтүстік камера үлкенірек болып келеді. Камера ішінен өртенген сүйек қалдықтары бар.

Шеберхана. Орталық қорғанның шығыс жағында орналасқан. 10х15 м қазу барысында көптеген тас бұйымдар шықты. Бұл жерден үлкен 24 плита табылды. Бұлардың көбі өткелде станок қызметін атқарған. [31, 6]

Текебұлақ – 1 ескерткішін қазу. Бұл аймақтың қола ғасырын зерттеуге үлкен жол ашты. Орта қола ғасырындағы зерттеу ғұрпының конструкциясы анықталды. Қосарлана жерлеу ғұрыпы анықталды. [30, 10]

2003 ж. мамыр айында Шыңғыстау экспедициясы барлау жұмыстары кезінде үлкен жаңалық жасады. Барлау жұмысында 2 мұғалім, 9 студент- магистрант, 1 жол көрсетуші, 2 киносъемка жасаушы болды. Түркі дәуіріне жататын ескерткішке реконструкция жасау барысында 0,5 м тереңдіктен 60-қа жуық заттар табылды. Оның 31 алтын элементтер мен олардың бөлшектері. [32, 6]

Алтын құмыра биіктігі 5,3-5,4 см, диаметрі 2,8, 3,5 – 4,0, 3,2 см. Тұтқасының диаметрі 1,2 см. Салмағы 17,9 гр. Жапырақшалар құмыра ішінен 10 жапырақша табылды. Оралған ұзындықтары: 21,2; 21,2; 21; 2; 15,6; 12,7; 11; 3; 10,8; 7,7; 3,9; 2,6 см. ені 0,6; 1,5 см дейін.

Дөңгелек жапсырмалар саны 10 дана. Салмағы 0,8 гр. диаметрі 2,9 см. Құлып тәрізді жапсырмалар 7 дана, ұзындығы 3,6, диаметрі 1,7 см, салмағы 0,6г. Төртбұрышты жапсырма: 4 дана өлшемдері әр түрлі: 1,5х1,5; 1,5х1,3; 1,5х1,5; 1,6х1,4 см, салмағы 0,2 г. бір жапсырмада арапша жазу бар.


Күміс бұйымдар мүйіздің суреті бар жапсырма 1 дана өлшемі 1,8х1,5 см дөңгелек жапсырмалар диаметрі 2,5 см 3 дана, құлып тәрізді жапсырма 4 дана ұзындығы 3,6 см, ені 1,01,3 см жапырақ тәрізді бұйымдар 3 дана өлшемі 6,8 х 3,0; 5,6х2,5; 5,2х2,1 см.

Қола бұйымдар 3 зат табылды. Темірден жасалған бұйымдар ат әбзелдері ауыздық 3 дана. Үзеңгі 3 дана. Айылдардың басы 2 дана.

Найза ұшы. ұзындығы 7,4 см, ені 2,3 см.

Қорыта айтқанда, бұл заттарға анализ жасай келе бұл заттар 8-9-ғасырларға жатады деп шамалауға болады.

Шыңғыстаудан табылған бұл заттар ортағасырлық Қазақстанның рухани, материалдық мәдениетін танып білуге мол жолашты және қазақтардың Сібір және Алтай көшпелілері мен мәдени сабақтастығын көрсетті. [33, 13].

Шыңғыстауда табылған түркі заманың заттарына байланысты баспасөз (БАҚ) беттерінде 2003 ж. мынадай мақалалар мен хабарлар жарық көрді.


  1. Исаұлы А. Көне түркі және қалмақ құндылықтары // Қазақ тарихы. 2003 №4,8 11-66

  2. Исин А. Шыңғыстау мен Шіліктідегі археологиялық табыс // Абай. №4 1-7б.

  3. Алғашқы түркі алтыны қалай табылды. // Семей таңы 2003 27 маусым

  4. Раскопки – это все-таки то же варварство // Новости недели 2003 №33 с.24

  5. Айсберг М. Золото Гениума // Арна. 2003 13 июня

  6. Ахметқалиева Ш. Шыңғыстаудан алтын құман табылды. Ертіс өңірі, 2003 19 маусым.

  7. Борисова О. Шынгыстауский клад – из средневековия // Спектр, 2003 19 июня.

  8. Кенемолдин М. Шыңғыстаудан алтын құман табылды. // Семей таңы 2003 13 маусым.

  9. Кратенко А. Мечта найти клад иногда сбывается // Рудный Алтай 2003

  10. Мамаева М.В. Шынгыстау найден клад// Мерей 2003 №3 с.13

  11. Рубева Н.В. Шынгыстау найден золотой кувшинчик. // Голос народа 2003 19 июня

  12. Сейсенұлы Д. Сарыкөлде табылған алтын бұйымдар // Егемен Қазақстан 2003 25 маусым 8б.

  13. Троценко Л. Золотой Кувшинчик – Причина раздора // Наше дело 2003 19 июня.

  14. Часнык Л. Шынгыстауская находка // Казахстанская правда 2003 18- июня.



Кесте № 2.

2003 ж. маусымда жүргізілген экспедицияның құрамы.

Басшылары, ғылыми қызметкерлер мен студенттер.

  1. Исин Амантай Исаұлы т.ғ.к. экспедиция басшысы.

  2. Сайлаубай Ерлан Ерназарұлы т.ғ.к. экспедиция басшысының орынбасары.

  3. Алшынбаев Қайыржан, магистрант.

  4. Жұматаев Ринат, студент.

  5. Траисбаеев Нұрлыбек, студент.

  6. Қыдырханов Тимур, студент.

  7. Саниязов Ержан, студент.

  8. Испаев Ерлан, студент.

  9. Балтабеков Нұрбол, студент.

  10. Алжанов Думан, студент.

  11. Мукаев Жандос, студент.



Экспедицияға жол көрсетуші

  1. Шулгаубаев Какен.