ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 07.11.2023
Просмотров: 97
Скачиваний: 2
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Кинооператорлар
-
Ибраемова Зауре Капановна, директор ТОО “Гениум” -
Есимханов Асан Канатович, оператор ТОО “Гениум”
Жүргізушілер
-
Берикжанов Ерлан ШҚО Абай ауданының СЭС жүргізушісі. -
Лещенко Константин ТОО “Семей көлігі - TRANS” жүргізуші
Шілікті алқабы – көлемі батыстан шығысқа қарай – 60, солтүстіктен оңтүстікке қарай – 30 шақырымдай, төрт жағынан тау қоршаған теп-тегіс үлкен алқап. Теңіз деңгейінен биіктігі – 1100 метр. Алқапты терістікте Маңырақ, түстікте Қазақстан мен Қытай шекарасын белгілеп тұрған Тарбағатай, күншығысында Сауыр, Жүрек таулары, күнбатысында Терісайрық өзенінің сол жағалауынан басталатын қырат-жоталар шектейді. Жазы салқын, тау қақпалары арқылы үрленетін желді, қысы жұмсақ, қары аз келеді. Суы мол, оты құнарлы. Тарбағатай, Маңырақ, Сауыр, сайқан аймақтарының таңдаулы қыстаулары ықылым замандардан бері осында орналасқан. [34,100-103].
Әйгілі археолог Сергей Чирников қазба жұмыстарын 1949 жылы бастап Шілікті қорғандарын 1959, 1960-1962 жылдары және одан кейін де қазып зерттеді. Көп жылдарғы жұмыстарының ең тамаша нәтижесі 1960 жылы қазған «Шіліктіның алтын қорғаны» болды (зерттеуші жоспарында бұл ескерткіш Шілікті селосы төңірекгінде №5 қорған деп белгілеген).
2003 жылы Шілікті алқабы, Жалши тауырының маңында қазылған Қараоба-Бәйгетөбе ескерткішінде табылған алтын, оның ішінде аңдық стильмен жасалған алтын әшекейлер тіпті көп. Олар керемет әсем, таңқалысты дүниелер. Оба үйіндісінің астындағы пирамидалық құрылыстың құламай ашылуы аса зор табыс болды.
Қазақ ұлттық университеті «Қазмұнайгаз» ұлттық компаниясының демеушілігімен ірі ескерткіштерді қазып шығу жоспарын құрып, бұл жоспар Археология институты, оның ертетемір бөлімі, әйгілі зерттеуші Зейнолла Самашев тарапынан мақұлданды. Бұл жоспарды жүзеге асыру жолында Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің ректоры Ерлан Сыдықовқа және археологиялық экспедициясына қазба жұмыстарын бірігіп жүргізуге ұсыныс жасалды. Осылайша екі университеттің күш біріктіруімен және Археология инситутының үйлестіруімен Шілікті алқабындағы алып қорғандарды зерттеу жұмыстары қырық жылдан соң қайтадан жалғасын тапты. Экспедиция басшылығында бес жыл бойы ынтымақтасып келе жатқан үш зерттеуші тұрды: тарих ғылымдарының докторы, профессор, Қазақ Ұлттық Университеті археология мен этнография кафедрасының меңгерушісі Әбдеш Тәшкенұлы Төлеубаев, орынбасары – археолог Ғани Қалиханұлы Омаров және Исин Амантай Исаұлы. [35,7].
Маусым айындағы барлау кезінде зерттеуге Жалшы ауылының маңындағы Бәйгетөбн деп аталып кеткен аса ірі қорған таңдалды. Бұл төбенің бұрынғы аты Қараоба.
Қазба жұмыстарына көмекші персоналды есептемегенде, Семейден 54, Алматыдан – 25 жиыны 79 адам қатысты, олардың көпшілігі Бәйгетөбеде еңбек етті. Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінен үш ұстаз, 40 студент қатысты. Университет мұғалімдерінен қазба жұмыстарының бас кезінде Гүлжанат Қабдылкәрімқызы Рахимова, орта тұсында Ерлан Ерназарұлы Сайлаубай еңбек етті.
Бәйгетөбеден өзге ғұн-үйсін заманының төрт кіші қорғаны да қазылды. Семейдегі №5 мектеп-гимназиясының Тоты Күмісбекқызы бастаған шығын жасағы он күндей табысты еңбек етіп, Жалшидағы төртінші кіші қорғанды қазып шықты. Оларға магистрант Қайыржан Алшынбаев, өлкенің қазыналарына қызығушы Кәкен Шұлғаубаев үлкен көмек көрсетті.
Бәйгетөбе деген таңғажайып ескерткішті соңына дейін қазып шыққан студенттер Нұрлыбек Трайыспаев, Темір Қыдырханов, Ұлан Жанғалиев, Жандос Мұқаев, Денис Бобров, Ержан Саниязов болса, Семейдің геодезия және картография колледжінің студенттері Дәурен Қабдиев пен Алена Луковенко қазбаның бүкіл сызба-жоспарларын жасады.
Алматылықтардан қазба бастықтары аспирант Ұлан Үмітқалиевтің, Ерден Оралбаевтың, мұғалім Ерлік Төлегеновтың, магистрант Нүрлыхан Әділжанов, Мерей Абзалбеков пен Сержан Ербасынов, студент Дулат Ибрагимов еңбек етті. [35, 10]
Қазба басына сәулетші Жалалетдин Шәйкен, реставратор Қырым Алтынбеков келді. Жабдықтаушылар, техникамен көмек көрсетушілердің де күш-жігері бір арнаға қүйылды.
Қараоба-Бәйгетебенің сегіз метрге тіреп тұрған зәулім үйіндісі оның заманындағы ерекше қасиетін білдіргендей. Оба ішіндегі құрылыстың төбесіне дейні ғана үстінен екі жарым метр топырақ алынды. Техникамен қатар отыз-қырық археологтың күректеген арпалысы қатарласа жүріп жатты. Көріне бастаған тас құрылысты қыздар тазалап отырды. Аршылған құрылыстың көлемі өсе келе бульдозер де тастан шеттеп, біртіндеп бес-алты метр тереңдіктегі топырақты сырды. Төрт траншеямен, орталық құрылыстың сыртқа сырылған, күрелген, шығарылған топырақ көлемі 20 мың текше метрден асты. Бұл жұмыстарды атқаруға жиырма күндей уақыт кетті. Бұзылмаған сегіз қабырға ескерткіштің тұрғызылу шежіресінен мол мағлұмат береді. Малтатаспен көмкерілген үйінді шеті, құрылыс шетімен дөңгелене тізілген ірі тастар диаметрі 54 метр шеңберді құрайды. Құрылыс үстіндегі топырақ кем дегенде үш мезгілде үйілген. Қабырға қиындыларында байқалатын сызықтар сол көне жұмыс кезеңдерін шектейді. Алғашқыда шеттері балшықпен бекітілген тас пирамида төрт метрлі биіктікпен толық жабылған. Екінші кезеңде екі-екі жарым метр, үшінші кезекте үш метрдей қалыңдықта топырақ үйілген. Обаның бастапқы биіктігі, сонымен, 9 метрден асқан. Шөгіп, аласарғандағысы, геодезиялық әдіспен өлшегенде 7,9 метр. Шетке ұшқан және етекке жиналған топырақ оба үйіндісінің диаметрін 100-120 метрге жеткізген. Үйіндіні аршу біздің жұмысымызды бастап бергенімен, топырақты үю көне құрылысшылар жұмыстарының соңғы төртінші кезеңі болатын.
Археологтар жұмысының екінші кезеңінде оба ішіндегі тас құрылыс толық тазартылды. Беткі жағын тазартқанда құрылыстың төрт бағытынан бөрене ұштары көріне бастаған. Шеткі, ірі бекітпе тастармен есептегенде биіктігі 3,5 метр, көлемі 16x17,5 метр-тас құрылыс ағаш конструкцияны сыртынан қаптап тұрғандығы анықталды. Тас құрылыстың төрт қабырғалы, бөренелі-тас қиық пирамида сипатында екші көрінді. Ұсақ және ірі тастар араластыра үйілген. Басты мақсаты - құрылысты бекіту, оның ағаштарының ауамен тыныстауын қамтамасыз ету болса керек. Тас құрылыс та жиырма күн көлемінде аршылып, тазартылып бітті.
Тас пирамида қаншама әсем, көрікті келгенімеқ оны жан-жақтан түрлі фото жәш видеобейнеге көптеп алған соң, амалсыз бұзылды. Бұл кезде Зайсанның жол-құрылыс басқармасы жұмысы тәмамдалған бульдозер орнына тиегішті жөнелтті. Әуелі беткі тастар алынды. Одан соң қабырға тастары алынды. Бұл жұмыстар тағы жиырма күндей жалғасты. Қазба басында күнде он ұл төрт тонналық тиегіш шөмішін толтырумен болды. Қазба жұмыстарын тұрақты түрде табандылықпен Ғани Қалиханұлы, Ұлан Үмітқалиұлы жүргізіп тұрды. Сөйтіп, тамыз айының соңында көне құрылысшылар жұмысының үшінші кезеңі кері ретпен қайталанды.
Ендігі басты міндет - ашыла бастаған бөренелі қиық пирамиданы мейлінше дұрыс аршу болатын. Ертетемір дәуірі, сақ заманының құрылысшылары осы бір конструкцияны ғажап өнер үлгісімен тұрғызды. Қалыңдығы 30-35 сантиметрдей келетін ғасырлық қызыл қарағай бөренелерді алыстан қиып әкелген. Бөрене бастарындағы көлемі 10x15 сантиметрдей ойықтар олардың сүйретіп әкелінгенін көрсеткендей. Қос бөренені қатар қойып, араларын, жанын таспен бекіту әдісімен жеті катар жоғары қаланып, айқасқан бөренелердің арасындағы қуыстар ірі-ірі тастармен бекітілген. Пирамида қабырғалары бөренелері әр қатар сайын ішке қарай жылжытыла қаланған. Қиық пирамиданың беті солтүстік-оңтүстік бағытпен тартылған бір қатар бөренелермен жабылыпты. Бөренелер аралықтарындағы тастар ағаштың тыныстауына, шіріп кетпеуіне табиғи жағдай туғызған. Бұл бөренелердің жақсы сақталуы қатты таң қалдырды. Контейнерлермен жеткізілген арнайы ерітінділер жоқ, ағаштар жел өтіне, күн көзіне шыққан соң тез күйіп, үгітіліп кетті. [36, 13].
Ағаш құрылыстың хас беті (фасады), әрине, шығыс жағы. Ол ерекше әсем, кербез, сәл шалқайта тұрғызылған, өзге қабырғаларынан көлемді. Оның бөренелерінің ішкі жағынан құрылыс төбесін тұрған ағаш бақан аршылды, түп жағы жерге көмілген екен. Бақанның ұшы құрылысты әу баста ашқан кезде көрінген болатын. Сыртқа шыққан тұсының түбінде ғұрыптық түсінікпен керамикалық, ыдыс, рәсімдік ас қойылыпты.
Әуелде құрылыс төбесін ұстап тұрған тас бақан. Биіктігі екі жарым метрдей тас бақанның түп жағы төрт қырлы біткен де, жоғарыға қарай дөңгелене өрілген. Бақанның басын дөңгелек тесігі бар тас тақта ұстап тұрған. Болжаулы себептерге байланысты тақта тас опырылып, тас бақан құрылыстың ішіне, оның солтүстік қабырғасына қарай құлап түскен. Бұл кезде камера ішіне бір, бір жарым метрдей топырак түскен.
Пирамидалық ағаш құрылыс шектеген кең камерадан шығыс кабырға астынан тура шығысқа қарай дромос (дәліз) шығарылған. Дромос құрылыстан шыға бере ені екі метрден астам болып ұлғайған да, үйінді шетіне қарай 16 метрдей қашықтыққа тартылған. Тереңдігі кісі тізерлеп, еңкейіп өтетіндей ғана - көсем мүрдесі жерлеу орнына солай жеткізілген. Ағаш құрылыстан шыға, негізгі дромостан оңтүстік-шығыс бағытқа қарай тереңдігі 80 сантиметрдей кіші дәліз шығарылған. Оның ұшы қазылмаған қабырға астында қалып, бұл жол қай жерге дейін баратыны анықталмады. Көсем жерленген соң үлкен дромостың іші ірі тастармен тұтастай бекітіліп, беті қатарымен қойылған 46 қарағай бөренелерімен жабылыпты. Кіші дромостын нақты немесе танымдық қызметі әлі анык емес. Шығу үшін жасалған жол. Оның іші қуыс күйінде қалдырылып, үлкен дромоспен қосылар тұсы ғана ірілеу тастармен бекітілген.
Бұл ғажап құрылысты қазу кезінде көрген адам сүйсінбей, тамашаламай өте алмады.
Пирамидалық келбетпен ағаштарды айқастыра қалап шыққанда, кең жерлеу камерасы пайда болған. Бәйгетөбе құрылысында жерлеу алаңқайы 4,9x6,0 метр екен. Тонау әрекеттері айқастырма төбесінің сақталуына кері әсер етгі. Оның төменге иілген кейбір сырықтары ғана жетті, ал шығыс қабырғаға жақын түстағы және батыс қабырға бөлігіндегі жабулары сындырылып, жойылып кеткен. Камераның бастапқы биіктігі 3,5 метрдей болған. Астыңғы екі қатар бөренелер қуыссыз қиыстырылған (бірінің үстіне бірі қойылып), ал шығыс қабырғаның үшінші-жетінші, өзге қабырғалардың үшінші-алтыншы бөренелерінің айқастырылғандағы аралары ірі тастармен бекітілген.
Жерлеу алаңында шұңқыр қазылмаған. Жерлеу орнын белгілеп алып, әуелі шығысқа тартылған үлкен дәлізді және оның бір бүйірінен оңтүстік-шығысқа қарай кіші дәлізді қазып шыққан. Жерлеу орнындағы ағаш айқастырмасы әуелі тұрғызылуы да мүмкін. Қайткенмен де, бұл көне құрылысшылар жұмыстарының алғашқы екі кезеңдері.
Б.з.д. Vll-ғасырдың тайпалар билеушісінің мүрдесі айқастырма алаңқайына үлкен дәліз арқылы жеткізілген. Шығыс - тірілер, батыс - өлілер бағыты. Дәлізбен батысқа жылжып, айқастырма астынан сүйекті алаңқайға шығарып, ағаш төсемесімен нәзіктеу тақтайлардан жасалған уақытша бір тұғырға қойған. Бұл тақтайлар толық шіріп кетпепті, кейбір фрагменттері сақталыпты. [37, 23]
Бәйгетөбедегі қызыл боямасы бар ағаштардың сақталуы аса үлкен жаңалық. Ағаштағы бояма суреттер бүл уақытқа дейін ешбір ескерткіштен жетпеп еді. Бұл күндері бояма суреттерге Қырым Алтынбеков қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуде. Киелі аң - бұғының оттай қызыл түспен бейнеленуі өмірдің өшпестігін, қайта жаралу идеясын білдіргендей.
Құрылыс тұрғызылған соң, ғасырлар бойы қуыстар арқылы үрлену және тонау әрекеттерінен камера іші топыраққа толған. Қазылмаған топыраққа қарағанда жүмсақтау келеді, Көсем мүрдесінің жер бетінен біршама биіктікте қалдырылғанын ескертіп өттік. Сүйектердің тұтас күйінде емес, шашылып жатқандығы тонау әрекетінгн болғандығы айқын. Төбещілер ірі-ірі заттарды, металл ыдыстарды және қолдарына ілінген әшекейлерді мата, тері негіздерінен жұлқылап алса керек. Олар қанша мүлікті алып кеткенін болжау қиын. Топырақ арасынан қола жебенің біреуі ғана табылды.
Алайда, қазу кезінде археологтар тапқан әшекей заттар баршылық. Бұл - ғылымның, мемлекеттің, халықтың мұрасы, ел игілігінде, Сақ заманының Бәйгетөбе құрылысында аңдық стильдегі және түтікше, сопақ салпыншақ түріндегі 358 алтын әшекей табылды. [24,94-95].
Күлдей ұсақ, моншақ түріндегі алтыншалар әлі түгел есептелген де жоқ, жалпы табылған алтын 1500-ге жуықтайды.
Алтын әшекейлер танымдық мағлұматымен де, эстетикалық сипатымен де ғажап туындылар. Жерленген ер адамның өз аймағының, заманының бас билеушісі болғанын көрсететін табылма ірілеу келген, көлемі 6-7 сантиметрдей алтын таутеке. Біздің пікірімізше, сом алтыннан құйылған бұл мүсін - бас киімдегі билік символы. Бейне аң стилінде дәріптелген, алдыңғы тұяғы артқы тұяғының үстіне қарай жақындатылған.
Аңның көзі, тұмсығы, құлағы, тұяғы көк тас - фируза орнатпасымен безендірілген.
Сақ заманы көшпелілерінің өнерінде бұғы бейнесі де ерекше орын алады.
Бәйгетөбедегі қос бұғы аңдық бейнелеудің симметриялық әдісімен берілген. Бастары екі жаққа қаратылған қос бұғының мойындары біріктірілген тұста тас орнатпасының орны бар.
Фируза тастар бұғының көзіне, құлағына орнатылады. Төрт қатар мүйіз көкке өріліп, бүғылардың төртінші, ең жоғарыдағы мүйіздері түйістірілген. Бұл әсерлі композицияның ұқсас аналогын Жалаулы ескерткішінен табамыз, онда бұғылар кішкене аяқтарын бауырына басқан күйінде бейнеленген. Симметриялық әдіспен келесі бір тамаша композиция жасалған. Мұнда қос таутеке бастары бір-біріне қарама-қарсы тұмсықтарымен түйістірілген.
Дөңгелене түйістрілген мойындары ұшып бара жатқан құстың қос қанатын да бейнелейді. Құс бейнесі, әсіресе, қырынан қарағанда ерекше әсерлі. Құс денесі, қос қанаты мен таутеке тұмсықтарының аралықтары мысық тұқымды жыртқыштың қиғыш көздерін, ал таутекелердің мойындарына дөңгелене өрілген қос мүйіз жыртқыштың үлкен құлақтарын бейнелеп, бұл жинақы компазициялан бір төрт аң-құстың нақты бейнелерін табамыз. Бұл бейненің өзге ескерткіштегі аналогы жоқ. Екі жүзден астам «мысықтәріздінің» табылуы, сыртқы киіміне тігілгендігін байқауға болады. Әшекейдің сырт жағында ілдіргісі бар. [35,11].