Файл: Шыыc ipiнi apxeoлoгиялы зepттeлу тapиxы.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 07.11.2023

Просмотров: 94

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

СОДЕРЖАНИЕ

Қазіргі таңда Қазақстан тарихын жазу үшін, оның жерінің әр пұшпағының асты – үсті, яғни археологиялық деректері мен жер бетіндегі тарихи – мәдени ескерткіштері қоса зерттелуі қажет.

Шығыс Қазақстан аймағының көне тұрғындары қалдырған археологиялық көне мұрағаттарды қазіргі таңда ұқыптылықпен жинап қарастыру алдымызда тұрған келелі мәселелердің бірі.

Шығыс Қазақстан еліміздің сарқылмас табиғи байлықтарымен ғана емес, сонымен қатар, керемет тарихи-мәдени ескерткіштерімен де белгілі.

Шығыс Қазақстан аймағына кіретін бұрынғы Семей және Шығыс Қазақстан облысы археологиялық тұрғыдан аз зерттелген аудандарға жатпайды.

Ғылыми зерттеу жұмысының міндеттері:

— ХХ ғасырдың екінші жартысында Шығыс Қазақстанда толысқан, өз мәніндегі археологиялық зерттеулердің жүргізіле басталғанын көрсету.

— С.С.Черников басқарған Шығыс Қазақстан археологиялық экспедициясына тоқталу, С.Сорокин басқарған Мемлекеттік Эрмитажының экспедиция зерттеу жұмыстарына тоқталу.

— З.Самашев басқарған жаңадан құрылған Шығыс Қазақстан археологиялық экспедициясының 1997-2003ж.ж. жұмыстарына шолу жасау және ғылыми жетістіктерін көрсету.

— ХХ ғасырдың екінші жартысындағы археологиялық экспедициялардың құрылуы және зерттеу жұмысын жүргізудегі ерекшеліктерін анықтау.

Страленберг (1730), Миллер (1750), Гмелин (1751), Паллас (1786) және Фальк (1824) бұл жерде қорғандардың көп екенін, бірақ олардың бұрыннан бері тоналып кеткенін айтады.

Алайда аталған зерттеушілердің жұмыстары нағыз археологиялық зерттеулерден әлі алшақ еді. Олар тек сипаттау мен тіркеуден басқа жұмыстарды ары қарай дамытпады.

2003 жылы Семейлік зерттеуші археолог А.Исаұлы жетекшілік ететін Шыңғыстау экспедициясы қазба жұмыстарын жүргізді. Қазба жұмыстары кезінде түркі заманының 60-қа жуық заттары табылды.

Шығыс Қазақстанның археологиялық зерттелуі жайында еңбектер жазуда теңдессіз үлес қосып жүрген археолог тарихшы ғалымдарымыздың жұмыстарына тоқталайық.

Алматыдан 1998 жылы шыққан «Проблемы изучения и сохранения исторического наследия» (Халықаралық археологиялық конференцияның материалдары) атты еңбектің ішіндегі З.З.Самашев, А.П.Франкфорд, Э. Гии ,

Тақырыптың методологиялық негізі: Материалдар, деректер, зерделеу ғылыми зерттеуді жинақтау және талдау, салыстыру, жүйелендіру сияқты жалпыға белгілі әдістер негізінде жүргізілді.

Тақырыптың хронологиялық шеңбері: ХХ ғасырдың екінші жартысынан ХХІ ғасырдың басында жүргізілген зерттеулерге тоқталдым.

ШҚО Қатон-Қарағай – ауданы Жамбыл аулының маңында үш топқа бөлінген қорғандар тобы табылды.

Кинооператорлар

Жүргізушілер

Тақырыптың методологиялық негізі: Материалдар, деректер, зерделеу ғылыми зерттеуді жинақтау және талдау, салыстыру, жүйелендіру сияқты жалпыға белгілі әдістер негізінде жүргізілді.

Тақырыптың хронологиялық шеңбері: ХХ ғасырдың екінші жартысынан ХХІ ғасырдың басында жүргізілген зерттеулерге тоқталдым.

Ғылыми жаңалығы: ХХ ғасырдың 60-90 ж.ж. Шығыс Қазақстанның археологиялық зерттелу тарихы көлемді, жүйелі түрде қарастырылды. А.М.Оразбаев, Ә.Т.Төлеубаев, З.Самашев, А.И.Исин басқарған экспедициялардың жұмыстары сараланып, маңызы көрсетілді.
Зерттеудің сыннан өтуі: Шәкәрім атындағы Семей Мемлекеттік Университетінің хабаршысында «Соңғы онжылдықтағы Шығыс Қазақстандағы археологиялық зерттеулер» атты мақала жарық көрді.

Зерттеудің құрылымы: Зерттеу кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер мен сілтемелерден, қосымшалардан тұрады.

І Тарау. ХХ ғасырдың 50-90 жылдарындағы Шығыс Қазақстандағы археологиялық зерттеулер

1.1 XX ғасырдың 50-60 жылдарындағы зерттеу жұмыстарының

нәтижелері
Қазақстанда Х.Ә.Марғұланның айтуынша, археологиялық зерттеулер нағыз ғылыми жоспарлы түрғыдан тек кеңестік үкімет орнағаннан кейін ғана жүргізіле бастады. Елдің ірі ғылыми орталықтары (КСРО-ның) аз зерттелген аймақтарға және жаңа құрлыстар салынатын жерлерге кең ауқымды археологиялық экспедициялар құруды алдына мақсат етіп қойды.

Шығыс Қазақстанды жүйелі түрде зерттеу 1935 жылы басталды. Ол Шығыс Қазақстан археологиялық экспедицция құрамындағы КСРО FA ЛОИИМК және Қазақ ССР FA-ның тарих, археология және этнография институтының жұмыстарымен байланысты. Біріккен экспедицияға Шығыс Қазақстан археологиясына кейін үлкен еңбек сіңірген археолог С.С.Черников басшылық жасады. Енді осы экспедицияларға хронологиясы бойынша тоқталсақ.

1935-1937 жылдары аралығында Қалба жөне Нарым жоталарында барлау жұмыстары, ежелгі алтын, қалайы және мыс кеніштерінде зерттеу жұмыстары жүргізілді. 1935 жылы экспедиция Қызылсу өзеннің басынан Қалба, Нарым жоталарын бойлай Қытай шекарасына дейінгі аймақта зерттеу жүргізді. Көптеген қорғандарды картаға түсірумен қатар С.С.Черников тасқа салынған суреттерді де зерттеді. Суреттер негізінен тасқа темір қашау арқылы салынғандығы белгілі болды. Жартастағы суреттерге автор жан-жақты тоқталып, өз мақаласында әрбір кезіккен суретке толыққанды сипаттама беріп отырды. Суреттер С.С.Черниковтың ойынша негізінен эстетикалық мақсатты көздеп салынған көрінеді. Суреттердің негізгі көрінісі аң аулау сәті, адамдар мен әртүрлі жануарлар бейнесінде болып келеді. [2,24]


1951 жылы С.С.Черниковтың Советская Археология жыл сайынғы басылымында «К вопросу о составе древних бронз Казахстана» деген мақаласы 1935-1937 жылдары Нарым және Қалба жоталарындағы кеніштерде жүргізілген зерттеулердің нәтижесі еді.

Аталған мақалада автор тек Шығыс Қазақстанның ғана қола заттарының классификациясын ғана жасамай бүкіл Қазақстан қоласының жалпы құрамы мен түрлерін жіктелген көрінісін беруге тырысады. Зерттеулер заттардың химиялық құрамы мен пештердің ішінен табылған заттардың құрамына негізделген. С.С.Черников әр жерден табылған қола заттарының құрамына қарап отырып қола шикізатының таралу заңдылығын ашуға тырысты.

1947 жылы Ертіс аңғары Камышинкадан Бұқтырмаға дейін барланды.

1948 жылы Құла жорға және Батах ерте көшпелі қорымдарында қазба, ал Сарыкөл маңында барлау жұмыстары жүргізілді.

1950 жылы Шығыс Қазақстан археологиялық экспедициясы Пещера Ново-Никольское ауылдарының жанындағы палеолиттік тұрақтарда қазба жұмысын бастады. Сондай-ақ андроновтық тұраққа жататын Қанай, Мало-Красноярка ауылдарының жанында да қазба жүргізді.

Неолит дәуірінің ескерткіштерінен кейінгі ең ертедегі ескерткіш уақыт жағынан Сібірдің афанасьев мәдениетіне жақын Қанай ауылы іргесіндегі бейіт болып табылды. Ол жер үстіндегі тігінен қойылған тақта тастардан тұратын шаршы қоршаумен белгіленген. Қоршаудың қабырғалары әлемнің төрт жағына қарай бағдарланған. Жерден қазылған қабірден бастарын шығысқа қаратып, шалқасынан жатқызылған еркек пен әйелдің сүйектері шықты. Қабірде өлік асының қалдықтары, жебенің жайпақ қола ұшы, ашық-жасыл түсті тас моншақ, таяқшамен әр жерінен батырылып өрнек салынған сияқты қыш ыдыстың сынықтары шықты.

Қанай ауылы іргесінде жапсарластыра салынған тік бұрыш түріндегі тұрғын жай ашылады. Жай жартылай жертөле сияқты құрлыс қабырғаларының негізгі-тіреулер, олардың арасына қамыс салынып, балшықпен салынған едені жер, онда тастан қаланған үш ошақ болғаны анықталды. [3,25] Шаруашылық қора - қопсы негізгі тұрғын жай мен бірге тұтас жайдақ төбемен жабылған. Тұрғын жайға өзенге қараған тар дәлізден кіреді. Жайдың орталық бөлігі кіретін дәлізден аласа қабырғамен бөлінген. Жайдың біршама биік оңтүстік-шығыс бөлігінен ыдысқа ою-өрнек салу үшін сүйектен істелген жылтыр және тарақ тәрізді қалыптар, қыш жүкшенің сынығы, тас келісап пен үккіш, малдың өңделген жауырыны, малдың жаңа сүйегінен жасалған сабау, қола моншақтар, білезік бұрма шықты. [4, 91-98]

Жапсарлас салынған жайлардың бірінде мыс рудасының түйірімен ішкі бетінде мыс шлагы мен мыстың дағы бар қыш ыдыстың сынығы, екінші құйма қалыптың жартысы табылды. Қоныстың шығыс және солтүстік жақтарынан тастан қаланған қоршаулардың қалдықтары ұшырасты. Оны мал қамауға арналған деп топшалауға болады. Қоныстың оңтүстік шығыс шетінде салмағы алты кг-нан астам уатылған мыс рудасының кесектері табылды.



Қоныстан оңтүстік шығысқа таман үш тас қаламамен белгіленген табынатын орын болған. Мал сүйектері, бет жағын ыс басқан дәнүккіштердің сынықтары, сондай-ақ күл, көмірмен күйген сүйектер бұл жерде құрбан шалу ғұрпының атқарылғанын көрсетеді.

1952 жылы ШҚАЭ — ның бірінші тобының басшысы Ә.Р. Рыгдылон Пещера, Ново-Никольск және Усть-Нарм ауылдарының жанындағы тұрақтарда жүргізсе, екінші топтың басшысы Н.Н.Панов Мало- Красноярка ауылындағы Андронов тұрағындағы жұмысты жалғастырды. Үшінші топтың басшысы А.А. Гаврилов Қызыл — Ту және Қанай ауылының жанындағы ерте көшпенділер қорғандарын қазды. Жоғарыдағы Қанай тұрағындағы Андронов ескерткіштерін А.Г. Максимова зерттеуді жалғастырды. Э.Р.Рыгдылон Қанай ауылының маңына арасында мустьелік кезеңге жататын полиолиттік тұрақ зерттеді.

1953 жылы Э.Р.Рыгдылон Пещера және Усть - Нарым ауылдарының жанында қазбаны жалғастырды. Усть-Нарымнан неолиттік қабат ашылды. Екінші топтың басшысы Н.Н.Панова Мало - Красноярка селосындағы Андронов тұрағын қазуды аяқтады, А.Г.Максимова болса Қонай ауылындағы қазбаларды жалғастырды. Ж.П.Грушанская басқаратын төртінші топ ерте көшпенді және түрік қорғандарын Пчела, Түсқайың Славянка және Юпитер ауылдарының жанында қазды.

1954 жылы И.И. Гохман жетекшілік ететін бірінші топ Пещера ауылындағы палеолиттік тұрақты және Усть - Нарымдағы қазбаларды жалғастырды. А.Г. Максимова Қанай ауылы жанындағы андрондық тұрақты қазуды аяқтап, Трушникова ауылы жанындағы андрондық тұрақта барлау қазба жұмыстарын жүргізді. Үшінші топқа басшылық жасаған А.В.Давыдова Пчела Түсқайың, Славянка және Юпитер ауылы маңындағы ерте көшпелі және түрік заманы қорғандарын қазды.

1955 жылы И.М. Павлюченко басқарған бірінші топ екі қабатты Усть - Нарым тұрағын А.Н. Богданова жетекшілік еткен екінші топ Грушникова ауылы жанындағы андрондық тұрақты қазды, Н.Н. Мельникова басшылық жасаған үшінші топ Өскемен қаласы жанындағы Ертіс аңғарынан Старая Шульба ауылына дейін барлау жұмыстарын жүргізді.

1956 жылы И.М. Павлюченконың тобы Усть-Нарым ауылы жанындағы тұрақты қазуды аяқтады. Сол сияқты А.Н. Богданова тобы да Грушникова селосындағы қазбаны тәмәмдады. Үшінші топтың басшысы A.M. Оразбаев Құла - Жорға және Усть - Бөкен ауылы жанындағы ерте көшпелілер қорғанын қазды. [3,17]

Көріп отырғанымыздай, 1935-жылдан 1956 жылға дейін Шығыс Қазақстанды зерттеу үлкен масштабты қамтып жүргізілген. Соның нәтижесінде палиолит, неолит, қола, ерте темір және орта ғасыр тарихына қатысты өте көп материал жиналды. Оның талайы мақалаларда, еңбектерде жарық көрді. Алайда белгілі тарихшы Ахинжановтың айтуынша заттардың көбі әлі жарияланбаған. [5,37]


Аталған экспедициялардың қорытындысы ретінде С.С.Черниковтың Шығыс Қазақстан археологиясына байланысты “Восточный Казахстан в эпоху бронзы” фундаментальды еңбегі жарық көрді. Онда автор жасалған ауқымды археологиялық жұмыстарға қарамастан көптеген мәселелер әлі шешімін таппағанын айтады. Оған кейінгі қола мен ерте темір дәуіріне жататын ескерткіштерді анықтау, кеніштердің қай уақыттардан игерілгендігі андронов тайпаларының таралуы мен пайда болуы мәселелері әлі толық ашылмағандығын мойындайды.

1960 жылы археологиялық маусымда Шығыс Қазақстан археологиялық экспедициясы үлкен сенсация жасады десе болады. С.Черников басшылық жасаған экспедиция Шілікті даласынан жақсы сақталған сақ қорғанын қазып, үлкен олжаға кенелді. Сол экспедицияның қортынды зерттеу жұмысын С.С.Черников өзінің «Загадка золотого кургана» деген еңбегінде жан-жақты тоқталды. [6,12] Сол жылы Тарбағатай және Маңырақ тауларының арасындағы Шілікті даласында сақ дәуіріне жататын 3 қорған қазылған. Алғашқы екеуі толығымен тоналған. Автор ерте көшпенділердің молаларын қыстауларда салу себебін, олардың сол жерді өз қол астында бекіту мақсатында жасалғандығымен түсіндіреді.

ШҚАЭ-ң Шілікті аңғарын барлау 1949 жылы басталды. Одан б.э.д. V ғасырға жататын аңдық стильге жататын алтын заттар табылды. Шілікті аңғарында жұмыстар 1959, 1961 және 1962 жылдары жүргізілді. Алайда ондағы материалдар 1960 жылы табылған №5 қорған заттарымен еш салыстыруға келмейді. Қорғанның диаметрі 66 м, биіктігі 6 м. Басында диаметрі 45 м, биіктігі 10 метрдей деп болжанады. Қорған салынғаннан кейін 50 жылдан кейін тоналған. Тонаушылар құрлыстың басып қалуынан қауіптеніп тек ірі әшекей бұйымдарды алса керек.

Бұл жүздеген жылдар бойы кісі жерленген, тайпалар мен ру көсемдерінің үлкен зираты.

Обаны қазу жұмыстары оның құрлымын қайта қалпына келтіруге мүмкіндік берді. Жердің бетінен аумағы 58 шаршы метрдей, тереңдігі бір метрдей шұңқыр қазылған. Бұлайша терең қазбауға грунт суларының жақын орналасуы кедергі жасаған көрінеді. Шұңқырдың ішінде балқарағайдың жуан бөренелерінен шаршы қима жасалған, бөліктердің қабырғалары мен ағаш құрлыс арасына уатылған тас толтырылған. Қиманың бұрыштары бөренелердің бір-біріне тиер жерінде күйдіріліпті. Ағаш моланың ішінде батыс жақ қабырғасы жанында жонылған қалың тақтай еденде 40-50 жастағы еркек пен 50-60 жастағы әйел және олардың жанына қойылған заттар жатты.

Өліктерді қабірге шығыс жағынан жалғасқан дәліз (дромос) арқылы кіргізген. Жерлеп болғаннан кейін дромос бөренелермен жабылып, бүкіл құрлыс уатылған ірі тастармен көмілген. Содан кейін тығыз сары түсті балшықпен үйінді тығыздалып, оның үстіне майда малта тас араласқан топырақ үйілген.


Шілікті обасы өз кезеңі үшін күрделі архитектуралық құрлыс болды. Және оны тұрғызуға көптеген адамдардың еңбегі пайдаланылған. Обаға қажетті тас одан 15 шақырым жердегі ең жақын деген таулардан, ал бөренелер аңғардың шығыс жағындағы 40 шақырым жердегі қарағайлы орманнан тасып әкелінген деген Черниковтың болжамы кейінгі зерттеушілермен де расталды. Басқа да көптеген «патша обалары» сияқты, Шілікті моласы да көне заманда-ақ, шамасы жерленгеннен кейін 50 жылдан соң тоналған. Тонаушылар обаны ортасынан үңгіп қазған, қима төбесінің оңтүстік-батыс бұрышынан шығып, төбені тескен де осылайша қабірдің ішіне кірген.

Тоналғанына қарамастан обада өте бағалы заттар ертеректегі жебелер ассимитриялы ромб түріндегі қола ұштарының он үші шықты былғары қорамсақтың қалдығы, темір заттың сынығы және ертедегі қолданбалы өнердің 524 алтын бұйымынан тұратын жарқын үлгілері сақталған. Олардың арасында қорамсақтар сәнделген аяқтары бүгулі бұғы түріндегі қаптырмалар (14 дана), басы бұрулы бүркіттің тоғыз данасы, шиыршықтала бүктетілген қабыланның жиырма тоғыз бедерлі мүсіндері, жұқа қаңылтырдан қиылып жасалынған қабандардың мүсіндері, балық бейнесі перуза, майда домалақ алтын түйіршіктермен әшекейленген қанаттары жаюлы құс түріндегі қаптырма және басқа неғұрлым ұсақ зергерлік әшекейлер бар. [6,12]

Шілікті обасы б.з.б. VII-VI ғасырлар аралығына жатқызылады. Бұл Қазақстанның солтүстік далалық өңіріндегі ең ертедегі *патшалық оба және Евразия аймағындағы сондай обалардың бірі. Мұнда Евразия далаларындағы мал өсіруші тайпалардың қолданбалы өнері айқын көрсетілген. Шілікті обасындағы аң стилиндегі бірқатар көркем туындылары сақ-скиф дүниесі өнерінің алғашқы үлгілеріне жатады.

1965 ж.ж. Шығыс Қазақстандағы Бұқтарма өзенінің аңғарынан С.С.Сорокин деген белгілі ғалым үлкен Берел қорғандарын қазды, жиынтығы үш үлкен қорғанды қазған. Бұл қорғандар Шығыс Қазақстанның ерте темір заманының берел кезеңіне (Б.з.д. V-ІV ғ.ғ) жатқызылады. Ең олжалы болған қорғанның диаметрі 50 м, биіктігі 5 м жетеді. Бастапқыда оның диаметрі 20 м, биіктігі 9 м болған. Қабір камерасы жер бетінен біршама терең қазылған оңтүстік жағы 7 метрге дейін жеткен, ал солтүстік жағы 5,5 -5,7 метрге дейін, қабірдің шетіне ағаш тіреулерді жалпақ тастармен ұстатқан (ағаштан жасалған) бөренелерден қаластырылып жасалған камерада саркофаг-астау болған. [7,210] Алайда Сорокин қазған қорғандар кезіндегі В.Радлов қазған қорғандардай бай олжа әкелмеді.